Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11094 тіркелді) бұйрығының 10-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Теректі ауданы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.
2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (А.А.Байгазиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Уалиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Мукаев |
Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 311 қаулысына қосымша |
Теректі ауданы бойынша 2016 жылға басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялауға арналған өтінімді ұсыну мерзімдері
№ | Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері | Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері |
1. | Күздік бидай | 27 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін |
2. | Күздік қара бидай | 27 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін |
3. | Арпа | 27 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін |
4. | Жаздық бидай | 27 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін |
5. | Майлы дақылдар | 27 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін |
6. | Картоп | 27 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін |
7. | Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген картоп дақылдары | 27 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін |
8. | Көкөніс-бақша дақылдары (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда) | 27 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін |
9. | Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөніс-бақша дақылдары | 27 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін |
10. | Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары | 27 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін |
11. | Көп жылдық және бір жылдық шөптер (өткен жылғы егілген көп жылдық шөптерді қоспағанда) | 27 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін |
12. | Бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарында | 27 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін |
13. | Күнбағыс және сүрлемдік жүгері | 27 қыркүйектен бастап 30 қазанға дейін |