Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 17 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 мамырда № 15104 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаздағы және электрондық түрдегі көшірмелерін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      Министр ________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 24 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Министр ______ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 10 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 28 қаңтардағы
№ 17 қаулысына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы № 35 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2752 тіркелген, 2005 жылғы 9 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 101-102 (726) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, оның филиалдары мен өкілдіктерін қоса алғанда, сондай-ақ сақтандыру агенттерінің (бұдан әрі – сақтандыру ұйымдары) қызметіне ішкі аудит жүргізу тәртібі сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, осы Талаптарда анықталған ерекшеліктер ескеріле отырып сақтандыру ұйымының құрылтай және ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      3-тарау алып тасталсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күшін жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 269 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Өзара сақтандыру қоғамдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 29 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6163 тіркелген, 2010 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 456 (26299) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Өзара сақтандыру қоғамдарының активтерін инвестициялау қағидалары және мөлшері;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Өзара сақтандыру қоғамдарының активтерін инвестициялаудың ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өзара сақтандыру қоғамдарының активтерін инвестициялау қағидалары және мөлшері";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Өзара сақтандыру қоғамдарының активтерін инвестициялау қағидалары және мөлшері "Өзара сақтандыру туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және өзара сақтандыру қоғамдарының (бұдан әрі – Қоғам) активтерін инвестициялау тәртібін және мөлшерлерін белгілейді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "6. Егер кез келген жағдайлардың нәтижесінде Қоғам активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Қоғам осындай сәйкессіздікті ұлғайтатын активтерді орналастыруды дереу тоқтатады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен Standard & Poor's агенттігінің рейтингілік бағаларынан басқа Moody's Investors Service, Fitch, A.M. Best агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) рейтингілік бағалары танылады.".

      5. "Түзету коэффициентін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 92 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11651 тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Түзету коэффициентін қолдану қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Зардап шеккен қызметкерлердің санын есептеу үшін қызметкерге кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалту дәрежесін 30 – 100 пайыз аралығында қоса алғанда белгілеуге не оның өліміне алып келген, 2015 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 190-бабының 1-тармағына сәйкес сақтанушының кінәсі бойынша орын алған, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актімен ресімделген сақтандыру оқиғаларының саны ескеріледі.".

      6. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты (шығындылық коэффициенті, шығындар коэффициенті, аралас коэффициент) сипаттайтын коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 240 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13056 тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты (шығындылық коэффициенті, шығындар коэффициенті, аралас коэффициент) сипаттайтын коэффициенттерін есептеу қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу қағидалары";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, жұмсалған қаражат коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін айқындайды.";

      1-тармақта:

      8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) таза шығыстар – комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар, жалпы және әкімшілік шығыстар, корпоративтік табыс салығын қоспағандағы салықтар және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысымен (бұдан әрі – № 41 қаулы) бекітілген Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, ислам арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті ұсынуы қағидаларына 5-қосымшада көзделген ұқсас шығыстар баптарына сәйкес келетін өзге шығыстар;

      9) төлемдердің таза сомасы – қайта сақтандырушының үлесі ескермегендегі және регрестік талап қою бойынша өтеуді шегергендегі сақтандыру төлемдерінің сомасы;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) шығыстар – сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық сыйақы төлеу бойынша шығыстар, жалпы және әкімшілік шығыстар, корпоративтік табыс салығын қоспағандағы салықтар және № 41 қаулыда көзделген ұқсас шығыстар баптарына сәйкес келетін өзге шығыстар.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "7. Аралас коэффициент, есептік кезеңдегі шығындылық коэффициенті, полистер бойынша шығындылық коэффициенті және жұмсалған қаражат коэффициенті қайта сақтандырушының үлесі ескеріліп те, қайта сақтандырушының үлесі ескерілмей де есептеледі.";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі есепті кезең үшін шығындылық коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар ескеріле отырып есепті кезеңде есептелген, есепті кезең басталғанда еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына ұлғайтылған және осы кезеңнің соңында еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.";

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі есепті кезең үшін шығындылық коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтандырушының үлесі ескерілмей және сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар ескеріле отырып есепті кезеңде есептелген, есепті кезең басталғанда таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына ұлғайтылған және осы кезеңнің соңында таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.";

      10-тармақта:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "10. Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі жұмсалған қаражат коэффициенті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша мына формула арқылы есептеледі:";

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі жұмсалған қаражат коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтандырушының үлесі ескерілмей және сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар ескеріле отырып есепті кезеңде есептелген, есепті кезең басталғанда таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына ұлғайтылған және осы кезеңнің соңында таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.";

      11-тармақта:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "11. Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі жұмсалған қаражат коэффициенті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының барлық сақтандыру портфелі бойынша мына формула арқылы есептеледі:";

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі жұмсалған қаражат коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары қайта сақтандырушының үлесі ескерілмей және сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар ескеріле отырып есепті кезеңде есептелген, есепті кезең басталғанда таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына ұлғайтылған және осы кезеңнің соңында таза еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі";

      13 және 14 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "13. Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі аралас коэффициент мына формула бойынша есептеледі:

Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі аралас коэффициент

=

Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті

+

Қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі жұмсалған қаражат коэффициенті.

      14. Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі аралас коэффициент мына формула бойынша есептеледі:

Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі аралас коэффициент

=

Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі есепті кезең үшін шығындылық коэффициенті

+

Қайта сақтандырушының үлесін ескермегендегі жұмсалған қаражат коэффициенті.";

      16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Полистік жыл бойынша шығындылық коэффициентін есептеу үшін пайдаланылатын еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақылары есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру шарттарын бұзуға байланысты шығыстар ескерілген, есепті кезеңнің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде күшіне енген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есепті күнгі еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің шамасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары ретінде есептеледі.";

      1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

  "Сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының
шығындылығын сипаттайтын
коэффициенттерді
(шығындылық коэффициентін,
жұмсалған қаражат
коэффициентін, аралас
коэффициентті)
есептеу қағидаларына
1-қосымша";

      2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтіні мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

  "Сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының
шығындылығын сипаттайтын
коэффициенттерді
(шығындылық коэффициентін,
жұмсалған қаражат
коэффициентін, аралас
коэффициентті)
есептеу қағидаларына
2-қосымша";

      7. "Ерiктi және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының есептер мен қосымша ақпаратты беру нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13638 тіркелген, 2016 жылғы 16 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Күн сайынғы есеп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде таратуға рұқсат алғаннан кейін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде факсимильдік не электрондық байланыс арқылы мынадай мерзімдерде ұсынылады:";

      8-қосымшаға сәйкес Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бойынша Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дебиторлық берешегін өндіріп алу туралы есеп Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының
сақтандыру қызметін реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының
сақтандыру қызметін реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының
сақтандыру қызметін реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының
сақтандыру қызметін реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының
сақтандыру қызметін реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 29 ақпандағы
№ 65 қаулысына
8-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дебиторлық берешегін өндіріп алу туралы есеп

      Есепті кезең: 20__жылғы "__" _________________ жағдай бойынша

      Индекс: F8-LKSO

      Кезеңділігі: ай сайынғы, жылдық

      Ұсынатындар: ерікті және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиялары

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі:

      ай сайынғы:

      тарату комиссиясында бөлімшелер болмаған кезде – есепті айдан кейінгі айдың 6 (алтыншы) күнінен кешіктірмей;

      тарату комиссиясында бөлімшелер болған кезде – есепті айдан кейінгі айдың 8 (сегізінші) күнінен кешіктірмей;

      жылдық есеп:

      тарату комиссиясында бөлімшелер болмаған кезде – есепті жылдан кейінгі жылдың 25 (жиырма бесінші) қаңтарынан кешіктірмей;

      тарату комиссиясында бөлімшелер болған кезде – есепті жылдан кейінгі жылдың 30 (отызыншы) қаңтарынан кешіктірмей.

      Нысан

      ________________________________________________________________________________

      (таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)

      20 ___ жылғы 01 _______ жағдай бойынша

      (мың теңгемен)

Дебитордың атауы

Есепті күнгі дебиторлық берешек

Наразылық білдіру

Соттан тыс тәртіппен өтелді (сомасы)

Борышты өндіріп алуға қуыныммен сотқа өтініш білдіру

Тарату комиссиясының пайдасына сот шешімі

Сомасы

Баланстық, баланстан тыс шоттың нөмірі

Сомасы

Күні

Сомасы

Күні

Сомасы

Күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11























      кестенің жалғасы

Сот шешімін орындау (сомасы)

Өндіріп алудың мүмкін еместігі туралы қаулы

Дебиторлық берешекті өндіріп алуға кедергі келтіретін себептер

Ескерту

Орындалды

Орындалған жоқ

Сомасы

Күні

12

13

14

15

16

17













      Тарату комиссиясының төрағасы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)

      ________________________________________________________________ __________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  қолы

      Бас бухгалтер ____________________________________________________ _________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)                  қолы

      Орындаушы ____________________________________________ _________ ________

      лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)            қолы телефоны

      Есепке қол қойылған күн 20 __ жылғы "___" __________

      Мөр орны

      Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  Таратылатын сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымының
дебиторлық берешегін
өндіріп алу туралы есептің
нысанына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дебиторлық берешегін өндіріп алу туралы есеп

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дебиторлық берешегін өндіріп алу туралы есеп" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді

      3. Ай сайынғы есеп қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша айлары үшін жасалады. Есепті айдан кейінгі айдың 1 (бірінші) күні ай сайынғы есептің есепті күні болып табылады. Алдыңғы есептің есепті күні ай сайынғы есеп үшін алдыңғы есепті күн болып табылады.

      Есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) қаңтары жылдық есептің есепті күні болып табылады. Алдыңғы жылдық есептің есепті күні жылдық есеп үшін алдыңғы есепті күн болып табылады.

      4. Есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең сома және одан жоғары сома бір мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      5. Нысанға тарату комиссиясының төрағасы (ол болмаған кезеңде – оның орындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Есептің нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясында бөлімшелер болған кезде жылдық есеп тарату комиссиясының бас офисі және оның бөлімшелері бойынша деректер ескеріле отырып ұсынылады.

      7. Жылдық есепті жасау кезінде осы нысан бойынша есеп жеке желтоқсан үшін, жыл үшін қорытынды деректерді жасамай беріледі.

      8. 2-бағанда дебитордың атауы көрсетіледі.

      9. 3 және 4-бағандарда есепті күнгі дебиторлық берешек (борыш сомасы, баланстық, баланстан тыс шоттың нөмірі) көрсетіледі.

      10. 5 және 6-бағандарда наразылық білдіру туралы ақпарат (сомасы және күні) көрсетіледі.

      11. 7-бағанда соттан тыс тәртіппен өтеу туралы ақпарат (сомасы) көрсетіледі.

      12. 8 және 9-бағандарда борышты өндіріп алуға қуыныммен сотқа өтініш білдіру туралы ақпарат (сомасы және күні) көрсетіледі.

      13. 10 және 11-бағандарда тарату комиссиясының пайдасына сот шешімі туралы ақпарат (сомасы және күні) көрсетіледі.

      14. 12 және 13-бағандарда жиынтық мәнде сот шешімін орындау туралы ақпарат (орындалды және орындалған жоқ) көрсетіледі.

      15. 14 және 15-бағандарда өндіріп алудың мүмкін еместігі туралы қаулы жөнінде ақпарат (сомасы және күні) көрсетіледі.

      16. 16-бағанда дебиторлық берешекті өндіріп алуға кедергі келтіретін себептер көрсетіледі.

      17. 17-бағанда дебиторлар бойынша өзге қосымша ақпарат көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады