Успен ауданы Успен ауылдық округі Успен ауылының көшелерінің атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы Успен ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 9 наурыздағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 сәуірде № 5055 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес 2015 жылғы 2 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Успен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Успен ауданы Успен ауылдық округі Успен ауылының көшелерінің атаулары:
      "Молодежная" көшесі "Наукенов" көшесі;
      "8 март" көшесі "Яременко" көшесі болып қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      Успен ауылдық
      округінің әкімі А. Калина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады