"Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 141 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 мамырда № 15163 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 135 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 27.04.2023 № 135 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

      1. "Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10042 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

      1 және 2 қосымшаларын осы бұйрықтың қосымшаларына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтар басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      _______________ Н. Айдапкелов

      2017 жылғы 18 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 18 сәуірдегі
№ 141 бұйрығына қосымша
  Ластану учаскелерінің
мемлекеттік тізілімін жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
  Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан

Ластану учаскелерінің тізілімдік паспорты

      "___"____________20___ жылғы есептік кезең

      Нысандар индексі: ЛУМТЖ

      Ақпарат жинау кезеңділігі: жыл сайын.

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар шеңбері: Аумақтарында ластану учаскелері орналасқан

      табиғат пайдаланушылар

      Нысан қайда ұсынылады: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның

      аумақтық бөлімшелері

      Нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есептік кезеңнен кейінгі 10 мамырға дейін;

      Ластану учаскелері белгілі болған жағдайдан кейін, 3 ай ішінде

      1) тіркеу нөмірі _________________________________________

      2) ластану учаскесі орналасқан жердің схемалық картасы

Облыс

Аудан

Қала, кент

Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес аумақ коды (аумақтық бөлімше мамандары толтырады)

Географиялық координаттары

1

2

3

4

5

      3) Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) кодына сәйкес

      нәтижесінде ластану учаскесі пайда болған шаруашылық және өзге қызметтің немесе табиғи

      құбылыстың түрі ________________________

      4) меншігінде/иелігінде ластану учаскесі орналасқан аумақ бар табиғат пайдаланушы

      _________________________________________

      Табиғат пайдаланушының БСН/ЖСН ___________________________

      Табиғат пайдаланушының атауы _______________________________

      5) жер санаты ________________________________________________

      6) ластану учаскесінің өлшемдері

Ұзындығы, м

Ені, м

Тереңдігі, м

Алаңы, м

Ластаушы заттардың түрі

Қауіптілік деңгейі

Агрегаттық жай күйі








      7) орналастырудың техникалық шарттары:

Топырақ немесе араласушы тау жыныстарының сипаттамасы

Топырақ немесе тау жынысы

Су өткізбеушілік

Физикалық-механикалық қасиеттері

1

2

3

      8) химиялық құрамы:

Ластаушы заттар

нормативтер

Рұқсат етілген шекті мөлшер (әсер ету деңгейі қауіпсіздігін бағалау

Атауы

Шоғырлануы, %

Көлемі, м3

суда

ауада

топырақта

Ең төмен

Ең жоғары

орташа





1

2

3

4

5

6

7

8

      9) ластаушы заттар таралуы ықтимал жолдары:

Су бойынша

Ауа бойынша

Басқалар

1

2

3

      10) ластану учаскесінің зерделену дәрежесі:

Кім және қашан зерделеді

Есептілік материалдың атауы

Объектінің зерделенген параметрлері

1

2

3

      11) ластану учаскесі орналасу аумағының климаттық сипаттамалары

Климаттық жағдайлардың сипаттамасы

Жел өрнегі

5 м/сек астам жылдамдығымен желдер жиілігі

Жауын-шашындар түсімінің жиілігі

1

2

3

      12) ластану учаскесін оқшаулау және қалпына келтіру жөнінде іске асырылған

      іс-шаралар ______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Ақпараттың дұрыстығы мен толықтығын растаймын.

      Жасаушы (табиғат пайдаланушы): ____________________________________________

      Т.А.Ә.А.

      ________________________________________________________________________________

      лауазымы

      __________ қолы                        __________ күні

      Тіркеген:__________________________________________________________________

      Т.А.Ә.А.

      ________________________________________________________________________________

      лауазымы

      __________ қолы                        __________ күні

  Ластану учаскелерінің тізілімдік
паспортына қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме

"Ластану учаскелерінің тізілімдік паспорты"

1. Жалпы бөлім

      1) "Ластану учаскелерінің тізілімдік паспорты" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан (бұдан әрі – Нысан) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 17 бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2) Нысанды аумағында ластану учаскелері орналасқан табиғат пайдаланушылар ұсынады.

2. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1-ші бөлімде аумақтық бөлімшелер ластану учаскесіне тіркеу нөмірін береді;

      2-ші бөлімде табиғат пайдаланушылар ластану учаскесі орналасқан жердің схемалық картасын ұсынады. "Облыс", "Аудан", Қала, кент", "географиялық координаттары" бағандарында табиғат пайдаланушылар сәйкес деректерді толтырады; "Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес аумақ коды" аумақтық бөлімшелердің мамандарымен толтырылады.

      3-ші бөлімде Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес, нәтижесінде ластану учаскесі пайда болған шаруашылық және өзге қызметтің немесе табиғи құбылыстың түрі көрсетіледі;

      4-ші бөлімде меншігінде/иелігінде ластану учаскесі орналасқан аумақ бар табиғат пайдаланушы көрсетіледі;

      табиғат пайдаланушының ЖСҚ/БСҚ көрсетіледі;

      табиғат пайдаланушының атауы көрсетіледі;

      5-ші бөлімде Жер кодексіне сәйкес жер санаты көрсетіледі;

      6-шы бөлімде ластану учаскесінің параметрлері: ұзындығы (метрмен), ені (метрмен), тереңдігі (метрмен), алаңы (метр3-мен), ластаушы заттардың түрі, қауіптілік деңгейі, агрегаттық жай-күйі көрсетіледі;

      7-ші бөлімде орналастырудың техникалық шарттары көрсетіледі, яғни, топырақ немесе араласушы тау жыныстарының сипаттамасы көрсетіледі.

      Сипаттамада топырақ немесе тау жынысы, су өткізбеушілік және физикалық-механикалық қасиеттері көрсетіледі.

      8-ші бөлімде ластанудың химиялық құрамы көрсетіледі:

      "Атауы" бағанында ластаушы заттардың атауы толтырылады;

      "Ең төмен" бағанында ластаушы заттардың ең төмен шоғырлануы (пайызбен) көрсетіледі;

      "Ең жоғары" бағанында ластаушы заттардың ең жоғары шоғырлануы (пайызбен) көрсетіледі;

      "Орташа" бағанында ластаушы заттардың орташа шоғырлануы (пайызбен) көрсетіледі;

      "Көлемі" бағанында әрбір ластаушы заттар үшін көлемі (шаршы метрмен көрсетілген) көрсетіледі;

      "Суда" бағанында әрбір ластаушы заттар үшін суда рұқсат етілген шекті мөлшер (әсер ету деңгейі қауіпсіздігін бағалау) көрсетіледі;

      "Ауада" бағанында әрбір ластаушы заттар үшін атмосфера ауасында рұқсат етілген шекті мөлшер (әсер ету деңгейі қауіпсіздігін бағалау) көрсетіледі;

      "Топырақта" бағанында әрбір ластаушы заттар үшін топырақтағы рұқсат етілген шекті мөлшер (әсер ету деңгейі қауіпсіздігін бағалау) көрсетіледі.

      9-шы бөлімде ластаушы заттар таралуы ықтимал жолдары көрсетіледі:

      "Су бойынша" бағанында жер үстіне/немесе жер асты суларының таралуының ықтимал жолдары көрсетіледі;

      "Ауа бойынша" бағанында булану үстіне/немесе желмен таралуының ықтимал жолдары көрсетіледі;

      "Басқалар" бағанында ластаушы заттар таралуы басқа да ықтимал жолдары (оның ішінде, өсімдік және жануар тарапынан да болатын ықтимал таралулар) көрсетіледі;

      10-шы бөлімде ластану учаскесінің зерделену дәрежесі көрсетіледі:

      "Кім және қашан зерделеді" бағанында ластанған учаскенің зерделеген ұйымның толық атауы, сондай-ақ, зерттеу кезеңі көрсетіледі;

      "Есептілік материалдың атауы" бағанында есептілік материалдың толық атауы көрсетіледі;

      "Объектінің зерделенген параметрлері" бағанында ластанған учаскенің зерделенген параметрлері (есептік материалдан алынған деректер) көрсетіледі.

      11-ші бөлімде ластану учаскесі орналасқан аумақтың климаттық сипаттамалары көрсетіледі:

      "Жел өрнегі" бағанында румба бойынша деректер және "Қазгидромет" Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі – "Қазгидромет" РМК) есептік материалы/анықтамасынан жел бағдары көрсетіледі;

      "5 м/сек астам жылдамдығымен желдер жиілігі" бағанында "Қазгидромет" РМК есептік материалы/анықтамасынан деректер көрсетіледі;

      "Жауын-шашындар түсімінің жиілігі" бағанында "Қазгидромет" РМК есептік материалы/анықтамасынан деректер көрсетіледі.

      12-ші бөлімде ластану учаскесін оқшаулау және қалпына келтіру жөнінде іске асырылған іс-шаралар көрсетіледі.

      Ақпараттың дұрыстығы мен толықтығы табиғат пайдаланушы ұсынатын деректерді табиғат пайдаланушының тегін, атын және әкесінің атын (бар жағдайда), сондай-ақ атқаратын лауазымын көрсете отырып, растаумен қарастырылады.

      Аумақтық бөлімше тарапынан жасаған адамның тегін, атын және әкесінің атын, сондай-ақ атқаратын лауазымын көрсете отырып, ластану учаскесінің паспортын тіркеу туралы растау көзделеді.

  Ластану учаскелерінің
мемлекеттік
тізілімін жүргізу қағидаларына
2-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімі

      "___"____________20___ жылғы есептік кезең

      Нысан индексі: ЛУМТ

      Ақпарат жинау кезеңділігі: жыл сайын.

      Ақпарат ұсынатын тұлғалар шеңбері: Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық органдар (Экология департаменттері)

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика миинстрлігі

      Нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын есептік кезеңнен кейінгі 10 мамырдан кешіктірмей;

      Жаңа ластану учаскелері белгілі болған жағдайда, ақпарат аумақтық тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынылады.

Ластану учаскесіне берілген тіркеу нөмірі

Ластану учаскесінің орналасқан жері

Ластану учаскесінің тізілімдік паспортын әзірлейтін табиғат пайдаланушы

Тізілімнен алып тастаудың күні мен негіздемесі

1

2

3

4

  Ластану учаскелерінің
мемлекеттік
тізіліміне қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыруға арналған түсініктеме

Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімі

1. Жалпы бөлім

      1) "Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімі" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан (бұдан әрі – нысан) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабы 29) тармақшасына сәйкес әзірленді;

      2) Нысанды Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық органдар (Экология департаменттері) ұсынады.

2. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

      1-ші бағанда ластанған учаскеге берілген тіркеу нөмірі көрсетіледі;

      2-ші бағанда ластану учаскесінің орналасқан жері көрсетіледі;

      3-ші бағанда ластану учаскесінің тізілімдік паспортын әзірлейтін - табиғат пайдаланушының толық атауы көрсетіледі;

      4-ші бағанда тізілімнен алып тастаудың күні мен негіздемесі көрсетіледі (осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген шарттарды орындаған жағдайда толтырылады).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады