"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Қоса берілген Түркістан облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау Қағидалары бекітілсін.
2. Оңтүстік Қазақстан облысы облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 3/31-VI "Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендерінің аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3821 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде және 2016 жылғы 16 тамыздағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Түркістан облыстық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облыстық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | У. Рахиев |
Түркістан облыстық | |
мәслихатының хатшысы | К. Балабиев |
Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 53/547-VI шешімімен бекітілді |
Түркістан облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Түркістан облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Түркістан облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау тәртібін айқындайды.
2. Қағида меншік нысанына қарамастан, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады :
1) ауыл шаруашылығы жануарлары –адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар малдардың барлық түрі;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері –меншік, шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқарудағы немесе басқа да заңды негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары бар заңды немесе жеке тұлғалар;
3) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы және үй жануарлары;
4) жануарларды ұстау - жануарлар иелерінің өмірді сақтау үшін, жануарлардың денсаулығын, ветеринарлық-санитарлық қолайлы жағдайларды сақтай отырып, толыққанды тұқым алуға, сондай-ақ азаматтар мен жануарлардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі іс әрекеттері;
5) ветеринария саласындағы маман - ветеринария саласында, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда қызметті жүзеге асыратын, ветеринария мамандықтары бойынша жоғары, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіби білімі бар мемлекеттік органдар бөлімшелерінің қызметкері;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;
7) ветеринариялық паспорт - уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;
8) дезинсекция - жәндіктер мен басқада буынаяқтыларды жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
9) дезинфекция – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені;
10) дератизация – кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені;
11) биологиялық қалдықтар – жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары);
12) мал көміндісі (биотермиялық шұңқыр) – арнайы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ елді мекендегі өнеркәсіп ұйымдары мен басқа да өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін қолайсыз факторлардың әсер етуін азайту мақсатында жақын маңдағы аумақтардан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен имараттарды бөліп тұратын санитариялық-қорғаныш аймағын - аумақты сақтай отырып, орналасқан малдардың өлекселерін залалсыздандыруға арналған құрылыс;
13) қараусыз қалған ауылшаруашылығы жануарлары – меншік иесі бар және оның иелігінен (қарауынан) уақытша босап кеткен, иесі болмаған немесе иесі белгісіз жануарлар, сонымен қатар иесі меншік құқығынан бас тартқан жануарлар.
2-тарау. Жануарларды ұстау тәртібі
4. Асыл тұқымды жануарларды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен, асыраумен, бағумен, көбейтумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етеді:
1) ауыл шаруашылығы жануарларын уақытылы бірдейлендіруді;
2) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарларды уақтылы диагностикалаудан және вакцинациялаудан өткізуді;
3) жануардың түріне, жасына және физиологиясына сәйкес саулығы, ауқаттылығы жөніндегі күтімді және оларды пайдалануды;
4) жануарлар және адамдар ортасының қауіпсіздігін, сонымен қатар мүліктің жануарлардан зиян келтіруінен;
5) санитариялық-гигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормалар мен қағидалардың талаптарын сақтауды қамтамасыз етуі;
6) жайлы орналасқан орындарды, ылғалды-температуралық режимді, табиғи жарықты, вентиляцияны;
7) оларды биологиялық, түр-тұқымдық және жеке ерекшеліктеріне сәйкес келетін және олардың тамаққа, суға, ұйқыға, қозғалысқа, өзіне ұқсас жануарлармен қатынастарға, табиғи белсенділік пен басқа да қажеттіліктерге табиғи мұқтажын қанағаттандыратын жағдай жасалуын.
6. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолданыстағы санитарлық нормаларға сәйкес тұрғын үйлерден, пәтерлерден, мектептерден, емдеу және балалар мекемелерінен, саябақтардан, хайуанаттар бағынан, стадиондардан, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарынан, сауда, тамақ өнеркәсібінен, жалпы демалатын орындардан, балаларды сауықтыру орындарынан, демалыс үйлерінен, шипажайлардан, жасанды су қоймаларынан, артезиан құдықтарынан және өзен жағалауы мен оның сағасынан қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған жабық орындарда ұстау керек.
7. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру (бұдан әрі - АШЖБ) базасына енгізу үшін, ауыл шаруашылығы жануарларының иесі ветеринариялық ұйымдарға өтініш бере отырып, жануарларды тіркеуден өткізуі қажет.
8. Жануарларды бірдейлендіру биркалау, чиптау және ветеринариялық паспорт беру жолымен жүргізіледі. Көрсетілген атрибуттардың сақталуына жануар иесі жауапты болады.
9. Ауыл шаруашылығы жануарларының иесі ветеринария саласындағы мамандардың қызметтiк мiндеттерi ветеринариялық іс-шаралар өткізу кезінде оларға жәрдем көрсетеді.
10. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері ауру байқалған сәтте ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринарлық ұйымға хабарласып, зерттеу нәтижелері бойынша маманның нұсқауын орындауы тиіс.
11. Ауыл шаруашылығы жануарларына диагностика жүргізілген кейін, ветеринариялық зертханалар анықтаған (сараптама актісі негізінде) жануарлармен адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауру жануарлары мiндетті түрде залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) және қайта өңдеуге жатады. Адамның денсаулығына қауіп төндіретін ауру жануарлар анықталған жағдайда иесі шектеу іс-шараларын сақтай отырып, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар жеткізетін арнайы автокөлікпен белгіленген санитарлық сою орындарына өткізеді.
12. Ауыл шаруашылығы жануарлары тұратын орындар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 "Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10028 тіркелген) бұйрығына сәйкес дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық препараттармен тазаланады.
13. Жануарлар ұсталатын үй-жайлардың иелері күн сайын механикалық тазалауды, апта сайын дезинфекциялауды жүргізулері тиіс.
14. Жануарларды асырау қызметі процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/307 "Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11003 тіркелген) бұйрығына сәйкес жойылуға жатады.
15. Мал өлген, абортталған немесе өлі туған төлді анықтаған сәттен бастап, бір тәуліктен артық емес мерзімде ауыл шаруашылығы жануарларының иесі осы туралы ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің қызметкеріне – ветеринария саласындағы маманға хабарлайды. Биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу немесе көму (жағу) үшін мал көміндісі орналасқан биотермиялық шұңқырларға жеткізуді ауыл шаруашылығы жануарларының иелері жүзеге асырады.
16. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өткенде тұрғындардың қауіпсіздігін жануарлардың иелері қамтамасыз етеді. Көшелерде, алаңдарда, скверлерде, темір жол мен автокөлік жолдарына тиесілі аймақтарда және басқа да қоғамдық орындарда жануарларды жаюға және қараусыз бос жіберуге жол берілмейді.
17. Қараусыз қалған ауылшаруашылық жануарларын ұстау және иелеріне қайтару Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес реттеледі.
18. Жануарларды сату, әкелу және әкету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 "Жануарларды карантиндеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/679 "Жануарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10131 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Ауыл шаруашылығы жануарларын (жылқыларды, ірі қара және ұсақ малды, шошқаларды) сою ветеринариялық дәрігерлер сою өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін есептік нөмірі бар сертификатталған сою пункттерінде жүргізіледі.
20. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жануарлардың иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.