Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 6-61-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 18 қазанда № 3867 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 39-374-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 25.06.2019 № 39-374-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы П. Турсунбаев
      Аудандық мәслихат
      Хатшысы Ж.Сулейменов

  Сарыағаш аудандық
мәслихатының 2016 жылғы
29 қыркүйектегі №6-61-VI
шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі –Қағида) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Әлеуметтік көмек Сарыағаш ауданының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.

1. Жалпы ережелер

      3. Осы Қағидада қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі-уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Сарыағаш аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;

      8) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      9) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын аудандағы халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      12) шартты ақшалай көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарт талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем;

      13) отбасыға көмектің жеке жоспары (бұдан әрі-жеке жоспар) – уәкілетті орган өтініш берушімен бірлесіп әзірлеген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралар кешені;

      14) отбасы мүшелерін (адамды) әлеуметтік бейімдеу олардың жеке мұқтаждығына байланысты "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылған әлеуметтік қолдаудың өзге де шараларын көздейді;

      15) отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты – ШАК тағайындау үшін отбасы атынан әрекет ететін еңбекке қабілетті жеке тұлға мен уәкілетті орган арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;

      16) отбасының жиынтық табысы – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептелетін, шартты ақшалай көмек тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы;

      17) әлеуметтік келісімшарт – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысатын және табысы аз азаматтары қатарындағы жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім.

      4. Осы Қағиданың мақсаты үшін әлеуметтік көмек ретінде Сарыағаш ауданы әкімдігінің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке күндеріне ұсынылады:

      1) 9 мамыр "Жеңіс күні" мерекесіне орай:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусымы мен 1945 жылғы 9 мамыры аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдерді (күйелері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алудың нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндер басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) 6 шілде "Астана күні" мерекесіне орай – үйде арнаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп жатқан мүгедек балаларға және үйде оқып тәрбиеленетін мүгедек балаларға біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) 1 желтоқсан "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні" мерекесіне орай – жалғызілікті зейнеткерлерге, жалғызілікті қарттар мен жалғызбасты үйде әлеуметтік қызмет көрсетілетін І-ІІ-топ мүгедектерге біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) 7 мамыр "Отан қорғаушы күніне" орай:

      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, бір жолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ Семей ядролық сынақтар мен жаттығуларға қатысқан адамдарға, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 30.06.2017 № 12-142-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

      Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек мынадай санаттағы азаматтарға ұсынылады:

      1) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен алпыс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жұмысқа қабілетсіз аз қамтамасыз етілген мүгедектерге біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 30 айлық есептік көрсеткіш;

      2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен алпыс пайыздан аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның тұрғын үйіне зиян келтіруіне байланысты, біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш;

      3) мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) адамның иммун тапшылығы вирусы жұқтыру немесе жұқтырылған иммун тапшылығының синдром ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінан болған, олардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы, сонымен қатар адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына, ай сайын 21,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне тұрғын үйін жөндеуге біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш;

      6) басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне бір жолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, біржолғы 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) 80 жастан асқан жалғызілікті қарттарға, үйде оқып және тәрбиеленетін мүгедек балаларға, ай сайын әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 2 айлық есептік көрсеткіш;

      8) алып тасталды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 30.06.2017 № 12-142-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

      9) Ауғаныстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яғни ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСРО Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілерге біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш;

      10) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге:

      серуендеуге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 60 айлық есептік көрсеткіш;

      бөлмеге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 40 айлық есептік көрсеткіш;

      11) зейнеткерлерге және мүгедектерге саноторлық-курорттық емдеуге жолдама алу үшін, жылына бір рет әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 40 айлық есептік көрсеткіш;

      12) әлеуметтік және инва такси қызметін ұсынуға – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп тұруы қиын бірінші, екінші, топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін, ай сайын 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру қажет.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

      3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күн көріс деңгейіне еселік қатынаста алпыс пайызынан аспайтын табыстың болуы.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін аудандық мәслихат бекітеді.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 30.06.2017 № 12-142-VI (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 08.06.2018 № 22-239-VI (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімдерімен.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Оңтүстік Қазақстан облыс әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      12. Әлеуметтік келісімшарт негізінде отбасының әрбір мүшесіне (адамға) арналған ШАК мөлшері отбасының (адамның) жан басына шаққандағы табысы мен облыстарда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Отбасының құрамы өзгерген жағдайда, ШАҚ мөлшері көрсетілген мән-жайлар орын алған кезден бастап, бірақ оны тағайындаған кезден кейін ғана қайта есептеледі.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Атаулы күндермен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзгеде ұйымдардың ұсынымы бойынша Сарыағаш ауданы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжаты;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаты;

      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілі қағидаларға (одан әрі-Үлгілік қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатын ұсынады.

      15. Уәкілетті орган, қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі не ассистент отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарттары туралы консультация беріп, мақсаттарын түсіндіріп, үміткер келісім берген жағдайда әңгімелесу жүргізіп, отбасының (азаматтың) проблема туралы мәліметі, өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіндіктері мен қосымша мыналарды айқындайды:

      Әңгімелесу жүргізу кезінде:

      1) үміткердің ШАК алуға құқығы;

      2) көрсетілетін әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралардың түрлерін;

      3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары айқындалады.

      Әңгімелесу нәтижелері бойынша осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әңгімелесу парағы ресімделеді.

      16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидағаларға 3, 4 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округі әкіміне жібереді.

      Қала, кент, ауыл, ауылдық округі әкімі учаскелік комиссияның актісімен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      19. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      20. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      22. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      23. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттармен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бастарту туралы шешім қабылдайды.

      24. Жан басына шаққандағы орташа табысы ШАК тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3-айда алынған жиынтық табысты отбасы мүшелерінің санына және үш айға бөлу арқылы есептеледі және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзім ішінде қайта қаралмайды.

      Сонымен қатар жиынтық табыс Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекіткен (Әділет министрлігінде 2009 жылдың 28 тамызында № 5757 тіркелген) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес есептеледі.

      Осы қағиданың 19 және 20 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе қала, кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күн ішінде әлеуметтік көмек көрсетуіне көрсетуден бастарту туралы шешім қабылдайды.

      25. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      26. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты қолданылатын мерзімге беріледі және үміткердің өтініші бойынша үш ай үшін бір мезгілде төленеді.

      ШАК-тыңбіржолғы сомасы бұрынғы қарыздарды өтеуге, тұратын жылжымайтын мүлік сатып алуға, сондай-ақ сауда саласындағы қызметтерді жүзеге асыруға арналған шығындардан басқа, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттерді орындауға байланысты іс-шараларға ғана, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын және т.б. сатып алу), жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға қолданылуға тиіс.

      27. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық мәслихат белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      28. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Сарыағаш ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      29. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде әлеуметтік көмекке құқығы айқындалғаннан кейін уәкілетті орган өтініш берушіні және (немесе) отбасы мүшелерін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 385 "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес отбасыға көрсетілетін көмектің жеке жоспары мен отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын (бұдан әрі- жеке жоспар)жасау үшін шақырады.

      Сонымен қатар осы қағиданың 3 тармағында көзделген жағдайларды және 1, 2-топ мүгедектерін, оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттарды және күндізгі оқу нысанындағы магистранттарды қоспағанда, өз бетімен жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жібереді не жергілікті бюджет қаржаты есебінен іске асырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін өзге де шараларына жолдама береді.

      30. Аз қамтылған азаматтардың өмірлік деңгейін көтеру үшін өтініш беруші және (немесе) отбасы мүшелерімен бірге жеке жоспар жасалынады және отбасының (азаматтың) кәсіптік және әлеуметтік бейімделу іс-шаралар қамтылады, атап айтқанда:

      1) Уәкілетті орган және (немесе) Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы ұсынған жұмыс орнына орналасуға;

      2) кәсіптік даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін артырудан өтуге;

      3) жеке кәсіпкерлікпен айналысуға, жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға;

      4) тұрғындарды арнайы тобы белгіленген уақытта скринингтік тексеруден өтуге;

      5) отбасы құрамында жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер болса денсаулық сақтау мекемелеріне медициналық тіркеуге тұруға және жүктіліктің барлық кезеңінде акушер-гинекологтың көмегін алуға және бақылауында болуға;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулардан (маскүнемдік, нашақорлық, туберкулез) өз еркімен емделуге;

      7) мүгедектерді оңалту шараларын және арнайы әлеуметтік қызметтерді уақытылы алуға;

      8) аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) жеке қажеттілігі байланысты уәкілетті орган ұсынған басқа да арнайы кәсіптік және әлеуметтік бейімдеу.

      31. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін міндетті шарт болып табылады, келесі жағдайларды қоспағанда:

      стационарлық, амбулаторлық (санаторлық) емделу кезеңіне тиісті медициналық ұйымдардан растайтын құжат ұсынған кезде;

      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын негізгі үміткерден (үміткерлерден) басқа үш жасқа дейінгі балалар күтміндегі, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалардың, бірінші және екінші топтағы мүгедектердің, сексен жастан асқан қарттардың басқа адамның көмегі мен күтіміне қажет ететіндер.

      32. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған кезде және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасын өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орнында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.

      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты ұзартылған жағдайда әлеуметтік көмек мөлшері қайта қаралмайды.

      33. Отбасының белсенділігін арттырудың келісімшарты екі данада жасалынады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызып беріледі, екіншісі отбасының белсенділігін арттырудың келісімшарты жасалынған мекемеде сақталынады.

      34. Отбасының белсенділігін арттырудың келісімшартында көрсетілген міндеттемелерін орындалуын мониторингті іске асыратын оны жасаған орган болады.

      35. Уәкілетті орган отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты барлық деңгейіне сүйемелдейді, жеке жоспардың орындалуын қадағалайды сондай-ақ тиімділігіне бағалау жүргізеді.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      36. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық – әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда;

      5) әлеуметтік келісімшарттың және отбасының белсенділігін арттырудың келісімшартында көрсетілген міндеттемелерін бұзылуы және (немесе) орындалмауы жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      37. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      38. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерек қорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің ,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін
айқындаудың қағидаларына
1-қосымша

      Отбасыны тіркеу нөмірі ____________

Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер

      __________________________________________________________________________

      (Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (үйiнiң мекенжайы, телефоны)

Р/с №

Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә.

Өтiнiш берушiге
туыстық қатынасы

Туған жылы










      Өтiнiш берушiнiң қолы _________________ Күнi ______________
      Отбасы құрамы туралы мәлiметтердi растауға
уәкiлеттi органның лауазымды адамының Т.А.Ә _______________
      (қолы)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидсына
2-қосымша

"Өрлеу" жобасына қатысу үшін әңгімелесу парағы

      Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_______________________________________

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса)______________________________________________________

      Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде
шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн__________________________________________

      Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың (азаматшаның) сипаттамасы___________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________

      Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):

Отбасы мүшелері

Кәсібі

Соңғы
жұмыс
орны,
жұмыстан
шығу
себептері

Жалпы
жұмыс
өтілі

Соңғы
жұмыс
орнында
ғы
жұмыс
өтілі

Еңбек
дағдылары
мен
шеберлігі

Жұмыссыздық
кезеңінің
ұзақтығы

Үміткер







Зайыбы (жұбайы)







Отбасы мүшелеріндегі
басқа ересектер








      Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):

      Үміткер:________________________________________________________________________

      Зайыбы
(жұбайы):_______________________________________________________________________

      Отбасының басқа да ересекмүшелері: _______________________________________________

      Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас_________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

      Отбасындағы қиындықтар_________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

      Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі маманының бағасы____________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

      Проблемалар (бүгінгі күнгі қиындықтар)____________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

      Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың (азаматшаның) қалауы_________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

      Басқа ___________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

      Тараптардың қолы:

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік Үміткер

      бағдарламалар бөлімінің басшысы
___________________(қолы) _________________(қолы)

      ___________________(күні) _________________(күні)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына 3-қосымша

Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

      20__ ж."___"__________ __________________

      (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. __________________________________________________

      2. Тұратын мекенжайы ______________________________________________________
________________________________________________________________________________

      3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдай ______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі)__________________________

Р/с

Т.А.Ә.

Туған
күні

Өтініш
берушіге
туыстық
қатынасы

Жұмыспен
қамтылуы
(жұмыс, оқу
орны)

Жұмыспен
қамтылмау
себебі

Қоғамдық жұмыстарға
қатысуы, кәсіптік
даярлығы (қайта даярлау,
біліктілігін арттыру)
немесе жұмыспен
қамтудың белсенді
шараларына қатысуы
туралы мәліметтер

Өмірлік
қиын
жағдай


























      Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам.
Балалардың саны: ______________________________________________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ______ адам,
оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирус) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):_________________________________________________________________________

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар______________________________________
_______________________________________________________________________________

      Отбасының табысы:

Р/с

Табысы бар отбасы
мүшелерінің (оның
ішінде өтініш
берушінің) Т.А.Ә

Табыс
түрі

Өткен тоқсандағы табыс
сомасы (теңге)

Жеке қосалқы
шаруашылық (ауладағы
учаске, малы және құсы),
саяжай және жер учаскесі
(жер үлесі) туралы
мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен
айына




















      6. Мыналардың:

      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін
құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

      қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдің
болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
_______________________________________________________________________________
      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен
қамтамасыз етілуі __________________________________________________________________
      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы ___________________
________________________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:

      _______________________ _______________________

      Комиссия мүшелері:

      _______________________ _______________________

      _______________________ _______________________

      _______________________ _______________________

      _______________________ _______________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Жасалған актімен таныстым: _________________________________________________

      Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы

      Тексеру жүргізілуден бас тартамын ___________________________________________
өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) Т.А.Ә. және
қолы, күні __________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың
қағидаларына 4-қосымша

Учаскелік комиссияның №_______ қорытындысы 20 _____ ж. _____ _______

      Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)

      ________________________________________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде

      ________________________________________________________________________________

      (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

      адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеумуттік қөмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

      Комиссия төрағасы:___________________ ________________________

      Комиссия мүшесі: ___________________ ________________________

      ___________________ ________________________

      ___________________ ________________________

      ___________________ ________________________

      (қолдары) (Т.А.Ә.)

      Қорытынды қоса берілген құжаттармен ____ данада

      20__ж. "__" _______________ қабылданды.

      Құжаттарды қабылдаған кент, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы______________________________________________

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың үлгілік
қағидаларына 5-қосымша

ШАК тағайындау бойынша отбасының белсенділігін арттырудың
әлеуметтік келісімшартын тіркеу журналы

Р/с

Тіркеу
нөмірі

Өтініш берушінің Т.А.Ә.

Мекен
жайы

Сомасы

Өтініш
берушінің
қолы

Ескертпе






























Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады