Ақсай қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы № 568 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 қыркүйекте № 4560 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 853 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 06.12.2016 № 853 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Ақсай қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар белгіленсін.
      2. Көшпелі сауда автодүкендерде немесе шатырларда (павильондарда) жүзеге асырылсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Бөрлі аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарда санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен талаптардың сақталуын бақылау ұсынылсын.
      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Бөрлі аудандық Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) бөлінген орындардан тыс жерлерде саудаға жол берілмеуін бақылау ұсынылсын.
      5. "Бөрлі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      6. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (А.Дарисов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Утегеновке жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Халелов

      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
Министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Бөрлі аудандық Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________________Г. Кереева
"26" тамыз 2016 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Батыс Қазақстан облысы
Ішкі істер департаменті Бөрлі аудандық
Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы,
полиция подполковнигі
_______________________А. Мухамедьяров
"26" тамыз 2016 жыл

  Бөрлі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 26 тамыздағы
№568 қаулысына
қосымша

Ақсай қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар


Көшпелі сауда орындары
1.
4 ықшам аудан, № 14 үйдің алды
2.
4 ықшам аудан, "Генерал Ғ.Жәңгіров" атындағы қалалық демалыс саябағының алды
3.
4 ықшам аудан, "Еврострой" дүкенінің алды
4.
4 ықшам аудан, "Аян" дүкенінің алды
5.
4 ықшам аудан, "Астана" дүкенінің алды
6.
5 ықшам аудан, "Наурыз" желекжолы алаңы
7.
5 ықшам аудан, "Аян" дүкенінің алды
8.
5 А ықшам аудан, "Бәйтерек" супермаркетінің алды
9.
10 ықшам аудан, № 2 үйдің ауласында
10.
10 ықшам аудан, "Родник" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі фирмасының алды
11.
Дружба Народов көшесі, 5 ықшам аудан, "Квант" сауда үйінің алды
12.
Дружба Народов көшесі, "Бестау" сауда орталығы ғимаратының алды
13.
Дружба Народов көшесі, "Мастер" құрылыс дүкенінің алды
14.
Дружба Народов көшесі, "Эдельвейс" сауда үйінің алды
15.
Дружба Народов көшесі, "Трнава" сауда үйінің алды
16.
Дружба Народов көшесі, "Әдемі" сауда үйінің алды
17.
Дружба Народов көшесі, "Baby Land" ойын-сауық орталығының алды
18.
Дружба Народов көшесі, "Ханшатыр" мейрамханасының алды
19.
Дружба Народов көшесі, "Жібек жолы" сауда үйінің алды
20.
Молодежная көшесі, "Жарсуат" көтерме-бөлшек сауда орталығының алды
21.
Молодежная көшесі, "Авто бекет" ғимаратының алды
22.
Молодежная көшесі, "Восток" дүкенінің алды
23.
Сырым Датов көшесі , "ХХI век" сауда үйінің алды
24.
Сырым Датов көшесі, "Рахат" сауда павильонының алды
25.
Советская көшесі, аудандық Мәдениет үйі ғимаратына қарсы автобус аялдамасының жаны
26.
Линейная көшесі, "Қазақстан" станциясының теміржол вокзалының алаңы
27.
Южно-объездная көшесі, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Бөрлі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының алды
28.
Ихсанов көшесі, "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің Ақсай қаласының №1 мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі аялдамасының аймағында
29.
Комсомольская көшесі, "Бәйтерек" супермаркетінің алды
30.
Совет көшесі, "Зеленый" дүкенінің алды
31.
Железнодорожная көшесі, "Рахмет" дүкенінің алды
32.
Ақсай көшесі, аудандық демалу орталығына қарасты клубтың алды
33.
К.Шакенов көшесі, "Ақсай тағамдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алды
34.
Дружба Народов көшесі, № 27 үйдің жаны

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады