Зеленов ауданы бойынша 2016 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 244 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 сәуірде № 4338 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 252 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 04.05.2017 № 252 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Зеленов ауданы бойынша 2016 жылғы Зеленов ауданының қосымшаға сәйкес өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері белгіленсін.
      2. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Зеленов ауданы әкімі аппаратының басшысы (М. Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Аманжолға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі К. Жақыпов

  2016 жылғы 6 сәуірдегі № 244
Зеленов ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Зеленов ауданы бойынша 2016 жылға өсімдік шаруашылығындағы міндетті
сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша
егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 16.08.2016 № 603 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 25 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады).


Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері

Оңтайлы мерзімдері

3 құрғақ дала аймағы

басталуы

аяқталуы

1
Жаздық арпа

2016 жылғы 1 мамыр

2016 жылғы 10 маусым

2
Сұлы

2016 жылғы 1 мамыр

2016 жылғы 10 маусым

3
Жаздық бидай

2016 жылғы 15 мамыр

2016 жылғы 10 маусым

4
Күнбағыс

2016 жылғы 10 мамыр

2016 жылғы 10 маусым

5
Тары

2016 жылғы 20 мамыр

2016 жылғы 10 маусым

6
Күздік бидай

2016 жылғы 15 тамыз

2016 жылғы 10 қыркүйек

7
Мақсары

2016 жылғы 15 мамыр

2016 жылғы 10 маусым

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады