Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 214 "Атырау облысы Ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2958 болып тіркелген, 2014 жылы 12 тамызда "Атырау" газетінде жарияланған) және 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 127 "Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 214 "Атырау облысы Ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" қаулыларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3203 болып тіркелген, 2015 жылы 19 мамырда "Атырау" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |