Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 289 "2016 жылға аудандар және қалалар бойынша субсидиялар көлемдерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Мерзімі біткен

Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 312 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 3920 болып тiркелдi. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына, "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 289 "2016 жылға аудандар және қалалар бойынша субсидиялар көлемдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3875 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Аудандар және қалалар бойынша:
      Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау көлемі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес; ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау көлемі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.";
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.
      Облыс әкімі Ж.Түймебаев
      Д.А.Сатыбалды
      Е.А.Әлімқұлов
      Ж.Қ.Бөкенбаев
      Е.Ә.Садыр
      Ұ.Сәдібеков
      Р.Ж.Мүлкеманов
      К.Н.Мендебаев

  Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы "12"
желтоқсандағы
№ 312 қаулысына 1- қосымша
Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы "10" қарашадағы
№ 289 қаулысына қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысы басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау көлемі

қ/с

Қала, аудандар атауы

Межеленген егістік ауданы, мың гектар

Субсидия көлемі, мың теңге

1
Арыс
4,8
117 489,5
2
Бәйдібек
16,5
131 063,549
3
Қазығұрт
13,9
134 089,15
4
Мақтарал
105,3
2 444 004,771
5
Ордабасы
16,8
301 402,48
6
Отырар
9,9
216 372,43
7
Сайрам
0,0
14 511,8
8
Сарыағаш
15,9
296 088,3
9
Созақ
1,9
26 583,25
10
Төлеби
6,6
47 927,0
11
Түлкібас
12,5
84 560,0
12
Шардара
36,0
826 556,34
13
Түркістан
26,3
530 384,3
14
Шымкент
3,3
32 456,13
15
Кентау
0,5
12 504,0
 
Барлығы:
270,2
5 215 993,0

      

  Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы "12"
желтоқсандағы
№ 312 қаулысына 2-қосымша
Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2016 жылғы "10" қарашадағы
№ 312 қаулысына қосымша

Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау көлемі

қ/с

Қала, аудандар атауы

Межеленген егістік ауданы, гектар

Субсидия көлемі, мың теңге

1
Арыс
1,75
2 625,0
2
Бәйдібек
0,5
750,0
3
Қазығұрт
33,15
53 546,14
4
Мақтарал
25,75
38 631,405
5
Ордабасы
25,45
85 853,55
6
Отырар
2,08
3 112,5
7
Сайрам
8,45
15 196,5
8
Сарыағаш
330,3
495 443,48
9
Созақ
0,0
0,0
10
Төлеби
5,29
17 108,55
11
Түлкібас
0,32
486,0
12
Шардара
0,7
1 050,0
13
Түркістан
14,68
56 692,825
14
Шымкент
115,35
279 722,05
15
Кентау
2,19
3 285,0
 
Барлығы:
565,96
1 053 503,0

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады