Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 24 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 1 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қаңтарда № 3773 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 27 желтоқсандағы № 247 ұсынысына сәйкес округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жангелдин ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 24 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3694 тіркелген, аудандық "Қызылқоға" газетінің 2016 жылы 15 желтоқсанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі А. Оразов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады