Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президенті Кеңсесі бастығының 03.12.2019 № 19-42-3.3.22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің арнайы автокөлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықты іске асыру тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы |
М.Қасымбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б.Сұлтанов
2017 жылғы _____________
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 17-42-3.3.7 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің арнайы автокөлік құралдарының заттай нормалары
Арнайы автокөлік құралдарын қолдануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер | Функционалдық мақсаты | Арнайы автокөлік құралдарының заттай нормалары * | |
жеңіл автомобиль | жүк автомобилі және/немесе жолаушылар автобусы, микроавтобус | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" ММ | жедел | 2 | 1 |
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қоғамдық келісім" РММ | жедел | - | 1 |
Ескертпе:
* - бір автокөліктің бір айдағы жүру лимиті 2600 км.