"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 22 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 ақпанда N 3106 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 466 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 26.12.2016 № 466 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 124-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Тастеміров

  Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 22 қаулысымен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы бар:
      2.1) "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі – мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру - құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі және заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      7. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
      индексі 150100, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Д.Сыздықов көшесі, 4.
      9. Мемлекеттік тілде мемлекеттік органның толық атауы "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      Орыс тілінде: государаственное учреждение "Отдел ветеринарии Айыртауского района Северо-Казахстанской области".
      10. Осы Ереже "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайлық құжаты болып табылады.
      11. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      12. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      13. Жұмыс тәртібі: "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді, жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспайды, күніне – 8 сағат (9.00 сағаттан 18.00 сағатқа дейін, үзіліс 13.00 сағаттан 14.00 сағатқа дейін).

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Айыртау ауданы аумағында ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу болады.
      15. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні - Айыртау ауданы аумағында ветеринарлық-санитарлық салауаттылықты қамтамасыз ету болып табылады.
      16. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мақсаты - "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
      17. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;
      адам мен жануарларға ортақ аурулардан халықтың денсаулығын қорғау;
      ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзоотикалық ауруларының әкелінуінен және таратылуынан Қазақстан Республикасы аумағын қорғау;
      ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгi мен сапасын бақылау;
      жануарлар аурулары диагностикасының, оларға қарсы күрестің және ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құралдары мен әдістерін әзірлеу және пайдалану;
      жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыруы кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;
      ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру;
      ветеринария саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау.
      18. Функциялары:
      18.1) "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      ветеринарлық (ветеринарлық - санитарлық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп ұстауды қамтамасыз ету;
      мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринарлық іс - шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринарлық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай зиянсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу
      жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай зиянсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық - санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс - шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау жөнінде жергiлiктi өкiлдi органға ұсыныс енгізу;
      аудан аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринарлық іс - шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс - шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау жөнінде жергiлiктi өкiлдi органға ұсыныс енгізу;
      аудан аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринарлық іс - шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу бойынша ветеринарлық іс - шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс - шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және Солтүстік Қазақстан облысы ветеринария басқармасына ақпарат беру;
      ветеринарлық есеп пен есеп-қисапты жинау, талдау және ауданның жергілікті атқару органы мен Солтүстік Қазақстан облысы ветеринария басқармасына ұсыну;
      жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алу, ветеринарлық іс-шаралар бойынша ауданның жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізу;
      жергілікті бюджет есебінен орындалатын алдын алу және диагностика, жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бойынша ауданның жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізу;
      ветеринарлық препараттардың республикалық қорынан басқа бюджет қаражаты есебінен алынған ветеринарлық препараттардың сақталуын ұйымдастыру;
      сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринарлық іс-шаралар туралы ауданның жергілікті атқару органына ұсыныстар енгізу;
      ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіндегі басқа да міндеттерді орындау;
      мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау нысандарына ветеринарлық-санитарлық қорытынды беру құқығы бар мемлекетік ветеринарлық дәрігерлер тізімін бекіту;
      аудан шегінде жеке және заңды тұлғалармен Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнаманы сақтауына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды тексеруді жүргізу;
      эпизоотологиялық тексеру актісін беру;
      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру:
      ішкі сауда нысандарында;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс нысандарында, сондай-ақ ветеринарлық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарында (экспортты және импорттын қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, аудан шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) нысандарды тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлерінде;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) нысандарды өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметінде;
      мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) нысандарды күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау нысандарын орналастыру, салу, қалпына келтіру және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) талаптардың сақталуына мемле-кеттік ветеринарлық-санитарлық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      биологиялық материалдан сынаманы іріктеу және уәкілетті органмен бекітілген тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларын, сондай-ақ жануарлардың басқа ауруларын, диогностикадан өткізу үшін ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру;
      уәкілетті органмен бекітілген тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошағын жою;
      уәкілетті органмен бекітелген тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотикалық және аса қауіпті ауруларын диагностикалау.
      18.2) "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      жануарлардың аса қауіпті, жұқпалы емес және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринарлық іс-шаралар жүргізу;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
      ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету;
      жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринарлық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтер көрсету;
      құрылысын сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сою алаңдарын күтіп-ұстау;
      қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою;
      ауылдық округтерде ветеринарлық пунктерді құру;
      ветеринарлық есеп пен есеп-қисапты жүргізу және ұсыну;
      ветеринарлық анықтама беру;
      ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқорды жүргізу және одан үзінді көшірме беру;
      биологилық материал сынамасын іріктеу және оларды ветеринарлық зертханаға әкелу;
      ауырған жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;
      Қазақстан Республикасының тиым салынбаған заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы өзге де қызметтер.
      19. Құқықтары мен міндеттері:
      "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құқықты:
      өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      белгіленген ветеринарлық-санитарлық ережелер және нормативтарды бұзған жағдайларда заңнамамен белгіленген тәртіпте, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет атқаратын жеке және заңды тұлғалардың лицензияларын қайтарып алуына бастамашылық етуге;
      белгіленген тәртіпте эпизоотияға қарсы төтенше комиссиялар құру туралы ұсыныс енгізуге;
      ветеринария саласында Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте (қызметтік куәлік ұсыну арқылы) кедергісіз баруға, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат алуға;
      зерттеу жүргізу мерзімі туралы мүдделі тұлғаларды хабарландырумен диагностика немесе ветеринарлық-санитарлық сараптама үшін мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау нысандарының іріктеуін жүргізуге;
      мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау жүргізуге;
      ветеринариялық құжаттар беруге;
      Қазақстан Республикасы заңнамасымен берілген өкілеттік шегінде актілер шығаруға;
      ветеринарлық-санитарлық жайлы аумақтарда, сондай-ақ жайсыз пунктерде орын ауыстыратын (тасымалданатын), адам мен жануарлардың саулығына қауіп төндіретін нысандар анықталғанда, Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте алуға және жоюға, оларды зиянсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеуді ұйымдастыруға қатысуға, сондай-ақ көрсетілген фактілер бойынша денсаулық сақтау саласының уәкілетті мемлекеттік органына хабарлауға;
      ветеринария саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық болған жағдайда сотқа қуыным беруге.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      20. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығын "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      21. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады ("Солтүстік Қазақстан облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесімен келісім бойынша).
      22. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, тікелей уәкілетті органға (заңнамамен белгіленген жағдайлардан басқа) бағынады, ерлер мен әйелдердің тең мүмкіндіктері және тең құқықтарының мемлекеттік кепілі туралы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;
      өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді;
      Қазақстан Республикасы заңнамасымен және осы Ережемен белгіленген құзіретіне сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметі мәселелерін дербес шешеді және дара басшылық қағидаттарымен іс-әрекет жасайды;
      "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды;
      "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүдделерін ұсынады;
      заңнамамен белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік етеді;
      "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің іс сапарлар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында және қызметкерлердің біліктілігін жоғарлатудың басқа да түрлерінде оқыту бойынша жұмыс жоспары мен тәртібін бекітеді;
      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрамын әзірлейді және бекітеді;
      өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күреседі, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылықтың жолын кесу арқылы "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тиімді қызметін қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын орындайды және кадрлық, бақылау, заңдық және басқа қызметтерді тарта отырып, заңнамада көзделген тәртіптік шараларды қолданады, бөлім қызметкерлерімен жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жеке жауапты.
      23. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда шұғыл басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі негізгі және айналымдық қаражаттан, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа көздерден сатып алынған басқа мүліктен (ақшалай табысты қоса алғанда) құралған, құрылтайшымен табысталған мүлік есебінен қалыптастырылады.
      25. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Заңды тұлға және құрылтайшының арасындағы қарым қатынас

      27. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі болып табылады.
      28. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және оның жұмыс ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес болады.
      29. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу құқығына заңнамамен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес азаматтар ие болады.
      30. Жұмысқа қабылдау кезінде қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу жағдайлары, тараптардың құқықтары мен міндеттеріескерілген жазбаша шарт жасалады.
      31. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлері еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте анықталады.
      "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің жалақысы мен лауазымдық айлықақысы олардың біліктілігіне, функционалдық міндеттеріне сәйкес мамандығы бойынша және мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілін есепке ала отырып белгіленеді.
      32. Құрылтайшының орналасқан орны: индексі 150100, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ш.Уәлиханов көшесі, 44.

6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      33. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру (бірігу, қосу, айыру, бөлу, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

7. "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жүргізуінде болатын ұйымдардың тізімі

      "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының ветеринарлық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекеме: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ақан Сері көшесі, 119.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады