Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 23-7 "Құлсары қаласы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы мәслихатының 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 5-3 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 қазанда № 3630 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 20.12.2023 № 10-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 23-7 "Құлсары қаласы аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3017 болып тіркелген, "Кең Жылой" газетінде 2014 жылғы 23 қазанда жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшада:

      10 тармақта:

      "қала әкімі аппаратына" деген сөздер ""Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесіне" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, гендерлік саясат және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына (Х. Жамалов) жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
V сессиясының төрағасы
А. Сисенов
      Аудандық мәслихат хатшысы М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады