Сарыағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 6-61-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 12-142-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 25 шілдеде № 4170 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 39-374-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 25.06.2019 № 39-374-VI шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 6-61-VІ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3867 тіркелген, 2016 жылғы 27 қазанда "Сарыағаш" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

      7 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 9 мамыр "Жеңіс күні" мерекесіне орай:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, біржолғы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусымы мен 1945 жылғы 9 мамыры аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдерді (күйелері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алудың нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндер басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      7 тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) 7 мамыр "Отан қорғаушы күніне" орай:

      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, бір жолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ Семей ядролық сынақтар мен жаттығуларға қатысқан адамдарға, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға біржолғы әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 5 айлық есептік көрсеткіш;";

      9 тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) басылымдарға жазылу үшін - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне бір жолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға, біржолғы 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;";

      9 тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;

      10) тармақшасының үшінші абзацтағы "30" деген сан "40" деген санмен ауыстырылсын;

      9 тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) әлеуметтік және инва такси қызметін ұсынуға – Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, жүріп тұруы қиын бірінші, екінші, топтағы мүгедектерге, мүгедек балаларға емдеу мекемелеріне және қоғамдық орындарға тасымалдау үшін, ай сайын 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Н. Давлетяров
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Ж. Сулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады