Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 сәуірде № 14980 болып тіркелді.

      "Сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикаы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
201_ жылғы 31 наурыздағы
№ 346 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 10 ақпандағы Заңына сәйкес және сот сараптама органдарының сот сарапшыларының (бұдан әрі – сот сарапшылары) және лицензия негізінде сот-сарапшылық қызметті жүргізетін тұлғалардың (бұдан әрі – лицензиаттар) біліктілігін арттыруды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Сот сарапшыларының және лицензиаттардың біліктілігін арттыру сот сарапшылары және лицензиаттар ретінде өз функцияларын орындауға қажетті кәсіби білімін мен машығын дамыту мен тереңдету мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Сот сарапшыларының және лицензиаттардың біліктілігін арттыру негізгі принциптері өздігімен білім алумен оқытудың жүйелік, үздіксіздік, сабақтастық байланыстыру.

      4. Сот сарапшыларының және лицензиаттарының біліктілік арттыру бойынша қызметін үйлестіру сот сараптамасы органы мен Қазақстан Республикасы Сот сараптамасы палатасының (бұдан әрі – Палата) қатысумен жүзеге асады.

      5. Сот сарапшыларының және лицензиаттардың біліктілігін арттыру оқыту семинарлары, біліктілік арттыру курстары, оқыту тренингтері, "шеберлік - сыныбы", тәжірибе арқылы оқыту түрінде (тағылымдама):

      1) сот сараптамасы органдарында;

      2) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда;

      3) оқыту-білім беру мекемелерінде;

      4) Қазақстан Республикасы және шетелдегі өндірістік базаларда өтеді.

      6. Сот медицинасы, сот психиатрия және наркология саласындағы, медициналық білімі бар сот сарапшыларының біліктілігін аттыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 03.01.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2 тарау. Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру тәртібі

      7. Сот сарапшыларының және лицензиатттардың тиісті кәсіби деңгейін қамтамасыз ету үшін бес жылда бір рет біліктілік арттырудан өтеді.

      8. Бесжылдық кезең сот сарапшысының және лицензиаттарының біліктілік куәлігін алған жылдан бастап есептеледі.

      Бесжылдық кезеңге сот сарапшысының және лицензиаттардың жұмыс өтеліндегі үзіліс, сонымен қатар бала күтіміне байланысты берілетін оны үш жасқа дейін жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы кірмейді.

      9. Сот сарапшыларының және лицензиаттардың біліктілігін арттыру бойынша жоспарлы іс-шаралар туралы ақпарат сот сараптамасы органдарының, сонымен қатар Палатаның ресми сайттарында жарияланады.

      10. Сот сараптамасы органдарының немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен сот сарапшыларының, Палатаның ұсынуымен лицензиаттар тізімі бекітіледі.

      11. Біліктілік арттырудан өтетін сот сарапшыларының тізімі бекітілген соң, сот сараптамасы органдарының немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен аумақтық бөлімшелерге жедел түрде оқытудың болатын орны мен уақыты хабарланады. Лицензиаттарға біліктілік арттырудың өткізу орны мен уақытын Палата хабарлайды.

      12. Біліктілік арттыру 120 сағаттық сот оқытудан тұрады:

      1) Сот сарапшыларын оқытудың міндетті 60 академиялық оқу сағаты осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі;

      2) қосымша 60 сағаты осы Қағиданың 15-тармағында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 27.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Біліктілік арттырудың міндетті сағаттары сараптама мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік сұрақтарды үйренуді қамтиды.

      14. Біліктілік арттырудың қосымша сағаттары кәсіби, интелектуалды, арнайы және функционалды білімін, машығын және дағдыларын дамыту мақсатында өткізіледі.

      15. Қосымша сағаттарға, осы Қағиданың 4-тармағында белгіленген біліктілікті арттырудың әр түрлі нысандарын қоспағанда, Қағидаға қосымшаға сәйкес сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесімен есептелетін ғылыми жұмыстарды, мақалаларды, баяндамаларды жариялау, қатысқан конференциялар, семинарлар, форумдар қосылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 27.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Аумақтық бөлімшелердің сот сарапшаларының сот сараптамасы органдарының немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен бекітілген жоспарға сәйкес өткізіледі. Лицензиаттардың біліктілігін арттыру Палата төрағасының атына еркін формадағы лицензиаттармен ұсынылған өтінішке сәйкес жүзеге асырылады.

      17. Оқытудан өткен сот сарапшылары, лицензиаттар сот сараптамасы органдарына, Палатаға келесі құжаттарды ұсынады:

      1) біліктіліктен өткендігі жөніндегі құжаттың көшірмесі;

      2) біліктілік арттырудан өткендігі туралы есеп.

  Сот сарапшылардың біліктілігін
арттыру қағидаларына қосымша

Сот сарапшылардың біліктілігін арттыруға өту курстары кезіңде жүйе сынақ бірліктерді қайта есептеу жүйесі

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды – ҚР Әділет министрінің 27.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Іс-шаралар

Сынақ бірліктер саны (СБ)

Негізгі несиелік бірліктер

1

Біліктілікті арттыру* - 60 міндетті академиялық сағат
* - Қазақстан Республикасында да, одан тыс жерлерде де сот-сараптама органында, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарда, оқу білім мекемелерінде өткен біліктілікті арттыру сағаттары ескеріледі

60

Қосымша сынақ бірліктер

2

Конференция жұмысына қатысқаны туралы сертификатпен расталғаны (тақырыбы, орны, ұйымдастырушысы, күні):
- ғылыми практикалық (баяндамамен қатысу / қатысу)
- халықаралық (баяндамамен қатысу / қатысу)

5/12
7/14

3

Сот-сараптама органында, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, оқу-білім мекемелерінде, өндірістік базаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы және шетелде оқыту семинарларына, дәрістерге қатысу, соның ішінде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану (тақырып, сағаттың ұзақтығы), орны, ұйымдастырушысы, күні)

1 сағаты = 1

4

Монографияның жариялануы (тақырып, автор, баспагер, күні):
-Моно-авторлық / бірінші автор
-Бірлескен авторлық

20
10

5

Ғылыми мақаланы Жоғары аттестаттау комиссиясының тізімі бойынша жариялау (тақырып, авторлар, атауы және басылым нөмірі, күні):
-Моно-авторлық / бірінші автор
-Бірлескен авторлық

7
5

6

Шетелдік басылымдарда ғылыми мақаланың жариялануы (тақырып, авторлар, атауы және басылым нөмірі, күні):
- Моно-авторлық / бірінші автор
-Бірлескен авторлық
Рецензияланған журналдарда:
- Моно-авторлық / бірінші автор
-Бірлескен авторлық

10
8
20
15

7

Ғылыми мақаланың басқа арнайы басылымдарда, сайттарда жариялануы (тақырыбы, авторлары, атауы және басылым нөмірі, күні, сайтқа сілтеме):
-Моно-авторлық / бірінші автор
-Бірлескен авторлық

5
3

8

Баяндама тезистерін ғылыми-практикалық конференциялар жинағында жариялау * (тақырып, авторлар, атауы және басылым нөмірі, күні):
- республикалық деңгейде
- халықаралық деңгейде
* - автор және алғашқы 3 бірлескен автор үшін ескеріледі

1 тезис = 3
1 тезис = 5

9

Сот сараптамасының әдістері мен әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу (тақырып, авторлар):
Әдістемелер:
- Моно-авторлық / бірінші автор
-Бірлескен авторлық
Әдістемелік ұсыныс:
- Моно-авторлық / бірінші автор
-Бірлескен авторлық

20
15
15
10

10

Өнертабысқа патент алу (куәліктің нөмірі мен берілген күні)

20

11

Зияткерлік меншік құқығына сертификат алу (куәліктің нөмірі мен берілген күні)

15

12

Шетелде тағылымдамадан өту (қашықтықтан оқыту), жұмыс сағатының саны (тақырып, ұзақтығы, орналасқан жері, күні) туралы құжат берумен расталады

1 күн = 5

13

Мастер-классқа мамандық бойынша тренингке қатысу (тақырып, ұзақтығы, орны, ұйымдастырушысы, күні):
- Қазақстан Республикасында
- шетелде

1 күн = 5
1 күн = 10

14

Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс (тақырып, телеарна мен бағдарламаның атауы, атауы, басылым нөмірі, күні):
-сот-сараптама мәселелері бойынша теле бағдарламаларға қатысу
- газеттерде және мамандандырылмаған журналдардағы жарияланымдар

5
3

15

Стандартты әзірлеу және практикалық қызметке енгізу:
- Моно-авторлық / бірінші автор
-Бірлескен авторлық

30
25



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады