Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 31 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 сәуірде № 14978 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас Прокурорының 08.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсанындағы "Мемлекеттік құқықтық статитистика және арнайы есепке алу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 5-тармақшасын, 12-бабы 1-тармағы 3-тармақшасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы "Прокуратура туралы" Заңы 37-бабының 6)-тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 07.12.2017 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 24 наурыздағы
№ 31 бұйрығымен бекітілген

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығы

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Заңының 7-бабымен қарастырылған жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтама қызметін көрсету бойынша міндеттерді жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

      2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық органдарының (бұдан әрі – Комитет, аумақтық органдар) жеке тұлғаларды тексеруді жүргізу тәсілдері мен мерзімін және оның нәтижесін беруді нақтылайды.

      3. Осы Нұсқаулықта келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АДАЖ) - саусақ таңбалары бойынша қалыптастырылатын дактилоскопиялық ақпараттарды жүргізуді, жинақтауды, өңдеуді және ұсынуды іске асыратын ақпараттық жүйе;

      2) "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АЕА ААЖ) - Заңмен қарастырылған арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізуді, жинақтауды, өңдеуді және ұсынуды іске асыратын ақпараттық жүйе;

      3) арнайы есепке алу - мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы құжатталған ақпаратты жинақтау, тіркеу, өңдеу, жинау, жүйелендіру, жіктеу, сақтау;

      4) арнайы есепке алу субъектілері – қылмыстық қудалауды, қылмыстық жазаны орындауды іске асыратын мемлекеттік органдар, арнайы мекемелер, сот органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әкімшілік және көші-қон полициясының бөлімшелері;

      5) графикалық көшірме - jpeg және jpg форматтарындағы мәліметтерді қамтитын графикалық ақпарат;

      6) тегі бойынша есепке алу - қылмыс жасаған, қылмыстық жауапкершілікке тартылған, сотталған, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданған қоғамға қауіпті әрекеттер жасаған ессіз күйдегі тұлғаларды сауалнамалық деректері бойынша, яғни туылған жылы (күні, айы, жылы) мен жерін көрсетіп, тегі, аты және әкесінің атымен тіркеу жолымен жүргізілетін есеп.

2-тарау. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық көрсету тәсілдері мен мерзімдері

      4. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету тәсілдері:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру";

      2) Комитеттің есебінде бар жеке тұлғаларға қатысты мәліметтерді ұсыну, түсіндіру.

      5. Комитеттің тегі бойынша есебінен мәліметтерді ұсыну "Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету аясында жүзеге асырылады (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету).

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету Комитеттің аумақтық органдарымен ақысыз негізде, Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "Электронды үкімет" веб-портал (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінгенде - 10 (он) минут ішінде;

      2) қосымша тексерулер жүргізу қажет болған жағдайда - 5 (бес) жұмыс күн ішінде;

      3) шетелге шығу жағдайында - 5 (бес) жұмыс күн ішінде.

      8. Комитетпен Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы келіп түскен Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінің сұраулары бойынша шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарын талап ету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтамада (бұдан әрі – анықтама) тұлғаның жойылмаған, алынып тасталған соттылығы туралы мәлімет, жүгінген аумағына, тексеру күніндегі жағдайға байланыссыз, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79 және 89 баптарына сәйкес көрсетіледі.

      Соттылықтың жойылуын есептеу Комитеттің және оның аумақтық органдарының қызметкерлерімен жүргізіледі.

      10. Шетелде сотталған Қазақстан Республикасы азаматтарының соттылығы туралы мәлімет анықтамада көрсетілмейді.

      11. Анықтама Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңына сәйкес рәсімделген электрондық құжат нысанында беріледі, осы Қағиданың 1 және 2 қосымшаларына сәйкес, сондай-ақ қағаз жүзінде осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес.

      Бұрынғы сауалнамалық деректері бойынша қағаз жүзінде өтінішпен жүгінген жеке тұлғалар, олардың өзгергендігі туралы растайтын құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Бас прокурорының 07.12.2017 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Алып тасталды – ҚР Бас прокурорының 07.12.2017 № 154 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Басқа жеке тұлғаға анықтаманы ұсыну мәлімет сұратылған тұлғаның нотариалды расталған сенімхатының негізінде жүзеге асырылады.

      14. Бар мәліметтер анықтамада автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге мәліметтерді енгізу тілінде көрсетіледі.

      15. Өтініш берушінің іздеуде жүргені туралы немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік-кодексінің (бұдан әрі - ҚР ҚПК) 45-бабының 1-бөлігі 3-тармағы бойынша қылмыстық іс бойынша іс жүргізуі тоқтатылған, сондай-ақ 45-бабы 7-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген адамдарға қатысты мәліметтер анықталған кезде, Комитеттің аумақтық органы, оны ұстау бойынша шаралар қабылдау үшін іздеу салған бастамашыға дереу хабарлайды. Егер осы тұлға, ТМД елдері уәкiлеттi органдарының іздеуінде болса, ақпарат аумақтық ішкі істер органдарына жолданады.

      16. Сұрауларды өңдеу барысында өткен жылдардың қылмыстық істері бойынша қабылданған процестік шешімдер, адамның босатылуы туралы мәліметтердің АЕА ААЖ болмауы, сонымен бірге осы жеке тұлғаға қатысты қандай да бір мәліметтер АЕА ААЖ болмастан адамды ұстау не қамауда ұстау (қамауға алу) туралы мәліметтердің АДАЖ болмауы анықталса, Комитеттің және оның аумақтық органдарының қызметкерлерімен жоқ мәліметтерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі:

      тегі бойынша картотекада тиісті әліпбилік есеп карточкасының болуын,

      дактилоскопиялық картотекада қабылданған процестік шешімдердің болуын,

      осы іс бойынша ақпарат алу үшін, арнайы есептің субъектілеріне;

      2009 жылғы 22 мамырында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Үкіметтері басшыларымен бекітілген Қылмысқа қарсы күрес саласында ақпарат алмасу туралы келісімге орай Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің Бас ақпараттық-талдау орталығына осы іс бойынша сұраудың жолдануын.

      17. Қағаз жүзінде рәсімделген анықтамаға Комитеттің аумақтық органы бастығының болмаса Комитеттің арнайы есепке алу басқармасы бастығының болмаса олардың қызмет атқарушы тұлғалардың қолдары қойылады және Комитеттің және оның аумақтық органының мөрімен бекітіледі.

      Тексеру нәтижесі артқы бетіне "Мәліметтер бар" болмаса "Мәліметтер жоқ" мөртабанын қойып көрсетіледі.

      18. Анықтамалар қылмыстық істер бойынша процестік шешімдерді қабылдаған кезде, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті және оларға теңестірілген адамдарға қатысты арнайы тексерулерді жүргізген кезде қолдануға жатпайды.

      19. Жеке тұлғаларға қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға заңнамамен уәкілеттік берілген органдарға ұсынудағы дәлелді қажеттілікпен жеке тұлғалардың жүгінулері бойынша есепке алу мәліметтерін ұсынуға жол берілмейді.

      20. Анықтамада ұсынылған мәліметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген заңмен қорғалатын құпияны қорғайтын мәліметтерді жариялауға қойылған талаптарды сақтай отырып қолдануға жатады.

      21. Комитет есептеріндегі өздеріне қатысты мәліметтер туралы, есептерге түзетулер енгізу мәселелері бойынша жеке тұлғалардың өтініштері (бұдан әрі – өтініштер) еркін нысанда, Комитеттің аумақтық органдарына қылмыстық жауаптылыққа тартылған немесе сотталған орны бойынша, қағаз жүзінде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық құжат нысанында жолданады.

      22. Өтінішті Комитетке берген кезде, осы сұрақ бойынша Комитеттің аумақтық органы бастығының қолымен бұрын берілген жауабы қоса беріледі.

      Қағаз жүзіндегі өтінішке өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Өтініште көрсетілген сауалнамалық деректер өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат мәліметтерімен сәйкес келуі тиіс. Тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туған күнін өзгерткен жеке тұлғалар қазіргі және бұрынғы сауалнамалық деректерін толтырады.

      23. Тегі бойынша есепке алуға түзетулер енгізу туралы өтінішке растаушы құжаттар қоса беріледі:

      айыппұлды төлеу туралы түбіртек;

      түзету мекемесінен босату туралы анықтама;

      сынақ (қылмыстық-атқару инспекциясы) қызметінің есебінен алу туралы анықтама;

      соттылықты алу, ақтау, қылмыстық әрекетті қылмыс деп танымау туралы немесе қылмыстық істі тоқтату негізін ақтайтын негізге жатқызу.

      24. Растаушы құжаттардың негізінде Комитеттің аумақтық органы есепке АЕА ААЖ растаушы құжаттардың графикалық көшірмелерін сала отырып, тиісті түзету енгізеді.

      Өтініштер Комитетпен және оның аумақтық органдарымен Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының талаптарын сақтай отырып қаралады.

  Жеке тұлағаларға
ақпараттық-анықтама
қызметін көрсету
Нұсқаулығына
1 қосымша
  Нысан



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ



А Н Ы Қ Т А М А

      ________________________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

                              (туған жылы және туылған жері)

      ________________________________________________________________________________

      20___ жылдың "___"_______________жағдайы бойынша соттылығы жоқ.



  Жеке тұлағаларға
ақпараттық-анықтама
қызметін көрсету
Нұсқаулығына
2 қосымша
  Нысан



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ



А Н Ы Қ Т А М А

      ________________________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

                              (туған жылы және туылған жері)

      ________________________________________________________________________________

      20___ жылдың "___"_______________жағдайы бойынша соттылығы бар.



  Жеке тұлағаларға
ақпараттық-анықтама
қызметін көрсету
Нұсқаулығына
3 қосымша
  Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКА ЖӘНЕ АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ



А Н Ы Қ Т А М А

      ________________________________________________________________________________

                              (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

                                    (туылған жылы және жері)

      20___ жылдың "___"_______________жағдайы бойынша соттылығы жоқ (бар).

      Басқарма бастығы________________________________________________________________

      (аумақтық органның, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің атауы,

      қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

                                          (мөлшері А4)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады