Бақсай ауылдық округіндегі елді мекендердің көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Бақсай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 21 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 қыркүйекте № 3602 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35, 37-баптарына және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысына сәйкес, Бақсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бақсай ауылдық округі елді мекендерінің көшелеріне төмендегі атаулар берілсін:
      1) "Томан" елді мекеніндегі 1 (бір) көшеге "Каспий" атауы;
      2) "Есмахан" елді мекеніндегі 2 (екі) көшеге "Алатау", "Байқоңыр" атаулары;
      3) "Көздіқара" елді мекеніндегі 3 (үш) көшеге "Сарыарқа", "Ұлытау", "Бәйтерек" атаулары.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ауылдық округі әкімі Ж. Бисенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады