Зеленов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 244 "Зеленов ауданы бойынша 2016 жылға өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлері бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 тамыздағы № 603 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 қыркүйекте № 4551 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы ЗелҰнов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 703 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы ЗелҰнов ауданы әкімдігінің 27.09.2016 № 703 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Зеленов ауданы бойынша 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 244 "Зеленов ауданы бойынша 2016 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4338 тіркелген, 2016 жылғы 17 мамырда "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Зеленов ауданы әкімі аппаратының басшысы (М. Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы М. Залмұкановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      Аудан әкімі К. Жақыпов

  2016 жылғы 16 тамыздағы
№ 603 Зеленов ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша
  2016 жылғы 6 сәуірдегі
№ 244 Зеленов ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Зеленов ауданы бойынша 2016 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері


Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері

Оңтайлы мерзімдері

3 құрғақ дала аймағы

басталуы

аяқталуы

1
Жаздық арпа

2016 жылғы 1 мамыр

2016 жылғы 10 маусым

2
Сұлы

2016 жылғы 1 мамыр

2016 жылғы 10 маусым

3
Жаздық бидай

2016 жылғы 15 мамыр

2016 жылғы 10 маусым

4
Күнбағыс

2016 жылғы 10 мамыр

2016 жылғы 10 маусым

5
Тары

2016 жылғы 20 мамыр

2016 жылғы 10 маусым

6
Күздік бидай

2016 жылғы 15 тамыз

2016 жылғы 10 қыркүйек

7
Мақсары

2016 жылғы 15 мамыр

2016 жылғы 10 маусым

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады