Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда Алматы қаласы әкімдігінің 06.03.2020 № 1/61 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы бойынша тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары бекітілсін.
2. Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |
Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 2/253 қаулысына қосымша |
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 06.03.2020 № 1/61 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Алматы қаласы бойынша тауарлық газды тұтыну нормалары
Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Айлық тұтыну нормасы | |
1. | Газ плитасыжәне орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтауболған жағдайда тамақ әзірлеу | Бір айда бір адамға шаққанда текше метр | 10,0 |
2. | Газ плитасы және газ су қыздырғышболған жағдайда су жылыту | Бір айда бір адамға шаққанда текше метр | 24,0 |
3. | Газ плитасы болған жағдайда және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтаужәне су қыздырғыш болмаған жағдайда су жылыту | Бір айда бір адамға шаққанда текше метр | 14,0 |
4. |
Тұрғын үй-жайларды жеке (пәтер бойынша) жылыту: | Бір айда бір шаршы метрге шаққанда текше метр |
6 |
Алматы қаласы бойынша сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары
Сұйытылған мұнай газын тұтыну сипаттамасы | Өлшем бірлігі | Газ тұтыну нормасы | |
1. | Газ плитасы және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған жағдайда | Бір айда бір адамға шаққанда килограмм | 4,62 |
2. | Газ плитасы және газ су қыздырғыш болған, орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болмаған жағдайда | Бір айда бір адамға шаққанда килограмм | 13,26 |
3. | Газ плитасы болған жәнеорталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау және газ су ысытқышы болмаған жағдайда | Бір айда бір адамға шаққанда килограмм | 7,95 |
4. | Тұрғын үй-жайларды жеке (пәтер бойынша) жылыту | Бір айда бір шаршы метрге шаққанда килограмм | 3,57 |