Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 30 наурыздағы № 13 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 22 сәуiрде № 3721 болып тiркелдi. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 48 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 29.09.2016 № 48 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және "Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10030), Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бекітілсін:
      1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары;
      2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Кентау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Абдрахманов
      Қалалық мәслихат хатшысы Т. Балабиев

  Кентау қалалық
мәслихатының 2016 жылғы
30 наурыздағы № 13
шешіміне 1 қосымша

Кентау қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары


Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
Орташа жылдық жинақталу нормалары, м3
1
Жайлы және жайлы емес үйлер
1 тұрғын
0,95
1,061
2
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 орын
1,0
3
Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
1,0
4
Балабақшалар, бөбекжайлар
1 орын
0,3992
5
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,275
6
Емханалар
1 адам
0,275
7
Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
1,0
8
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,12
9
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 тағам
0,0001
10
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залдары
1 орын
0,2
11
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
0,2
12
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша
1 орын
0,2
13
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
0,2
14
Азық-түлік дүкендері
Сауда алаңы 1 м2
1,23
15
Машиналардан сату
Сауда орны
1 м2
-
16
Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер
Сауда алаңы 1 м2
0,9091
17
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы
1 м2
0,974
18
Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
-
19
Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
-
20
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1 м2
0,2
21
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
0,5
22
Жағажайлар
Жалпы алаңы 1 м2
-
23
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,91
24
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар
1 машина-орын
0,107
25
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
0,2
26
Гараж кооперативтері
1 гаражға
-
27
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
0,2
28
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м2
0,27
29
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,06
30
Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)
1 жұмыс орны
0,06
31
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
0,23
32
Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар
1000 қатысушы
-
33
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
0,0019

      

  Кентау қалалық
мәслихатының 2016 жылғы
30 наурыздағы № 13
шешіміне 2 қосымша

Кентау қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері


Атаулары
Есептік бірлік
Баға, теңгемен
1
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері
 
 
1.1
Жайлы үйлер
1 адам
97
1.2
Жайсыз үйлер
1 адам
109
1.3
Заңды тұлғалардан
1 текше метр
1224,384
2
Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтері
 
 
2.1
Жеке тұлғалар
1 текше метр
175
1 тонна
875
2.2
Заңды тұлғалар
1 текше метр
227
1 тонна
1135

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады