Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 1/61 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 11 наурызда № 1611 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) Алматы қаласы әкімдігінің "Есептеу аспаптары жоқ Алматы қаласының тұтынушылары үшін электрмен жабдықтау, ыстық сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 5 қарашадағы № 4/611 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1230 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған):

      аталған қаулының 1 қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда мазмұндалсын;

      2) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы бойынша тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 3 маусымдағы № 2/253 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1297 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 шілдеде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған):

      кіріспе келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы "Газ және газбен жабдықтау туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      аталған қаулының қосымшасындағы:

      Алматы қаласы бойынша тауарлық газды тұтыну нормаларындағы:

      реттік нөмірі 4 жол келесі редакцияда мазмұндалсын:

  "

44.

Тұрғын үй-жайларды жеке (пәтер бойынша) жылыту:
- жылыту жүйелерінің бірінші тобы – жылыту пештері
- жылыту жүйелерінің екінші тобы – жылыту аппараттары мен түрлі типтегі қазандар

Бір айда бір шаршы метрге шаққанда текше метр

 
 
 
6.7
6

  ";

      Алматы қаласы бойынша сұйытылған мұнай газын тұтыну нормалары:

      келесі мазмұндағы реттік нөмірі 4 жолмен толықтырылсын:

  "

44.

Тұрғын үй-жайларды жеке (пәтер бойынша) жылыту

Бір айда бір шаршы метрге шаққанда килограмм

3,57

  ";

      2. Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е. Т. Қожағапановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

  Алматы қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 6 наурыздағы
№ 1/61 қаулысына
қосымша
  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 5 қарашадағы
№ 4/611 қаулысына
1 қосымша

Есептеу аспаптары жоқ Алматы қаласының тұтынушылары үшін жылумен
жабдықтау бойынша коммуналдық қызметті тұтыну нормалары

Көрсеткіштер Өлшем бірлігі Айлар Жылыту кезеңі бойынша барлығы
Жылытуға жұмсалатын жылу энергиясын тұтыну нормасы қаңтар ақпан наурыз сәуір* қазан* қараша желтоқсан

Гкал/м2

0,03489

0,02952

0,02357

0,00466

0,00478

0,02381

0,03177

0,153

      *- сәуір және қазан айларында жылытуға арналған жылу энергиясының шығыс нормалары жылыту жүйелері жұмысының нақты сағаттарына және осы уақыт кезеңіндегі сыртқы ауаның нақты орташа температурасына түзетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады