Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Күшін жойғанАтырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 24 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 желтоқсанда № 3694 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 1 шешімімен
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 28 қазандағы № 208 ұсынысы негізінде Жангелдин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әділ" шаруа қожалығының аумағында пастереллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қызылқоға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз