Зайсан қаласындағы көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 284 қаулысы, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 7-6/3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 4787 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 31 бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Зайсан қаласының "2 Шартты" көшесінің атауы "Ағайынды Сәлиевтер" көшесі деп өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
      Аудан әкімі Т.Ж.Қасымжанов
      Сессия төрағасы Е.А.Айнабеков
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Д.Н.Ыдырышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады