"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 25 мамырдағы N 176 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 24 маусымда N 3791 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 16.05.2019 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов

  Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 176 қаулысымен бекітілген

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/999 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12520 болып тіркелген) бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес әзірленді.

      "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес көрсетеді.

      Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді "Қазагромаркетинг" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - оператор) жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен, комиссия хатшысының қолы қойылған және мөрімен расталған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.

      4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдары тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) операторға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды ұсыну болып табылады:

      1) инвестордың уәкілетті адамы немесе қол қою құқығына сенімхаты бар адам қол қойған және мөрмен бекітілген, осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған өтінім;

      2) Агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) субъектісін мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтама;

      Ескертпе: "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті), мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтағанға дейін жарамды болып табылады.

      3) бизнес-жоспарды, шарттар немесе коммерциялық ұсыныстарды қоса бере отырып, жаңа өндірістік қуаттылық құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдар және оларды іске асыру мерзімдері туралы ақпарат;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптаманың оң қорытындысы бар жобалардың жобалау-сметалық құжаттамасы;

      5) тартылған қаржы (кредит/лизинг) есебінен жобаны іске асыру жағдайында, осы Қағидаларға сәйкес инвестор субсидияларды алу көздегені туралы қаржы институтына хабарлама көшірмесі.

      Егер инвестициялық жоба пайдалануға берілген, сондай-ақ инвестициялық жоба шеңберінде техника мен жабдықтар сатып алынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы келесі құжаттарды ұсынады:

      1) объектіні немесе инвестициялық жобаның кезегін (кезеңін) пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау не қабылдау комиссиясы актісінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      2) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі;

      3) жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын сатып алу-сату шарттарының, шот-фактуралардың көшірмелері;

      4) ауыл шаруашылығы, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;

      5) ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған кезде, құқық белгілейтін құжаттардың (көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, техникалық паспорт) көшірмелері ұсынылады;

      6) қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты куәландырған кредиттік/лизингтік шарттар көшірмелері;

      7) бизнес-жоспарда көзделген мерзімдерде, өндірістік қуаттылықтардың жүктемесі кемінде 30 %-ға жеткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы растайтын құжаттарды (бизнес-жоспар, өндірілген өнім түрлері бойынша өткізуді заттай және құндық мәнде растайтын құжаттардың оператор куәландырған көшірмелері, өндірістік қуаттылықтардың жүктемесіне жеткендігі туралы жұмыс органы мониторингінің актісі) ұсынады.

      Инвесторлардың өтінімдерін жан-жақты қарау үшін, сондай-ақ даулы мәселелер болған кезде, комиссия (бұдан әрі – комиссия) қосымша құжаттар сұратады және операторға ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті мамандарды не тәуелсіз сарапшыларды тартуды тапсырады. Бұл талап оператордың қызметтер көрсетуі жөніндегі шартта көзделген қаражат шеңберінде орындалады.

      Қажет болған жағдайда, инвестордың өтінімінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында комиссия инвестордан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратады. Комиссия сұрататын ақпаратты инвестордың беру мерзімі комиссияның хаттамалық шешімінде көрсетіледі.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) оператордың кеңсе қызметкері өтінімдерді мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қосымшамен қоса қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналында тіркейді, оларды оператордың басшысына тапсырады – 60 (алпыс) минут;

      2) оператордың басшысы тиісті бұрыштаманы қояды және өтінімді оператордың жауапты орындаушысына тапсырады – 6 (алты) сағат;

      3) оператордың жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің сараптамалық комиссиясы (бұдан әрі – сараптамалық комиссия) отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны оның мүшелеріне жібереді – 7 (жеті) жұмыс күні;

      4) сараптамалық комиссия оператордан келіп түскен өтінімдерді қарайды, көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қарайды, субсидиялар есептемесін жасайды және осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның инвестициялық субсидиялауға сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы сараптамалық комиссиясының қорытындысын (бұдан әрі - қорытындысы) дайындайды, ол комиссия отырысының материалдарына қоса беріледі – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      5) оператордың жауапты орындаушысы сараптамалық комиссия өтінімдерді қарағаннан кейін комиссия отырысын шақыру туралы инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша комиссия мүшелеріне жазбаша хабарлама жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

      6) өтінімді мақұлдау не қайтарып беру туралы шешімді комиссия оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылдайды және ол хаттама түрінде ресімделеді – 24 (жиырма төрт) жұмыс күні және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жіберіледі;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссия мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін комиссия хатшысы қол қойған және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені дайындайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін оператордың кеңсесіне жібереді – 3 (үш) жұмыс күні;

      8) оператордың кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 60 (алпыс) минут.

      7. Келесі рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының тіркелген өтінімі;

      2) оператор басшысының қарары;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің сараптамалық комиссия мүшелеріне жазбаша хабарламасы;

      4) субсидиялар есептемесі, сараптамалық комиссия қорытындысы;

      5) комиссия мүшелеріне жазбаша хабарлама;

      6) өтінімді мақұлдау не қайтарып беру туралы комиссия отырысының хаттамасы;

      7) комиссия хатшысы қол қойған және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;

      8) комиссия хатшысы қол қойған және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені көрсетілетін қызметті алушыға беру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:

      1) оператордың кеңсе қызметкері;

      2) оператордың басшысы;

      3) оператордың жауапты орындаушысы;

      4) сараптамалық комиссия;

      5) инвестициялық субсидиялау мәселелері жөніндегі комиссия;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      7) оператордың жауапты орындаушысы.

      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) оператордың кеңсе қызметкері өтінімдерді мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қоса қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналында тіркейді, оларды оператордың басшысына тапсырады – 60 (алпыс) минут;

      2) оператордың басшысы тиісті бұрыштаманы қояды және өтінімді оператордың жауапты орындаушысына тапсырады – 6 (алты) сағат;

      3) оператордың жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің сараптамалық комиссиясы (бұдан әрі – сараптамалық комиссия) отырысын шақыру туралы жазбаша хабарламаны оның мүшелеріне жібереді – 7 (жеті) жұмыс күні;

      4) сараптамалық комиссия оператордан келіп түскен өтінімдерді қарайды, көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін қарайды, субсидиялар есептемесін жасайды және осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның инвестициялық субсидиялауға сәйкестігі/сәйкессіздігі туралы сараптамалық комиссия қорытындысы сараптамалық комиссиясының қорытындысын (бұдан әрі - қорытындысы) дайындайды, ол комиссия отырысының материалдарына қоса беріледі – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      5) оператордың жауапты орындаушысы сараптамалық комиссия өтінімдерді қарағаннан кейін комиссия отырысын шақыру туралы инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша комиссия мүшелеріне жазбаша хабарлама жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

      6) өтінімді мақұлдау не қайтарып беру туралы шешімді комиссия оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады және ол хаттама түрінде ресімделеді – 24 (жиырма төрт) жұмыс күні және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жіберіледі;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссия мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін комиссия хатшысы қол қойған және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылған комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені дайындайды, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін оператордың кеңсесіне жібереді – 3 (үш) жұмыс күні;

      8) оператордың кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді – 60 (алпыс) минут.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік қызмет "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілмейді. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану қарастырылмаған.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылдар рәсімдерінің (іс-қимылдарының) сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерінің анықтамалығында келтірілген.

  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші

№ р/с

Облыстың жергілікті атқарушы органы

Заңды мекенжайы

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

1

"Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы,
Парк көшесі, 57В
 

дүйсенбіден жұмаға дейін
сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін,
түскі үзіліс сағат
13.00-ден 14.30-ға дейін


  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

      Нысан

Инвестициялық субсидиялауға өтінім

      Кімге: ______________________________________________________________
(оператордың атауы)
Кімнен: _____________________________________________________________
(инвестордың атауы)

      Қатысушы туралы мәліметтер

1

Инвестордың атауы

2

Бірінші басшының Тегі, аты, әкесінің аты

3

Қарыз алушыны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/анықтама (нөмірі, берілген күні және орны, жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі)

5

Заңды мекенжайы

6

Нақты мекенжайы

7

Банк деректемелері

8

Байланыс телефондары

      Инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасы және ол іске
асырылатын/іске асырылған қаржы қаражатының көзі ____________________
_____________________________________________________________________

      Инвестордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және
қолы______________________________

      Мөр орны
(бар болса)

      Оператор өтінімді қабылдаған күні 20__ ж. "____"_____________

Өтінімді қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және телефон нөмірі

_______________________

     

  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

      Нысан

     

Жобаның инвестициялық субсидиялауға сәйкестігі/сәйкессіздігі
туралы сараптамалық комиссия қорытындысы №___

      ________________                                     20__жылғы "___" __________

      (жасалған орны)

      Инвестициялық жоба туралы мәліметтер және оның инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) сәйкестігі:

Инвестордың атауы

Жоба паспортының атауы

Инвестордың өтінімінің тіркеу нөмірі және күні

Инвестордың деректері бойынша инвестиция сомасы

Болжамды субсидия сомасы

Қажетті құжаттардың бар болуы туралы белгі

Субсидиялау қағидаларына сәйкестігі туралы белгі









      Комиссияның қорытындылары:

Инвестордың атауы

Жоба паспортының атауы

Расталған инвестиция сомасы

Ұсынылатын субсидия сомасы

Субсидиялау/субсидияламау туралы қорытынды

Ескертпе








Инвестордың атауы

Жоба паспортының атауы

Қарсы емес

Қарсы

Айрықша пікір

Ескертпе









      Комиссия төрағасының және мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар жағдайда) және қолдары:

      _______________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар жағдайда))             (қолы)

      _______________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар жағдайда))             (қолы)

      _______________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар жағдайда))             (қолы)

  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 4-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы

     


      Шартты белгілер:

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады