2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін айқындау туралы

Мерзімі біткен

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 20 қазандағы № 2053 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 20 қазанда № 3869 болып тiркелдi. 2017 жылдың 10 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10 тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 тіркелген), Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Баймұхановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 21 қазанынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "20" қазандағы
№ 2053 қаулысына қосымша

2016 жылы субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнына және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері


Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
Өтінімді қабылдау мерзімдері
1.
Дәндік жүгері
2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін
2.
Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс)
2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін
3.
Картоп
2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін
4.
Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін
5.
Өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып өсірген көкөніс және бақша дақылдары
2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін
6.
Бірінші жыл егілген жем шөптік көп жылдық дақылдар
2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін
7.
Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 21 қазанынан 1 желтоқсанға дейін
8.
Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
2016 жылдың 21 қазанынан 1 желтоқсанға дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады