Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 342 "Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын бекіту" және 2017 жылғы 31 наурыздағы № 346 "Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 ақпанда № 19967 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидаларын бекіту" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15003 тіркелген, 2017 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 31 наурыздағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14980 тіркелген, 2017 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларында:

      12-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "1) Сот сарапшыларын оқытудың міндетті 60 академиялық оқу сағаты осы Қағиданың 5-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі;";

      15-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "15. Қосымша сағаттарға, осы Қағиданың 4-тармағында белгіленген біліктілікті арттырудың әр түрлі нысандарын қоспағанда, Қағидаға қосымшаға сәйкес сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесімен есептелетін ғылыми жұмыстарды, мақалаларды, баяндамаларды жариялау, қатысқан конференциялар, семинарлар, форумдар қосылады.";

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

      3. Сараптамалық қызметті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 27 қаңтардағы
№ 19 бұйрығына
1 қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 31 наурыздағы
№ 342 бұйрығымен
бекітілді

Сот сарапшыларының біліктілік даярлығы қағидасы

      1. Осы сот сарапшыларының біліктілік даярлығы туралы қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) – сот сараптамалар органына алғаш сарапшы ретінде жұмысқа қабылданатын қызметкердің және сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия алуға үміткер адамдардың (бұдан әрі – үміткерлер) біліктілік даярлығын ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін анықтайды.

      2. Қағида сот сарапшысы біліктілігін алу үшін біліктілік емтиханын тапсыруға оның рұқсат алу мақсатында сот-сараптама мамандығын игеру бойынша жоғарғы білімі бар үміткерді тиімді даярлауды ұйымдастыруға бағытталған.

      3. Біліктілік даярлығын ұйымдастыру Орталыққа жүктеледі, ол сараптама мамандығы бойынша тиісті жұмыс тәжірибесі бар даярлау басшысын анықтайды, оның қорытындысы бойынша есепті бекітеді, біліктілік даярлығы барысы бойынша бақылауды жүзеге асырады.

      4. Үміткерлердің біліктілік даярлықтан өтуін қамтамасыз ету, сараптама мамандығын жетік игеру үшін оған қажетті жағдайларды жасауды Орталық жүзеге асырады.

      5. Үміткерлерді біліктілік даярлау мерзімі сараптамалық мамандығына байланысты, негізгі даярлық деңгейіне, сондай-ақ, тиісті білім саласында үміткердің жұмыс өтілі Орталықтың келісімі бойынша алты айдан бір жыл шегінде біліктілік даярлау басшысы белгілейді.

      6. Біліктілік даярлық мазмұны тиісті сараптама мамандығы бойынша типтік біліктілік даярлық бағдарламасымен анықталады (бұдан әрі - БДБ), оны Орталық құрастырады және бекітеді.

      7. Қызметкерді нақты сот-сараптама мамандығы бойынша БДБ келесіні қамтиды:

      1) жалпы бөлімі: құқықтық білім негіздері (қылмыстық, азаматтық, әкімшілік процесстер негіздері), криминалистикалық және сот экспертологияның ғылыми негіздері;

      2) арнайы бөлімі: сот сараптамасының анықталған түрінің теориялық және әдістемелік негіздері, сот сараптамасының анықталған түрін тағайындау және өндірісі негіздері.

      8. Үміткердің біліктілік даярлығы жеке сипатта және олар төмендегіні қарастырады:

      жеке теоретикалық және тәжірибелік дайындықты;

      қажетті кәсіби дағдыларды алу және оларды біліктілік даярлау басшысының басшылығымен сот-сараптамасы өндірісіне қатысу, арқылы жетілдіру;

      сот-сараптамасы қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді дербес зерделеу;

      сарапшы қорытындысын құрастыру бойынша тәжірибелік дағдыларды алу;

      сот-сараптама зерттеулерінің тәсілдері мен әдістемелерін зерделеу;

      біліктілік даярлау басшысымен зерделенген материалдарды бекіту және тәжірибелік дағдыларды жетілдіру үшін сараптама тәжірибесіндегі проблемалық мәселелерді бірлесіп талқылау.

      9. Біліктілік даярлау басшысы:

      үміткерге теориялық мәселелерді игеру және тәжірибелік дағдыларды алуға көмек көрсетеді;

      сараптама зерттеулер тәсілдері мен әдістемелерін зерделеу кезінде қиындық келтіретін мәселелерді түсіндіреді;

      теоретикалық мәселелер бойынша ауызша сұранысты жүзеге асырады, тәжірибелік тапсырмалардың орындалуын бақылайды;

      біліктілік даярлық барысы туралы Орталықты хабардар етеді.

      10. Үміткер біліктілік даярлау мерзімінің өтуі бойынша орындалған жұмыс мазмұны мен көлемін көрсетіп, онда даярлау бағдарламасы бейнеленген біліктілік даярлықты өту туралы жазбаша есебін құрастырады, біліктілік даярлау басшысы жазбаша сұраныс түрінде сот-сараптамасы мамандығын игеру ұзақтығы, көлемі мен тиімділігі көрсетіліп, қажетті ұсыныстар береді.

      11. Біліктілік даярлау нәтижелерін қорытындылау біліктілік даярлықты өту деңгейі мен сапасын анықтау үшін Орталықтың үміткермен сұхбаттасуы арқылы жүргізіледі.

      12. Орталықтың ұсынымы бойынша сұхбаттасу қорытындысы нәтижесінде біліктілік даярлықты өткен үміткер сот сарапшысы біліктілігін алу үшін біліктілік емтиханды тапсыруға жіберіледі.

  Қазақстан Республикасының
  Әділет министрі
  2020 жылғы 27 қаңтары
  № 19
  бұйрығына 2 қосымша
  Сот сарапшылардың
  біліктілігін арттыру
  қағидаларына қосымша

Сот сарапшылардың біліктілігін арттыруға өту курстары кезіңде жүйе сынақ бірліктерді қайта есептеу жүйесі

Іс-шаралар

Сынақ бірліктер саны (СБ)

Негізгі несиелік бірліктер

1

Біліктілікті арттыру* - 60 міндетті академиялық сағат
* - Қазақстан Республикасында да, одан тыс жерлерде де сот-сараптама органында, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарда, оқу білім мекемелерінде өткен біліктілікті арттыру сағаттары ескеріледі

60

Қосымша сынақ бірліктер

2

Конференция жұмысына қатысқаны туралы сертификатпен расталғаны (тақырыбы, орны, ұйымдастырушысы, күні):
- ғылыми практикалық (баяндамамен қатысу / қатысу)
- халықаралық (баяндамамен қатысу / қатысу)

5/12
7/14

3

Сот-сараптама органында, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, оқу-білім мекемелерінде, өндірістік базаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы және шетелде оқыту семинарларына, дәрістерге қатысу, соның ішінде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану (тақырып, сағаттың ұзақтығы), орны, ұйымдастырушысы, күні)

1 сағаты = 1

4

Монографияның жариялануы (тақырып, автор, баспагер, күні):
-Моно-авторлық / бірінші автор
-Бірлескен авторлық

20
10

5

Ғылыми мақаланы Жоғары аттестаттау комиссиясының тізімі бойынша жариялау (тақырып, авторлар, атауы және басылым нөмірі, күні):
-Моно-авторлық / бірінші автор
-Бірлескен авторлық

7
5

6

Шетелдік басылымдарда ғылыми мақаланың жариялануы (тақырып, авторлар, атауы және басылым нөмірі, күні):
- Моно-авторлық / бірінші автор
-Бірлескен авторлық
Рецензияланған журналдарда:
- Моно-авторлық / бірінші автор
-Бірлескен авторлық

10
8
20
15

7

Ғылыми мақаланың басқа арнайы басылымдарда, сайттарда жариялануы (тақырыбы, авторлары, атауы және басылым нөмірі, күні, сайтқа сілтеме):
-Моно-авторлық / бірінші автор
-Бірлескен авторлық

5
3

8

Баяндама тезистерін ғылыми-практикалық конференциялар жинағында жариялау * (тақырып, авторлар, атауы және басылым нөмірі, күні):
- республикалық деңгейде
- халықаралық деңгейде
* - автор және алғашқы 3 бірлескен автор үшін ескеріледі

1 тезис = 3
1 тезис = 5

9

Сот сараптамасының әдістері мен әдістемелік ұсынымдарын әзірлеу (тақырып, авторлар):
Әдістемелер:
- Моно-авторлық / бірінші автор
-Бірлескен авторлық
Әдістемелік ұсыныс:
- Моно-авторлық / бірінші автор
-Бірлескен авторлық

20
15
15
10

10

Өнертабысқа патент алу (куәліктің нөмірі мен берілген күні)

20

11

Зияткерлік меншік құқығына сертификат алу (куәліктің нөмірі мен берілген күні)

15

12

Шетелде тағылымдамадан өту (қашықтықтан оқыту), жұмыс сағатының саны (тақырып, ұзақтығы, орналасқан жері, күні) туралы құжат берумен расталады

1 күн = 5

13

Мастер-классқа мамандық бойынша тренингке қатысу (тақырып, ұзақтығы, орны, ұйымдастырушысы, күні):
- Қазақстан Республикасында
- шетелде

1 күн = 5
1 күн = 10

14

Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс (тақырып, телеарна мен бағдарламаның атауы, атауы, басылым нөмірі, күні):
-сот-сараптама мәселелері бойынша теле бағдарламаларға қатысу
- газеттерде және мамандандырылмаған журналдардағы жарияланымдар

5
3

15

Стандартты әзірлеу және практикалық қызметке енгізу:
- Моно-авторлық / бірінші автор
-Бірлескен авторлық

30
25


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады