Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі Коряковка ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 1-03-01 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 5346 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Коряковка ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы Павлодар облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Заңғар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Павлодар ауданы Заңғар ауылдық округі Коряковка ауылындағы Новая көшесі Жұмабек Мналимов көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Заңғар ауылдық
      округінің әкімі Х. Оразбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады