Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 13.08.2021 № 42-VІI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 наурыздағы № 360-V "Индер ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3483 санымен тіркелген, аудандық "Дендер" газетінде 2016 жылғы 5 мамырда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) мемлекеттік тілдегі шешімнің атауындағы, 1 тармағындағы және қосымшасының атауындағы:
"пайда болу" деген сөздер "түзілу" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі мәтінінің қосымшасының 6 жолындағы:
"посещение" деген сөз "человек" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі мәтінінің қосымшасының 8 жолындағы:
"орын" деген сөз "отырғызылатын орын" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, депутаттық этика, құқық қорғау және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Амантурлин) жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті | |
ІV сессиясының төрағасы | М. Ілияс |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Сапаров |