Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің "Дархан" және "Саят" шаруа қожалықтарында каратинді белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 17 қарашадағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 желтоқсанда № 4768 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімінің 16.01.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық инспекция басшысының 2016 жылғы 14 қазандағы № 270 және 2016 жылғы 17 қазандағы № 272 ұсыныстары негізінде Глуховка ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1.Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің "Дархан" және "Саят" шаруа қожалықтарында ірі қара мал бастарының қарасан ауруы шығуына байланысты, уақытша тыйым салу іс-шаралары белгіленсін,
      2.Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      3.Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Округі әкімі А.Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады