Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 80 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 19 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 ақпанда № 4693 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылғы 29 наурыздағы №80 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4378 тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен айқындалған коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (А.Б.Салахатдинова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Қонысбаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Көлгінов

  Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
27 қаңтардағы №19 қаулысына
қосымша
  2016 жылғы 29 наурыздағы №80
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына қосымша

Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар

р/с

Өлшемшарттардың атауы

Иеліктен айыру түрлері

1
Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекет мүдделілігінің болмауы;
сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту;
объектіні барынша мүмкін баға бойынша сату.

Сауданы аукцион нысанында өткізу

2
Жекешелендіру объектісінің қызмет бейінін белгілі бір уақыт кезеңіне сақтау;
объектіні барынша мүмкін баға бойынша сату.

Сауданы коммерциялық тендер нысанында өткізу

3
Жекешелендіру объектісіне белгілі бір уақыт кезеңіне мемлекеттің бақылауын сақтай отырып, қаржылық қаражатты тарту;
сенімгерлік басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару шартының талаптарын орындауы.

Тікелей атаулы сату

4
Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды әрі қарай бақылауға мүдделілік болмағанда оларды сату;
сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту;
жекешелендіру объектісінің тиісті қор биржасының биржалық сауда-саттық қағидаларына сәйкестігі.

Қор биржасындағы сауда-саттықтар

5
Мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына құқықты куәландыратын өтімді бағалы қағаздарды сатудың қажеттігі;
сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту.

Туынды бағалы қағаздарды сату

6
Жекешелендіру объектісінің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарынан әрекет ететін
айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын баланстық құнында;
тәуелсіз консультантты тарту.

Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс

7
Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Объектіні сату.

Сауда-саттықты жабық тендер нысанында өткізу

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады