Ақтоғай ауылдық округіндегі елді мекендерінің кейбір көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 12 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 07 желтоқсанда № 3703 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Ақтоғай ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Ақтоғай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақтоғай ауылдық округіндегі елді мекендерінің кейбір көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
      1). Ақтоғай ауылындағы бірінші көшеге "Махамбет", екінші көшеге "Исатай" және үшінші көшеге "Достық" атаулары;
      2). Ө.Атамбаев елді мекендегі бірінші көшеге "Ғабдол Сланов" есімі;
      3). Кеңөріс елді мекендегі бірінші көшеге "Шоқан Уәлиханов" есімі;
      4). Бала Ораз елді мекендегі бірінші көшеге "Айша бибі" есімі.
      2. Осы шешімді орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округ әкімі Б. Орынғали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады