Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 3/31-VI шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 тамызда № 3821 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 53/547-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 30.10.2020 № 53/547-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Ә.Досболов
      Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Айтөреев

  Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2016 жылғы
29 маусымдағы № 3/31-VI
шешімімен бекітілген

Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау қағидалары (бұдан әрі - Қағида) Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жануарларды ұстау тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар меншік нысанына қарамастан, жануарларды асырайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

      3. Осы Қағидалар "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, елді мекендер тұрғындарын адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ бірге тұруға қолайлы жағдай жасау мақсатында әзірленді.

      4. Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы және үй, жабайы жануарлар;

      2) жануар иесі – өз меншігінде немесе басқа да меншікте жануарлары бар жеке немесе заңды тұлға;

      3) ветеринарлық анықтама – Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануардан алынатын өнімге және шикізатқа мамандандырылған ұйымның ветеринариялық дәрігері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпте жануарлар, жануардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін құжат;

      4) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

      5) дезинсекция – жәндіктер мен басқа да буынаяқтыларды жою жөніндегі іс-шаралар кешені;

      6) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;

      7) дератизация – кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені;

      8) жануарларды асырау – жануарлар иелерінің өмірін, жануарлар денсаулығын қорғау, ветеринариялық-санитариялық нормаларды сақтай отырып, толыққанды тұқым алуға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі іс әрекеттері;

      9) жануарларды бірдейлендіру – жануарларды бірдейлендіру жөніндегі деректер қорына жануарлар туралы мәліметтерді енгізу және жануарларға арналған ветеринариялық паспорт беру арқылы бірдейлендіру бұйымдарын (құралдарын) қолдану, таңбалау жолымен жануарға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі.

2. Жануарларды асырау

      5. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, саябақтардан, хайуанаттар бағынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, сауда, тамақ өнеркәсібінен, жалпы демалатын орындардан, балаларды сауықтыру орындарынан, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен оның сағасынан қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған (жабық) орындарда ұсталуы керек.

      6. Жануарларды асыраумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар:

      1) ауыл шаруашылығы, үй жануарлары мен асыл тұқымды малдарды уақытылы бірдейлендіруді;

      2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарларды уақтылы диагностикалаудан және вакцинациялаудан өткізуді;

      3) жануардың түріне, жасына және физиологиясына сәйкес саулығы, азықтық жөніндегі күтімді және оларды пайдалануды;

      4) жануарлар және адамдар ортасының қауіпсіздігін, сонымен қатар мүліктің жануарлардан зиян келтіруінен;

      5) санитариялық-гигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормалар мен қағидалардың талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.

      7. Жануарлар ұсталатын үй-жайлардың иелері күн сайын механикалық тазалауды, апта сайын дезинфекциялауды жүргізулері тиіс.

      Жануарларды ұстау қызметі процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтар, "Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/307 бұйрығына сәйкес жойылуға жатады.

      8. Жылдың жылы мезгілдерінде (наурыздан бастап қарашаға дейін) жануарлар ұсталатын орындарда жәндіктерге, кеміргіштерге (тышқандар, егеуқұйрықтар) қарсы күрес мақсатында ай сайын дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық препараттармен өңдеу қажет.

      9. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері үшін жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдарда жануарларды тіркеуден өткізуі, кейіннен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына енгізуі қажет.

      10. Жабайы жануарлардың мемлекеттік есебін ұйымдастыру мен жүргізу "Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      11. Жануарларды бірдейлендіру сырғалау, чип салу және ветеринариялық паспорт беру жолымен жүргізіледі. Көрсетілген атрибуттардың сақталуына жануар иесі жауапты болады.

      12. Жануарларды әуе, су, теміржол көлігімен тасымалдау, осы көлік түрлерінде тасымалдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      13. Адамдар мен жануарлар денсаулығына ерекше қауіп тудыратын жануарларды алып қою және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Егер жануар клиникалық сау болған жағдайда, ол иесіне қайтарылады.

      14. Жануарларды ұстаудың міндетті шарты болып аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау, паразитарлық ауруларға қарсы өңдеу, тұрғылықты мекен-жайға қарасты ветеринариялық емханаларда диагностикалық зерттеуден өткізу болып табылады.

      15. Жануарлардың иелері аурудың кез-келген жағдайларында немесе ауырғандығына күдік туындағанда ветеринарлық мекемелерге хабарласып, зерттеу нәтижелері бойынша маманның нұсқауларын мүлтіксіз сақтауы қажет.

      16. Үй жануарларына қарау тәртібі, "Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығымен белгіленген.

3. Жануарларды сою

      17. Ауылшаруашылығы жануарларын сою (жылқы, ірі және ұсақ қара мал, шошқа) есептік нөмірі бар, ветеринариялық дәрігерлер сою өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасайтын сертификатталған сою пунктерінде жүргізіледі.

4. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілік

      18. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады