VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІІІ сессиясының "Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 32 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІІ сессиясының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 68 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 1337 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 224 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 17.04.2018 № 224 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және V сайланған Алматы қаласы мәслихатының XLI сессиясының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 "Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. VІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІІІ сессиясының "Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 32 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1321 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қазанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) аталған шешімнің 1 қосымшасындағы:

      9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "9. Әлеуметтік көмек емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен науқас азаматтарға жыл сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын төлеумен тағайындалады.";

      2) аталған шешімнің 2 қосымшасындағы:

      15 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "15. Емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы диспансерде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен науқас азаматтар.".

      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты:

      1) осы шешімді Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      2) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Х.Есеноваға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р.Тауфиковқа жүктелсін (келісім бойынша).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған
Алматы қаласы мәслихатының
XII сессиясының төрағасы
К.Авершин
      VI сайланған
Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады