Орал қаласы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдерін айқындау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 2910 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 қыркүйекте № 4557 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11094 тіркелді) бұйрығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
      2. "Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (М. Батырғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Сатыбалдиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Төреғалиев

  Орал қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 2910 қаулысына
қосымша

Орал қаласы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері


Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері
Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері
1
Күздік бидай

26 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін

2
Күздік қара бидай

26 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін

3
Арпа

26 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін

4
Жаздық бидай

26 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін

5
Майлы дақылдар

26 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін

6
Картоп

26 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін

7
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген картоп дақылдары

26 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін

8
Көкөніс-бақша дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда)

26 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін

9
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөніс-бақша дақылдары

26 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін

10
Қорғалған топырақ жағдайында өсiрiлетiн көкөнiс дақылдары

26 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін

11
Көп жылдық және бір жылдық шөптер (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда)

26 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін

12
Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарында

26 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін

13
Күнбағыс және сүрлемдік жүгері

26 қыркүйектен бастап 10 қазанға дейін

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады