Көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Қараспан ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 130 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 23 қыркүйекте № 3855 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 23 қаңтардағы 2001 жылғы Қазақстан Республикасы заңының 35 бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 8 желтоқсандағы 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, тұрғындардың пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Төреарық ауылындағы Жиделі көшесінің атауы Сакенов Тағаймұрат көшесі болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын өз бақылауыма қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қараспан ауыл округі әкімі Қ.Зиябек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады