Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бозанбай ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 1 қарашадағы қорытындысы негізінде Бозанбай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ұлан ауданының Бозанбай ауылындағы "Ленин" көшесі "Самат Мұқанов" деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бозанбай ауылдық округінің әкімі | С. Кадирбеков |