Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 07.03.2025 № 54 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.Б.Салахатдинова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н.Т.Төреғалиевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А.Көлгінов |
2016 жылғы 29 наурыздағы №80 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
Ескерту. Өлшемшарттар жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 27.01.2017 № 19 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
р/с | Өлшемшарттардың атауы | Иеліктен айыру түрлері |
1 |
Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекет мүдделілігінің болмауы; | Сауданы аукцион нысанында өткізу |
2 |
Жекешелендіру объектісінің қызмет бейінін белгілі бір уақыт кезеңіне сақтау; | Сауданы коммерциялық тендер нысанында өткізу |
3 |
Жекешелендіру объектісіне белгілі бір уақыт кезеңіне мемлекеттің бақылауын сақтай отырып, қаржылық қаражатты тарту; | Тікелей атаулы сату |
4 |
Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды әрі қарай бақылауға мүдделілік болмағанда оларды сату; | Қор биржасындағы сауда-саттықтар |
5 |
Мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына құқықты куәландыратын өтімді бағалы қағаздарды сатудың қажеттігі; | Туынды бағалы қағаздарды сату |
6 |
Жекешелендіру объектісінің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарынан әрекет ететін | Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс |
7 | Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Объектіні сату. | Сауда-саттықты жабық тендер нысанында өткізу |