"Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 724 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 127 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 маусымда № 15280 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 724 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12495 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Білім саласындағы (балабақша) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Көлік саласындағы (автовокзал) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (полигоны бар қоқыс өңдеу зауыты) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Ауыл шаруашылығы саласындағы (сервистік-дайындау орталығы) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес Білім саласындағы (балабақша) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;

      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) мемлекеттік- жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;

      16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;

      17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;

      18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;

      19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес Білім саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;

      20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес Көлік саласындағы (автовокзал) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;

      21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес Қоршаған ортаны қорғау саласындағы (полигоны бар қоқыс өңдеу зауыты) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты;

      22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес Ауыл шаруашылығы саласындағы (сервистік-дайындау орталығы) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты бекітілсін.";

      осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-қосымшаларға сәйкес 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы Премьер-

      Министрінің орынбасары –

      Ауыл шаруашылығы министрі

      __________ А. Мырзахметов

      2017 жылғы 27 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      __________ Е. Сағадиев

      2017 жылғы 31 наурыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      __________ Е. Біртанов

      2017 жылғы 14 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      __________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 4 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 11 мамыр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрі

      __________ А. Мұхамедиұлы

      2017 жылғы 25 мамыр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      __________ Қ. Бозымбаев

      2017 жылғы 18 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 127 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 724 бұйрығына
3-қосымша

Білім беру саласындағы (балабақша) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы

      МЖӘ жобасының атауы:

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) _____ орынға

      арналған балабақша салу және пайдалану"

      МЖӘ объектісінiң орналасқан жері:

      ________________________________________________________________________

      (МЖӘ объектісінiң орналасқан жері көрсетіледі)

      Мемлекеттік әріптес:

      (мемлекеттік әріптестің толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-сәйкестендіру

      нөмірін, банктік деректемелерін көрсету)

      Конкурсты ұйымдастырушы:

      (конкурсты ұйымдастырушының толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірін, банктік деректемелерін көрсету)

      Конкурстық құжаттама пакетінің құны:

      (Конкурстық құжаттаманың теңгемен есептегендегі құнын көрсету не егер

      Конкурстық құжаттаманы бергені үшін ақы өндіріп алу көзделмесе, онда бұл тармақты

      мынадай редакцияда жазу қажет: "Конкурстық құжаттама тегін беріледі").

1. Анықтамалар

      1. Білім беру саласындағы (балабақша) МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімдік (ЖАО) – жергілікті атқарушы орган;

      2) әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі (бұдан әрі – Конкурстық өтінім) – Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурсқа қатысу үшін Үлгілік КҚ белгіленген нысан бойынша ұсынған құжаттар мен мәліметтердің жиынтығы;

      3) Білім беру саласындағы (балабақша) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы (бұдан әрі – Үлгілік КҚ) – Конкурс өткізудің Үлгілік шарттары мен тәртібін айқындау үшін әзірленген және Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестерге Конкурстық өтінімдерді дайындау және Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі Конкурсқа қатысу үшін ұсынатын білім беру саласындағы (балабақша) МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      4) білім беру саласындағы (балабақша) МЖӘ Үлгілік шарты (бұдан әрі – Үлгілік шарт) – Конкурсты ұйымдастырушысы шешім негізіндегі Конкурс жеңімпазымен жасалған шарт;

      5) дайындық кезеңі – Үлгілік шарттың күшіне ену сәтінен бастап өзіне қаржылық жабуды, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді және бекітуді қосатын, МЖӘ объектісін салуға дайындықпен байланысты өзге мәселелерді шешу кезеңін қамтитын құрылыс жұмыстарын жүргізудің басталуына дейінгі кезең;

      6) жекеше әріптес – Қазақстан Республикасының "МЖӘ туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына сәйкес, мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, Үлгілік шарт жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

      7) жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістер алу көздері – Жекеше әріптеске Қазақстан Республикасының "МЖӘ туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 9-бабында көзделген қаражатты Үлгілік шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде төлеу;

      8) жер учаскесі – Үлгілік шарт талаптарына сәйкес МЖӘ объектісін салу және пайдалану үшін қажетті жер учаскесі;

      9) заңнама – белгіленген тәртіппен қабылданған және Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы;

      10) комиссия – Заңнамада белгіленген тәртіппен құрылған, коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектісіне қатысты комиссия;

      11) конверт – Конкурстық өтінімнің тұтас және сақталған күйде берілуін қамтамасыз ететін қорап немесе ораудың өзге тәсілі;

      12) конкурс – "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) _____орынға арналған балабақша салу және пайдалану" МЖӘ жобасы бойынша жеңілдетілген конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі ашық конкурс;

      13) конкурсты ұйымдастырушы – "__________" мемлекеттік мекемесі;

      14) қағидалар -Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген ( Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12717 болып тіркелген) МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);

      15) мемлекеттік әріптес – "__________" мемлекеттік мекемесі атынан Қазақстан Республикасы;

      16) МЖӘ жобасы – __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ орынға арналған балабақша салу және пайдалану бойынша МЖӘ жобасы;

      17) МЖӘ объектісі – салынуы мен пайдаланылуы МЖӘ жобасын іске асыру аясында жүзеге асырылатын, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ орынға арналған балабақша (бірнеше балабақша жоспарланған жағдайда оларды көрсету қажет);

      18) МЖӘ объектісінің қызметін тұтынушылар (бұдан әрі – тұтынушылар) – (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) тұратын, __________ қаласында "______________" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік балабақшасынан орын алуға кезекте тұрған ата-аналар (оларға теңестірілген тұлғалар) және мектепке дейінгі жастағы (___ жасқа дейінгі) балалар;

      19) МЖӘ объектісін пайдалану – Жекеше әріптестің МЖӘ объектісін Үлгілік шартта айқындалған тәртіппен және шарттарда МЖӘ объектісінің мақсатына сәйкес, оның ішінде Қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы;

      20) МЖӘ объектісін салу – МЖӘ объектісін салу, оның ішінде жаңа технологиялар, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру негізінде салу, МЖӘ объектісінде өндірістік жабдық орнату, МЖӘ объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыстардың өзге түрлерін өндіру;

      21) МЖӘ объектісін салу мерзімі – Үлгілік шартта және жобалау-сметалық құжаттамада МЖӘ объектісін салуға көзделген, құрылыс жұмыстарының басталу күнінен аяқталу күніне дейін есептелетін мерзім;

      22) үздік Конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттары (бұдан әрі - өлшемшарттар) – Үлгілік КҚ белгіленген, оның негізінде Конкурсқа қатысушының Конкурстық өтінімі үздік деп танылатын өлшемшарттар;

      23) шарт жобасы – тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, МЖӘті іске асыру Үлгілік шарттарын айқындайтын Мемлекеттік әріптес және Жекеше әріптес арасындағы жазбаша келісім жобасы.

2. Жалпы ережелер

      2. Үлгілік КҚ Әлеуетті Жекеше әріптестерге олардың Конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат ұсыну мақсатында әзірленген.

      3. Конкурс Заңға, Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өткізіледі.

      4. МЖӘ жобасының сипаттама нысаны Үлгілік КҚ 1-қосымшада көрсетілген.

      5. Техникалық параметрлер бойынша егжей-тегжейлі сипаттамалар білім беру саласындағы (балабақша) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамаға қоса берілген жобалау-сметалық құжаттамада/Үлгілік жобада/Үлгілік жобалық шешімдерде/қайталап қолдану жобасында (керегін көрсету) көзделген.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 154-3-бабының 7-тармағына сәйкес, Жекеше әріптес Үлгілік шартта белгіленген мерзімде қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы/Үлгілік жобаны/Үлгілік жобалық шешімдерді/қайталап қолдану жобасын (керегін көрсету) МЖӘ жобасының нақты алаңына байланыстыруды МЖӘ жобасының тұжырымдамасында қамтылған маркетингтiк және қаржылық-экономикалық параметрлерді ескере отырып жүзеге асырады.

      6. МЖӘ объектісін салуға және пайдалануға қойылатын талаптар Шарт жобасында келтірілген.

3. Конкурстық комиссия

      7. Конкурстық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Әкімдіктің "Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық комиссияны құру туралы" 20__ жылғы "__" __________ №___ қаулысымен құрылған Комиссия жүзеге асырады.

      8. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестер ұсынған Конкурстық өтінімдерді құжаттардың толықтығы мен тиісті ресімделуі, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау мен іріктеу;

      2) Конкурстық өтінімдерді қарау және үздік Конкурстық өтінімді анықтау;

      3) МЖӘ жобасын және Шарт жобасының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізу;

      4) Конкурс қорытындысы бойынша Конкурстық өтінімді бекіту және өтінім берушіні Конкурс жеңімпазы деп тану болып табылады.

      9. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:

      1) Комиссияның отырыстарына шақыруға және Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

      2) МЖӘ жобасының проблемалық мәселелерін талдау мен зерделеу үшін қажеттілігіне қарай мамандарды, сарапшыларды және ғалымдарды тартуға;

      3) Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқылы.

      10. Комиссияны төраға – тиісті жергілікті атқарушы органы әкімі/әкімінің орынбасары басқарады. Комиссия төрағасы Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Комиссияның қызметіне жеке жауапкершілікке ие болады.

      11. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оның тапсырмасы бойынша Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі орындайды.

      12. Комиссия құрамына тиісті жергілікті атқарушы орган әкімінің орынбасарлары, білім беру, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының бірінші басшылары, сондай-ақ "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

      13. Комиссияның жұмыс органы Конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.

      14. Комиссияның жұмыс органы қызметті ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      15. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайтын және отырыс хаттамасын ресімдейтін Конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады.

      16. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі болған жағдайда заңды деп есептеледі.

      17. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері дауыстарының басым көпшілігі берілген жағдайда қабылданған болып есептеледі және міндетті түрде Комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері және Комиссияның хатшысы қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      18. Комиссия мүшелерінің айрықша пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның хаттамасына қоса берілуі тиіс.

      19. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жұмыс органы хаттаманың көшірмесін отырысқа қатысқан мүдделі тұлғаларға, аталған отырыс күнен кейінгі, 2 (екі) жұмыс күні ішінде жолдайды, ал қатыспағандаға- олардың жазбаша сұрау салуы бойынша, сұрау қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күніне кешіктірмей жолданады.

      20. Комиссия өз қызметін Әкімдік қаулысының негізінде тоқтатады.

4. Конкурс өткізудің негізгі іс-шаралары

      21. Конкурс Үлгілік КҚ 2-қосымшада көрсетілген негізгі шараларды көздейді.

5. Үлгілік КҚ мазмұны

      22. Үлгілік КҚ мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар, Үлгілік КҚ 3-қосымшаға сәйкес, Әлеуетті Жекеше әріптестердің өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растауы үшін ұсынатын құжаттар тізбесіне сәйкес ұсынылады;

      2) МЖӘ объектісінің орналасқан жері;

      3) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың болжанатын түрлері мен көлемдері, сондай-ақ шығындарды өтеу мен кірістерді алу көздері;

      4) МЖӘ Үлгілік шартының жобасы;

      5) үздік Конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарының сипаттамасы;

      6) МЖӘ жобасының параметрлері көрсетілуге тиіс валютаны көрсету және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын валюта бағамы;

      7) Конкурстық өтінім берілетін тілге қойылатын талаптар;

      8) Әлеуетті Жекеше әріптестің өз Конкурстық өтінімін Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына нұсқау;

      9) Конкурстық өтінімнің мазмұны, Конкурстық өтінімдерді ұсыну тәсілі, орны, мерзімі және олардың қолданылуы, сондай-ақ Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары;

      10) МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасының мазмұны бойынша түсіндірулерді алу тәсілдері;

      11) Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімдері, орны, күні мен уақыты.

      23. Үлгілік КҚ мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген.

      24. Конкурстық құжаттаманың қолданылу мерзімі оны бекіткен күннен бастап ___ (жазумен көрсету, бірақ үш жылдан көп емес) жыл.

      25. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестерге Конкурстық құжаттаманың көшірмесін арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) не басқа да электрондық тәсілмен ұсынады. Қағаз жеткізгіште ұсынылған кезде Үлгілік КҚ түпнұсқадан (Конкурсты ұйымдастырушы әрбір бетіне қол қойған, бекітілген және келісілген конкурстық құжаттамадан) көшірме түрінде беріледі. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі Әлеуетті Жекеше әріптестің өкілдеріне тегін/____________ (жазумен көрсету) теңгеге (керегін көрсету) және Конкурсты ұйымдастырушының тиісті журналға міндетті түрде тіркеуі арқылы беріледі.

      26. Конкурстық құжаттамада және оның қосымшаларында көзделген МЖӘ объектісінің техникалық параметрлері Конкурстық өтінімдерді дайындау және ұсыну кезінде Әлеуетті Жекеше әріптестер үшін міндетті болып табылады.

      27. Конкурстық құжаттамада көзделген шарттармен және Конкурсты өткізумен байланысты даулар Заңнаманың талаптарына және Үлгілік шартта келісілген дауларды шешу рәсімдеріне сәйкес келіссөздер жолымен шешіледі.

      28. Егер Конкурстық құжаттамада көзделген шарттармен, Конкурсты өткізумен байланысты даулар Конкурстық құжаттаманың 27-тармағына сәйкес шешілмейтін болса, онда Тараптар дауды заңнаманың талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Төрелiк туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Заңына сәйкес халықаралық төрелікке жүгіну жолымен шешуге құқылы.

6. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру және талқылау

      29. Конкурстық құжаттаманы алған тұлғалар, қажет болған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушыға Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жүгінеді. Конкурс қайта өткізілген жағдайда Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғалар, қажет болған жағдайда, Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей жүгінеді.

      30. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы не жазбаша түрде, қағаз жеткізгіште, бір данада, мемлекеттік немесе орыс тілінде не мемлекеттік немесе орыс тіліне нақты (нотариалды куәландырылған) аудармасын қоса берумен өзге тілде ұсынылады. Әлеуетті Жекеше әріптестің сұрау салуы Конкурсты ұйымдастырушыға жөнелтілуі және мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, _______________ облысы, ____________ қаласы, _______ көшесі, №__, "__________" мемлекеттік мекемесі , №____ кабинетке бағытталуы тиіс. Сұрау салу заңнаманың талаптарына сәйкес жасалуы және сұрау салу түсіп отырған Әлеуетті Жекеше әріптестің атауынан және жауап жіберілуі тиіс мекенжайдан тұруы тиіс.

      31. Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салуды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап жібереді және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпестен:

      1) мұндай түсіндіруді Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық құжаттаманы ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге хабарлайды;

      2) Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы жібереді не түсіндірудің мәтінін "______________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      32. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестермен 20__ жылғы "__" __________ __:00 сағатта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, _______________ облысы, ____________ қаласы, _______ көшесі, №__ кабинетте кездесу өткізеді.

      33. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесу қорытындысы бойынша Конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған дереккөздерді көрсетпестен, Конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салулардан, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптардан тұратын хаттама жасайды.

      34. Әлеуетті Жекеше әріптестермен кездесудің хаттамасына Конкурсты ұйымдастырушының атынан өкілдік ететін тұлғалар, сондай-ақ Әлеуетті Жекеше әріптестер немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды.

      35. Аталған хаттаманың көшірмесін Конкурсты ұйымдастырушы оны ресімдеген және қол қойған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық құжаттаманы ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге жібереді.

      Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттама арнайы құрылған интернет-ресурста (веб-портал) орналастырылады не "______________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      36. Егер Әлеуетті Жекеше әріптестермен Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша кездесу Конкурстық құжаттаманың 32-тармағында белгіленген уақыт пен күні Әлеуетті Жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен болмай қалса, Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы факт туралы Комиссияға жазбаша хабарлайды.

      37. Әлеуетті Жекеше әріптестерден МЖӘ жобасының қаржылық, заңды және өзге де қажетті параметрлері, мемлекеттік қолдау шаралары, Жекеше әріптесті және өзге де шешімдерді іріктеу өлшемшарттары бойынша оңтайлы шешімдерді қалыптастыру мақсатында ұсыныстар түскен жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы мүдделі Әлеуетті Жекеше әріптестердің әрқайсысының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, қажет болған жағдайда бәсекелі диалог ұйымдастырады. Заңнамаға сәйкес, бәсекелі диалогқа қатысушылардың барлығы оны жүргізу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

7. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу

      38. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей, ал конкурсты қайтадан өткізген кезде – күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей өз бастамасымен немесе Әлеуетті Жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізе алады.

      39. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге Конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мәтінін жолдайды. Бұл ретте Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімін Әлеуетті Жекеше әріптестердің Конкурстық өтінімдердегі өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескеруі үшін, кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзіміне, ал Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс қайта өткізілген кезде, кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзіміне ұзартады.

      40. Енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар міндетті күшке ие болады.

      41. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қолдаудың түрлері және көлемдері, сондай-ақ Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері

      42. Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру кезеңінде Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік қолдау шараларын алуға, шығындарды өтеуге және кірістер алуға сәйкес МЖӘ жобасының талдауында көрсетілген көздерден мемлекеттік қолдау шараларын алуға, шығындарды өтеуге және кірістер алуға (керегін көрсету) құқығы бар.

      43. Мемлекеттік қолдау шараларын төлеудің, шығындарды өтеудің және кірістер алудың (керегін көрсету) мөлшері, тәртібі және мерзімдері заңнамаға сәйкес Үлгілік шартта белгіленеді.

9. Біліктілік іріктеу

      44. Заңның 32-бабына сәйкес, Конкурсқа қатысу үшін Әлеуетті Жекеше әріптес мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:

      1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;

      2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

      3) Үлгілік шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

      4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпау, оның мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, заңнамаға сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;

      5) соңғы үш жыл ішінде жасалған МЖӘ Үлгілік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз Әлеуетті Жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.

      45. Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын меншікті қаражатымен немесе қарыз қаражатын тарту арқылы қаржыландыруға құқылы.

      46. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік талаптарына қатысты емес ақпаратты ұсынбауға құқылы.

      47. Әлеуетті Жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну 20 __ жылғы "___"__________ ___:00 сағатқа дейін жүзеге асырылады.

      48. Қағидаларға сәйкес, Әлеуетті Жекеше әріптес оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Конкурсты ұйымдастырушыға Үлгілік КҚ 3-қосымшада келтірілген құжаттарды ұсынады.

      49. Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік талаптарына сәйкестікке анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, сот оны жосықсыз Әлеуетті Жекеше әріптес деп таныған кезден бастап кейінгі үш жыл бойы Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      50. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттың анықтығын Комиссия, Конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар Конкурсты өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.

      51. Әлеуетті Жекеше әріптестің біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсыну фактісін анықтаған тұлғалар осындай факт анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Конкурсты ұйымдастырушыны және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды анық емес ақпарат ұсыну фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін хабарламаға қоса бере отырып, бұл туралы жазбаша хабардар етеді және Қағидаларға сәйкес шаралар қабылдайды.

      52. Конкурсты ұйымдастырушы біліктілік іріктеуді Әлеуетті Жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу арқылы құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      53. Әлеуетті Жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарда талаптарға сәйкес келмеулер анықталған жағдайда Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске анықталған сәйкессіздіктерді жою туралы 10 (он) күнтізбелік күн ішінде хабарлайды.

      Хабарламаны жолдаған күннен бастап және тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін біліктілік іріктеуді өткізу мерзімдері тоқтатылады.

      Тиісті құжаттарды хабарламада белгіленген мерзімнен кеш ұсынған Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік іріктеуден өтпеген деп танылады.

      54. Конкурсты ұйымдастырушы бағалау нәтижелерін біліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Әлеуетті Жекеше әріптестерге жолдайды.

      55. Біліктілік іріктеуден өткен Әлеуетті Жекеше әріптес Заңның 34-бабына сәйкес Конкурсқа қатысушы деп танылады.

10. Конкурсқа қатысуға байланысты шектеулер

      56. Заңның 33-бабына сәйкес, Әлеуетті Жекеше әріптес егер:

      1) осы Әлеуетті Жекеше әріптес басшыларының және (немесе) осы Әлеуетті Жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) немесе жекжаттарының Жекеше әріптесті айқындау туралы шешім қабылдау құқығы болса не Конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      2) Әлеуетті Жекеше әріптестің баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;

      3) Әлеуетті Жекеше әріптестің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің қаржылық-шаруашылық қызметі Заңнамаға не Әлеуетті Жекеше әріптес-Қазақстан Республикасының бейрезиденті мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, Конкурсқа қатысуға құқылы емес.

      57. Әлеуетті Жекеше әріптес пен Әлеуетті Жекеше әріптестің үлестес тұлғасының Жекеше әріптестің айқындауы бойынша бір Конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.

11. Конкурстық өтінім

      58. Конкурсқа қатысу үшін Әлеуетті Жекеше әріптестер Конкурсты ұйымдастырушыға Заңнаманың және Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес дайындалған және ұсынылған Конкурстық өтінімдерді ұсынады.

      59. Конкурстық өтінім Үлгілік КҚ 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша ресімделеді және оның ішінде мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) қаржылық-экономикалық шешімдер (ұсыныстар):

      қаржылық-экономикалық модель;

      МЖӘ жобасының тәуекелдерін бөлу және бағалау;

      МЖӘ жобасына салынатын меншікті және қарыз қаражаттарының көлемі.

      2) технологиялық және басқа шешімдер (ұсыныстар):

      МЖӘ объектісін пайдалану процесінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша шешімдерді қамтитын жаңа технологияларды тарту;

      қаржылық жабу кезеңінің аяқталу күнінен бастап есептелетін МЖӘ объектісін салу мерзімі;

      жергілікті қамту бойынша міндеттемелер (МЖӘ объектісін салу және пайдалану кезеңінде);

      мектепке дейінгі білім беру саласында іске асырылған жобалар тәжірибесі;

      білікті мамандардың болуы.

12. Конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету

      60. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:

      1) Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және/немесе толықтырмайтынына;

      2) оны Конкурстың жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, Шарт жасасатындығына кепіл ретінде енгізеді.

      61. Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету Үлгілік шарт бойынша болжанған инвестициялардың құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      62. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) "__________" мемлекеттік мекемесі

      __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ көшесі, ___

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________

      Жеке сәйкестендіру коды _______________      

      "ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің __________ бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесі

      Банктік сәйкестендіру коды __________ шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;

      2) банк кепілдігін таңдайды.

      63. Әлеуетті Жекеше әріптестің оның Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      64. Мына:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін Конкурстық өтінімді кері қайтарып алған не өзгерткен және/немесе толықтырған;

      2) Конкурс жеңімпазы болып айқындалған Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ Үлгілік шартын жасасудан жалтарған жағдайларды қоспағанда, Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптес енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

      Осы тармақта көзделген жағдайлардың бірі орын алған кезде Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

      65. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске ол енгізген Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі орын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) осы Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып алуы;

      2) Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай Конкурсқа қатысушылар деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптестерге қолданылмайды;

      3) Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай Конкурс жеңімпазы болып айқындалған Конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      4) Үлгілік шарттың күшіне енуі;

      5) Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімінің өтуі.

13. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттарды ресімдеу және енгізу тәртібі

      66. Конкурстық өтінімді Әлеуетті Жекеше әріптестер Конкурстық құжаттаманың 78-тармағында көрсетілген, оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін тігілген, беттері нөмірленген және әрбір бетіне қол қойылған, соңғы бетіне қолы мен мөрі қойылған түрінде жабылған Конвертте ұсынады.

      67. Конверт:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешіккен" болып жарияланатын болса, Конкурстық өтінімді ашпай, кері қайтару мақсатында);

      2) Конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен мекенжайы:

      "__________" мемлекеттік мекемесі , Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), _________ көшесі, __, №___ кабинет, тел. 8 (____) __-__-__;

      3) конкурстың атауы:

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ ОРЫНҒА АРНАЛҒАН БАЛАБАҚША САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ" МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ ТАҢДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС";

      4) сондай-ақ: "20__ ЖЫЛҒЫ "__" ______ __-00 САҒАТҚА ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" мәтіні көрсетіле отырып, Конкурсты ұйымдастырушыға жолдануы тиіс.

      68. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді Әлеуетті Жекеше әріптестер не олардың уәкілетті өкілдері Конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошта байланысын пайдалану арқылы ұсынады.

      69. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдері бар конверттерді Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде қабылдайды және оларды ұсыну сәтінен бастап Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады.

      70. Конвертке Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың тізімдемесі де салынады. Тізімдеме Конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкес тілде ұсынылуы, оған Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысы не бірінші басшының міндетін атқарушы не уәкілетті өкілі қол қоюы және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен расталуы тиіс.

      71. Қаржылық-экономикалық модельді қоспағанда, Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттар және Конкурсқа ұсынылатын өзге де құжаттар жазбаша (баспа) және электронды түрде, оның ішінде сканерленген түрде ұсынылуы тиіс.

      72. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес атынан өтінімі бар Конвертті ұсынған Әлеуетті Жекеше әріптестің өкілінің өкілеттігін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;

      2) тиісінше ресімделген Конкурстық өтінімдері бар Конверттерді қабылдайды және Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;

      3) Конкурстық өтінімдерді ұсынудың мерзімі өткенге дейін Конкурстық өтінімге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;

      4) Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін ол қайтарылған жағдайда, Конкурстық өтінімнің қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      73. Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі мынадай:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес осы Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімді бұрын берген;

      2) Конкурстық өтінім осы Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбайды.

      74. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынатын, шетелдік құқық нормалары бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдары белгілеген нысан бойынша берілген, жасалған немесе куәландырылған барлық құжаттарды Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі заңдастыруы не 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес апостиль қою арқылы куәландырылуы тиіс. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен осы рәсім көрсетілген құжаттарға қатысты алынып тасталған немесе жеңілдетілген болса, ұсынылатын құжаттарды заңдастыру немесе оларға апостиль қою талап етілмейді.

14. Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттарды және Конкурсқа ұсынылатын өзге де құжаттарды жасау тіліне қойылатын талаптар

      75. Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі және Конкурсқа ұсынылатын барлық өзге құжаттар тілдер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс.

      76. Құжаттар оларға орыс тіліне апостиль қойылған дұрыс аудармасы қоса берілген жағдайда (олай болмаған жағдайда құжат ұсынылмаған болып танылады) басқа тілде жасалуы және ұсынылуы мүмкін.

      Құжат бойынша мәліметтерді интерпретациялау жөнінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда __________ (керегін көрсету) тіліндегі құжаттар басымдыққа ие болады.

15. Конкурстық өтінімдегі есептеулер үшін пайдаланылатын валютаға қойылатын талаптар

      77. МЖӘ объектісін салу құны, қаржылық-экономикалық модель, Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері, мемлекеттік қолдау түрлерінің көлемдері және Конкурстық өтінімдегі басқа да көрсеткіштер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептелуі тиіс.

16. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі

      78. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі – Астана қ. (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша 20__ж. "__" _______ сағат __:00 дейін.

      79. Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған Конкурстық өтінімі бар конверт Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және Конкурсқа қатысу өтінімдері бар конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша Әлеуетті Жекеше әріптеске не Әлеуетті Жекеше әріптестердің тиісті уәкілетті өкілдеріне алу туралы қолхатпен жеке қайтарылады.

17. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі

      80. Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қоса алғанда, Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап кемінде ___ (жазбаша түрде көрсету) күнтізбелік күн мерзімді құрайды.

      81. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінен асып кетпеуі тиіс. Осындай асып кету болған жағдайда Конкурстық өтінім кері қайтарылады.

      82. Егер Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Мемлекеттік әріптес пен Конкурстық өтінімі үздік деп анықталған Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын және МЖӘ Үлгілік шартының талаптарын нақтылау жөніндегі келіссөздерді аяқтамаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Комиссия шешімінің негізінде Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қоса алғанда, өзінің Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімін ұзартады.

      83. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту үшін, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурсты ұйымдастырушының атына, мыналарды:

      1) ол берген Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін ұзартуға айқын көрінетін келісімді;

      2) Конкурстық өтінімнің қолданылуы ұзартылатын мерзімді;

      3) осы құжатқа қол қою күнін;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің немесе оның уәкілетті өкілінің қолын және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.

      Бұл хабарлама Конкурстық құжаттамада көрсетілген, Конкурсқа қатысу үшін қойылатын құжаттарды ресімдеу және жасау талаптарына сәйкес жасалуы тиіс.

18. Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін Конкурстық өтінімді өзгерту, кері қайтарып алу

      84. Әлеуетті Жекеше әріптес осы Конкурстық құжаттаманың 78-тармағында көрсетілген, Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:

      1) енгізілген Конкурстық өтінімді өзгерте және/немесе толықтыра;

      2) өзі енгізген Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып ала алады.

      Конкурстық өтінімге өзгертулер оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін енгізілмейді.

      85. Әлеуетті Жекеше әріптестер өзгертілген Конкурстық өтінімді бұрын ұсынылған Конкурстық өтінім сияқты дайындайды, мөр басады және Конвертте:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайын;

      2) Конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайын:

      "_______________________________________________" мемлекеттік мекемесі , Қазақстан Республикасы, _______________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), _________ көшесі, __, №___ кабинет, тел. 8 (____) __-__-__;

      3) құжаттың атауын: "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ ОРЫНҒА АРНАЛҒАН БАЛАБАҚША САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ ТАҢДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСТЫҢ ӨЗГЕРТІЛГЕН КОНКУРСТЫҚ ӨТІНІМІ";

      4) сондай-ақ: "20__ ЖЫЛҒЫ "__" ______ __-00 САҒАТҚА ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" сөздерін көрсете отырып ұсынады.

      86. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушының атына Әлеуетті Жекеше әріптес қол қойған және мөр қойылған еркін түрде ресімделетін Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама жолданады.

      Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін қайтарған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске ол енгізген қамтамасыз етуді Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама алған күннен бастап __ (жазбаша түрде көрсету) жұмыс күнінің ішінде қайтарады.

19. Конкурстық өтінімдерді ашу, қарау және іріктеу

      87. Комиссия Конкурстық өтінімдері бар конверттерді Астана қ. (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша 20_____ж. "___" _____ ___:00 сағатта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, __________________ қ., ____________ көшесі, "_________________________" мемлекеттік мекемесі ғимаратында, ____ қабат, № ______ кабинетте ашады.

      88. Конкурсты ұйымдастырушыға, Комиссия көпшілігі болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен Конкурстық өтінімдерді ашу орны, өткізілетін уақыты мен күні туралы Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.

      89. Енгізілген өзгерістер міндетті күшке ие болады және олар туралы Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық құжаттама ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға дереу хабарлайды.

      90. Конкурсты ұйымдастырушы барлық мүдделі тұлғаларға жоғарыда көрсетілген өзгерістер туралы арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы хабарлайды не "____________________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында ақпарат орналастырады.

      91. Конкурстық өтінімдері бар конверттер Комиссияның қарапайым көпшілігінің, Конкурсты ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, сондай-ақ Әлеуетті Жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашылады.

      92. Комиссия хатшысы не төраға Комиссия мүшелерінің арасынан анықтаған тұлға Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашады және барлық қатысушылардың алдында өтінімдегі құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді.

      93. Комиссия барлық Конкурстық өтінімдерді қарайды. Егер бір ғана Конкурстық өтінім ұсынылған жағдайда, берілген өтінімді Комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.

      94. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына төраға және отырысқа қатысқан барлық Комиссия мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы әрбір бетіне қол қояды.

      95. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі комиссияның отырысына қатысқан Әлеуетті Жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Комиссияның аталған отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      96. Комиссия отырысын өткізбей тұрып, Конкурстық өтінімдерді қарауға жол берілмейді.

      97. Бұл ретте осындай Конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және осы Конкурсқа енгізілген, қалған Конкурстық өтінімдердің арасынан үздік Конкурстық өтінім қайтадан таңдалады.

20. Конкурстық өтінімдерді іріктеу өлшемшарттары

      98. МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 5-қосымшасына сәйкес, үздік Конкурстық өтінімдерді іріктеудегі көрсетілген өлшемшарттарды және оларды бағалау параметрлерін қарау және іріктеу, Конкурстық өтінімдерді өлшемшарттарын және олардың параметрлерін ескере отырып, Комиссиямен жүзеге асырылады.

      99. Өлшемшарттар олардың әрқайсысы бойынша тиісті ұпайлар (үлестік немесе пайыздық мән) беру арқылы бағаланады.

21. Әлеуетті Жекеше әріптеспен келіссөздер, Шарт жасасу

      100. Комиссия Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптеспен МЖӘ жобасын және Үлгілік шарттың талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізеді.

      101. Келіссөздер жүргізу кезеңінде МЖӘ жобасы және Үлгілік шарт бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Комиссия жазбаша нысанда Әлеуетті Жекеше әріптеске жібереді.

      Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша Комиссия шешім қабылдайды.

      102. Келіссөздер барысында Конкурс шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      103. Егер Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптес Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес Конкурстық өтінімді және Үлгілік шарттың талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсыныстары Конкурс шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, онда Комиссия бұл Конкурстық өтінімді қарамайды және үздік Конкурстық өтінімді жаңадан таңдайды.

      Бұл ретте осындай Конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және бұл Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстың жеңімпазы болып танылмайды.

      104. Конкурстың жеңімпазы болып Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Конкурсқа қатысушы танылады.

      105. Конкурсты ұйымдастырушы Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде, үздік Конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттама көшірмелерін қоса бере отырып:

      1) Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде келісетін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға;

      2) Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде келісетін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға келісуге жолдайды.

      106. Шарт жобасын келісулерді ескере отырып, Конкурстың қорытындысы бойынша Комиссияның шешімімен Конкурстық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші Конкурстың жеңімпазы болып танылады.

      107. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      108. Үлгілік шарт жасасу мерзімі Конкурс қорытындыланған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайды.

  Білім беру саласындағы
(балабақша)
МЖӘ Үлгілік конкурстық
құжаттамасына
1-қосымша
  Нысан

МЖӘ объектісінің сипаттамасы

МЖӘ жобасының атауы

"__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) _____ орынға арналған балабақша салу және пайдалану"

МЖӘ жобасының қысқаша сипаттамасы

МЖӘ жобасының мәні көрсетіледі

Мемлекеттік әріптес

"__________" мемлекеттік мекемесі ,
Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ көшесі, №___ үй, №___ кабинет
Банктік сәйкестендіру коды: __________
Банктік деректемелер: __________

МЖӘ объектісі

__ орынға арналған балабақша

МЖӘ объектісінің орналасқан жері

Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ (мекенжай немесе орналасқан жердің сипаттамасы)

МЖӘ жобасын іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

Құрылыс мерзімі – 20_ - 20_ жылдар (_ ай)
Пайдалану мерзімі –20_-20_жыл (_ жыл)
Шарт мерзімі – 20_-20_ жылдар (_ жыл)

МЖӘ жобасының құны

МЖӘ объектісін салу құны: __________ теңге,
оның ішінде:
- құрылыс-монтаждау жұмыстары – __________ теңге;
- жабдық – __________ теңге;
- өзге шығыстар – __________ теңге.

Мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемдері

Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қолдаудың түрлері және көлемдері (егер болса) көрсетіледі

Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері

Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес шығындарды өтеу және кірістер алу көздері (егер болса) көрсетіледі

Байланыс деректері

Конкурсты ұйымдастырушының тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), лауазымы, байланыс телефоны мен электрондық поштасының мекенжайы (мекенжайлары) көрсетіледі

  Білім беру саласындағы
(балабақша)
МЖӘ Үлгілік конкурстық
құжаттамасына
2-қосымша
  Нысан

Негізгі іс-шаралар

р/с

Іс-шаралар атауы

Іс-шараларды өткізу мерзімі
(уақыт пен күн Қазақстан Республикасы, Астана қаласының уақыты бойынша белгіленген)

1

Конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бір уақытта хабарлауымен Конкурсты өткізу туралы жариялауы (ақпарат Конкурсты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады)

20__ж. "__" _______
(Конкурсты өткізу күніне дейін кемінде 60 (алпыс) күнтізбелік күн бұрын, ал Конкурс қайта өткізілген кезде – кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын

2

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға Конкурсты ұйымдастырушының Үлгілік КҚ көшірмесін ұсынуы

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап

3

Үлгілік КҚ көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіру, талқылау және түзету

20__ жылғы "___"______ кешіктірмей
(сұрауды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде)

4

Әлеуетті Жекеше әріптестердің олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастыратын Әлеуетті Жекеше әріптестер тізілімінен Әлеуетті Жекеше әріптестер біліктілік іріктеу жүргізілместен жіберіледі

20__ж. "__"________ __:00 сағаттан кешіктірмей
(Конкурс жарияланғаннан кейін кемінде 20 (жиырма) күнтізбелік күн)

5

Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізуі арқылы біліктілік іріктеуін жүргізуі

құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

6

Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптестерді бағалау нәтижелерін жіберуі

біліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде

7

Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімді, сондай-ақ Конкурстық өтінімнің қамтамасыз етуін енгізуі

Білім беру саласындағы (балабақша) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттаманы алған сәттен бастап 20__жылғы "__"________ __:00 сағатқа дейін

8

Комиссияның Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашуы

20__ жылғы "__" _______ __:00 сағат

9

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның отырысына қатысқан Жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне жіберу.
Қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрауы бойынша

Комиссияның тиісті отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей

10

Комиссияның Конкурстық өтінімдерді қарауы

Біліктілік іріктеу нәтижелерін есепке ала отырып, Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде

11

Комиссияның Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптеспен келіссөздердің тиісті хаттамасын ресімдей отырып, МЖӘ жобасын және Үлгілік шарт талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізуі

20__ж. "__"________ __:00 сағат

12

Конкурсты ұйымдастырушының үздік Конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттаманың көшірмесін қоса берумен, Шарт жобасын, оның ішінде оған түзетулер және/немесе толықтырулар енгізген кезде мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға келісуге жолдауы

20__ж. "___"_____ дейін

13

Конкурстың жеңімпазын айқындау

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

14

Тиісті бюджет комиссияларының қарауына МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін шығару

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

15

Тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

16

Мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу және енгізу

тиісті бюджет комиссиясының шешімі шығарылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

17

Комиссияның шешімінің негізінде, мәслихаттың шешімін қабылдау қорытындылары бойынша Конкурсты ұйымдастырушының Конкурстың жеңімпазымен Шарт жасасуы

Конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен көп емес

18

Конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді Конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бір уақытта хабарлай отырып, өзінің ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруы

Үлгілік шарт жасасқаннан кейін ___ (жазбаша түрде көрсету) күн ішінде

  Білім беру саласындағы
(балабақша)
МЖӘ Үлгілік конкурстық
құжаттамасына
3-қосымша
  Нысан

Әлеуетті Жекеше әріптестердің өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растауы үшін ұсынатын құжаттар тізбесі

      Әлеуетті Жекеше әріптестер біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) есепшоттарында ақшаның болуын, Әлеуетті Жекеше әріптестің меншік құқығын және жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері;

      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманың талаптарына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Аса маңызды МЖӘ жобаларына қатысты, егер Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттаманы осындай Әлеуетті Жекеше әріптестің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынады;

      3) Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) "Негізгі құралдар" бухгалтерлік балансының баптарының таратылып жазылуы;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған, олардың қалыптасқан және болжамды өтеу күндері, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомасы көрсетілген соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыз Үлгілік шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестелерімен қоса беру қажет;

      5) Әлеуетті Жекеше әріптестің төлем қабілеттілігі, оның таратылуға жатпайтыны, мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағаны, Әлеуетті Жекеше әріптестің жасалған МЖӘ шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағаны туралы кепілхат;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті де ұсынады;

      7) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға нотариалды расталған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған заңдастырылған үзіндіні ұсынады;

      8) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;

      9) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі ұсынады;

      10) Әлеуетті Жекеше әріптеске қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі қойылған анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам Әлеуетті Жекеше әріптес міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің Үлгі шот жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы. Егер Әлеуетті Жекеше әріптес бірнеше екінші деңгейдегі банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюро беретін кредиттік есепті ұсынуға рұқсат етіледі.

      Банктің анықтамасы (не кредиттік есеп) конкурсты ұйымдастырушыға құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы екі айдан бұрын берілмейді.

      Конкурсқа жеке және (немесе) қарапайым серіктестік нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері қатысқан жағдайда оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды қоса ұсынулары қажет:

      бірлескен қызмет туралы Үлгілік шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      қарапайым серіктестік мүшелері арасында жасалған ортақ жауапкершілік туралы Үлгілік шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      конкурс шеңберінде келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға қарапайым серіктестік атынан әрекет ететін оның өкіліне арналған сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

      Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды Әлеуетті Жекеше әріптестер өз қалауы бойынша ұсынады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент Әлеуетті Жекеше әріптесі біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын құжаттарды не конкурстық құжаттаманың тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған аудармамен Қазақстан Республикасының бейрезиденті Әлеуетті Жекеше әріптестің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай ақ резиденттіктің апостиль қойылған сертификатын (егер халықаралық Үлгілік шартта өзгеше көзделмесе) ұсынады.

      МЖӘ объектісі ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер болған жағдайда Әлеуетті Жекеше әріптес ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық жүйелерге меншік және (немесе) ие болу құқығы туралы құжаттарды ұсынады.

  Білім беру саласындағы
(балабақша)
МЖӘ Үлгілік конкурстық
құжаттамасына
4-қосымша
  Нысан

Конкурстық өтінім

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) _____ орынға арналған балабақша салу және пайдалану" МЖӘ жобасы бойынша оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманы қарап, ______________________ (Әлеуетті Жекеше әріптес көрсетіледі) осы Конкурстық өтінімге сәйкес МЖӘ Үлгілік шарты бойынша Жекеше әріптестің міндеттемелерін орындауды ұсынады.

      Осы Конкурстық өтінім Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен бастап кемінде 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн қолданылады.

      Конкурстық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда, біз МЖӘ Үлгілік шартын ескертпелерсіз және шектеу талаптарынсыз конкурстық құжаттаманың Үлгілік шарттарына сәйкес ресімдеуге және қол қоюға міндеттенеміз.

      Біздің өз Конкурстық өтінімімізді қайтарып алмайтынымыздың не конкурстық құжаттамада көрсетілген Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзгертпейтініміздің және (немесе) толықтырмайтынымыздың және бізді конкурс жеңімпазы деп айқындаған жағдайда МЖӘ Үлгілік шартын жасайтынымыздың кепілі ретінде_____________________ (мөлшері көрсетіледі) мөлшерінде Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгіземіз.

      Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету ретінде біз _________________ (Заңның 39-бабының 4-тармағына сәйкес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің түрі көрсетіледі) таңдап алдық.

      Осы Конкурстық өтінімде ұсынылған ақпараттың анық болып табылатынын растаймыз.

      Осы Конкурстық өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: _________________ (Конкурстық өтінімге қоса берілетін құжаттар көрсетіледі).

      ______________________

      (Әлеуетті Жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) және лауазымы, мөрі (болған жағдайда)

      ______________________

      (Конкурстық өтінімнің берілген орны және күні).

  Білім беру саласындағы
(балабақша)
МЖӘ Үлгілік конкурстық
құжаттамасына
5-қосымша
  Нысан

Үздік Конкурстық өтінімді іріктеу өлшемшарттары және бағалау параметрлері

Р/с №

Өлшемшарт атауы

Өлшемшарттың шекті (негізгі) мәні

Бағалау тәсілі

Көрсеткіштің Үлгілік шартты белгісі

1

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер төлемдерінің көлемі

_______ теңге

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер (инвестициялық шығындар өтемақысы) төлемдері көлемінің азаюының әрбір ___ (санын көрсету) % ___ (санын көрсету) үшін ұпай қосылады*.
МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер (инвестициялық шығындар өтемақысы) төлемдері көлемінің ұлғаюының әрбір ___ % (санын көрсету) ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі*.

К1

2

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу мерзімі

__ (санын көрсету) жыл

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді (инвестициялық шығындар өтемақысын) төлеу мерзімінің ұлғаюының әрбір ___ (санын көрсету) жылына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады*
МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді (инвестициялық шығындар өтемақысын) төлеу мерзімінің азаюының әрбір ___ (санын көрсету) жылына ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі*

К2

3

Іске асырылған жобалар тәжірибесі (объектілерді салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану (өздігінен не қатысушы ретіндегі өзге тұлғалармен бірге) МЖӘ Үлгілік шартындағы объектіге ұқсас тәжірибенің бар болуы)

іске асырылған жобалардың саны

Іске асырылған әрбір жобаға ___ (санын көрсету) ұпай қосылады.

К3

4

Жекеше әріптестің өзіне қабылдайтын тәуекелдері

Үлгілік шартқа сәйкес тәуекелдерді бөлу

Жекеше әріптес қосымша қабылдаған әрбір тәуекел үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады
Мемлекеттік әріптеске қосымша берілген әрбір тәуекел үшін ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі

К4

5

МЖӘ жобасын іске асыру үшін тартуға жататын Жекеше әріптестің қаражат көлемі

МЖӘ объектісін салу құны

Меншікті қаражат көлемінің әрбір ___ (санын көрсету) % ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К5

6

МЖӘ объектісін салу мерзімдері

___ (санын көрсету) ай

Осы өлшемшарт бойынша мерзімді қысқартудың әрбір айына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К6

7

Кадрлардағы жергілікті қамту үлесі

персоналдың штаттық санынан ___ (санын көрсету) %

Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % азайғаны үшін ___ (санын көрсету) шегеріледі

К7

8

Тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі

сатып алынатын тауарлардан, жұмыстардан және қызметтерден ___ (санын көрсету) %

К8

Білікті мамандардың бар болуы

9

жоғары білімді және 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар

___ (санын көрсету) %

Үлестің әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К9

арнаулы-орта білімді және 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар

МЖӘ жобасының сұралатын ішкі кірістілік нормасы

___ (санын көрсету) %

Көрсеткіштің әрбір ___ (санын көрсету) % азайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады
Көрсеткіштің әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі

К10

11

МЖӘ жобасын дайындауға Әлеуетті Жекеше әріптестің қатысу дәрежесі

Әзірленген құжат

Құжатты әзірлеуге қатысқаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Әзірленген құжат үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К11

12

Көрсетілетін қызметтердің шекті бағалары, Үлгілік шартта көзделген қызметті жүзеге асыру кезінде осындай бағаларға (тарифтерге) үстемелер

Ата-аналық төлем = __________ (санын көрсету) теңге

Әрбір ____ (санын көрсету) теңгеге төмендегені үшін ___ ұпай қосылады.
Әрбір ____ (санын көрсету) теңгеге ұлғайғаны үшін ___ ұпай шегеріледі.

К12

      *қажет болған жағдайда көрсетіледі

      "Баға" Конкурстық өтінімнің өлшемшарттарын жалпы бағалауы әрбір Өлшемшарт бойынша алынған ұпайларды қосу жолымен анықталады:

                  Баға = К12345678+ К9101112

      К1 – осы өлшемшарт бойынша негізгі мән Білім беру саласындағы (балабақша) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес МЖӘ объектісінің құны болып табылады. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К2 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың негізгі мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К3 – бұл жағдайда білім беру объектілерін салу бойынша іске асырылған жобалардың тәжірибесі ескеріледі. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру саласында іске асырылған жобалар тәжірибесі болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінім құрамында ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады;

      К4 – Әлеуетті Жекеше әріптес қосымша қабылдаған және/немесе берген тәуекелдер болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады;

      К5 – осы өлшемшарт бойынша базалық көрсеткіш Білім беру саласындағы (балабақша) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес МЖӘ объектісі құрылысының құны болып табылады;

      К6 – МЖӘ объектісін салу мерзімі ___ (санын көрсету) айдан көп қысқарған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінім құрамында ұсынған Конкурстық өтінімнің бағасы осы өлшемшарт бойынша "нөлге" тең болады;

      К7 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К8 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К9 – егер Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында құрылған жаңа заңды тұлға болып табылса, Конкурстық өтінімді бағалау үшін Конкурстық өтінімге МЖӘ объектісін салуды жүзеге асыратын ұйыммен ниет шартын, сондай-ақ ниет шартын жасасқан заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған, жұмыс өтілін, білімін көрсете отырып, жұмыскерлер тізімін қоса беру керек.

      К10 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К11 – әзірленген құжаттар болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады;

      К12 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 127 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 724 бұйрығына
4-қосымша

Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы

      МЖӘ жобасының атауы:

      "__________ (елді-мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ машина-

      орынға арналған жерасты тұрағы бар ____ пәтерге арналған көпқабатты тұрғын үй кешенін

      салу және пайдалану"

      МЖӘ объектісінiң орналасқан жері:

      __________________________________________________________________________

      (МЖӘ объектісінiң орналасқан жері көрсетіледі)

      Мемлекеттік әріптес:

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік әріптестің толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-сәйкестендіру

      нөмірін, банктік деректемелерін көрсету)

      Конкурсты ұйымдастырушы:

      __________________________________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірін, банктік деректемелерін көрсету)

      Конкурстық құжаттама пакетінің құны:

      __________________________________________________________________________

      (Конкурстық құжаттаманың теңгемен есептегендегі құнын көрсету не егер Конкурстық

      құжаттаманы бергені үшін ақы өндіріп алу көзделмесе, онда бұл тармақты мынадай

      редакцияда жазу қажет: "Конкурстық құжаттама тегін беріледі").

1. Анықтамалар

      1. Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімдік (ЖАО) – жергілікті атқарушы орган

      2) әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі (бұдан әрі – Конкурстық өтінім) – Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурсқа қатысу үшін МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген нысан бойынша ұсынған құжаттар мен мәліметтердің жиынтығы;

      3) дайындық кезеңі – Үлгілік шарттың күшіне ену сәтінен бастап құрылыс жұмыстарын жүргізудің басталуына дейінгі, қаржылық жабу, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту, МЖӘ объектісін салуға дайындықпен байланысты өзге мәселелерді шешу кезеңін қамтитын кезең;

      4) жекеше әріптес – Қазақстан Республикасының "МЖӘ туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына сәйкес, мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, Үлгілік шарт жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

      5) жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістер алу көздері – Жекеше әріптеске Қазақстан Республикасының "МЖӘ туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 9-бабында көзделген қаражатты Үлгілік шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде төлеу;

      6) жер учаскесі – Үлгілік шарт талаптарына сәйкес МЖӘ объектісін салу және пайдалану үшін қажетті жер учаскесі;

      7) заңнама – белгіленген тәртіппен қабылданған және Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы;

      8) комиссия – Заңнамада белгіленген тәртіппен құрылған, коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектісіне қатысты комиссия;

      9) конверт – Конкурстық өтінімнің тұтас және сақталған күйде берілуін қамтамасыз ететін қорап немесе ораудың өзге тәсілі;

      10) конкурс – "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ машина-орынға арналған жерасты тұрағы бар ____ пәтерге арналған көпқабатты тұрғын үй кешенін салу және пайдалану" МЖӘ жобасы бойынша жеңілдетілген конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі ашық конкурс;

      11) конкурсты ұйымдастырушы – "__________" мемлекеттік мекемесі;

      12) қағидалар - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген ( Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12717 болып тіркелген) МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);

      13) мемлекеттік әріптес – "__________" мемлекеттік мекемесі атынан Қазақстан Республикасы;

      14) МЖӘ жобасы – __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ машина-орынға арналған жерасты тұрағы бар ____ пәтерге арналған көпқабатты тұрғын үй кешенін салу және пайдалану бойынша МЖӘ жобасы;

      15) МЖӘ объектісі – салынуы мен пайдаланылуы МЖӘ жобасын іске асыру аясында жүзеге асырылатын, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ машина-орынға арналған жерасты тұрағы бар ____ пәтерге арналған көпқабатты тұрғын үй кешені;

      16) МЖӘ объектісінің қызметін тұтынушылар (бұдан әрі – тұтынушылар) – тұрғын үй жағдайларымен қамтамасыз етуге мұқтаж қала халқы;

      17) МЖӘ объектісін пайдалану – Жекеше әріптестің МЖӘ объектісін Үлгілік шартта айқындалған тәртіппен және шарттарда МЖӘ объектісінің мақсатына сәйкес, оның ішінде Қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы;

      18) МЖӘ объектісін салу – МЖӘ объектісін салу, оның ішінде жаңа технологиялар, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру негізінде салу, МЖӘ объектісінде өндірістік жабдық орнату, МЖӘ объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыстардың өзге түрлерін өндіру;

      19) МЖӘ объектісін салу мерзімі – Үлгілік шартта және жобалау-сметалық құжаттамада МЖӘ объектісін салуға көзделген, құрылыс жұмыстарының басталу күнінен аяқталу күніне дейін есептелетін мерзім;

      20) тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы – Конкурс өткізудің Үлгілік шарттары мен тәртібін айқындау үшін әзірленген және Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестерге Конкурстық өтінімдерді дайындау және Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі Конкурсқа қатысу үшін ұсынатын Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      21) тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ Үлгілік шарты (бұдан әрі – Үлгілік шарт) – Конкурсты ұйымдастырушы Комиссия шешімінің негізінде Конкурс жеңімпазымен жасасатын шарт;

      21) үздік Конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттары (бұдан әрі - өлшемшарттар) – Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген, оның негізінде Конкурсқа қатысушының Конкурстық өтінімі үздік деп танылатын өлшемшарттар;

      22) шарт жобасы – тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, МЖӘті іске асыру Үлгілік шарттарын айқындайтын Мемлекеттік әріптес және Жекеше әріптес арасындағы жазбаша келісім жобасы.

2. Жалпы ережелер

      2. Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы Әлеуетті Жекеше әріптестерге олардың Конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат ұсыну мақсатында әзірленген.

      3. Конкурс Заңға, Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өткізіледі.

      4. МЖӘ жобасының сипаттамасы Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жоба сипаттамасы Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшада көрсетілген.

      5. Техникалық параметрлер бойынша егжей-тегжейлі сипаттамалар Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына қоса берілген жобалау-сметалық құжаттамада/Үлгілік жобада/Үлгілік жобалық шешімдерде/қайталап қолдану жобасында (керегін көрсету) көзделген.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 154-3-бабының 7-тармағына сәйкес, Жекеше әріптес Үлгілік шартта белгіленген мерзімде қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы/Үлгілік жобаны/Үлгілік жобалық шешімдерді/қайталап қолдану жобасын (керегін көрсету) МЖӘ жобасының нақты алаңына байланыстыруды МЖӘ жобасының тұжырымдамасында қамтылған маркетингтiк және қаржылық-экономикалық параметрлерді ескере отырып жүзеге асырады.

      6. МЖӘ объектісін салуға және пайдалануға қойылатын талаптар Шарт жобасында келтірілген.

3. Конкурстық комиссия

      7. Конкурстық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Әкімдіктің "Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық комиссияны құру туралы" 20__ жылғы "__" __________ №___ қаулысымен құрылған Комиссия жүзеге асырады.

      8. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестер ұсынған Конкурстық өтінімдерді құжаттардың толықтығы мен тиісті ресімделуі, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау мен іріктеу;

      2) Конкурстық өтінімдерді қарау және үздік Конкурстық өтінімді анықтау;

      3) МЖӘ жобасын және Шарт жобасының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізу;

      4) Конкурс қорытындысы бойынша Конкурстық өтінімді бекіту және өтінім берушіні Конкурс жеңімпазы деп тану болып табылады.

      9. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:

      1) Комиссияның отырыстарына шақыруға және Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

      2) МЖӘ жобасының проблемалық мәселелерін талдау мен зерделеу үшін қажеттілігіне қарай мамандарды, сарапшыларды және ғалымдарды тартуға;

      3) Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқылы.

      10. Комиссияны төраға – тиісті жергілікті атқарушы орган әкімі/әкімінің орынбасары басқарады. Комиссия төрағасы Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Комиссияның қызметіне жеке жауапкершілікке ие болады.

      11. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оның тапсырмасы бойынша Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі орындайды.

      12. Комиссия құрамына тиісті жергілікті атқарушы орган әкімінің орынбасарлары, білім беру, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының бірінші басшылары, сондай-ақ "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

      13. Комиссияның жұмыс органы Конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.

      14. Комиссияның жұмыс органы қызметті ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      15. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайтын және отырыс хаттамасын ресімдейтін Конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады.

      16. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі болған жағдайда заңды деп есептеледі.

      17. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері дауыстарының басым көпшілігі берілген жағдайда қабылданған болып есептеледі және міндетті түрде Комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері және Комиссияның хатшысы қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      18. Комиссия мүшелерінің айрықша пікірге құқығы бар, ол берілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның хаттамасына қоса берілуі тиіс.

      19. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жұмыс органы мүдделі тұлғаларды қарау нәтижелері туралы хабардар етеді.

      20. Комиссия өз қызметін Әкімдік қаулысының негізінде тоқтатады.

4. Конкурс өткізудің негізгі іс-шаралары

      21. Конкурс заңнамаға және Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 2-қосымшаға қарастырылған негізгі шараларды көздейді.

5. Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының мазмұны

      22. Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) Әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар, Үлгілік КҚ 3-қосымшаға сәйкес, жекеше әріптестер олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізіміне сәйкес ұсынылады.

      2) МЖӘ объектісінің орналасқан жері (Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымша);

      3) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың болжанатын түрлері мен көлемдері, сондай-ақ шығындарды өтеу мен кірістерді алу көздері;

      4) МЖӘ Үлгілік шартының жобасы;

      5) үздік Конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарының сипаттамасы;

      6) МЖӘ жобасының параметрлері көрсетілуге тиіс валютаны көрсету және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын валюта бағамы;

      7) Конкурстық өтінім берілетін тілге қойылатын талаптар;

      8) Әлеуетті Жекеше әріптестің өз Конкурстық өтінімін Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына нұсқау;

      9) Конкурстық өтінімнің мазмұны, Конкурстық өтінімдерді ұсыну тәсілі, орны, мерзімі және олардың қолданылуы, сондай-ақ Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары;

      10) Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының мазмұны бойынша түсіндірулерді алу тәсілдері;

      11) Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімдері, орны, күні мен уақыты.

      23. Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген.

      24. Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының қолданылу мерзімі оны бекіткен күннен бастап ___ (жазумен көрсету, бірақ үш жылдан көп емес) жыл.

      25. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестерге Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) не басқа да электрондық тәсілмен ұсынады. Қағаз жеткізгіште ұсынылған кезде Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы түпнұсқадан (Конкурсты ұйымдастырушы әрбір бетіне қол қойған, бекітілген және келісілген конкурстық құжаттамадан) көшірме түрінде беріледі. Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесі Әлеуетті Жекеше әріптестің өкілдеріне тегін/____________ (жазумен көрсету) теңгеге (керегін көрсету) және Конкурсты ұйымдастырушының тиісті журналға міндетті түрде тіркеуі арқылы беріледі.

      26. Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында және оның қосымшаларында көзделген МЖӘ объектісінің техникалық параметрлері Конкурстық өтінімдерді дайындау және ұсыну кезінде Әлеуетті Жекеше әріптестер үшін міндетті болып табылады.

      27. Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көзделген шарттармен және Конкурсты өткізумен байланысты даулар Заңнаманың талаптарына және Шартта келісілген дауларды шешу рәсімдеріне сәйкес келіссөздер жолымен шешіледі.

      28. Егер Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көзделген шарттармен, Конкурсты өткізумен байланысты даулар Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 27-тармағына сәйкес шешілмейтін болса, онда Тараптар дауды заңнаманың талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Төрелiк туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Заңына сәйкес халықаралық төрелікке жүгіну жолымен шешуге құқылы.

6. Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру және талқылау

      29. Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын алған тұлғалар, қажет болған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушыға Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жүгінеді. Конкурс қайта өткізілген жағдайда Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын алған тұлғаларды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғалар, қажет болған жағдайда, Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей жүгінеді.

      30. Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы не жазбаша түрде, қағаз жеткізгіште, бір данада, мемлекеттік немесе орыс тілінде не мемлекеттік немесе орыс тіліне нақты (нотариалды куәландырылған) аудармасын қоса берумен өзге тілде ұсынылады. Әлеуетті Жекеше әріптестің сұрау салуы Конкурсты ұйымдастырушыға жөнелтілуі және мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, _______________ облысы, ____________ қаласы, _______ көшесі, №__, "__________" мемлекеттік мекемесі , №____ кабинетке бағытталуы тиіс. Сұрау салу заңнаманың талаптарына сәйкес жасалуы және сұрау салу түсіп отырған Әлеуетті Жекеше әріптестің атауынан және жауап жіберілуі тиіс мекенжайдан тұруы тиіс.

      31. Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салуды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап жібереді және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпестен:

      1) мұндай түсіндіруді Конкурсты ұйымдастырушы Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге хабарлайды;

      2) Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіруді арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы жібереді не түсіндірудің мәтінін "______________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      32. Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру үшін Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестермен 20__ жылғы "__" __________ __:00 сағатта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, _______________ облысы, ____________ қаласы, _______ көшесі, №__ кабинетте кездесу өткізеді.

      33. Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесу қорытындысы бойынша Конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған дереккөздерді көрсетпестен, Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын түсіндіру туралы сұрау салулардан, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптардан тұратын хаттама жасайды.

      34. Әлеуетті Жекеше әріптестермен кездесудің хаттамасына Конкурсты ұйымдастырушының атынан өкілдік ететін тұлғалар, сондай-ақ Әлеуетті Жекеше әріптестер немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды.

      35. Аталған хаттаманың көшірмесін Конкурсты ұйымдастырушы оны ресімдеген және қол қойған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және Конкурсты ұйымдастырушы Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге жібереді.

      Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы хаттама арнайы құрылған интернет-ресурста (веб-портал) орналастырылады не "______________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      36. Егер Әлеуетті Жекеше әріптестермен Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру бойынша кездесу Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 32-тармағында белгіленген уақыт пен күні Әлеуетті Жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен болмай қалса, Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы факт туралы Комиссияға жазбаша хабарлайды.

      37. Әлеуетті Жекеше әріптестерден МЖӘ жобасының қаржылық, заңды және өзге де қажетті параметрлері, мемлекеттік қолдау шаралары, Жекеше әріптесті және өзге де шешімдерді іріктеу өлшемшарттары бойынша оңтайлы шешімдерді қалыптастыру мақсатында ұсыныстар түскен жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы мүдделі Әлеуетті Жекеше әріптестердің әрқайсысының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, қажет болған жағдайда бәсекелі диалог ұйымдастырады. Заңнамаға сәйкес, бәсекелі диалогқа қатысушылардың барлығы оны жүргізу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

7. Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу

      38. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей, ал конкурсты қайтадан өткізген кезде – күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей өз бастамасымен немесе Әлеуетті Жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізе алады.

      39. Конкурсты ұйымдастырушы Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мәтінін жолдайды. Бұл ретте Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімін Әлеуетті Жекеше әріптестердің Конкурстық өтінімдердегі өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескеруі үшін, кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзіміне, ал Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс қайта өткізілген кезде, кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзіміне ұзартады.

      40. Енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар міндетті күшке ие болады.

      41. Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қолдаудың түрлері және көлемдері, сондай-ақ Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері

      42. Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру кезеңінде Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын алуға, шығындарды өтеуге және кірістер алуға (керегін көрсету) құқығы бар.

      43. Мемлекеттік қолдау шараларын төлеудің, шығындарды өтеудің және кірістер алудың (керегін көрсету) мөлшері, тәртібі және мерзімдері заңнамаға сәйкес Үлгілік шартта белгіленеді.

9. Біліктілік іріктеу

      44. Заңның 32-бабына сәйкес, Конкурсқа қатысу үшін Әлеуетті Жекеше әріптес мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:

      1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;

      2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

      3) Үлгілік шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

      4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпау, оның мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, заңнамаға сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;

      5) соңғы үш жыл ішінде жасалған МЖӘ Үлгілік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз Әлеуетті Жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.

      45. Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын меншікті қаражатымен немесе қарыз қаражатын тарту арқылы қаржыландыруға құқылы.

      46. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік талаптарына қатысты емес ақпаратты ұсынбауға құқылы.

      47. Әлеуетті Жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну 20 __ жылғы "___"__________ ___:00 сағатқа дейін жүзеге асырылады.

      48. Қағидаларға сәйкес, Әлеуетті Жекеше әріптес оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Конкурсты ұйымдастырушыға Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 3-қосымшада келтірілген құжаттарды ұсынады.

      49. Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік талаптарына сәйкестікке анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, сот оны жосықсыз Әлеуетті Жекеше әріптес деп таныған кезден бастап кейінгі үш жыл бойы Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      50. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттың анықтығын Комиссия, Конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар Конкурсты өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.

      51. Әлеуетті Жекеше әріптестің біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсыну фактісін анықтаған тұлғалар осындай факт анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Конкурсты ұйымдастырушыны және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды анық емес ақпарат ұсыну фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін хабарламаға қоса бере отырып, бұл туралы жазбаша хабардар етеді және Қағидаларға сәйкес шаралар қабылдайды.

      52. Конкурсты ұйымдастырушы біліктілік іріктеуді Әлеуетті Жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу арқылы құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      53. Әлеуетті Жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарда талаптарға сәйкес келмеулер анықталған жағдайда Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске анықталған сәйкессіздіктерді жою туралы 10 (он) күнтізбелік күн ішінде хабарлайды.

      Хабарламаны жолдаған күннен бастап және тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін біліктілік іріктеуді өткізу мерзімдері тоқтатылады.

      Тиісті құжаттарды хабарламада белгіленген мерзімнен кеш ұсынған Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік іріктеуден өтпеген деп танылады.

      54. Конкурсты ұйымдастырушы бағалау нәтижелерін біліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Әлеуетті Жекеше әріптестерге жолдайды.

      55. Біліктілік іріктеуден өткен Әлеуетті Жекеше әріптес Заңның 34-бабына сәйкес Конкурсқа қатысушы деп танылады.

10. Конкурсқа қатысуға байланысты шектеулер

      56. Заңның 33-бабына сәйкес, Әлеуетті Жекеше әріптес егер:

      1) осы Әлеуетті Жекеше әріптес басшыларының және (немесе) осы Әлеуетті Жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) немесе жекжаттарының Жекеше әріптесті айқындау туралы шешім қабылдау құқығы болса не Конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      2) Әлеуетті Жекеше әріптестің баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;

      3) Әлеуетті Жекеше әріптестің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің қаржылық-шаруашылық қызметі Заңнамаға не Әлеуетті Жекеше әріптес-Қазақстан Республикасының бейрезиденті мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, Конкурсқа қатысуға құқылы емес.

      57. Әлеуетті Жекеше әріптес пен Әлеуетті Жекеше әріптестің үлестес тұлғасының Жекеше әріптестің айқындауы бойынша бір Конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.

11. Конкурстық өтінім

      58. Конкурсқа қатысу үшін Әлеуетті Жекеше әріптестер Конкурсты ұйымдастырушыға Заңнаманың және Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының талаптарына сәйкес дайындалған және ұсынылған Конкурстық өтінімдерді ұсынады.

      59. Конкурстық өтінім Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша ресімделеді және оның ішінде мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) қаржылық-экономикалық шешімдер (ұсыныстар):

      қаржылық-экономикалық модель;

      МЖӘ жобасының тәуекелдерін бөлу және бағалау;

      МЖӘ жобасына салынатын меншікті және қарыз қаражаттарының көлемі.

      2) технологиялық және басқа шешімдер (ұсыныстар):

      МЖӘ объектісін пайдалану процесінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша шешімдерді қамтитын жаңа технологияларды тарту;

      қаржылық жабу кезеңінің аяқталу күнінен бастап есептелетін МЖӘ объектісін салу мерзімі;

      жергілікті қамту бойынша міндеттемелер (МЖӘ объектісін салу және пайдалану кезеңінде);

      тұрғын үй құрылысы саласында іске асырылған жобалар тәжірибесі;

      білікті мамандардың болуы.

12. Конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету

      60. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:

      1) Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және/немесе толықтырмайтынына;

      2) оны Конкурстың жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, Шарт жасасатындығына кепіл ретінде енгізеді.

      61. Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету Үлгілік шарт бойынша болжанған инвестициялардың құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      62. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) "__________" мемлекеттік мекемесі

      __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ көшесі, ___

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________

      Жеке сәйкестендіру коды _______________

      "ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің __________ бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесі

      Банктік сәйкестендіру коды __________ шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;

      2) банк кепілдігін таңдайды.

      63. Әлеуетті Жекеше әріптестің оның Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      64. Мына:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін Конкурстық өтінімді кері қайтарып алған не өзгерткен және/немесе толықтырған;

      2) Конкурс жеңімпазы болып айқындалған Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ Үлгілік шартын жасасудан жалтарған жағдайларды қоспағанда, Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптес енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

      Осы тармақта көзделген жағдайлардың бірі орын алған кезде Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

      65. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске ол енгізген Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі орын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) осы Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып алуы;

      2) Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай Конкурсқа қатысушылар деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптестерге қолданылмайды;

      3) Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай Конкурс жеңімпазы болып айқындалған Конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      4) Үлгілік шарттың күшіне енуі;

      5) Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімінің өтуі.

13. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттарды ресімдеу және енгізу тәртібі

      66. Конкурстық өтінімді Әлеуетті Жекеше әріптестер Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 78-тармағында көрсетілген, оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін тігілген, беттері нөмірленген және әрбір бетіне қол қойылған, соңғы бетіне қолы мен мөрі қойылған түрінде жабылған Конвертте ұсынады.

      67. Конверт:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешіккен" болып жарияланатын болса, Конкурстық өтінімді ашпай, кері қайтару мақсатында);

      2) Конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен мекенжайы:

      "__________" мемлекеттік мекемесі , Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), _________ көшесі, __, №___ кабинет, тел. 8 (____) __-__-__;

      3) конкурстың атауы:

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ МАШИНА-ОРЫНҒА АРНАЛҒАН ЖЕРАСТЫ ТҰРАҒЫ БАР ____ ПӘТЕРГЕ АРНАЛҒАН КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІН САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ" МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ АЙҚЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС";

      4) сондай-ақ: "20__ ЖЫЛҒЫ "__" ______ __-00 САҒАТҚА ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" мәтіні көрсетіле отырып, Конкурсты ұйымдастырушыға жолдануы тиіс.

      68. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді Әлеуетті Жекеше әріптестер не олардың уәкілетті өкілдері Конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошта байланысын пайдалану арқылы ұсынады.

      69. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдері бар конверттерді Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген мерзім ішінде қабылдайды және оларды ұсыну сәтінен бастап Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады.

      70. Конвертке Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың тізімдемесі де салынады. Тізімдеме Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көрсетілген талаптарға сәйкес тілде ұсынылуы, оған Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысы не бірінші басшының міндетін атқарушы не уәкілетті өкілі қол қоюы және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен расталуы тиіс.

      71. Қаржылық-экономикалық модельді қоспағанда, Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттар және Конкурсқа ұсынылатын өзге де құжаттар жазбаша (баспа) және электронды түрде, оның ішінде сканерленген түрде ұсынылуы тиіс.

      72. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес атынан өтінімі бар Конвертті ұсынған Әлеуетті Жекеше әріптестің өкілінің өкілеттігін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;

      2) тиісінше ресімделген Конкурстық өтінімдері бар Конверттерді қабылдайды және Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;

      3) Конкурстық өтінімдерді ұсынудың мерзімі өткенге дейін Конкурстық өтінімге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;

      4) Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін ол қайтарылған жағдайда, Конкурстық өтінімнің қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      73. Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі мынадай:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес осы Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімді бұрын берген;

      2) Конкурстық өтінім осы Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбайды.

      74. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынатын, шетелдік құқық нормалары бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдары белгілеген нысан бойынша берілген, жасалған немесе куәландырылған барлық құжаттарды Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі заңдастыруы не 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес апостиль қою арқылы куәландырылуы тиіс. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен осы рәсім көрсетілген құжаттарға қатысты алынып тасталған немесе жеңілдетілген болса, ұсынылатын құжаттарды заңдастыру немесе оларға апостиль қою талап етілмейді.

14. Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттарды және Конкурсқа ұсынылатын өзге де құжаттарды жасау тіліне қойылатын талаптар

      75. Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі және Конкурсқа ұсынылатын барлық өзге құжаттар тілдер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс.

      76. Құжаттар оларға мемлекеттік және орыс тілдерінде апостиль қойылған дұрыс аудармасы қоса берілген жағдайда (олай болмаған жағдайда құжат ұсынылмаған болып танылады) басқа тілде жасалуы және ұсынылуы мүмкін.

      Құжат бойынша мәліметтерді интерпретациялау жөнінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда __________ (керегін көрсету) тіліндегі құжаттар басымдыққа ие болады.

15. Конкурстық өтінімдегі есептеулер үшін пайдаланылатын валютаға қойылатын талаптар

      77. МЖӘ объектісін салу құны, қаржылық-экономикалық модель, Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері, мемлекеттік қолдау түрлерінің көлемдері және Конкурстық өтінімдегі басқа да көрсеткіштер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептелуі тиіс.

16. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі

      78. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі – Астана қ. (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша 20__ж. "__" _______ сағат __:00 дейін.

      79. Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған Конкурстық өтінімі бар конверт Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және Конкурсқа қатысу өтінімдері бар конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша Әлеуетті Жекеше әріптеске не Әлеуетті Жекеше әріптестердің тиісті уәкілетті өкілдеріне алу туралы қолхатпен жеке қайтарылады.

17. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі

      80. Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қоса алғанда, Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап кемінде ___ (жазбаша түрде көрсету) күнтізбелік күн мерзімді құрайды.

      81. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінен асып кетпеуі тиіс. Осындай асып кету болған жағдайда Конкурстық өтінім кері қайтарылады.

      82. Егер Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Мемлекеттік әріптес пен Конкурстық өтінімі үздік деп анықталған Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын және МЖӘ Үлгілік шартының талаптарын нақтылау жөніндегі келіссөздерді аяқтамаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Комиссия шешімінің негізінде Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қоса алғанда, өзінің Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімін ұзартады.

      83. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту үшін, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурсты ұйымдастырушының атына, мыналарды:

      1) ол берген Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін ұзартуға айқын көрінетін келісімді;

      2) Конкурстық өтінімнің қолданылуы ұзартылатын мерзімді;

      3) осы құжатқа қол қою күнін;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің немесе оның уәкілетті өкілінің қолын және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.

      Бұл хабарлама Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көрсетілген, Конкурсқа қатысу үшін қойылатын құжаттарды ресімдеу және жасау талаптарына сәйкес жасалуы тиіс.

18. Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін Конкурстық өтінімді өзгерту, кері қайтарып алу

      84. Әлеуетті Жекеше әріптес осы Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 78-тармағында көрсетілген, Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:

      1) енгізілген Конкурстық өтінімді өзгерте және/немесе толықтыра;

      2) өзі енгізген Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып ала алады.

      Конкурстық өтінімге өзгертулер оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін енгізілмейді.

      85. Әлеуетті Жекеше әріптестер өзгертілген Конкурстық өтінімді бұрын ұсынылған Конкурстық өтінім сияқты дайындайды, мөр басады және Конвертте:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайын;

      2) Конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайын:

      "_______________________________________________" мемлекеттік мекемесі , Қазақстан Республикасы, _______________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), _________ көшесі, __, №___ кабинет, тел. 8 (____) __-__-__;

      3) құжаттың атауын: "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ ____ МАШИНА-ОРЫНҒА АРНАЛҒАН ЖЕРАСТЫ ТҰРАҒЫ БАР ____ ПӘТЕРГЕ АРНАЛҒАН КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІН САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ" МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ АЙҚЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС";

      4) сондай-ақ: "20__ ЖЫЛҒЫ "__" ______ __-00 САҒАТҚА ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" сөздерін көрсете отырып ұсынады.

      86. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушының атына Әлеуетті Жекеше әріптес қол қойған және мөр қойылған еркін түрде ресімделетін Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама жолданады.

      Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін қайтарған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске ол енгізген қамтамасыз етуді Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама алған күннен бастап __ (жазбаша түрде көрсету) жұмыс күнінің ішінде қайтарады.

19. Конкурстық өтінімдерді ашу, қарау және іріктеу

      87. Комиссия Конкурстық өтінімдері бар конверттерді Астана қ. (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша 20_____ж. "___" _____ ___:00 сағатта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, __________________ қ., ____________ көшесі, "_________________________" мемлекеттік мекемесі ғимаратында, ____ қабат, № ______ кабинетте ашады.

      88. Конкурсты ұйымдастырушыға, Комиссия көпшілігі болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен Конкурстық өтінімдерді ашу орны, өткізілетін уақыты мен күні туралы Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.

      89. Енгізілген өзгерістер міндетті күшке ие болады және олар туралы Конкурсты ұйымдастырушы Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға дереу хабарлайды.

      90. Конкурсты ұйымдастырушы барлық мүдделі тұлғаларға жоғарыда көрсетілген өзгерістер туралы арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы хабарлайды не "____________________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында ақпарат орналастырады.

      91. Конкурстық өтінімдері бар конверттер Комиссияның қарапайым көпшілігінің, Конкурсты ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, сондай-ақ Әлеуетті Жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашылады.

      92. Комиссия хатшысы не төраға Комиссия мүшелерінің арасынан анықтаған тұлға Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашады және барлық қатысушылардың алдында өтінімдегі құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді.

      93. Комиссия барлық Конкурстық өтінімдерді қарайды. Егер бір ғана Конкурстық өтінім ұсынылған жағдайда, берілген өтінімді Комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.

      94. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына төраға және отырысқа қатысқан барлық Комиссия мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы әрбір бетіне қол қояды.

      95. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі комиссияның отырысына қатысқан Әлеуетті Жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Комиссияның аталған отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      96. Комиссия отырысын өткізбей тұрып, Конкурстық өтінімдерді қарауға жол берілмейді.

      97. Бұл ретте осындай Конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және осы Конкурсқа енгізілген, қалған Конкурстық өтінімдердің арасынан үздік Конкурстық өтінім қайтадан таңдалады.

20. Конкурстық өтінімдерді іріктеу өлшемшарттары

      98. Конкурстық өтінімдерді қарау және іріктеуді Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 5-қосымшада келтірілген өлшемшарттарды және олардың параметрлерін ескере отырып, Комиссия жүзеге асырады.

      99. Өлшемшарттар олардың әрқайсысы бойынша тиісті ұпайлар (үлестік немесе пайыздық мән) беру арқылы бағаланады.

21. Әлеуетті Жекеше әріптеспен келіссөздер, Шарт жасасу

      100. Комиссия Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптеспен МЖӘ жобасын және Үлгілік шарттың талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізеді.

      101. Келіссөздер жүргізу кезеңінде МЖӘ жобасы және Үлгілік шарт бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Комиссия жазбаша нысанда Әлеуетті Жекеше әріптеске жібереді.

      Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша Комиссия шешім қабылдайды.

      102. Келіссөздер барысында Конкурс шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      103. Егер Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптес Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес Конкурстық өтінімді және Үлгілік шарттың талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсыныстары Конкурс шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, онда Комиссия бұл Конкурстық өтінімді қарамайды және үздік Конкурстық өтінімді жаңадан таңдайды.

      Бұл ретте осындай Конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және бұл Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстың жеңімпазы болып танылмайды.

      104. Конкурстың жеңімпазы болып Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Конкурсқа қатысушы танылады.

      105. Конкурсты ұйымдастырушы Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде, үздік Конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттама көшірмелерін қоса бере отырып:

      1) Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде келісетін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға;

      2) Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде келісетін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға келісуге жолдайды.

      106. Шарт жобасын келісулерді ескере отырып, Конкурстың қорытындысы бойынша Комиссияның шешімімен Конкурстық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші Конкурстың жеңімпазы болып танылады.

      107. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      108. Үлгілік Үлгілік шарт жасасу мерзімі Конкурс қорытындыланған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайды.

  Тұрғын үй құрылысы
саласындағы (тұрғын үй кешені)
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
1-қосымша
  Нысан

МЖӘ объектісінің сипаттамасы

МЖӘ жобасының атауы

"__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ машина-орынға арналған жерасты тұрағы бар ____ пәтерге арналған көпқабатты тұрғын үй кешенін салу және пайдалану"

МЖӘ жобасының қысқаша сипаттамасы

МЖӘ жобасының мәні көрсетіледі

Мемлекеттік әріптес

"__________" мемлекеттік мекемесі ,
Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ көшесі, №___ үй, №___ кабинет
Банктік сәйкестендіру коды: __________
Банктік деректемелер: __________

МЖӘ объектісі

____ машина-орынға арналған жерасты тұрағы бар ____ пәтерге арналған көпқабатты тұрғын үй кешені

МЖӘ объектісінің орналасқан жері

Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ (мекенжай немесе орналасқан жердің сипаттамасы)

МЖӘ жобасын іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

Құрылыс мерзімі – 20_ - 20_ жылдар (_ ай)
Пайдалану мерзімі –20_-20_жыл (_ жыл)
Шарт мерзімі – 20_-20_ жылдар (_ жыл)

МЖӘ жобасының құны

МЖӘ объектісін салу құны: __________ теңге,
оның ішінде:
- құрылыс-монтаждау жұмыстары – __________ теңге;
- жабдық – __________ теңге;
- өзге шығыстар – __________ теңге.

Мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемдері

Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қолдаудың түрлері және көлемдері (егер болса) көрсетіледі

Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері

Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес шығындарды өтеу және кірістер алу көздері (егер болса) көрсетіледі

Байланыс деректері

Конкурсты ұйымдастырушының тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), лауазымы, байланыс телефоны мен электрондық поштасының мекенжайы (мекенжайлары) көрсетіледі

  Тұрғын үй құрылысы
саласындағы (тұрғын үй кешені)
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
2-қосымша
  Нысан

Негізгі іс-шаралар

р/с

Іс-шаралар атауы

Іс-шараларды өткізу мерзімі
(уақыт пен күн Қазақстан Республикасы, Астана қаласының уақыты бойынша белгіленген)

1

Конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бір уақытта хабарлауымен Конкурсты өткізу туралы жариялауы (ақпарат Конкурсты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады)

20__ж. "__" _______
(Конкурсты өткізу күніне дейін кемінде 60 (алпыс) күнтізбелік күн бұрын, ал Конкурс қайта өткізілген кезде – кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын

2

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға Конкурсты ұйымдастырушының Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін ұсынуы

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап

3

Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіру, талқылау және түзету

20__ жылғы "___"______ кешіктірмей
(сұрауды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде)

4

Әлеуетті Жекеше әріптестердің олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастыратын Әлеуетті Жекеше әріптестер тізілімінен Әлеуетті Жекеше әріптестер біліктілік іріктеу жүргізілместен жіберіледі

20__ж. "__"________ __:00 сағаттан кешіктірмей
(Конкурс жарияланғаннан кейін кемінде 20 (жиырма) күнтізбелік күн)

5

Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізуі арқылы біліктілік іріктеуін жүргізуі

құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

6

Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптестерді бағалау нәтижелерін жіберуі

біліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде

7

Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімді, сондай-ақ Конкурстық өтінімнің қамтамасыз етуін енгізуі

Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттаманы алған сәттен бастап 20__жылғы "__"________ __:00 сағатқа дейін

8

Комиссияның Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашуы

20__ жылғы "__" _______ __:00 сағат

9

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның отырысына қатысқан Жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне жіберу.
Қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрауы бойынша

Комиссияның тиісті отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей

10

Комиссияның Конкурстық өтінімдерді қарауы

Біліктілік іріктеу нәтижелерін есепке ала отырып, Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде

11

Комиссияның Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптеспен келіссөздердің тиісті хаттамасын ресімдей отырып, МЖӘ жобасын және Үлгілік шарт талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізуі

20__ж. "__"________ __:00 сағат

12

Конкурсты ұйымдастырушының үздік Конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттаманың көшірмесін қоса берумен, Шарт жобасын, оның ішінде оған түзетулер және/немесе толықтырулар енгізген кезде мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға келісуге жолдауы

20__ж. "___"_____ дейін

13

Конкурстың жеңімпазын айқындау

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

14

Тиісті бюджет комиссияларының қарауына МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін шығару

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

15

Тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

16

Мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу және енгізу

тиісті бюджет комиссиясының шешімі шығарылғаннан кейін
15 (он бес) жұмыс күні ішінде

17

Комиссияның шешімінің негізінде, мәслихаттың шешімін қабылдау қорытындылары бойынша Конкурсты ұйымдастырушының Конкурстың жеңімпазымен Шарт жасасуы

Конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен көп емес

18

Конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді Конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бір уақытта хабарлай отырып, өзінің ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруы

Үлгілік Үлгілік шарт жасасқаннан кейін ___ (жазбаша түрде көрсету) күн ішінде

  Тұрғын үй құрылысы
саласындағы (тұрғын үй кешені)
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
3-қосымша
  Нысан

Әлеуетті Жекеше әріптестердің өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растауы үшін ұсынатын құжаттар тізбесі

      Әлеуетті Жекеше әріптестер біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) есепшоттарында ақшаның болуын, Әлеуетті Жекеше әріптестің меншік құқығын және жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері;

      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманың талаптарына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Аса маңызды МЖӘ жобаларына қатысты, егер Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттаманы осындай Әлеуетті Жекеше әріптестің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынады;

      3) Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) "Негізгі құралдар" бухгалтерлік балансының баптарының таратылып жазылуы;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған, олардың қалыптасқан және болжамды өтеу күндері, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомасы көрсетілген соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыз Үлгілік шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестелерімен қоса беру қажет;

      5) Әлеуетті Жекеше әріптестің төлем қабілеттілігі, оның таратылуға жатпайтыны, мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағаны, Әлеуетті Жекеше әріптестің жасалған МЖӘ шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағаны туралы кепілхат;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті де ұсынады;

      7) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға нотариалды расталған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған заңдастырылған үзіндіні ұсынады;

      8) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;

      9) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, нотариалды куәландырылған жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады;

      10) Әлеуетті Жекеше әріптеске қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі қойылған анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам Әлеуетті Жекеше әріптес міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің Үлгі шот жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы. Егер Әлеуетті Жекеше әріптес бірнеше екінші деңгейдегі банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюро беретін кредиттік есепті ұсынуға рұқсат етіледі.

      Банктің анықтамасы (не кредиттік есеп) конкурсты ұйымдастырушыға құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы екі айдан бұрын берілмейді.

      Конкурсқа жеке және (немесе) қарапайым серіктестік нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері қатысқан жағдайда оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды қоса ұсынулары қажет:

      бірлескен қызмет туралы Үлгілік шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      қарапайым серіктестік мүшелері арасында жасалған ортақ жауапкершілік туралы Үлгілік шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      конкурс шеңберінде келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға қарапайым серіктестік атынан әрекет ететін оның өкіліне арналған сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

      Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды Әлеуетті Жекеше әріптестер өз қалауы бойынша ұсынады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент Әлеуетті Жекеше әріптесі біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын құжаттарды не конкурстық құжаттаманың тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған аудармамен Қазақстан Республикасының бейрезиденті Әлеуетті Жекеше әріптестің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай ақ резиденттіктің апостиль қойылған сертификатын (егер халықаралық Үлгілік шартта өзгеше көзделмесе) ұсынады.

      МЖӘ объектісі ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер болған жағдайда Әлеуетті Жекеше әріптес ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық жүйелерге меншік және (немесе) ие болу құқығы туралы құжаттарды ұсынады.

  Тұрғын үй құрылысы
саласындағы (тұрғын үй кешені)
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
4-қосымша
  Нысан

Конкурстық өтінім

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ машина-орынға арналған жерасты тұрағы бар ____ пәтерге арналған көпқабатты тұрғын үй кешенін салу және пайдалану" МЖӘ жобасы бойынша оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманы қарап, ______________________ (Әлеуетті Жекеше әріптес көрсетіледі) осы Конкурстық өтінімге сәйкес МЖӘ Үлгілік шарты бойынша Жекеше әріптестің міндеттемелерін орындауды ұсынады.

      Осы Конкурстық өтінім Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен бастап кемінде 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн қолданылады.

      Конкурстық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда, біз МЖӘ Үлгілік шартын ескертпелерсіз және шектеу талаптарынсыз конкурстық құжаттаманың Үлгілік шарттарына сәйкес ресімдеуге және қол қоюға міндеттенеміз.

      Біздің өз Конкурстық өтінімімізді қайтарып алмайтынымыздың не конкурстық құжаттамада көрсетілген Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзгертпейтініміздің және (немесе) толықтырмайтынымыздың және бізді конкурс жеңімпазы деп айқындаған жағдайда МЖӘ Үлгілік шартын жасайтынымыздың кепілі ретінде_____________________(мөлшері көрсетіледі) мөлшерінде Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгіземіз.

      Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету ретінде біз _________________ (Заңның 39-бабының 4-тармағына сәйкес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің түрі көрсетіледі) таңдап алдық.

      Осы Конкурстық өтінімде ұсынылған ақпараттың анық болып табылатынын растаймыз.

      Осы Конкурстық өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: _________________ (Конкурстық өтінімге қоса берілетін құжаттар көрсетіледі).

      ______________________

      (Әлеуетті Жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) және лауазымы, мөрі (болған жағдайда)

      ______________________

      (Конкурстық өтінімнің берілген орны және күні).

  Тұрғын үй құрылысы
саласындағы (тұрғын үй кешені)
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
5-қосымша
  Нысан

Үздік Конкурстық өтінімді іріктеу өлшемшарттары және бағалау параметрлері

№ р/с

Өлшемшарт атауы

Өлшемшарттың шекті (негізгі) мәні

Бағалау тәсілі

Көрсеткіштің Үлгілік шартты белгісі

1

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер төлемдерінің көлемі

_______ теңге

Мемлекеттік міндеттемелер (инвестициялық шығындар өтемақысының) көлемінің төмендеуінің әр ___ (санын көрсету) % ___ (санын көрсету) ұпай қосылады*.
Мемлекеттік міндеттемелер (инвестициялық шығындар өтемақысының) көлемінің артуының әр ___ (санын көрсету) % ___ (санын көрсету) ұпай алынады*.

К1

2

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу мерзімі

__ (санын көрсету) жыл

Мемлекеттік міндеттемелерді (инвестициялық шығындар өтемақысын) төлеу мерзімінің ұлғаюының әр ___ (санын көрсету) жылына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады*
Мемлекеттік міндеттемелерді (инвестициялық шығындар өтемақысын) төлеу мерзімінің кемуінің әр ___ (санын көрсету) жылына ___ (санын көрсету) ұпай алынады*

К2

3

Іске асырылған жобалар тәжірибесі (объектілерді салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану (өздігінен немесе қатысушы ретіндегі басқа тұлғалармен бірге) МЖӘ Үлгілік шартындағы объектіге ұқсас тәжірибенің бар болуы)

іске асырылған жобалардың саны

Іске асырылған әр жобаға ___ (санын көрсету) ұпай қосылады.

К3

4

Жекеше әріптестің өзіне қабылдайтын тәуекелдері

Үлгілік шартқа сәйкес тәуекелдерді бөлу

Жекеше әріптес қосымша қабылдаған әр тәуекел үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады
Мемлекеттік әріптеске қосымша берілген әр тәуекел үшін ___ (санын көрсету) ұпай алынады

К4

5

МЖӘ жобасын іске асыру үшін тартуға жататын Жекеше әріптестің қаражат көлемі

МЖӘ объектісін салу құны

Меншікті қаражат көлемінің әр ___ (санын көрсету) % ұлғаюына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К5

6

МЖӘ объектісін салу мерзімдері

___ (санын көрсету) ай

Осы өлшемшарт бойынша құрылыс мерзімін қысқартудың әр айына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К6

7

Кадрлардағы жергілікті қамту үлесі

персоналдың штаттық санынан ___ (санын көрсету) %

Жергілікті қамтудың әр ___ (санын көрсету) % ұлғаюына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Жергілікті қамтудың әр ___ (санын көрсету) % кемуіне ___ (санын көрсету) алынады

К7

8

Тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі жергілікті қамту үлесі

сатып алынатын тауарлардан, жұмыстардан және қызметтерден ___ (санын көрсету) %

Жергілікті қамтудың әр ___ (санын көрсету) % ұлғаюына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Жергілікті қамтудың әр ___ (санын көрсету) % кемуіне ___ (санын көрсету) алынады

К8

Білікті мамандардың бар болуы

9

жоғары білімді және 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар

___ (санын көрсету) %

Үлестің әр ___ (санын көрсету) % ұлғаюына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К9

арнаулы-орта білімді және 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар

___ (санын көрсету) %

Үлестің әр ___ (санын көрсету) % ұлғаюына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

10

МЖӘ жобасының сұралатын ішкі табыстылық нормасы

___ (санын көрсету) %

Көрсеткіштің әр ___ (санын көрсету) % төмендеуіне ___ (санын көрсету) ұпай қосылады
Көрсеткіштің әр ___ (санын көрсету) % өсуіне ___ (санын көрсету) ұпай алынады

К10

11

МЖӘ жобасын дайындауға Әлеуетті Жекеше әріптестің қатысу деңгейі

Әзірленген құжат

Құжатты әзірлеуге қатысқаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Әзірленген құжат үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К11

12

Көрсетілетін қызметтерге шекті бағалар, Үлгілік шартта көзделген қызметтерді жүзеге асыру кезінде осындай бағаларға (тарифтерге) үстемелер

Баға = __________ (санын көрсету) теңге

Әр ____ (санын көрсету) теңгеге төмендеуге ___ ұпай қосылады.
Әр ____ (санын көрсету) теңгеге өсуге ___ ұпай алынады.

К12

      *қажет болған жағдайда көрсетіледі

      Конкурстық өтінімнің өлшемшарттарын жалпы бағалау "Баға" әр Өлшемшарт бойынша алынған ұпайларды қосу жолымен анықталады:

                  Баға = К12345678+ К9101112

      К1 – осы өлшемшарт бойынша негізгі мән Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшаға сәйкес МЖӘ объектісінің құны болып табылады. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К2 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың негізгі мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К3 – бұл жағдайда тұрғын үй құрылысы объектілерін салу бойынша іске асырылған жобалардың тәжірибесі ескеріледі. тұрғын үй құрылысы саласында іске асырылған жобалар тәжірибесі болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінім құрамында ұсынған Конкурстық өтінімнің бағасы "нөлге" тең болады;

      К4 – Әлеуетті Жекеше әріптес қосымша қабылдаған және/немесе берген тәуекелдер болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады;

      К5 – осы өлшемшарт бойынша негізгі мән Тұрғын үй құрылысы саласындағы (тұрғын үй кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшаға сәйкес МЖӘ объектісінің құны болып табылады;

      К6 – МЖӘ объектісін салу мерзімі ___ (санын көрсету) айдан көп қысқарған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінім құрамында ұсынған Конкурстық өтінімнің бағасы осы өлшемшарт бойынша "нөлге" тең болады;

      К7 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К8 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К9 – егер Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында құрылған жаңа заңды тұлға болып табылатын болса, Конкурстық өтінімді бағалау үшін Конкурстық өтінімге МЖӘ объектісін салуды жүзеге асыратын ұйыммен алдын ала Үлгілік шартты, сондай-ақ алдын ала шарт жасасқан заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған, жұмыс өтілін, жұмысын, білімін көрсете отырып, жұмыскерлер тізімін қоса беру керек.

      К10 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К11 – әзірленген құжаттар болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады;

      К12 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 127 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 724 бұйрығына
5-қосымша

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы

      МЖӘ жобасының атауы:

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) көшелерді

      жарықтандыру желілерін жаңғыртумен сенімгерлік басқару"

      МЖӘ объектісінiң орналасқан жері:

      __________________________________________________________________________

      (МЖӘ объектісінiң орналасқан жері көрсетіледі)

      Мемлекеттік әріптес:

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік әріптестің толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-сәйкестендіру

      нөмірін, банктік деректемелерін көрсету)

      Конкурсты ұйымдастырушы:

      __________________________________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірін, банктік деректемелерін көрсету)

      Конкурстық құжаттама пакетінің құны:

      __________________________________________________________________________

      (Конкурстық құжаттаманың теңгемен есептегендегі құнын көрсету не егер Конкурстық

      құжаттаманы бергені үшін ақы өндіріп алу көзделмесе, онда бұл тармақты мынадай

      редакцияда жазу қажет: "Конкурстық құжаттама тегін беріледі").

1. Анықтамалар

      1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімдік (ЖАО) – жергілікті атқарушы органҢ

      2) әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі (бұдан әрі – Конкурстық өтінім) – Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурсқа қатысу үшін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген нысанға сәйкес ұсынған құжаттар мен мәліметтердің жиынтығы;

      3) дайындық кезеңі – Үлгілік шарттың күшіне ену сәтінен бастап жаңғырту бойынша жұмыстарды жүргізудің басталуына дейінгі, қаржылық жабу, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту, МЖӘ объектісін жаңғыртуға дайындықпен байланысты өзге мәселелерді шешу кезеңін қамтитын кезең;

      4) жаңғырту бойынша жұмыстар – жаңғыртуға қойылатын талаптарға сәйкес жүргізуге қажетті жұмыстардың барлығы;

      5) жекеше әріптес – Қазақстан Республикасының "МЖӘ туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына сәйкес, мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, Үлгілік шарт жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

      6) жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістер алу көздері – Жекеше әріптеске Қазақстан Республикасының "МЖӘ туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 9-бабында көзделген қаражатты Үлгілік шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде төлеу;

      7) жер учаскесі – Үлгілік шарт талаптарына сәйкес МЖӘ объектісін салу және пайдалану үшін қажетті жер учаскесі;

      8) заңнама – белгіленген тәртіппен қабылданған және Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы;

      9) комиссия – Заңнамада белгіленген тәртіппен құрылған, коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектісіне қатысты комиссия;

      10) конверт – Конкурстық өтінімнің тұтас және сақталған күйде берілуін қамтамасыз ететін қорап немесе ораудың өзге тәсілі;

      11) конкурс – "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) көшелерді жарықтандыру желілерін жаңғыртумен сенімгерлік басқару" МЖӘ жобасы бойынша жеңілдетілген конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі ашық конкурс;

      12) конкурсты ұйымдастырушы – "__________" мемлекеттік мекемесі;

      13) көшелерді жарықтандыру желілері – шамдарды ауыстыру көзделетін, саны __ құрайтын (жазумен көрсету) электр желісін тіреуіштермен ұзақтығы __ шақырым көшелерді жарықтандыру желілері;

      14) қағидалар -Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген ( Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12717 болып тіркелген) МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар);

      15) қызметтерді тұтынушылар - "__________" мемлекеттік мекемесі;

      16) Мемлекеттік әріптес – "__________" мемлекеттік мекемесі атынан Қазақстан Республикасы;

      17) МЖӘ жобасы – __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) көшелерді жарықтандыру желілерін жаңғыртумен сенімгерлік басқару бойынша МЖӘ жобасы;

      18) МЖӘ объектісі – жаңғыртылуы мен пайдаланылуы МЖӘ жобасын іске асыру аясында жүзеге асырылатын, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ орынға арналған көшелерді жарықтандыру желілері (бірнеше көшелерді жарықтандыру желілері жоспарланған жағдайда оларды көрсету қажет);

      19) МЖӘ объектісін жаңғырту – қолданыстағы көшелерді жарықтандыру желілерін жаңғырту, оның ішінде жаңа технологиялар негізінде жаңа жарықдиодты жабдықты орнату, сондай-ақ МЖӘ объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыстардың өзге түрлерін өндіру;

      20) МЖӘ объектісін жаңғырту мерзімі – Үлгілік шартта және жобалау-сметалық құжаттамада МЖӘ объектісін жаңғыртуға көзделген, жаңғырту жұмыстарының басталу күнінен аяқталу күніне дейін есептелетін мерзім;

      21) МЖӘ объектісін пайдалану – Жекеше әріптестің МЖӘ объектісін Үлгілік шартта айқындалған тәртіппен және шарттарда МЖӘ объектісінің мақсатына сәйкес, оның ішінде Қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы;

      22) МЖӘ объектісін сенімгерлік басқару – егер шартпен және заңнамалық актілермен өзгеше көзделмесе, пайда алушының мүддесінде сенімгерлік басқарушы өзінің атынан оған иелік етуге, пайдалануға және билік етуге берілген мүлікті басқару міндетін алады;

      23) мүліктік кешен - __________ (елді-мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) орналасқан, көшелерді жарықтандыру желілерімен ажырағысыз байланыстағы және пайдаланылуы Жобалау-сметалық құжаттамаға және Үлгілік шарт талаптарына сәйкес көзделетін жер учаскелері;

      24) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы – Конкурс өткізудің Үлгілік шарттары мен тәртібін айқындау үшін әзірленген және Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестерге Конкурстық өтінімдерді дайындау және Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі Конкурсқа қатысу үшін ұсынатын Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      25) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ Үлгілік шарты (бұдан әрі – Үлгілік шарт) – Конкурсты ұйымдастырушы Комиссия шешімінің негізінде Конкурс жеңімпазымен жасалған шарт;

      26) үздік Конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттары (бұдан әрі - өлшемшарттар) – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген, оның негізінде Конкурсқа қатысушының Конкурстық өтінімі үздік деп танылатын өлшемшарттар;

      27) шарт жобасы – тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, МЖӘті іске асыру Үлгілік шарттарын айқындайтын Мемлекеттік әріптес және Жекеше әріптес арасындағы жазбаша келісім жобасы.

2. Жалпы ережелер

      2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы Әлеуетті Жекеше әріптестерге олардың Конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат ұсыну мақсатында әзірленген.

      3. Конкурс Заңға, Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өткізіледі.

      4. МЖӘ жобасының нысан сипаттамасы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшада көрсетілген .

      5. Техникалық параметрлер бойынша егжей-тегжейлі сипаттамалар Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамаға қоса берілген жобалау-сметалық құжаттамада/Үлгілік жобада/Үлгілік жобалық шешімдерде/қайталап қолдану жобасында (керегін көрсету) көзделген.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 154-3-бабының 7-тармағына сәйкес, Жекеше әріптес Үлгілік шартта белгіленген мерзімде қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы/Үлгілік жобаны/Үлгілік жобалық шешімдерді/қайталап қолдану жобасын (керегін көрсету) МЖӘ жобасының нақты алаңына байланыстыруды МЖӘ жобасының тұжырымдамасында қамтылған маркетингтiк және қаржылық-экономикалық параметрлерді ескере отырып жүзеге асырады.

      6. МЖӘ объектісін жаңғыртуға және пайдалануға қойылатын талаптар Шарт жобасында келтірілген.

3. Конкурстық комиссия

      7. Конкурстық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Әкімдіктің "Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық комиссияны құру туралы" 20__ жылғы "__" __________ №___ қаулысымен құрылған Комиссия жүзеге асырады.

      8. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестер ұсынған Конкурстық өтінімдерді құжаттардың толықтығы мен тиісті ресімделуі, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау мен іріктеу;

      2) Конкурстық өтінімдерді қарау және үздік Конкурстық өтінімді анықтау;

      3) МЖӘ жобасын және Шарт жобасының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізу;

      4) Конкурс қорытындысы бойынша Конкурстық өтінімді бекіту және өтінім берушіні Конкурс жеңімпазы деп тану болып табылады.

      9. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:

      1) Комиссияның отырыстарына шақыруға және Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

      2) МЖӘ жобасының проблемалық мәселелерін талдау мен зерделеу үшін қажеттілігіне қарай мамандарды, сарапшыларды және ғалымдарды тартуға;

      3) Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқылы.

      10. Комиссияны төраға - тиісті жергілікті атқарушы орган әкімі/әкімінің орынбасары басқарады. Комиссия төрағасы Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Комиссияның қызметіне жеке жауапкершілікке ие болады.

      11. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оның тапсырмасы бойынша Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі орындайды.

      12. Комиссия құрамына тиісті жергілікті атқарушы орган әкімінің орынбасарлары, білім беру, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының бірінші басшылары, сондай-ақ "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

      13. Комиссияның жұмыс органы Конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.

      14. Комиссияның жұмыс органы қызметті ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      15. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайтын және отырыс хаттамасын ресімдейтін Конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады.

      16. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі болған жағдайда заңды деп есептеледі.

      17. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері дауыстарының басым көпшілігі берілген жағдайда қабылданған болып есептеледі және міндетті түрде Комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері және Комиссияның хатшысы қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      18. Комиссия мүшелерінің айрықша пікірге құқығы бар, ол берілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның хаттамасына қоса берілуі тиіс.

      19. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жұмыс органы мүдделі тұлғаларды қарау нәтижелері туралы хабардар етеді.

      20. Комиссия өз қызметін Әкімдік қаулысының негізінде тоқтатады.

4. Конкурс өткізудің негізгі іс-шаралары

      21. Конкурс заңнамаға және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 2-қосымшада негізгі шаралар көрсетілген.

5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының мазмұны

      22. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 3-қосымшаға сәйкес беріледі;

      2) МЖӘ объектісінің орналасқан жері (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымша);

      3) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың болжанатын түрлері мен көлемдері, сондай-ақ шығындарды өтеу мен кірістерді алу көздері;

      4) МЖӘ Үлгілік шартының жобасы;

      5) үздік Конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарының сипаттамасы;

      6) МЖӘ жобасының параметрлері көрсетілуге тиіс валютаны көрсету және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын валюта бағамы;

      7) Конкурстық өтінім берілетін тілге қойылатын талаптар;

      8) Әлеуетті Жекеше әріптестің өз Конкурстық өтінімін Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына нұсқау;

      9) Конкурстық өтінімнің мазмұны, Конкурстық өтінімдерді ұсыну тәсілі, орны, мерзімі және олардың қолданылуы, сондай-ақ Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары;

      10) МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасының мазмұны бойынша түсіндірулерді алу тәсілдері;

      11) Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімдері, орны, күні мен уақыты.

      23. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген.

      24. Конкурстық құжаттаманың қолданылу мерзімі оны бекіткен күннен бастап ___ (жазумен көрсету, бірақ үш жылдан көп емес) жыл.

      25. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестерге Конкурстық құжаттаманың көшірмесін арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) не басқа да электрондық тәсілмен ұсынады. Қағаз жеткізгіште ұсынылған кезде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы түпнұсқадан (Конкурсты ұйымдастырушы әрбір бетіне қол қойған, бекітілген және келісілген конкурстық құжаттамадан) көшірме түрінде беріледі. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі Әлеуетті Жекеше әріптестің өкілдеріне тегін/____________ (жазумен көрсету) теңгеге (керегін көрсету) және Конкурсты ұйымдастырушының тиісті журналға міндетті түрде тіркеуі арқылы беріледі.

      26. Конкурстық құжаттамада және оның қосымшаларында көзделген МЖӘ объектісінің техникалық параметрлері Конкурстық өтінімдерді дайындау және ұсыну кезінде Әлеуетті Жекеше әріптестер үшін міндетті болып табылады.

      27. Конкурстық құжаттамада көзделген шарттармен және Конкурсты өткізумен байланысты даулар Заңнаманың талаптарына және Үлгілік шартта келісілген дауларды шешу рәсімдеріне сәйкес келіссөздер жолымен шешіледі.

      28. Егер Конкурстық құжаттамада көзделген шарттармен, Конкурсты өткізумен байланысты даулар Конкурстық құжаттаманың 27-тармағына сәйкес шешілмейтін болса, онда Тараптар дауды заңнаманың талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Төрелiк туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Заңына сәйкес халықаралық төрелікке жүгіну жолымен шешуге құқылы.

6. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру және талқылау

      29. Конкурстық құжаттаманы алған тұлғалар, қажет болған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушыға Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жүгінеді. Конкурс қайта өткізілген жағдайда Конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғалар, қажет болған жағдайда, Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей жүгінеді.

      30. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы не жазбаша түрде, қағаз жеткізгіште, бір данада, мемлекеттік немесе орыс тілінде не мемлекеттік немесе орыс тіліне нақты (нотариалды куәландырылған) аудармасын қоса берумен өзге тілде ұсынылады. Әлеуетті Жекеше әріптестің сұрау салуы Конкурсты ұйымдастырушыға жөнелтілуі және мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, _______________ облысы, ____________ қаласы, _______ көшесі, №__, "__________" мемлекеттік мекемесі , №____ кабинетке бағытталуы тиіс. Сұрау салу заңнаманың талаптарына сәйкес жасалуы және сұрау салу түсіп отырған Әлеуетті Жекеше әріптестің атауынан және жауап жіберілуі тиіс мекенжайдан тұруы тиіс.

      31. Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салуды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап жібереді және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпестен:

      1) мұндай түсіндіруді Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық құжаттаманы ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге хабарлайды;

      2) Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіруді арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы жібереді не түсіндірудің мәтінін "______________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      32. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестермен 20__ жылғы "__" __________ __:00 сағатта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, _______________ облысы, ____________ қаласы, _______ көшесі, №__ кабинетте кездесу өткізеді.

      33. Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесу қорытындысы бойынша Конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған дереккөздерді көрсетпестен, Конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салулардан, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптардан тұратын хаттама жасайды.

      34. Әлеуетті Жекеше әріптестермен кездесудің хаттамасына Конкурсты ұйымдастырушының атынан өкілдік ететін тұлғалар, сондай-ақ Әлеуетті Жекеше әріптестер немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды.

      35. Аталған хаттаманың көшірмесін Конкурсты ұйымдастырушы оны ресімдеген және қол қойған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық құжаттаманы ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге жібереді.

      Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттама арнайы құрылған интернет-ресурста (веб-портал) орналастырылады не "______________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      36. Егер Әлеуетті Жекеше әріптестермен Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша кездесу Конкурстық құжаттаманың 32-тармағында белгіленген уақыт пен күні Әлеуетті Жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен болмай қалса, Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы факт туралы Комиссияға жазбаша хабарлайды.

      37. Әлеуетті Жекеше әріптестерден МЖӘ жобасының қаржылық, заңды және өзге де қажетті параметрлері, мемлекеттік қолдау шаралары, Жекеше әріптесті және өзге де шешімдерді іріктеу өлшемшарттары бойынша оңтайлы шешімдерді қалыптастыру мақсатында ұсыныстар түскен жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы мүдделі Әлеуетті Жекеше әріптестердің әрқайсысының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, қажет болған жағдайда бәсекелі диалог ұйымдастырады. Заңнамаға сәйкес, бәсекелі диалогқа қатысушылардың барлығы оны жүргізу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

7. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу

      38. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей, ал конкурсты қайтадан өткізген кезде – күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей өз бастамасымен немесе Әлеуетті Жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізе алады.

      39. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге Конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мәтінін жолдайды. Бұл ретте Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімін Әлеуетті Жекеше әріптестердің Конкурстық өтінімдердегі өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескеруі үшін, кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзіміне, ал Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс қайта өткізілген кезде, кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзіміне ұзартады.

      40. Енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар міндетті күшке ие болады.

      41. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қолдаудың түрлері және көлемдері, сондай-ақ Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері

      42. Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру кезеңінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын алуға, шығындарды өтеуге және кірістер алуға (керегін көрсету) құқығы бар.

      43. Мемлекеттік қолдау шараларын төлеудің, шығындарды өтеудің және кірістер алудың (керегін көрсету) мөлшері, тәртібі және мерзімдері заңнамаға сәйкес Үлгілік шартта белгіленеді.

9. Біліктілік іріктеу

      44. Заңның 32-бабына сәйкес, Конкурсқа қатысу үшін Әлеуетті Жекеше әріптес мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:

      1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;

      2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

      3) Үлгілік шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

      4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпау, оның мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, заңнамаға сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;

      5) соңғы үш жыл ішінде жасалған МЖӘ Үлгілік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз Әлеуетті Жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.

      45. Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын меншікті қаражатымен немесе қарыз қаражатын тарту арқылы қаржыландыруға құқылы.

      46. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік талаптарына қатысты емес ақпаратты ұсынбауға құқылы.

      47. Әлеуетті Жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну 20 __ жылғы "___"__________ ___:00 сағатқа дейін жүзеге асырылады.

      48. Қағидаларға сәйкес, Әлеуетті Жекеше әріптес оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Конкурсты ұйымдастырушыға Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 3-қосымшада келтірілген құжаттарды ұсынады.

      49. Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік талаптарына сәйкестікке анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, сот оны жосықсыз Әлеуетті Жекеше әріптес деп таныған кезден бастап кейінгі үш жыл бойы Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      50. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттың анықтығын Комиссия, Конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар Конкурсты өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.

      51. Әлеуетті Жекеше әріптестің біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсыну фактісін анықтаған тұлғалар осындай факт анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Конкурсты ұйымдастырушыны және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды анық емес ақпарат ұсыну фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін хабарламаға қоса бере отырып, бұл туралы жазбаша хабардар етеді және Қағидаларға сәйкес шаралар қабылдайды.

      52. Конкурсты ұйымдастырушы біліктілік іріктеуді Әлеуетті Жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу арқылы құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      53. Әлеуетті Жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарда талаптарға сәйкес келмеулер анықталған жағдайда Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске анықталған сәйкессіздіктерді жою туралы 10 (он) күнтізбелік күн ішінде хабарлайды.

      Хабарламаны жолдаған күннен бастап және тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін біліктілік іріктеуді өткізу мерзімдері тоқтатылады.

      Тиісті құжаттарды хабарламада белгіленген мерзімнен кеш ұсынған Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік іріктеуден өтпеген деп танылады.

      54. Конкурсты ұйымдастырушы бағалау нәтижелерін біліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Әлеуетті Жекеше әріптестерге жолдайды.

      55. Біліктілік іріктеуден өткен Әлеуетті Жекеше әріптес Заңның 34-бабына сәйкес Конкурсқа қатысушы деп танылады.

10. Конкурсқа қатысуға байланысты шектеулер

      56. Заңның 33-бабына сәйкес, Әлеуетті Жекеше әріптес егер:

      1) осы Әлеуетті Жекеше әріптес басшыларының және (немесе) осы Әлеуетті Жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) немесе жекжаттарының Жекеше әріптесті айқындау туралы шешім қабылдау құқығы болса не Конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      2) Әлеуетті Жекеше әріптестің баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;

      3) Әлеуетті Жекеше әріптестің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің қаржылық-шаруашылық қызметі Заңнамаға не Әлеуетті Жекеше әріптес-Қазақстан Республикасының бейрезиденті мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, Конкурсқа қатысуға құқылы емес.

      57. Әлеуетті Жекеше әріптес пен Әлеуетті Жекеше әріптестің үлестес тұлғасының Жекеше әріптестің айқындауы бойынша бір Конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.

11. Конкурстық өтінім

      58. Конкурсқа қатысу үшін Әлеуетті Жекеше әріптестер Конкурсты ұйымдастырушыға Заңнаманың және Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес дайындалған және ұсынылған Конкурстық өтінімдерді ұсынады.

      59. Конкурстық өтінім Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша ресімделеді және оның ішінде мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) қаржылық-экономикалық шешімдер (ұсыныстар):

      қаржылық-экономикалық модель;

      МЖӘ жобасының тәуекелдерін бөлу және бағалау;

      МЖӘ жобасына салынатын меншікті және қарыз қаражаттарының көлемі.

      2) технологиялық және басқа шешімдер (ұсыныстар):

      МЖӘ объектісін пайдалану процесінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша шешімдерді қамтитын жаңа технологияларды тарту;

      қаржылық жабу кезеңінің аяқталу күнінен бастап есептелетін МЖӘ объектісін жаңғырту мерзімі;

      жергілікті қамту бойынша міндеттемелер (МЖӘ объектісін жаңғырту және пайдалану кезеңінде);

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында іске асырылған жобалар тәжірибесі;

      білікті мамандардың болуы.

12. Конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету

      60. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:

      1) Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және/немесе толықтырмайтынына;

      2) оны Конкурстың жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, Шарт жасасатындығына кепіл ретінде енгізеді.

      61. Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету Үлгілік шарт бойынша болжанған инвестициялардың құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      62. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) "__________" мемлекеттік мекемесі

      _______ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), ________ көшесі, ___

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________

      Жеке сәйкестендіру коды _______________      

      "ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің __________ бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесі

      Банктік сәйкестендіру коды __________ шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;

      2) банк кепілдігін таңдайды.

      63. Әлеуетті Жекеше әріптестің оның Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      64. Мына:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін Конкурстық өтінімді кері қайтарып алған не өзгерткен және/немесе толықтырған;

      2) Конкурс жеңімпазы болып айқындалған Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ Үлгілік шартын жасасудан жалтарған жағдайларды қоспағанда, Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптес енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

      Осы тармақта көзделген жағдайлардың бірі орын алған кезде Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

      65. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске ол енгізген Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі орын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) осы Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып алуы;

      2) Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай Конкурсқа қатысушылар деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптестерге қолданылмайды;

      3) Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай Конкурс жеңімпазы болып айқындалған Конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      4) Үлгілік шарттың күшіне енуі;

      5) Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімінің өтуі.

13. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттарды ресімдеу және енгізу тәртібі

      66. Конкурстық өтінімді Әлеуетті Жекеше әріптестер Конкурстық құжаттаманың 78-тармағында көрсетілген, оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін тігілген, беттері нөмірленген және әрбір бетіне қол қойылған, соңғы бетіне қолы мен мөрі қойылған түрінде жабылған Конвертте ұсынады.

      67. Конверт:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешіккен" болып жарияланатын болса, Конкурстық өтінімді ашпай, кері қайтару мақсатында);

      2) Конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен мекенжайы:

      "__________" мемлекеттік мекемесі , Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), _________ көшесі, __, №___ кабинет, тел. 8 (____) __-__-__;

      3) конкурстың атауы:

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУМЕН СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУ" МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ ТАҢДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС";

      4) сондай-ақ: "20__ ЖЫЛҒЫ "__" ______ __-00 САҒАТҚА ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" мәтіні көрсетіле отырып, Конкурсты ұйымдастырушыға жолдануы тиіс.

      68. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді Әлеуетті Жекеше әріптестер не олардың уәкілетті өкілдері Конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошта байланысын пайдалану арқылы ұсынады.

      69. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдері бар конверттерді Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде қабылдайды және оларды ұсыну сәтінен бастап Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады.

      70. Конвертке Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың тізімдемесі де салынады. Тізімдеме Конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкес тілде ұсынылуы, оған Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысы не бірінші басшының міндетін атқарушы не уәкілетті өкілі қол қоюы және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен расталуы тиіс.

      71. Қаржылық-экономикалық модельді қоспағанда, Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттар және Конкурсқа ұсынылатын өзге де құжаттар жазбаша (баспа) және электронды түрде, оның ішінде сканерленген түрде ұсынылуы тиіс.

      72. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес атынан өтінімі бар Конвертті ұсынған Әлеуетті Жекеше әріптестің өкілінің өкілеттігін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;

      2) тиісінше ресімделген Конкурстық өтінімдері бар Конверттерді қабылдайды және Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;

      3) Конкурстық өтінімдерді ұсынудың мерзімі өткенге дейін Конкурстық өтінімге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;

      4) Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін ол қайтарылған жағдайда, Конкурстық өтінімнің қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      73. Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі мынадай:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес осы Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімді бұрын берген;

      2) Конкурстық өтінім осы Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбайды.

      74. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынатын, шетелдік құқық нормалары бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдары белгілеген нысан бойынша берілген, жасалған немесе куәландырылған барлық құжаттарды Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі заңдастыруы не 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес апостиль қою арқылы куәландырылуы тиіс. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен осы рәсім көрсетілген құжаттарға қатысты алынып тасталған немесе жеңілдетілген болса, ұсынылатын құжаттарды заңдастыру немесе оларға апостиль қою талап етілмейді.

14. Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттарды және Конкурсқа ұсынылатын өзге де құжаттарды жасау тіліне қойылатын талаптар

      75. Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі және Конкурсқа ұсынылатын барлық өзге құжаттар тілдер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс.

      76. Құжаттар оларға мемлекеттік және орыс тілдерінде апостиль қойылған дұрыс аудармасы қоса берілген жағдайда (олай болмаған жағдайда құжат ұсынылмаған болып танылады) басқа тілде жасалуы және ұсынылуы мүмкін.

      Құжат бойынша мәліметтерді интерпретациялау жөнінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда __________ (керегін көрсету) тіліндегі құжаттар басымдыққа ие болады.

15. Конкурстық өтінімдегі есептеулер үшін пайдаланылатын валютаға қойылатын талаптар

      77. МЖӘ объектісін жаңғырту құны, қаржылық-экономикалық модель, Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері, мемлекеттік қолдау түрлерінің көлемдері және Конкурстық өтінімдегі басқа да көрсеткіштер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептелуі тиіс.

16. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі

      78. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі – Астана қ. (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша 20__ж. "__" _______ сағат __:00 дейін.

      79. Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған Конкурстық өтінімі бар конверт Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және Конкурсқа қатысу өтінімдері бар конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша Әлеуетті Жекеше әріптеске не Әлеуетті Жекеше әріптестердің тиісті уәкілетті өкілдеріне алу туралы қолхатпен жеке қайтарылады.

17. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі

      80. Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қоса алғанда, Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап кемінде ___ (жазбаша түрде көрсету) күнтізбелік күн мерзімді құрайды.

      81. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінен асып кетпеуі тиіс. Осындай асып кету болған жағдайда Конкурстық өтінім кері қайтарылады.

      82. Егер Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Мемлекеттік әріптес пен Конкурстық өтінімі үздік деп анықталған Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын және МЖӘ Үлгілік шартының талаптарын нақтылау жөніндегі келіссөздерді аяқтамаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Комиссия шешімінің негізінде Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қоса алғанда, өзінің Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімін ұзартады.

      83. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту үшін, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурсты ұйымдастырушының атына, мыналарды:

      1) ол берген Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін ұзартуға айқын көрінетін келісімді;

      2) Конкурстық өтінімнің қолданылуы ұзартылатын мерзімді;

      3) осы құжатқа қол қою күнін;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің немесе оның уәкілетті өкілінің қолын және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.

      Бұл хабарлама Конкурстық құжаттамада көрсетілген, Конкурсқа қатысу үшін қойылатын құжаттарды ресімдеу және жасау талаптарына сәйкес жасалуы тиіс.

18. Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін Конкурстық өтінімді өзгерту, кері қайтарып алу

      84. Әлеуетті Жекеше әріптес осы Конкурстық құжаттаманың 78-тармағында көрсетілген, Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:

      1) енгізілген Конкурстық өтінімді өзгерте және/немесе толықтыра;

      2) өзі енгізген Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып ала алады.

      Конкурстық өтінімге өзгертулер оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін енгізілмейді.

      85. Әлеуетті Жекеше әріптестер өзгертілген Конкурстық өтінімді бұрын ұсынылған Конкурстық өтінім сияқты дайындайды, мөр басады және Конвертте:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайын;

      2) Конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайын:

      "_______________________________________________" мемлекеттік мекемесі , Қазақстан Республикасы, _______________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), _________ көшесі, __, №___ кабинет, тел. 8 (____) __-__-__;

      3) құжаттың атауын: "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУМЕН СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУ" МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ ТАҢДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСТЫҢ ӨЗГЕРТІЛГЕН КОНКУРСТЫҚ ӨТІНІМІ";

      4) сондай-ақ: "20__ ЖЫЛҒЫ "__" ______ __-00 САҒАТҚА ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" сөздерін көрсете отырып ұсынады.

      86. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушының атына Әлеуетті Жекеше әріптес қол қойған және мөр қойылған еркін түрде ресімделетін Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама жолданады.

      Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін қайтарған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске ол енгізген қамтамасыз етуді Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама алған күннен бастап __ (жазбаша түрде көрсету) жұмыс күнінің ішінде қайтарады.

19. Конкурстық өтінімдерді ашу, қарау және іріктеу

      87. Комиссия Конкурстық өтінімдері бар конверттерді Астана қ. (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша 20_____ж. "___" _____ ___:00 сағатта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, __________________ қ., ____________ көшесі, "_________________________" мемлекеттік мекемесі ғимаратында, ____ қабат, № ______ кабинетте ашады.

      88. Кᐾнкурсты ұйымдастырушыға, Комиссия көпшілігі болмаған жағдайда нصмесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен Конкурстық өтінімдерді ашу орны, өткізілетін уақыты мен күні туралы Конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.

      89. Енгізілген өзгерістер міндетті күшке ие болады және олар туралы Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық құжаттама ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға дереу хабарлайды.

      90. Конкурсты ұйымдастырушы барлық мүдделі тұлғаларға жоғарыда көрсетілген өзгерістер туралы арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы хабарлайды не "____________________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында ақпарат орналастырады.

      91. Конкурстық өтінімдері бар конверттер Комиссияның қарапайым көпшілігінің, Конкурсты ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, сондай-ақ Әлеуетті Жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашылады.

      92. Комиссия хатшысы не төраға Комиссия мүшелерінің арасынан анықтаған тұлға Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашады және барлық қатысушылардың алдында өтінімдегі құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді.

      93. Комиссия барлық Конкурстық өтінімдерді қарайды. Егер бір ғана Конкурстық өтінім ұсынылған жағдайда, берілген өтінімді Комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.

      94. Конкур өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына төраға және отырысқа қатысқан барлық Комиссия мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы әрбір бетіне қол қояды.

      95. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі комиссияның отырысына қатысқан Әлеуетті Жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Комиссияның аталған отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      96. Комиссия отырысын өткізбей тұрып, Конкурстық өтінімдерді қарауға жол берілмейді.

      97. Бұл ретте осындай Конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және осы Конкурсқа енгізілген, қалған Конкурстық өтінімдердің арасынан үздік Конкурстық өтінім қайтадан таңдалады.

20. Конкурстық өтінімдерді іріктеу өлшемшарттары

      98. Конкурстық өтінімдерді қарау және іріктеуді Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 5-қосымшада келтірілген өлшемшарттарды және олардың параметрлерін ескере отырып, Комиссия жүзеге асырады.

      99. Өлшемшарттар олардың әрқайсысы бойынша тиісті ұпайлар (үлестік немесе пайыздық мән) беру арқылы бағаланады.

21. Әлеуетті Жекеше әріптеспен келіссөздер, Шарт жасасу

      100. Комиссия Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптеспен МЖӘ жобасын және Үлгілік шарттың талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізеді.

      101. Келіссөздер жүргізу кезеңінде МЖӘ жобасы және Үлгілік шарт бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Комиссия жазбаша нысанда Әлеуетті Жекеше әріптеске жібереді.

      Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша Комиссия шешім қабылдайды.

      102. Келіссөздер барысында Конкурс шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      103. Егер Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптес Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес Конкурстық өтінімді және Үлгілік шарттың талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсыныстары Конкурс шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, онда Комиссия бұл Конкурстық өтінімді қарамайды және үздік Конкурстық өтінімді жаңадан таңдайды.

      Бұл ретте осындай Конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және бұл Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстың жеңімпазы болып танылмайды.

      104. Конкурстың жеңімпазы болып Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Конкурсқа қатысушы танылады.

      105. Конкурсты ұйымдастырушы Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде, үздік Конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттама көшірмелерін қоса бере отырып:

      1) Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде келісетін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға;

      2) Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде келісетін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға келісуге жолдайды.

      106. Шарт жобасын келісулерді ескере отырып, Конкурстың қорытындысы бойынша Комиссияның шешімімен Конкурстық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші Конкурстың жеңімпазы болып танылады.

      107. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      108. Үлгілік Үлгілік шарт жасасу мерзімі Конкурс қорытындыланған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайды.

  Тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы саласындағы
(көшелерді жарықтандыру
желілері) МЖӘ жобасының
Үлгілік конкурстық
құжаттамасына
1-қосымша
  Нысан

МЖӘ объектісінің сипаттамасы

МЖӘ жобасының атауы

"__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) көшелерді жарықтандыру желілерін жаңғыртумен сенімгерлік басқару"

МЖӘ жобасының қысқаша сипаттамасы

МЖӘ жобасының мәні көрсетіледі

Мемлекеттік әріптес

"__________" мемлекеттік мекемесі ,
Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ көшесі, №___ үй, №___ кабинет
Банктік сәйкестендіру коды: __________
Банктік деректемелер: __________

МЖӘ объектісі

Саны __ бірлікті құрайтын электр желісінің тіреуіштері бар ұзындығы __ шақырым көшелерді жарықтандыру желілері

МЖӘ объектісінің орналасқан жері

Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ (мекенжай немесе орналасқан жердің сипаттамасы)

МЖӘ жобасын іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

Жаңғырту мерзімі – 20_ - 20_ жылдар (_ ай)
Пайдалану мерзімі –20_-20_жыл (_ жыл)
Шарт мерзімі – 20_-20_ жылдар (_ жыл)

МЖӘ жобасының құны

МЖӘ объектісін жаңғырту құны: __________ теңге,
оның ішінде:
- шамдарды ауыстыру және монтаждау жұмыстары – __________ теңге;
- жабдық – __________ теңге;
- өзге шығыстар – __________ теңге.

Мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемдері

Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қолдаудың түрлері және көлемдері (егер болса) көрсетіледі

Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері

Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес шығындарды өтеу және кірістер алу көздері (егер болса) көрсетіледі

Байланыс деректері

Конкурсты ұйымдастырушының тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), лауазымы, байланыс телефоны мен электрондық поштасының мекенжайы (мекенжайлары) көрсетіледі

  Тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы саласындағы
(көшелерді жарықтандыру
желілері) МЖӘ жобасының
Үлгілік конкурстық
құжаттамасына
2-қосымша
  Нысан

Негізгі іс-шаралар

р/с

Іс-шаралар атауы

Іс-шараларды өткізу мерзімі
(уақыт пен күн Қазақстан Республикасы, Астана қаласының уақыты бойынша белгіленген)

1

Конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бір уақытта хабарлауымен Конкурсты өткізу туралы жариялауы (ақпарат Конкурсты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады)

20__ж. "__" _______
(Конкурсты өткізу күніне дейін кемінде 60 (алпыс) күнтізбелік күн бұрын, ал Конкурс қайта өткізілген кезде – кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын

2

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға Конкурсты ұйымдастырушының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін ұсынуы

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап

3

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіру, талқылау және түзету

20__ жылғы "___"______ кешіктірмей
(сұрауды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде)

4

Әлеуетті Жекеше әріптестердің олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастыратын Әлеуетті Жекеше әріптестер тізілімінен Әлеуетті Жекеше әріптестер біліктілік іріктеу жүргізілместен жіберіледі

20__ж. "__"________ __:00 сағаттан кешіктірмей
(Конкурс жарияланғаннан кейін кемінде 20 (жиырма) күнтізбелік күн)

5

Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізуі арқылы біліктілік іріктеуін жүргізуі

құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

6

Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптестерді бағалау нәтижелерін жіберуі

біліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде

7

Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімді, сондай-ақ Конкурстық өтінімнің қамтамасыз етуін енгізуі

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын алған сәттен бастап 20__жылғы "__"________ __:00 сағатқа дейін

8

Комиссияның Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашуы

20__ жылғы "__" _______ __:00 сағат

9

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның отырысына қатысқан Жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне жіберу.
Қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрауы бойынша

Комиссияның тиісті отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей
сұрау алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей

10

Комиссияның Конкурстық өтінімдерді қарауы

Біліктілік іріктеу нәтижелерін есепке ала отырып, Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде

11

Комиссияның Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптеспен келіссөздердің тиісті хаттамасын ресімдей отырып, МЖӘ жобасын және Үлгілік шарт талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізуі

20__ж. "__"________ __:00 сағат

12

Конкурсты ұйымдастырушының үздік Конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттаманың көшірмесін қоса берумен, Шарт жобасын, оның ішінде оған түзетулер және/немесе толықтырулар енгізген кезде мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға келісуге жолдауы

20__ж. "___"_____ дейін

13

Конкурстың жеңімпазын айқындау

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

14

Тиісті бюджет комиссияларының қарауына МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін шығару

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

15

Тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

16

Мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу және енгізу

тиісті бюджет комиссиясының шешімі шығарылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

17

Комиссияның шешімінің негізінде, мәслихаттың шешімін қабылдау қорытындылары бойынша Конкурсты ұйымдастырушының Конкурстың жеңімпазымен Шарт жасасуы

Конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен көп емес

18

Конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді Конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бір уақытта хабарлай отырып, өзінің ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруы

Үлгілік Үлгілік шарт жасасқаннан кейін ___ (жазбаша түрде көрсету) күн ішінде

  Тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы саласындағы
(көшелерді жарықтандыру
желілері) МЖӘ жобасының
Үлгілік конкурстық
құжаттамасына
3-қосымша
  Нысан

Әлеуетті Жекеше әріптестердің өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растауы үшін ұсынатын құжаттар тізбесі

      Әлеуетті Жекеше әріптестер біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) есепшоттарында ақшаның болуын, Әлеуетті Жекеше әріптестің меншік құқығын және жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері;

      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманың талаптарына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Аса маңызды МЖӘ жобаларына қатысты, егер Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттаманы осындай Әлеуетті Жекеше әріптестің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынады;

      3) Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) "Негізгі құралдар" бухгалтерлік балансының баптарының таратылып жазылуы;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған, олардың қалыптасқан және болжамды өтеу күндері, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомасы көрсетілген соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыз Үлгілік шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестелерімен қоса беру қажет;

      5) Әлеуетті Жекеше әріптестің төлем қабілеттілігі, оның таратылуға жатпайтыны, мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағаны, Әлеуетті Жекеше әріптестің жасалған МЖӘ шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағаны туралы кепілхат;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті де ұсынады;

      7) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға нотариалды расталған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған заңдастырылған үзіндіні ұсынады;

      8) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;

      9) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, нотариалды куәландырылған жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады;

      10) Әлеуетті Жекеше әріптеске қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі қойылған анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам Әлеуетті Жекеше әріптес міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің Үлгі шот жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы. Егер Әлеуетті Жекеше әріптес бірнеше екінші деңгейдегі банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюро беретін кредиттік есепті ұсынуға рұқсат етіледі.

      Банктің анықтамасы (не кредиттік есеп) конкурсты ұйымдастырушыға құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы екі айдан бұрын берілмейді.

      Конкурсқа жеке және (немесе) қарапайым серіктестік нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері қатысқан жағдайда оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды қоса ұсынулары қажет:

      бірлескен қызмет туралы Үлгілік шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      қарапайым серіктестік мүшелері арасында жасалған ортақ жауапкершілік туралы Үлгілік шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      конкурс шеңберінде келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға қарапайым серіктестік атынан әрекет ететін оның өкіліне арналған сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

      Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды Әлеуетті Жекеше әріптестер өз қалауы бойынша ұсынады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент Әлеуетті Жекеше әріптесі біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын құжаттарды не конкурстық құжаттаманың тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған аудармамен Қазақстан Республикасының бейрезиденті Әлеуетті Жекеше әріптестің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай ақ резиденттіктің апостиль қойылған сертификатын (егер халықаралық Үлгілік шартта өзгеше көзделмесе) ұсынады.

      МЖӘ объектісі ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер болған жағдайда Әлеуетті Жекеше әріптес ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық жүйелерге меншік және (немесе) ие болу құқығы туралы құжаттарды ұсынады.

  Тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы саласындағы
(көшелерді жарықтандыру
желілері) МЖӘ жобасының
Үлгілік конкурстық
құжаттамасына
4-қосымша
  Нысан

Конкурстық өтінім

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) көшелерді жарықтандыру желілерін жаңғыртумен сенімгерлік басқару" МЖӘ жобасы бойынша оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманы қарап, ______________________ (Әлеуетті Жекеше әріптес көрсетіледі) осы Конкурстық өтінімге сәйкес МЖӘ Үлгілік шарты бойынша Жекеше әріптестің міндеттемелерін орындауды ұсынады.

      Осы Конкурстық өтінім Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен бастап кемінде 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн қолданылады.

      Конкурстық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда, біз МЖӘ Үлгілік шартын ескертпелерсіз және шектеу талаптарынсыз конкурстық құжаттаманың Үлгілік шарттарына сәйкес ресімдеуге және қол қоюға міндеттенеміз.

      Біздің өз Конкурстық өтінімімізді қайтарып алмайтынымыздың не конкурстық құжаттамада көрсетілген Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзгертпейтініміздің және (немесе) толықтырмайтынымыздың және бізді конкурс жеңімпазы деп айқындаған жағдайда МЖӘ Үлгілік шартын жасайтынымыздың кепілі ретінде_____________________(мөлшері көрсетіледі) мөлшерінде Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгіземіз.

      Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету ретінде біз _________________ (Заңның 39-бабының 4-тармағына сәйкес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің түрі көрсетіледі) таңдап алдық.

      Осы Конкурстық өтінімде ұсынылған ақпараттың анық болып табылатынын растаймыз.

      Осы Конкурстық өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: _________________ (Конкурстық өтінімге қоса берілетін құжаттар көрсетіледі).

      ______________________

      (Әлеуетті Жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) және лауазымы, мөрі (болған жағдайда)

      ______________________

      (Конкурстық өтінімнің берілген орны және күні).

  Тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы саласындағы
(көшелерді жарықтандыру
желілері) МЖӘ жобасының
Үлгілік конкурстық
  құжаттамасына
5-қосымша
  Нысан

Үздік Конкурстық өтінімді іріктеу өлшемшарттары және бағалау параметрлері

р/с

Өлшемшарт атауы

Өлшемшарттың шекті (негізгі) мәні

Бағалау тәсілі

Көрсеткіштің Үлгілік шартты белгісі

1

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер төлемдерінің көлемі

_______ теңге

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер (инвестициялық шығындар өтемақысы) төлемдері көлемінің азаюының әрбір ___ (санын көрсету) % ___ (санын көрсету) үшін ұпай қосылады*.
МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер (инвестициялық шығындар өтемақысы) төлемдері көлемінің ұлғаюының әрбір ___ % (санын көрсету) ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі*.

К1

2

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу мерзімі

__ (санын көрсету) жыл

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді (инвестициялық шығындар өтемақысын) төлеу мерзімінің ұлғаюының әрбір ___ (санын көрсету) жылына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады*
МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді (инвестициялық шығындар өтемақысын) төлеу мерзімінің азаюының әрбір ___ (санын көрсету) жылына ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі*

К2

3

Іске асырылған жобалар тәжірибесі (объектілерді салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану (өздігінен не қатысушы ретіндегі өзге тұлғалармен бірге) МЖӘ Үлгілік шартындағы объектіге ұқсас тәжірибенің бар болуы)

іске асырылған жобалардың саны

Іске асырылған әрбір жобаға ___ (санын көрсету) ұпай қосылады.

К3

4

Жекеше әріптестің өзіне қабылдайтын тәуекелдері

Үлгілік шартқа сәйкес тәуекелдерді бөлу

Жекеше әріптес қосымша қабылдаған әрбір тәуекел үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады
Мемлекеттік әріптеске қосымша берілген әрбір тәуекел үшін ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі

К4

5

МЖӘ жобасын іске асыру үшін тартуға жататын Жекеше әріптестің қаражат көлемі

МЖӘ объектісін салу құны

Меншікті қаражат көлемінің әрбір ___ (санын көрсету) % ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К5

6

МЖӘ объектісін салу мерзімдері

___ (санын көрсету) ай

Осы өлшемшарт бойынша мерзімді қысқартудың әрбір айына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К6

7

Кадрлардағы жергілікті қамту үлесі

персоналдың штаттық санынан ___ (санын көрсету) %

Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % азайғаны үшін ___ (санын көрсету) шегеріледі

К7

8

Тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі

сатып алынатын тауарлардан, жұмыстардан және қызметтерден ___ (санын көрсету) %

Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % азайғаны үшін ___ (санын көрсету) шегеріледі

К8

Білікті мамандардың бар болуы

9

жоғары білімді және 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар

___ (санын көрсету) %

Үлестің әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К9

арнаулы-орта білімді және 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар

___ (санын көрсету) %

Үлестің әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

10

МЖӘ жобасының сұралатын ішкі кірістілік нормасы

___ (санын көрсету) %

Көрсеткіштің әрбір ___ (санын көрсету) % азайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады
Көрсеткіштің әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі

К10

11

МЖӘ жобасын дайындауға Әлеуетті Жекеше әріптестің қатысу дәрежесі

Әзірленген құжат

Құжатты әзірлеуге қатысқаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Әзірленген құжат үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К11

БАРЛЫҒЫ

Баға

      *қажет болған жағдайда көрсетіледі

      "Баға" Конкурстық өтінімнің өлшемшарттарын жалпы бағалауы әрбір Өлшемшарт бойынша алынған ұпайларды қосу жолымен анықталады:

                  Баға = К12345678+ К9 1011

      К1 – осы өлшемшарт бойынша негізгі мән Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес МЖӘ объектісінің құны болып табылады. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К2 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың негізгі мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К3 – бұл жағдайда білім беру объектілерін салу бойынша іске асырылған жобалардың тәжірибесі ескеріледі. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында іске асырылған жобалар тәжірибесі болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінім құрамында ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады;

      К4 – Әлеуетті Жекеше әріптес қосымша қабылдаған және/немесе берген тәуекелдер болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады;

      К5 – осы өлшемшарт бойынша базалық көрсеткіш Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы (көшелерді жарықтандыру желілері) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес МЖӘ объектісі құрылысының құны болып табылады;

      К6 – МЖӘ объектісін салу мерзімі ___ (санын көрсету) айдан көп қысқарған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінім құрамында ұсынған Конкурстық өтінімнің бағасы осы өлшемшарт бойынша "нөлге" тең болады;

      К7 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К8 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К9 – егер Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында құрылған жаңа заңды тұлға болып табылса, Конкурстық өтінімді бағалау үшін Конкурстық өтінімге МЖӘ объектісін салуды жүзеге асыратын ұйыммен ниет шартын, сондай-ақ ниет шартын жасасқан заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған, жұмыс өтілін, білімін көрсете отырып, жұмыскерлер тізімін қоса беру керек.

      К10 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К11 – әзірленген құжаттар болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 127 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 724 бұйрығына
6-қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы

      МЖӘ жобасының атауы:

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____

      келуге арналған дәрігерлік амбулаторияны қайта құру және пайдалану"

      МЖӘ объектісінiң орналасқан жері:

      __________________________________________________________________________

      (МЖӘ объектісінiң орналасқан жері көрсетіледі)

      Мемлекеттік әріптес:

      ______________________________________________________________

      (мемлекеттік әріптестің толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-сәйкестендіру

      нөмірін, банктік деректемелерін көрсету)

      Конкурсты ұйымдастырушы:

      __________________________________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірін, банктік деректемелерін көрсету)

      Конкурстық құжаттама пакетінің құны:

      __________________________________________________________________________

      (Конкурстық құжаттаманың теңгемен есептегендегі құнын көрсету не егер Конкурстық

      құжаттаманы бергені үшін ақы өндіріп алу көзделмесе, онда бұл тармақты мынадай

      редакцияда жазу қажет: "Конкурстық құжаттама тегін беріледі").

1. Анықтамалар

      1. Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімдік (ЖАО) – жергілікті атқарушы орган;

      2) әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі (бұдан әрі – Конкурстық өтінім) – Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурсқа қатысу үшін Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген нысан бойынша ұсынған құжаттар мен мәліметтердің жиынтығы;

      3) дайындық кезеңі – Үлгілік шарттың күшіне ену сәтінен бастап қайта құру жұмыстарын жүргізудің басталуына дейінгі, қаржылық жабу, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту, МЖӘ объектісін қайта құруға дайындықпен байланысты өзге мәселелерді шешу кезеңін қамтитын кезең;

      4) денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ Үлгілік шарты (бұдан әрі – Үлгілік шарт) – Конкурсты ұйымдастырушы Комиссия шешімінің негізінде Конкурс жеңімпазымен жасасатын шарт;

      5) денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы – Конкурс өткізудің Үлгілік шарттары мен тәртібін айқындау үшін әзірленген және Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестерге Конкурстық өтінімдерді дайындау және Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі Конкурсқа қатысу үшін ұсынатын Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      6) жекеше әріптес – Қазақстан Республикасының "МЖӘ туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына сәйкес, мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, Үлгілік шарт жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

      7) жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістер алу көздері – Жекеше әріптеске Қазақстан Республикасының "МЖӘ туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 9-бабында көзделген қаражатты Үлгілік шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде төлеу;

      8) заңнама – белгіленген тәртіппен қабылданған және Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы;

      9) комиссия – Заңнамада белгіленген тәртіппен құрылған, коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектісіне қатысты комиссия;

      10) конверт – Конкурстық өтінімнің тұтас және сақталған күйде берілуін қамтамасыз ететін қорап немесе ораудың өзге тәсілі;

      11) конкурс – "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____ келуге арналған дәрігерлік амбулаторияны қайта құру және пайдалану" МЖӘ жобасы бойынша жеңілдетілген конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі ашық конкурс;

      12) конкурсты ұйымдастырушы – "__________" мемлекеттік мекемесі;

      13) қағидалар – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген МЖӘ жобасын жоспарлау және іске асыру қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген);

      14) қызметті тұтынушылар – дәрігерлік амбулатория қызметтерін тұтынатын халық;

      15) мемлекеттік әріптес – "__________" мемлекеттік мекемесі атынан Қазақстан Республикасы;

      16) МЖӘ жобасы – __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____ келуге арналған дәрігерлік амбулаторияны қайта құру және пайдалану бойынша МЖӘ жобасы;

      17) МЖӘ объектісі – салынуы мен пайдаланылуы МЖӘ жобасын іске асыру аясында жүзеге асырылатын, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____ келуге арналған дәрігерлік амбулатория;

      18) МЖӘ объектісін қайта құру мерзімі – Үлгілік шартта және жобалау-сметалық құжаттамада МЖӘ объектісін қайта құруға көзделген, қайта құру жұмыстарының басталу күнінен аяқталу күніне дейін есептелетін мерзім;

      19) МЖӘ объектісін пайдалану – Жекеше әріптестің МЖӘ объектісін Үлгілік шартта айқындалған тәртіппен және шарттарда МЖӘ объектісінің мақсатына сәйкес, оның ішінде Қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы;

      20) МЖӘ объектісін салу – МЖӘ объектісін қайта құру, оның ішінде жаңа технологиялар, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру негізінде қайта құру, МЖӘ объектісінде өндірістік жабдық орнату, МЖӘ объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыстардың өзге түрлерін өндіру;

      21) мүліктік кешен – қайта құру және пайдалану Жобалау-сметалық құжаттамаға және Үлгілік шарт талаптарына сәйкес көзделетін, жер учаскесі және сол жерде орналасқан __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____ келуге арналған дәрігерлік амбулатория ғимараты;

      22) үздік Конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттары (бұдан әрі - өлшемшарттар) – Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген, оның негізінде Конкурсқа қатысушының Конкурстық өтінімі үздік деп танылатын өлшемшарттар;

      23) шарт жобасы – тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, МЖӘті іске асыру Үлгілік шарттарын айқындайтын Мемлекеттік әріптес және Жекеше әріптес арасындағы жазбаша келісім жобасы.

2. Жалпы ережелер

      3. Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы Әлеуетті Жекеше әріптестерге олардың Конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат ұсыну мақсатында әзірленген.

      4. Конкурс Заңға, Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өткізіледі.

      5. МЖӘ жобасының сипаттамасы Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшада көрсетілген.

      Техникалық параметрлер бойынша егжей-тегжейлі сипаттамалар Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамаға қоса берілген жобалау-сметалық құжаттамада/Үлгілік жобада/Үлгілік жобалық шешімдерде/қайталап қолдану жобасында (керегін көрсету) көзделген.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 154-3-бабының 7-тармағына сәйкес, Жекеше әріптес Үлгілік шартта белгіленген мерзімде қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы/Үлгілік жобаны/Үлгілік жобалық шешімдерді/қайталап қолдану жобасын (керегін көрсету) МЖӘ жобасының нақты алаңына байланыстыруды МЖӘ жобасының тұжырымдамасында қамтылған маркетингтiк және қаржылық-экономикалық параметрлерді ескере отырып жүзеге асырады.

      6. МЖӘ объектісін қайта құруға және пайдалануға қойылатын талаптар Шарт жобасында келтірілген.

3. Конкурстық комиссия

      7. Конкурстық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Әкімдіктің "Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық комиссияны құру туралы" 20__ жылғы "__" __________ №___ қаулысымен құрылған Комиссия жүзеге асырады.

      8. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестер ұсынған Конкурстық өтінімдерді құжаттардың толықтығы мен тиісті ресімделуі, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау мен іріктеу;

      2) Конкурстық өтінімдерді қарау және үздік Конкурстық өтінімді анықтау;

      3) МЖӘ жобасын және Шарт жобасының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізу;

      4) Конкурс қорытындысы бойынша Конкурстық өтінімді бекіту және өтінім берушіні Конкурс жеңімпазы деп тану болып табылады.

      9. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:

      1) Комиссияның отырыстарына шақыруға және Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

      2) МЖӘ жобасының проблемалық мәселелерін талдау мен зерделеу үшін қажеттілігіне қарай мамандарды, сарапшыларды және ғалымдарды тартуға;

      3) Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқылы.

      10. Комиссияны төраға - _____________ әкімі/әкімінің орынбасары басқарады. Комиссия төрағасы Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Комиссияның қызметіне жеке жауапкершілікке ие болады.

      11. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оның тапсырмасы бойынша Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі орындайды.

      12. Комиссия құрамына __________ әкімінің орынбасарлары, білім беру, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының бірінші басшылары, сондай-ақ "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

      13. Комиссияның жұмыс органы Конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.

      14. Комиссияның жұмыс органы қызметті ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      15. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайтын және отырыс хаттамасын ресімдейтін Конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады.

      16. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі болған жағдайда заңды деп есептеледі.

      17. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері дауыстарының басым көпшілігі берілген жағдайда қабылданған болып есептеледі және міндетті түрде Комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері және Комиссияның хатшысы қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      18. Комиссия мүшелерінің айрықша пікірге құқығы бар, ол берілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның хаттамасына қоса берілуі тиіс.

      19. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жұмыс органы мүдделі тұлғаларды қарау нәтижелері туралы хабардар етеді.

      20. Комиссия өз қызметін Әкімдік қаулысының негізінде тоқтатады.

4. Конкурс өткізудің негізгі іс-шаралары

      21. Конкурс заңнамаға және Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 2-қосымшаға сәйкес негізгі шараларды көздейді.

5. Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының мазмұны

      22. Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) Әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар, Үлгілік КҚ 3-қосымшаға сәйкес, жекеше әріптестер олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізіміне сәйкес ұсынылады;

      2) МЖӘ объектісінің орналасқан жері (Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымша);

      3) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың болжанатын түрлері мен көлемдері, сондай-ақ шығындарды өтеу мен кірістерді алу көздері;

      4) МЖӘ Үлгілік шартының жобасы;

      5) үздік Конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарының сипаттамасы;

      6) МЖӘ жобасының параметрлері көрсетілуге тиіс валютаны көрсету және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын валюта бағамы;

      7) Конкурстық өтінім берілетін тілге қойылатын талаптар;

      8) Әлеуетті Жекеше әріптестің өз Конкурстық өтінімін Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына нұсқау;

      9) Конкурстық өтінімнің мазмұны, Конкурстық өтінімдерді ұсыну тәсілі, орны, мерзімі және олардың қолданылуы, сондай-ақ Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары;

      10) Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының мазмұны бойынша түсіндірулерді алу тәсілдері;

      11) Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімдері, орны, күні мен уақыты.

      23. Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген.

      24. Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының қолданылу мерзімі оны бекіткен күннен бастап ___ (жазумен көрсету, бірақ үш жылдан көп емес) жыл.

      25. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестерге Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) не басқа да электрондық тәсілмен ұсынады. Қағаз жеткізгіште ұсынылған кезде Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы түпнұсқадан (Конкурсты ұйымдастырушы әрбір бетіне қол қойған, бекітілген және келісілген конкурстық құжаттамадан) көшірме түрінде беріледі. Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесі Әлеуетті Жекеше әріптестің өкілдеріне тегін/____________ (жазумен көрсету) теңгеге (керегін көрсету) және Конкурсты ұйымдастырушының тиісті журналға міндетті түрде тіркеуі арқылы беріледі.

      26. Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында және оның қосымшаларында көзделген МЖӘ объектісінің техникалық параметрлері Конкурстық өтінімдерді дайындау және ұсыну кезінде Әлеуетті Жекеше әріптестер үшін міндетті болып табылады.

      27. Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көзделген шарттармен және Конкурсты өткізумен байланысты даулар Заңнаманың талаптарына және Үлгілік шартта келісілген дауларды шешу рәсімдеріне сәйкес келіссөздер жолымен шешіледі.

      28. Егер Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көзделген шарттармен, Конкурсты өткізумен байланысты даулар Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 27-тармағына сәйкес шешілмейтін болса, онда Тараптар дауды заңнаманың талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Төрелiк туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Заңына сәйкес халықаралық төрелікке жүгіну жолымен шешуге құқылы.

6. Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру және талқылау

      29. Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын алған тұлғалар, қажет болған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушыға Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жүгінеді. Конкурс қайта өткізілген жағдайда Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын алған тұлғаларды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғалар, қажет болған жағдайда, Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей жүгінеді.

      30. Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы не жазбаша түрде, қағаз жеткізгіште, бір данада, мемлекеттік немесе орыс тілінде не мемлекеттік немесе орыс тіліне нақты (нотариалды куәландырылған) аудармасын қоса берумен өзге тілде ұсынылады. Әлеуетті Жекеше әріптестің сұрау салуы Конкурсты ұйымдастырушыға жөнелтілуі және мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, _______________ облысы, ____________ қаласы, _______ көшесі, №__, "__________" мемлекеттік мекемесі , №____ кабинетке бағытталуы тиіс. Сұрау салу заңнаманың талаптарына сәйкес жақайта құруы және сұрау салу түсіп отырған Әлеуетті Жекеше әріптестің атауынан және жауап жіберілуі тиіс мекенжайдан тұруы тиіс.

      31. Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салуды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап жібереді және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпестен:

      1) мұндай түсіндіруді Конкурсты ұйымдастырушы Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге хабарлайды;

      2) Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіруді арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы жібереді не түсіндірудің мәтінін "______________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      32. Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру үшін Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестермен 20__ жылғы "__" __________ __:00 сағатта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, _______________ облысы, ____________ қаласы, _______ көшесі, №__ кабинетте кездесу өткізеді.

      33. Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесу қорытындысы бойынша Конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған дереккөздерді көрсетпестен, Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын түсіндіру туралы сұрау салулардан, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптардан тұратын хаттама жасайды.

      34. Әлеуетті Жекеше әріптестермен кездесудің хаттамасына Конкурсты ұйымдастырушының атынан өкілдік ететін тұлғалар, сондай-ақ Әлеуетті Жекеше әріптестер немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды.

      35. Аталған хаттаманың көшірмесін Конкурсты ұйымдастырушы оны ресімдеген және қол қойған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және Конкурсты ұйымдастырушы Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге жібереді.

      Конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттама арнайы құрылған интернет-ресурста (веб-портал) орналастырылады не "______________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      36. Егер Әлеуетті Жекеше әріптестермен Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру бойынша кездесу Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 32-тармағында белгіленген уақыт пен күні Әлеуетті Жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен болмай қалса, Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы факт туралы Комиссияға жазбаша хабарлайды.

      37. Әлеуетті Жекеше әріптестерден МЖӘ жобасының қаржылық, заңды және өзге де қажетті параметрлері, мемлекеттік қолдау шаралары, Жекеше әріптесті және өзге де шешімдерді іріктеу өлшемшарттары бойынша оңтайлы шешімдерді қалыптастыру мақсатында ұсыныстар түскен жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы мүдделі Әлеуетті Жекеше әріптестердің әрқайсысының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, қажет болған жағдайда бәсекелі диалог ұйымдастырады. Заңнамаға сәйкес, бәсекелі диалогқа қатысушылардың барлығы оны жүргізу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

7. Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу

      38. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей, ал конкурсты қайтадан өткізген кезде – күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей өз бастамасымен немесе Әлеуетті Жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізе алады.

      39. Конкурсты ұйымдастырушы Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге Конкурстық құжаттамаға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мәтінін жолдайды. Бұл ретте Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімін Әлеуетті Жекеше әріптестердің Конкурстық өтінімдердегі өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескеруі үшін, кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзіміне, ал Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс қайта өткізілген кезде, кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзіміне ұзартады.

      40. Енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар міндетті күшке ие болады.

      41. Конкурстық құжаттамаға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қолдаудың түрлері және көлемдері, сондай-ақ Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері

      42. Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру кезеңінде Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын алуға, шығындарды өтеуге және кірістер алуға (керегін көрсету) құқығы бар.

      43. Мемлекеттік қолдау шараларын төлеудің, шығындарды өтеудің және кірістер алудың (керегін көрсету) мөлшері, тәртібі және мерзімдері заңнамаға сәйкес Үлгілік шартта белгіленеді.

9. Біліктілік іріктеу

      44. Заңның 32-бабына сәйкес, Конкурсқа қатысу үшін Әлеуетті Жекеше әріптес мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:

      1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;

      2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

      3) Үлгілік шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

      4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпау, оның мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, заңнамаға сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;

      5) соңғы үш жыл ішінде жасалған МЖӘ Үлгілік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз Әлеуетті Жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.

      45. Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын меншікті қаражатымен немесе қарыз қаражатын тарту арқылы қаржыландыруға құқылы.

      46. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік талаптарына қатысты емес ақпаратты ұсынбауға құқылы.

      47. Әлеуетті Жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну 20 __ жылғы "___"__________ ___:00 сағатқа дейін жүзеге асырылады.

      48. Қағидаларға сәйкес, Әлеуетті Жекеше әріптес оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Конкурсты ұйымдастырушыға Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 3-қосымшада келтірілген құжаттарды ұсынады.

      49. Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік талаптарына сәйкестікке анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, сот оны жосықсыз Әлеуетті Жекеше әріптес деп таныған кезден бастап кейінгі үш жыл бойы Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      50. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттың анықтығын Комиссия, Конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар Конкурсты өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.

      51. Әлеуетті Жекеше әріптестің біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсыну фактісін анықтаған тұлғалар осындай факт анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Конкурсты ұйымдастырушыны және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды анық емес ақпарат ұсыну фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін хабарламаға қоса бере отырып, бұл туралы жазбаша хабардар етеді және Қағидаларға сәйкес шаралар қабылдайды.

      52. Конкурсты ұйымдастырушы біліктілік іріктеуді Әлеуетті Жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу арқылы құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      53. Әлеуетті Жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарда талаптарға сәйкес келмеулер анықталған жағдайда Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске анықталған сәйкессіздіктерді жою туралы 10 (он) күнтізбелік күн ішінде хабарлайды.

      Хабарламаны жолдаған күннен бастап және тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін біліктілік іріктеуді өткізу мерзімдері тоқтатылады.

      Тиісті құжаттарды хабарламада белгіленген мерзімнен кеш ұсынған Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік іріктеуден өтпеген деп танылады.

      54. Конкурсты ұйымдастырушы бағалау нәтижелерін біліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Әлеуетті Жекеше әріптестерге жолдайды.

      55. Біліктілік іріктеуден өткен Әлеуетті Жекеше әріптес Заңның 34-бабына сәйкес Конкурсқа қатысушы деп танылады.

10. Конкурсқа қатысуға байланысты шектеулер

      56. Заңның 33-бабына сәйкес, Әлеуетті Жекеше әріптес егер:

      1) осы Әлеуетті Жекеше әріптес басшыларының және (немесе) осы Әлеуетті Жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) немесе жекжаттарының Жекеше әріптесті айқындау туралы шешім қабылдау құқығы болса не Конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      2) Әлеуетті Жекеше әріптестің баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;

      3) Әлеуетті Жекеше әріптестің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің қаржылық-шаруашылық қызметі Заңнамаға не Әлеуетті Жекеше әріптес-Қазақстан Республикасының бейрезиденті мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, Конкурсқа қатысуға құқылы емес.

      57. Әлеуетті Жекеше әріптес пен Әлеуетті Жекеше әріптестің үлестес тұлғасының Жекеше әріптестің айқындауы бойынша бір Конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.

11. Конкурстық өтінім

      58. Конкурсқа қатысу үшін Әлеуетті Жекеше әріптестер Конкурсты ұйымдастырушыға Заңнаманың және Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес дайындалған және ұсынылған Конкурстық өтінімдерді ұсынады.

      59. Конкурстық өтінім Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша ресімделеді және оның ішінде мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) қаржылық-экономикалық шешімдер (ұсыныстар):

      қаржылық-экономикалық модель;

      МЖӘ жобасының тәуекелдерін бөлу және бағалау;

      МЖӘ жобасына салынатын меншікті және қарыз қаражаттарының көлемі.

      2) технологиялық және басқа шешімдер (ұсыныстар):

      МЖӘ объектісін пайдалану процесінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша шешімдерді қамтитын жаңа технологияларды тарту;

      қаржылық жабу кезеңінің аяқталу күнінен бастап есептелетін МЖӘ объектісін қайта құру мерзімі;

      жергілікті қамту бойынша міндеттемелер (МЖӘ объектісін қайта құру және пайдалану кезеңінде);

      денсаулық сақтау саласында іске асырылған жобалар тәжірибесі;

      білікті мамандардың болуы.

12. Конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету

      60. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:

      1) Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және/немесе толықтырмайтынына;

      2) оны Конкурстың жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, Шарт жасасатындығына кепіл ретінде енгізеді.

      61. Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету Үлгілік шарт бойынша болжанған инвестициялардың құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      62. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) "__________" мемлекеттік мекемесі

      __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), ______ көшесі, ___

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________

      Жеке сәйкестендіру коды _______________      

      "ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің __________ бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесі

      Банктік сәйкестендіру коды __________ шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;

      2) банк кепілдігін таңдайды.

      63. Әлеуетті Жекеше әріптестің оның Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      64. Мына:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін Конкурстық өтінімді кері қайтарып алған не өзгерткен және/немесе толықтырған;

      2) Конкурс жеңімпазы болып айқындалған Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ Үлгілік шартын жасасудан жалтарған жағдайларды қоспағанда, Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптес енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

      Осы тармақта көзделген жағдайлардың бірі орын алған кезде Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

      65. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске ол енгізген Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі орын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) осы Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып алуы;

      2) Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай Конкурсқа қатысушылар деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптестерге қолданылмайды;

      3) Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай Конкурс жеңімпазы болып айқындалған Конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      4) Үлгілік шарттың күшіне енуі;

      5) Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімінің өтуі.

13. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттарды ресімдеу және енгізу тәртібі

      66. Конкурстық өтінімді Әлеуетті Жекеше әріптестер Конкурстық құжаттаманың 78-тармағында көрсетілген, оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін тігілген, беттері нөмірленген және әрбір бетіне қол қойылған, соңғы бетіне қолы мен мөрі қойылған түрінде жабылған Конвертте ұсынады.

      67. Конверт:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешіккен" болып жарияланатын болса, Конкурстық өтінімді ашпай, кері қайтару мақсатында);

      2) Конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен мекенжайы:

      "__________" мемлекеттік мекемесі , Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), _________ көшесі, __, №___ кабинет, тел. 8 (____) __-__-__;

      3) конкурстың атауы:

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) АУЫСЫМЫНА ____ КЕЛУГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ" МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ ТАҢДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС";

      4) сондай-ақ: "20__ ЖЫЛҒЫ "__" ______ __-00 САҒАТҚА ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" мәтіні көрсетіле отырып, Конкурсты ұйымдастырушыға жолдануы тиіс.

      68. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді Әлеуетті Жекеше әріптестер не олардың уәкілетті өкілдері Конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошта байланысын пайдалану арқылы ұсынады.

      69. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдері бар конверттерді Конкурстық құжаттамада белгіленген мерзім ішінде қабылдайды және оларды ұсыну сәтінен бастап Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады.

      70. Конвертке Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың тізімдемесі де салынады. Тізімдеме Конкурстық құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкес тілде ұсынылуы, оған Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысы не бірінші басшының міндетін атқарушы не уәкілетті өкілі қол қоюы және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен расталуы тиіс.

      71. Қаржылық-экономикалық модельді қоспағанда, Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттар және Конкурсқа ұсынылатын өзге де құжаттар жазбаша (баспа) және электронды түрде, оның ішінде сканерленген түрде ұсынылуы тиіс.

      72. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес атынан өтінімі бар Конвертті ұсынған Әлеуетті Жекеше әріптестің өкілінің өкілеттігін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;

      2) тиісінше ресімделген Конкурстық өтінімдері бар Конверттерді қабылдайды және Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;

      3) Конкурстық өтінімдерді ұсынудың мерзімі өткенге дейін Конкурстық өтінімге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;

      4) Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін ол қайтарылған жағдайда, Конкурстық өтінімнің қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      73. Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі мынадай:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес осы Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімді бұрын берген;

      2) Конкурстық өтінім осы Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбайды.

      74. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынатын, шетелдік құқық нормалары бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдары белгілеген нысан бойынша берілген, жасалған немесе куәландырылған барлық құжаттарды Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі заңдастыруы не 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес апостиль қою арқылы куәландырылуы тиіс. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен осы рәсім көрсетілген құжаттарға қатысты алынып тасталған немесе жеңілдетілген болса, ұсынылатын құжаттарды заңдастыру немесе оларға апостиль қою талап етілмейді.

14. Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттарды және Конкурсқа ұсынылатын өзге де құжаттарды жасау тіліне қойылатын талаптар

      75. Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі және Конкурсқа ұсынылатын барлық өзге құжаттар тілдер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс.

      76. Құжаттар оларға орыс тіліне апостиль қойылған дұрыс аудармасы қоса берілген жағдайда (олай болмаған жағдайда құжат ұсынылмаған болып танылады) басқа тілде жақайта құруы және ұсынылуы мүмкін.

      Құжат бойынша мәліметтерді интерпретациялау жөнінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда __________ (керегін көрсету) тіліндегі құжаттар басымдыққа ие болады.

15. Конкурстық өтінімдегі есептеулер үшін пайдаланылатын валютаға қойылатын талаптар

      77. МЖӘ объектісін қайта құру құны, қаржылық-экономикалық модель, Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері, мемлекеттік қолдау түрлерінің көлемдері және Конкурстық өтінімдегі басқа да көрсеткіштер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептелуі тиіс.

16. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі

      78. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі – Астана қ. (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша 20__ж. "__" _______ сағат __:00 дейін.

      79. Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған Конкурстық өтінімі бар конверт Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және Конкурсқа қатысу өтінімдері бар конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша Әлеуетті Жекеше әріптеске не Әлеуетті Жекеше әріптестердің тиісті уәкілетті өкілдеріне алу туралы қолхатпен жеке қайтарылады.

17. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі

      80. Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қоса алғанда, Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап кемінде ___ (жазбаша түрде көрсету) күнтізбелік күн мерзімді құрайды.

      81. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінен асып кетпеуі тиіс. Осындай асып кету болған жағдайда Конкурстық өтінім кері қайтарылады.

      82. Егер Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Мемлекеттік әріптес пен Конкурстық өтінімі үздік деп анықталған Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын және МЖӘ Үлгілік шартының талаптарын нақтылау жөніндегі келіссөздерді аяқтамаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Комиссия шешімінің негізінде Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қоса алғанда, өзінің Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімін ұзартады.

      83. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту үшін, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурсты ұйымдастырушының атына, мыналарды:

      1) ол берген Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін ұзартуға айқын көрінетін келісімді;

      2) Конкурстық өтінімнің қолданылуы ұзартылатын мерзімді;

      3) осы құжатқа қол қою күнін;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің немесе оның уәкілетті өкілінің қолын және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.

      Бұл хабарлама Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көрсетілген, Конкурсқа қатысу үшін қойылатын құжаттарды ресімдеу және жасау талаптарына сәйкес жақайта құруы тиіс.

18. Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін Конкурстық өтінімді өзгерту, кері қайтарып алу

      84. Әлеуетті Жекеше әріптес осы Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 78-тармағында көрсетілген, Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:

      1) енгізілген Конкурстық өтінімді өзгерте және/немесе толықтыра;

      2) өзі енгізген Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып ала алады.

      Конкурстық өтінімге өзгертулер оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін енгізілмейді.

      85. Әлеуетті Жекеше әріптестер өзгертілген Конкурстық өтінімді бұрын ұсынылған Конкурстық өтінім сияқты дайындайды, мөр басады және Конвертте:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайын;

      2) Конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайын:

      "_______________________________________________" мемлекеттік мекемесі , Қазақстан Республикасы, _______________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), _________ көшесі, __, №___ кабинет, тел. 8 (____) __-__-__;

      3) құжаттың атауын: "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) АУЫСЫМЫНА ____ КЕЛУГЕ АРНАЛҒАН ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯНЫ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ" МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ ТАҢДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСТЫҢ ӨЗГЕРТІЛГЕН КОНКУРСТЫҚ ӨТІНІМІ";

      4) сондай-ақ: "20__ ЖЫЛҒЫ "__" ______ __-00 САҒАТҚА ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" сөздерін көрсете отырып ұсынады.

      86. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушының атына Әлеуетті Жекеше әріптес қол қойған және мөр қойылған еркін түрде ресімделетін Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама жолданады.

      Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін қайтарған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске ол енгізген қамтамасыз етуді Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама алған күннен бастап __ (жазбаша түрде көрсету) жұмыс күнінің ішінде қайтарады.

19. Конкурстық өтінімдерді ашу, қарау және іріктеу

      87. Комиссия Конкурстық өтінімдері бар конверттерді Астана қ. (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша 20_____ж. "___" _____ ___:00 сағатта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, __________________ қ., ____________ көшесі, "_________________________" мемлекеттік мекемесі ғимаратында, ____ қабат, № ______ кабинетте ашады.

      88. Конкурсты ұйымдастырушыға, Комиссия көпшілігі болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен Конкурстық өтінімдерді ашу орны, өткізілетін уақыты мен күні туралы Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.

      89. Енгізілген өзгерістер міндетті күшке ие болады және олар туралы Конкурсты ұйымдастырушы Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға дереу хабарлайды.

      90. Конкурсты ұйымдастырушы барлық мүдделі тұлғаларға жоғарыда көрсетілген өзгерістер туралы арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы хабарлайды не "____________________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында ақпарат орналастырады.

      91. Конкурстық өтінімдері бар конверттер Комиссияның қарапайым көпшілігінің, Конкурсты ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, сондай-ақ Әлеуетті Жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашылады.

      92. Комиссия хатшысы не төраға Комиссия мүшелерінің арасынан анықтаған тұлға Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашады және барлық қатысушылардың алдында өтінімдегі құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді.

      93. Комиссия барлық Конкурстық өтінімдерді қарайды. Егер бір ғана Конкурстық өтінім ұсынылған жағдайда, берілген өтінімді Комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.

      94. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына төраға және отырысқа қатысқан барлық Комиссия мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы әрбір бетіне қол қояды.

      95. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі комиссияның отырысына қатысқан Әлеуетті Жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Комиссияның аталған отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      96. Комиссия отырысын өткізбей тұрып, Конкурстық өтінімдерді қарауға жол берілмейді.

      97. Бұл ретте осындай Конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және осы Конкурсқа енгізілген, қалған Конкурстық өтінімдердің арасынан үздік Конкурстық өтінім қайтадан таңдалады.

20. Конкурстық өтінімдерді іріктеу өлшемшарттары

      98. Конкурстық өтінімдерді қарау және іріктеуді Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 5-қосымшада келтірілген өлшемшарттарды және олардың параметрлерін ескере отырып, Комиссия жүзеге асырады.

      99. Өлшемшарттар олардың әрқайсысы бойынша тиісті ұпайлар (үлестік немесе пайыздық мән) беру арқылы бағаланады.

21. Әлеуетті Жекеше әріптеспен келіссөздер, Шарт жасасу

      100. Комиссия Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптеспен МЖӘ жобасын және Үлгілік шарттың талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізеді.

      101. Келіссөздер жүргізу кезеңінде МЖӘ жобасы және Үлгілік шарт бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Комиссия жазбаша нысанда Әлеуетті Жекеше әріптеске жібереді.

      Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша Комиссия шешім қабылдайды.

      102. Келіссөздер барысында Конкурс шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      103. Егер Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптес Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес Конкурстық өтінімді және Үлгілік шарттың талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсыныстары Конкурс шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, онда Комиссия бұл Конкурстық өтінімді қарамайды және үздік Конкурстық өтінімді жаңадан таңдайды.

      Бұл ретте осындай Конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және бұл Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстың жеңімпазы болып танылмайды.

      104. Конкурстың жеңімпазы болып Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Конкурсқа қатысушы танылады.

      105. Конкурсты ұйымдастырушы Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде, үздік Конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттама көшірмелерін қоса бере отырып:

      1) Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде келісетін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға;

      2) Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде келісетін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға келісуге жолдайды.

      106. Шарт жобасын келісулерді ескере отырып, Конкурстың қорытындысы бойынша Комиссияның шешімімен Конкурстық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші Конкурстың жеңімпазы болып танылады.

      107. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      108. Үлгілік шарт жасасу мерзімі Конкурс қорытындыланған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайды.

  Денсаулық сақтау саласындағы
(дәрігерлік амбулатория)
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
1-қосымша
  Нысан

МЖӘ объектісінің сипаттамасы

МЖӘ жобасының атауы

"__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____ келуге арналған дәрігерлік амбулаторияны қайта құру және пайдалану"

МЖӘ жобасының қысқаша сипаттамасы

МЖӘ жобасының мәні көрсетіледі

Мемлекеттік әріптес

"__________" мемлекеттік мекемесі ,
Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ көшесі, №___ үй, №___ кабинет
Банктік сәйкестендіру коды: __________
Банктік деректемелер: __________

МЖӘ объектісі

Ауысымына _____ келуге арналған дәрігерлік амбулатория

МЖӘ объектісінің орналасқан жері

Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ (мекенжай немесе орналасқан жердің сипаттамасы)

МЖӘ жобасын іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

Қайта құру мерзімі – 20_ - 20_ жылдар (_ ай)
Пайдалану мерзімі –20_-20_жыл (_ жыл)
Шарт мерзімі – 20_-20_ жылдар (_ жыл)

МЖӘ жобасының құны

МЖӘ объектісін қайта құру құны: __________ теңге,
оның ішінде:
- құрылыс-монтаждау жұмыстары – __________ теңге;
- жабдық – __________ теңге;
- өзге шығыстар – __________ теңге.

Мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемдері

Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қолдаудың түрлері және көлемдері (егер болса) көрсетіледі

Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері

Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес шығындарды өтеу және кірістер алу көздері (егер болса) көрсетіледі

Байланыс деректері

Конкурсты ұйымдастырушының тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), лауазымы, байланыс телефоны мен электрондық поштасының мекенжайы (мекенжайлары) көрсетіледі

  Денсаулық сақтау саласындағы
(дәрігерлік амбулатория)
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
2-қосымша
  Нысан

Негізгі іс-шаралар

р/с

Іс-шаралар атауы

Іс-шараларды өткізу мерзімі
(уақыт пен күн Қазақстан Республикасы, Астана қаласының уақыты бойынша белгіленген)

1

Конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бір уақытта хабарлауымен Конкурсты өткізу туралы жариялауы (ақпарат Конкурсты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады)

20__ж. "__" _______
(Конкурсты өткізу күніне дейін кемінде 60 (алпыс) күнтізбелік күн бұрын, ал Конкурс қайта өткізілген кезде – кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын

2

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға Конкурсты ұйымдастырушының Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін ұсынуы

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап

3

Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіру, талқылау және түзету

20__ жылғы "___"______ кешіктірмей
(сұрауды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде)

4

Әлеуетті Жекеше әріптестердің олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастыратын Әлеуетті Жекеше әріптестер тізілімінен Әлеуетті Жекеше әріптестер біліктілік іріктеу жүргізілместен жіберіледі

20__ж. "__"________ __:00 сағаттан кешіктірмей
(Конкурс жарияланғаннан кейін кемінде 20 (жиырма) күнтізбелік күн)

5

Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізуі арқылы біліктілік іріктеуін жүргізуі

құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

6

Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптестерді бағалау нәтижелерін жіберуі

біліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде

7

Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімді, сондай-ақ Конкурстық өтінімнің қамтамасыз етуін енгізуі

Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттаманы алған сәттен бастап 20__жылғы "__"________ __:00 сағатқа дейін

8

Комиссияның Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашуы

20__ жылғы "__" _______ __:00 сағат

9

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның отырысына қатысқан Жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне жіберу.
Қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрауы бойынша

Комиссияның тиісті отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей
сұрау алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей

10

Комиссияның Конкурстық өтінімдерді қарауы

Біліктілік іріктеу нәтижелерін есепке ала отырып, Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде

11

Комиссияның Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптеспен келіссөздердің тиісті хаттамасын ресімдей отырып, МЖӘ жобасын және Үлгілік шарт талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізуі

20__ж. "__"________ __:00 сағат

12

Конкурсты ұйымдастырушының үздік Конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттаманың көшірмесін қоса берумен, Шарт жобасын, оның ішінде оған түзетулер және/немесе толықтырулар енгізген кезде мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға келісуге жолдауы

20__ж. "___"_____ дейін

13

Конкурстың жеңімпазын айқындау

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

14

Тиісті бюджет комиссияларының қарауына МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін шығару

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

15

Тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

16

Мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу және енгізу

тиісті бюджет комиссиясының шешімі шығарылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

17

Комиссияның шешімінің негізінде, мәслихаттың шешімін қабылдау қорытындылары бойынша Конкурсты ұйымдастырушының Конкурстың жеңімпазымен Шарт жасасуы

Конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен көп емес

18

Конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді Конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бір уақытта хабарлай отырып, өзінің ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруы

Үлгілік шарт жасасқаннан кейін ___ (жазбаша түрде көрсету) күн ішінде

  Денсаулық сақтау саласындағы
(дәрігерлік амбулатория)
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
3-қосымша
  Нысан

Әлеуетті Жекеше әріптестердің өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растауы үшін ұсынатын құжаттар тізбесі

      Әлеуетті Жекеше әріптестер біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) есепшоттарында ақшаның болуын, Әлеуетті Жекеше әріптестің меншік құқығын және жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері;

      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманың талаптарына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Аса маңызды МЖӘ жобаларына қатысты, егер Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттаманы осындай Әлеуетті Жекеше әріптестің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынады;

      3) Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) "Негізгі құралдар" бухгалтерлік балансының баптарының таратылып жазылуы;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған, олардың қалыптасқан және болжамды өтеу күндері, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомасы көрсетілген соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыз Үлгілік шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестелерімен қоса беру қажет;

      5) Әлеуетті Жекеше әріптестің төлем қабілеттілігі, оның таратылуға жатпайтыны, мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағаны, Әлеуетті Жекеше әріптестің жасалған МЖӘ шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағаны туралы кепілхат;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті де ұсынады;

      7) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға нотариалды расталған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған заңдастырылған үзіндіні ұсынады;

      8) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;

      9) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, нотариалды куәландырылған жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады;

      10) Әлеуетті Жекеше әріптеске қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі қойылған анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам Әлеуетті Жекеше әріптес міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің Үлгі шот жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы. Егер Әлеуетті Жекеше әріптес бірнеше екінші деңгейдегі банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюро беретін кредиттік есепті ұсынуға рұқсат етіледі.

      Банктің анықтамасы (не кредиттік есеп) конкурсты ұйымдастырушыға құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы екі айдан бұрын берілмейді.

      Конкурсқа жеке және (немесе) қарапайым серіктестік нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері қатысқан жағдайда оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды қоса ұсынулары қажет:

      бірлескен қызмет туралы Үлгілік шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      қарапайым серіктестік мүшелері арасында жасалған ортақ жауапкершілік туралы Үлгілік шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      конкурс шеңберінде келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға қарапайым серіктестік атынан әрекет ететін оның өкіліне арналған сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

      Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды Әлеуетті Жекеше әріптестер өз қалауы бойынша ұсынады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент Әлеуетті Жекеше әріптесі біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын құжаттарды не конкурстық құжаттаманың тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған аудармамен Қазақстан Республикасының бейрезиденті Әлеуетті Жекеше әріптестің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай ақ резиденттіктің апостиль қойылған сертификатын (егер халықаралық Үлгілік шартта өзгеше көзделмесе) ұсынады.

      МЖӘ объектісі ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер болған жағдайда Әлеуетті Жекеше әріптес ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық жүйелерге меншік және (немесе) ие болу құқығы туралы құжаттарды ұсынады.

  Денсаулық сақтау саласындағы
(дәрігерлік амбулатория)
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
4-қосымша
  Нысан

Конкурстық өтінім

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____ келуге арналған дәрігерлік амбулаторияны қайта құру және пайдалану" МЖӘ жобасы бойынша оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманы қарап, ______________________ (Әлеуетті Жекеше әріптес көрсетіледі) осы Конкурстық өтінімге сәйкес МЖӘ Үлгілік шарты бойынша Жекеше әріптестің міндеттемелерін орындауды ұсынады.

      Осы Конкурстық өтінім Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен бастап кемінде 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн қолданылады.

      Конкурстық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда, біз МЖӘ Үлгілік шартын ескертпелерсіз және шектеу талаптарынсыз конкурстық құжаттаманың Үлгілік шарттарына сәйкес ресімдеуге және қол қоюға міндеттенеміз.

      Біздің өз Конкурстық өтінімімізді қайтарып алмайтынымыздың не конкурстық құжаттамада көрсетілген Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзгертпейтініміздің және (немесе) толықтырмайтынымыздың және бізді конкурс жеңімпазы деп айқындаған жағдайда МЖӘ Үлгілік шартын жасайтынымыздың кепілі ретінде_____________________(мөлшері көрсетіледі) мөлшерінде Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгіземіз.

      Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету ретінде біз _________________ (Заңның 39-бабының 4-тармағына сәйкес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің түрі көрсетіледі) таңдап алдық.

      Осы Конкурстық өтінімде ұсынылған ақпараттың анық болып табылатынын растаймыз.

      Осы Конкурстық өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: _________________ (Конкурстық өтінімге қоса берілетін құжаттар көрсетіледі).

      ______________________

      (Әлеуетті Жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) және лауазымы, мөрі (болған жағдайда)

      ______________________

      (Конкурстық өтінімнің берілген орны және күні).

  Денсаулық сақтау саласындағы
(дәрігерлік амбулатория)
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
5-қосымша
  Нысан

Үздік Конкурстық өтінімді іріктеу өлшемшарттары және бағалау параметрлері

Р/с №

Өлшемшарт атауы

Өлшемшарттың шекті (негізгі) мәні

Бағалау тәсілі

Көрсеткіштің Үлгілік шартты белгісі

1

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер төлемдерінің көлемі

_______ (санын көрсету) теңге

Мемлекеттік міндеттемелер (инвестициялық шығындар өтемақысы) төлемдері көлемінің азаюының әрбір ___ (санын көрсету) % ___ (санын көрсету) үшін ұпай қосылады*.
Мемлекеттік міндеттемелер (инвестициялық шығындар өтемақысы) төлемдері көлемінің ұлғаюының әрбір ___ % (санын көрсету) ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі*.

К1

2

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу мерзімі

__ (санын көрсету) жыл

Мемлекеттік міндеттемелерді (инвестициялық шығындар өтемақысын) төлеу мерзімінің ұлғаюының әрбір ___ (санын көрсету) жылына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады*
Мемлекеттік міндеттемелерді (инвестициялық шығындар өтемақысын) төлеу мерзімінің азаюының әрбір ___ (санын көрсету) жылына ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі*

К2

3

Іске асырылған жобалар тәжірибесі (объектілерді қайта құру, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану (өздігінен не қатысушы ретіндегі өзге тұлғалармен бірге) МЖӘ Үлгілік шартындағы объектіге ұқсас тәжірибенің бар болуы)

іске асырылған жобалардың саны

Іске асырылған әрбір жобаға ___ (санын көрсету) ұпай қосылады.

К3

4

Жекеше әріптестің өзіне қабылдайтын тәуекелдері

Үлгілік шартқа сәйкес тәуекелдерді бөлу

Жекеше әріптес қосымша қабылдаған әрбір тәуекел үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады
Мемлекеттік әріптеске қосымша берілген әрбір тәуекел үшін ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі

К4

5

МЖӘ жобасын іске асыру үшін тартуға жататын Жекеше әріптестің қаражат көлемі

МЖӘ объектісін қайта құру құны

Меншікті қаражат көлемінің әрбір ___ (санын көрсету) % ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К5

6

МЖӘ объектісін қайта құру мерзімдері

___ (санын көрсету) ай

Осы өлшемшарт бойынша мерзімді қысқартудың әрбір айына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К6

7

Кадрлардағы жергілікті қамту үлесі

персоналдың штаттық санынан ___ (санын көрсету) %

Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % азайғаны үшін ___ (санын көрсету) шегеріледі

К7

8

Тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі

сатып алынатын тауарлардан, жұмыстардан және қызметтерден ___ (санын көрсету) %

Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % азайғаны үшін ___ (санын көрсету) шегеріледі

К8

Білікті мамандардың бар болуы

9

жоғары білімді және 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар

___ (санын көрсету) %

Үлестің әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К9

арнаулы-орта білімді және 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар

___ (санын көрсету) %

Үлестің әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

10

МЖӘ жобасының сұралатын ішкі кірістілік нормасы

___ (санын көрсету) %

Көрсеткіштің әрбір ___ (санын көрсету) % азайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады
Көрсеткіштің әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі

К10

11

МЖӘ жобасын дайындауға Әлеуетті Жекеше әріптестің қатысу дәрежесі

Әзірленген құжат

Құжатты әзірлеуге қатысқаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Әзірленген құжат үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К11

БАРЛЫҒЫ

Баға

      *қажет болған жағдайда көрсетіледі

      "Баға" Конкурстық өтінімнің өлшемшарттарын жалпы бағалауы әрбір Өлшемшарт бойынша алынған ұпайларды қосу жолымен анықталады:

                  Баға = К12345678+ К91011

      К1 – осы өлшемшарт бойынша негізгі мән Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес МЖӘ объектісінің құны болып табылады. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К2 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың негізгі мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К3 – бұл жағдайда білім беру объектілерін қайта құру бойынша іске асырылған жобалардың тәжірибесі ескеріледі. Денсаулық сақтау саласында іске асырылған жобалар тәжірибесі болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінім құрамында ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады;

      К4 – Әлеуетті Жекеше әріптес қосымша қабылдаған және/немесе берген тәуекелдер болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады;

      К5 – осы өлшемшарт бойынша базалық көрсеткіш Денсаулық сақтау саласындағы (дәрігерлік амбулатория) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес МЖӘ объектісін қайта құру құны болып табылады;

      К6 – МЖӘ объектісін қайта құру мерзімі ___ (санын көрсету) айдан көп қысқарған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінім құрамында ұсынған Конкурстық өтінімнің бағасы осы өлшемшарт бойынша "нөлге" тең болады;

      К7 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К8 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К9 – егер Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында құрылған жаңа заңды тұлға болып табылса, Конкурстық өтінімді бағалау үшін Конкурстық өтінімге МЖӘ объектісін қайта құруды жүзеге асыратын ұйыммен ниет шартын, сондай-ақ ниет шартын жасасқан заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған, жұмыс өтілін, білімін көрсете отырып, жұмыскерлер тізімін қоса беру керек.

      К10 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К11 – әзірленген құжаттар болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 127 бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 724 бұйрығына
7-қосымша

Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы

      МЖӘ жобасының атауы:

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____

      келуге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу және пайдалану"

      МЖӘ объектісінiң орналасқан жері:

      __________________________________________________________________________

      (МЖӘ объектісінiң орналасқан жері көрсетіледі)

      Мемлекеттік әріптес:

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік әріптестің толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-сәйкестендіру

      нөмірін, банктік деректемелерін көрсету)

      Конкурсты ұйымдастырушы:

      __________________________________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірін, банктік деректемелерін көрсету)

      Конкурстық құжаттама пакетінің құны:

      __________________________________________________________________________

      (Конкурстық құжаттаманың теңгемен есептегендегі құнын көрсету не егер Конкурстық

      құжаттаманы бергені үшін ақы өндіріп алу көзделмесе, онда бұл тармақты мынадай

      редакцияда жазу қажет: "Конкурстық құжаттама тегін беріледі").

1. Анықтамалар

      1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімдік (ЖАО) – жергілікті атқарушы орган;

      2) әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі (бұдан әрі – Конкурстық өтінім) – Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурсқа қатысу үшін Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген нысан бойынша ұсынған құжаттар мен мәліметтердің жиынтығы;

      3) дайындық кезеңі – Үлгілік шарттың күшіне ену сәтінен бастап құрылыс жұмыстарын жүргізудің басталуына дейінгі, қаржылық жабу, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту, МЖӘ объектісін салуға дайындықпен байланысты өзге мәселелерді шешу кезеңін қамтитын кезең;

      4) дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ Үлгілік шарты (бұдан әрі – Үлгілік шарт) – Конкурсты ұйымдастырушы Комиссия шешімінің негізінде Конкурс жеңімпазымен жасасатын шарт;

      5) дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы – Конкурс өткізудің Үлгілік шарттары мен тәртібін айқындау үшін әзірленген және Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестерге Конкурстық өтінімдерді дайындау және Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі Конкурсқа қатысу үшін ұсынатын Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      6) жекеше әріптес (жобалық компания) – Қазақстан Республикасының "МЖӘ туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына сәйкес, мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, Үлгілік шарт жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

      7) жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістер алу көздері – Жекеше әріптеске Қазақстан Республикасының "МЖӘ туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 9-бабында көзделген қаражатты Үлгілік шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде төлеу;

      8) жер учаскесі – Үлгілік шарт талаптарына сәйкес МЖӘ объектісін салу және пайдалану үшін қажетті жер учаскесі;

      9) заңнама – белгіленген тәртіппен қабылданған және Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы;

      10) комиссия – Заңнамада белгіленген тәртіппен құрылған, коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектісіне қатысты комиссия;

      11) конверт – Конкурстық өтінімнің тұтас және сақталған күйде берілуін қамтамасыз ететін қорап немесе ораудың өзге тәсілі;

      12) конкурс – "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____ келуге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу және пайдалану" МЖӘ жобасы бойынша жеңілдетілген конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі ашық конкурс;

      13) конкурсты ұйымдастырушы – "__________" мемлекеттік мекемесі;

      14) қағидалар – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген МЖӘ жобасын жоспарлау және іске асыру қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген);

      15) қызметті тұтынушылар – тұрғызылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қызметтерін тұтынатын халық;

      16) мемлекеттік әріптес – "__________" мемлекеттік мекемесі атынан Қазақстан Республикасы;

      17) МЖӘ жобасы – __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына ____ келуге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу және пайдалану бойынша МЖӘ жобасы;

      18) МЖӘ объектісі – салынуы мен пайдаланылуы МЖӘ жобасын іске асыру аясында жүзеге асырылатын, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына ____ келуге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені;

      19) МЖӘ объектісін пайдалану – Жекеше әріптестің МЖӘ объектісін Үлгілік шартта айқындалған тәртіппен және шарттарда МЖӘ объектісінің мақсатына сәйкес, оның ішінде Қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы;

      20) МЖӘ объектісін салу – МЖӘ объектісін салу, оның ішінде жаңа технологиялар, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру негізінде салу, МЖӘ объектісінде өндірістік жабдық орнату, МЖӘ объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыстардың өзге түрлерін өндіру;

      21) МЖӘ объектісін салу мерзімі – Үлгілік шартта және жобалау-сметалық құжаттамада МЖӘ объектісін салуға көзделген, құрылыс жұмыстарының басталу күнінен аяқталу күніне дейін есептелетін мерзім;

      22) үздік Конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттары (бұдан әрі - өлшемшарттар) – Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген, оның негізінде Конкурсқа қатысушының Конкурстық өтінімі үздік деп танылатын өлшемшарттар;

      23) шарт жобасы – тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, МЖӘті іске асыру Үлгілік шарттарын айқындайтын Мемлекеттік әріптес және Жекеше әріптес арасындағы жазбаша келісім жобасы.

2. Жалпы ережелер

      3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы Әлеуетті Жекеше әріптестерге олардың Конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат ұсыну мақсатында әзірленген.

      4. Конкурс Заңға, Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өткізіледі.

      5. МЖӘ жобасының сипаттамасы Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшада көрсетілген.

      Техникалық параметрлер бойынша егжей-тегжейлі сипаттамалар Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамаға қоса берілген жобалау-сметалық құжаттамада/Үлгілік жобада/Үлгілік жобалық шешімдерде/қайталап қолдану жобасында (керегін көрсету) көзделген.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 154-3-бабының 7-тармағына сәйкес, Жекеше әріптес Үлгілік шартта белгіленген мерзімде қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы/Үлгілік жобаны/Үлгілік жобалық шешімдерді/қайталап қолдану жобасын (керегін көрсету) МЖӘ жобасының нақты алаңына байланыстыруды МЖӘ жобасының тұжырымдамасында қамтылған маркетингтiк және қаржылық-экономикалық параметрлерді ескере отырып жүзеге асырады.

      6. МЖӘ объектісін салуға және пайдалануға қойылатын талаптар Шарт жобасында келтірілген.

3. Конкурстық комиссия

      7. Конкурстық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Әкімдіктің "Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық комиссияны құру туралы" 20__ жылғы "__" __________ №___ қаулысымен құрылған Комиссия жүзеге асырады.

      8. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестер ұсынған Конкурстық өтінімдерді құжаттардың толықтығы мен тиісті ресімделуі, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау мен іріктеу;

      2) Конкурстық өтінімдерді қарау және үздік Конкурстық өтінімді анықтау;

      3) МЖӘ жобасын және Шарт жобасының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізу;

      4) Конкурс қорытындысы бойынша Конкурстық өтінімді бекіту және өтінім берушіні Конкурс жеңімпазы деп тану болып табылады.

      9. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:

      1) Комиссияның отырыстарына шақыруға және Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

      2) МЖӘ жобасының проблемалық мәселелерін талдау мен зерделеу үшін қажеттілігіне қарай мамандарды, сарапшыларды және ғалымдарды тартуға;

      3) Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқылы.

      10. Комиссияны төраға - _____________ әкімі/әкімінің орынбасары басқарады. Комиссия төрағасы Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Комиссияның қызметіне жеке жауапкершілікке ие болады.

      11. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оның тапсырмасы бойынша Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі орындайды.

      12. Комиссия құрамына __________ әкімінің орынбасарлары, білім беру, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының бірінші басшылары, сондай-ақ "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

      13. Комиссияның жұмыс органы Конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.

      14. Комиссияның жұмыс органы қызметті ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      15. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайтын және отырыс хаттамасын ресімдейтін Конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады.

      16. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі болған жағдайда заңды деп есептеледі.

      17. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері дауыстарының басым көпшілігі берілген жағдайда қабылданған болып есептеледі және міндетті түрде Комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері және Комиссияның хатшысы қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      18. Комиссия мүшелерінің айрықша пікірге құқығы бар, ол берілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның хаттамасына қоса берілуі тиіс.

      19. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жұмыс органы мүдделі тұлғаларды қарау нәтижелері туралы хабардар етеді.

      20. Комиссия өз қызметін Әкімдік қаулысының негізінде тоқтатады.

4. Конкурс өткізудің негізгі іс-шаралары

      21. Конкурс Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 2-қосымшаға сәйкес негізгі шараларды көздейді.

5. Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының мазмұны

      22. Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) Әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар, Үлгілік КҚ 3-қосымшаға сәйкес, жекеше әріптестер олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізіміне сәйкес ұсынылады;

      2) МЖӘ объектісінің орналасқан жері;

      3) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың болжанатын түрлері мен көлемдері, сондай-ақ шығындарды өтеу мен кірістерді алу көздері;

      4) Шарт жобасы;

      5) үздік Конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарының сипаттамасы;

      6) МЖӘ жобасының параметрлері көрсетілуге тиіс валютаны көрсету және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын валюта бағамы;

      7) Конкурстық өтінім берілетін тілге қойылатын талаптар;

      8) Әлеуетті Жекеше әріптестің өз Конкурстық өтінімін Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына нұсқау;

      9) Конкурстық өтінімнің мазмұны, Конкурстық өтінімдерді ұсыну тәсілі, орны, мерзімі және олардың қолданылуы, сондай-ақ Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары;

      10) Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының мазмұны бойынша түсіндірулерді алу тәсілдері;

      11) Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімдері, орны, күні мен уақыты.

      23. Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген.

      24. Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының қолданылу мерзімі оны бекіткен күннен бастап ___ (жазумен көрсету, бірақ үш жылдан көп емес) жыл.

      25. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестерге Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) не басқа да электрондық тәсілмен ұсынады. Қағаз жеткізгіште ұсынылған кезде Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы түпнұсқадан (Конкурсты ұйымдастырушы әрбір бетіне қол қойған, бекітілген және келісілген конкурстық құжаттамадан) көшірме түрінде беріледі. Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесі Әлеуетті Жекеше әріптестің өкілдеріне тегін/____________ (жазумен көрсету) теңгеге (керегін көрсету) және Конкурсты ұйымдастырушының тиісті журналға міндетті түрде тіркеуі арқылы беріледі.

      26. Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында және оның қосымшаларында көзделген МЖӘ объектісінің техникалық параметрлері Конкурстық өтінімдерді дайындау және ұсыну кезінде Әлеуетті Жекеше әріптестер үшін міндетті болып табылады.

      27. Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көзделген шарттармен және Конкурсты өткізумен байланысты даулар Заңнаманың талаптарына және Үлгілік шартта келісілген дауларды шешу рәсімдеріне сәйкес келіссөздер жолымен шешіледі.

      28. Егер Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көзделген шарттармен, Конкурсты өткізумен байланысты даулар Конкурстық құжаттаманың 27-тармағына сәйкес шешілмейтін болса, онда Тараптар дауды заңнаманың талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Төрелiк туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Заңына сәйкес халықаралық төрелікке жүгіну жолымен шешуге құқылы.

6. Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру және талқылау

      29. Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын алған тұлғалар, қажет болған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушыға Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жүгінеді. Конкурс қайта өткізілген жағдайда Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын алған тұлғаларды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғалар, қажет болған жағдайда, Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей жүгінеді.

      30. Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы не жазбаша түрде, қағаз жеткізгіште, бір данада, мемлекеттік немесе орыс тілінде не мемлекеттік немесе орыс тіліне нақты (нотариалды куәландырылған) аудармасын қоса берумен өзге тілде ұсынылады. Әлеуетті Жекеше әріптестің сұрау салуы Конкурсты ұйымдастырушыға жөнелтілуі және мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, _______________ облысы, ____________ қаласы, _______ көшесі, №__, "__________" мемлекеттік мекемесі , №____ кабинетке бағытталуы тиіс. Сұрау салу заңнаманың талаптарына сәйкес жасалуы және сұрау салу түсіп отырған Әлеуетті Жекеше әріптестің атауынан және жауап жіберілуі тиіс мекенжайдан тұруы тиіс.

      31. Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салуды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап жібереді және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпестен:

      1) мұндай түсіндіруді Конкурсты ұйымдастырушы Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге хабарлайды;

      2) Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіруді арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы жібереді не түсіндірудің мәтінін "______________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      32. Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру үшін Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестермен 20__ жылғы "__" __________ __:00 сағатта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, _______________ облысы, ____________ қаласы, _______ көшесі, №__ кабинетте кездесу өткізеді.

      33. Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесу қорытындысы бойынша Конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған дереккөздерді көрсетпестен, Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын түсіндіру туралы сұрау салулардан, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптардан тұратын хаттама жасайды.

      34. Әлеуетті Жекеше әріптестермен кездесудің хаттамасына Конкурсты ұйымдастырушының атынан өкілдік ететін тұлғалар, сондай-ақ Әлеуетті Жекеше әріптестер немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды.

      35. Аталған хаттаманың көшірмесін Конкурсты ұйымдастырушы оны ресімдеген және қол қойған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және Конкурсты ұйымдастырушы Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге жібереді.

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы хаттама арнайы құрылған интернет-ресурста (веб-портал) орналастырылады не "______________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      36. Егер Әлеуетті Жекеше әріптестермен Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру бойынша кездесу Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 32-тармағында белгіленген уақыт пен күні Әлеуетті Жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен болмай қалса, Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы факт туралы Комиссияға жазбаша хабарлайды.

      37. Әлеуетті Жекеше әріптестерден МЖӘ жобасының қаржылық, заңды және өзге де қажетті параметрлері, мемлекеттік қолдау шаралары, Жекеше әріптесті және өзге де шешімдерді іріктеу өлшемшарттары бойынша оңтайлы шешімдерді қалыптастыру мақсатында ұсыныстар түскен жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы мүдделі Әлеуетті Жекеше әріптестердің әрқайсысының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, қажет болған жағдайда бәсекелі диалог ұйымдастырады. Заңнамаға сәйкес, бәсекелі диалогқа қатысушылардың барлығы оны жүргізу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

7. Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу

      38. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей, ал конкурсты қайтадан өткізген кезде – күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей өз бастамасымен немесе Әлеуетті Жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізе алады.

      39. Конкурсты ұйымдастырушы Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мәтінін жолдайды. Бұл ретте Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімін Әлеуетті Жекеше әріптестердің Конкурстық өтінімдердегі өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескеруі үшін, кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзіміне, ал Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс қайта өткізілген кезде, кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзіміне ұзартады.

      40. Енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар міндетті күшке ие болады.

      41. Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қолдаудың түрлері және көлемдері, сондай-ақ Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері

      42. Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру кезеңінде Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын алуға, шығындарды өтеуге және кірістер алуға (керегін көрсету) құқығы бар.

      43. Мемлекеттік қолдау шараларын төлеудің, шығындарды өтеудің және кірістер алудың (керегін көрсету) мөлшері, тәртібі және мерзімдері заңнамаға сәйкес Үлгілік шартта белгіленеді.

9. Біліктілік іріктеу

      44. Заңның 32-бабына сәйкес, Конкурсқа қатысу үшін Әлеуетті Жекеше әріптес мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:

      1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;

      2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

      3) Үлгілік шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

      4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпау, оның мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, заңнамаға сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;

      5) соңғы үш жыл ішінде жасалған МЖӘ Үлгілік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз Әлеуетті Жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.

      45. Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын меншікті қаражатымен немесе қарыз қаражатын тарту арқылы қаржыландыруға құқылы.

      46. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік талаптарына қатысты емес ақпаратты ұсынбауға құқылы.

      47. Әлеуетті Жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну 20 __ жылғы "___"__________ ___:00 сағатқа дейін жүзеге асырылады.

      48. Қағидаларға сәйкес, Әлеуетті Жекеше әріптес оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Конкурсты ұйымдастырушыға Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 3-қосымшада келтірілген құжаттарды ұсынады.

      49. Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік талаптарына сәйкестікке анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, сот оны жосықсыз Әлеуетті Жекеше әріптес деп таныған кезден бастап кейінгі үш жыл бойы Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      50. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттың анықтығын Комиссия, Конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар Конкурсты өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.

      51. Әлеуетті Жекеше әріптестің біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсыну фактісін анықтаған тұлғалар осындай факт анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Конкурсты ұйымдастырушыны және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды анық емес ақпарат ұсыну фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін хабарламаға қоса бере отырып, бұл туралы жазбаша хабардар етеді және Қағидаларға сәйкес шаралар қабылдайды.

      52. Конкурсты ұйымдастырушы біліктілік іріктеуді Әлеуетті Жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу арқылы құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      53. Әлеуетті Жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарда талаптарға сәйкес келмеулер анықталған жағдайда Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске анықталған сәйкессіздіктерді жою туралы 10 (он) күнтізбелік күн ішінде хабарлайды.

      Хабарламаны жолдаған күннен бастап және тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін біліктілік іріктеуді өткізу мерзімдері тоқтатылады.

      Тиісті құжаттарды хабарламада белгіленген мерзімнен кеш ұсынған Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік іріктеуден өтпеген деп танылады.

      54. Конкурсты ұйымдастырушы бағалау нәтижелерін біліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Әлеуетті Жекеше әріптестерге жолдайды.

      55. Біліктілік іріктеуден өткен Әлеуетті Жекеше әріптес Заңның 34-бабына сәйкес Конкурсқа қатысушы деп танылады.

10. Конкурсқа қатысуға байланысты шектеулер

      56. Заңның 33-бабына сәйкес, Әлеуетті Жекеше әріптес егер:

      1) осы Әлеуетті Жекеше әріптес басшыларының және (немесе) осы Әлеуетті Жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) немесе жекжаттарының Жекеше әріптесті айқындау туралы шешім қабылдау құқығы болса не Конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      2) Әлеуетті Жекеше әріптестің баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;

      3) Әлеуетті Жекеше әріптестің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің қаржылық-шаруашылық қызметі Заңнамаға не Әлеуетті Жекеше әріптес-Қазақстан Республикасының бейрезиденті мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, Конкурсқа қатысуға құқылы емес.

      57. Әлеуетті Жекеше әріптес пен Әлеуетті Жекеше әріптестің үлестес тұлғасының Жекеше әріптестің айқындауы бойынша бір Конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.

11. Конкурстық өтінім

      58. Конкурсқа қатысу үшін Әлеуетті Жекеше әріптестер Конкурсты ұйымдастырушыға Заңнаманың және Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының талаптарына сәйкес дайындалған және ұсынылған Конкурстық өтінімдерді ұсынады.

      59. Конкурстық өтінім Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша ресімделеді және оның ішінде мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) қаржылық-экономикалық шешімдер (ұсыныстар):

      қаржылық-экономикалық модель;

      МЖӘ жобасының тәуекелдерін бөлу және бағалау;

      МЖӘ жобасына салынатын меншікті және қарыз қаражаттарының көлемі.

      2) технологиялық және басқа шешімдер (ұсыныстар):

      МЖӘ объектісін пайдалану процесінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша шешімдерді қамтитын жаңа технологияларды тарту;

      қаржылық жабу кезеңінің аяқталу күнінен бастап есептелетін МЖӘ объектісін салу мерзімі;

      жергілікті қамту бойынша міндеттемелер (МЖӘ объектісін салу және пайдалану кезеңінде);

      дене шынықтыру және спорт саласында іске асырылған жобалар тәжірибесі;

      білікті мамандардың болуы.

12. Конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету

      60. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:

      1) Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және/немесе толықтырмайтынына;

      2) оны Конкурстың жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, Шарт жасасатындығына кепіл ретінде енгізеді.

      61. Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету Үлгілік шарт бойынша болжанған инвестициялардың құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      62. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) "__________" мемлекеттік мекемесі

      __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ көшесі, ___

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________

      Жеке сәйкестендіру коды _______________      

      "ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің __________ бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесі

      Банктік сәйкестендіру коды __________ шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;

      2) банк кепілдігін таңдайды.

      63. Әлеуетті Жекеше әріптестің оның Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      64. Мына:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін Конкурстық өтінімді кері қайтарып алған не өзгерткен және/немесе толықтырған;

      2) Конкурс жеңімпазы болып айқындалған Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ Үлгілік шартын жасасудан жалтарған жағдайларды қоспағанда, Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптес енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

      Осы тармақта көзделген жағдайлардың бірі орын алған кезде Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

      65. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске ол енгізген Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі орын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) осы Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып алуы;

      2) Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай Конкурсқа қатысушылар деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптестерге қолданылмайды;

      3) Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай Конкурс жеңімпазы болып айқындалған Конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      4) Үлгілік шарттың күшіне енуі;

      5) Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімінің өтуі.

13. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттарды ресімдеу және енгізу тәртібі

      66. Конкурстық өтінімді Әлеуетті Жекеше әріптестер Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 78-тармағында көрсетілген, оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін тігілген, беттері нөмірленген және әрбір бетіне қол қойылған, соңғы бетіне қолы мен мөрі қойылған түрінде жабылған Конвертте ұсынады.

      67. Конверт:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешіккен" болып жарияланатын болса, Конкурстық өтінімді ашпай, кері қайтару мақсатында);

      2) Конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен мекенжайы:

      "__________" мемлекеттік мекемесі , Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), _________ көшесі, __, №___ кабинет, тел. 8 (____) __-__-__;

      3) конкурстың атауы:

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) АУЫСЫМЫНА ____ КЕЛУГЕ АРНАЛҒАН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІН САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ" МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ ТАҢДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС";

      4) сондай-ақ: "20__ ЖЫЛҒЫ "__" ______ __-00 САҒАТҚА ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" мәтіні көрсетіле отырып, Конкурсты ұйымдастырушыға жолдануы тиіс.

      68. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді Әлеуетті Жекеше әріптестер не олардың уәкілетті өкілдері Конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошта байланысын пайдалану арқылы ұсынады.

      69. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдері бар конверттерді Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген мерзім ішінде қабылдайды және оларды ұсыну сәтінен бастап Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады.

      70. Конвертке Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың тізімдемесі де салынады. Тізімдеме Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көрсетілген талаптарға сәйкес тілде ұсынылуы, оған Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысы не бірінші басшының міндетін атқарушы не уәкілетті өкілі қол қоюы және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен расталуы тиіс.

      71. Қаржылық-экономикалық модельді қоспағанда, Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттар және Конкурсқа ұсынылатын өзге де құжаттар жазбаша (баспа) және электронды түрде, оның ішінде сканерленген түрде ұсынылуы тиіс.

      72. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес атынан өтінімі бар Конвертті ұсынған Әлеуетті Жекеше әріптестің өкілінің өкілеттігін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;

      2) тиісінше ресімделген Конкурстық өтінімдері бар Конверттерді қабылдайды және Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;

      3) Конкурстық өтінімдерді ұсынудың мерзімі өткенге дейін Конкурстық өтінімге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;

      4) Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін ол қайтарылған жағдайда, Конкурстық өтінімнің қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      73. Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі мынадай:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес осы Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімді бұрын берген;

      2) Конкурстық өтінім осы Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбайды.

      74. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынатын, шетелдік құқық нормалары бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдары белгілеген нысан бойынша берілген, жасалған немесе куәландырылған барлық құжаттарды Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі заңдастыруы не 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес апостиль қою арқылы куәландырылуы тиіс. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен осы рәсім көрсетілген құжаттарға қатысты алынып тасталған немесе жеңілдетілген болса, ұсынылатын құжаттарды заңдастыру немесе оларға апостиль қою талап етілмейді.

14. Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттарды және Конкурсқа ұсынылатын өзге де құжаттарды жасау тіліне қойылатын талаптар

      75. Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі және Конкурсқа ұсынылатын барлық өзге құжаттар тілдер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс.

      76. Құжаттар оларға орыс тіліне апостиль қойылған дұрыс аудармасы қоса берілген жағдайда (олай болмаған жағдайда құжат ұсынылмаған болып танылады) басқа тілде жасалуы және ұсынылуы мүмкін.

      Құжат бойынша мәліметтерді интерпретациялау жөнінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда __________ (керегін көрсету) тіліндегі құжаттар басымдыққа ие болады.

15. Конкурстық өтінімдегі есептеулер үшін пайдаланылатын валютаға қойылатын талаптар

      77. МЖӘ объектісін салу құны, қаржылық-экономикалық модель, Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері, мемлекеттік қолдау түрлерінің көлемдері және Конкурстық өтінімдегі басқа да көрсеткіштер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептелуі тиіс.

16. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі

      78. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі – Астана қ. (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша 20__ж. "__" _______ сағат __:00 дейін.

      79. Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған Конкурстық өтінімі бар конверт Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және Конкурсқа қатысу өтінімдері бар конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша Әлеуетті Жекеше әріптеске не Әлеуетті Жекеше әріптестердің тиісті уәкілетті өкілдеріне алу туралы қолхатпен жеке қайтарылады.

17. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі

      80. Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қоса алғанда, Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап кемінде ___ (жазбаша түрде көрсету) күнтізбелік күн мерзімді құрайды.

      81. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінен асып кетпеуі тиіс. Осындай асып кету болған жағдайда Конкурстық өтінім кері қайтарылады.

      82. Егер Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Мемлекеттік әріптес пен Конкурстық өтінімі үздік деп анықталған Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын және МЖӘ Үлгілік шартының талаптарын нақтылау жөніндегі келіссөздерді аяқтамаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Комиссия шешімінің негізінде Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қоса алғанда, өзінің Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімін ұзартады.

      83. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту үшін, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурсты ұйымдастырушының атына, мыналарды:

      1) ол берген Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін ұзартуға айқын көрінетін келісімді;

      2) Конкурстық өтінімнің қолданылуы ұзартылатын мерзімді;

      3) осы құжатқа қол қою күнін;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің немесе оның уәкілетті өкілінің қолын және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.

      Бұл хабарлама Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көрсетілген, Конкурсқа қатысу үшін қойылатын құжаттарды ресімдеу және жасау талаптарына сәйкес жасалуы тиіс.

18. Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін Конкурстық өтінімді өзгерту, кері қайтарып алу

      84. Әлеуетті Жекеше әріптес осы Конкурстық құжаттаманың 78-тармағында көрсетілген, Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:

      1) енгізілген Конкурстық өтінімді өзгерте және/немесе толықтыра;

      2) өзі енгізген Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып ала алады.

      Конкурстық өтінімге өзгертулер оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін енгізілмейді.

      85. Әлеуетті Жекеше әріптестер өзгертілген Конкурстық өтінімді бұрын ұсынылған Конкурстық өтінім сияқты дайындайды, мөр басады және Конвертте:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайын;

      2) Конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайын:

      "_______________________________________________" мемлекеттік мекемесі , Қазақстан Республикасы, _______________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), _________ көшесі, __, №___ кабинет, тел. 8 (____) __-__-__;

      3) құжаттың атауын: "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) АУЫСЫМЫНА ____ КЕЛУГЕ АРНАЛҒАН ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІН САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ ТАҢДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСТЫҢ ӨЗГЕРТІЛГЕН КОНКУРСТЫҚ ӨТІНІМІ";

      4) сондай-ақ: "20__ ЖЫЛҒЫ "__" ______ __-00 САҒАТҚА ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" сөздерін көрсете отырып ұсынады.

      86. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушының атына Әлеуетті Жекеше әріптес қол қойған және мөр қойылған еркін түрде ресімделетін Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама жолданады.

      Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін қайтарған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске ол енгізген қамтамасыз етуді Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама алған күннен бастап __ (жазбаша түрде көрсету) жұмыс күнінің ішінде қайтарады.

19. Конкурстық өтінімдерді ашу, қарау және іріктеу

      87. Комиссия Конкурстық өтінімдері бар конверттерді Астана қ. (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша 20_____ж. "___" _____ ___:00 сағатта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, __________________ қ., ____________ көшесі, "_________________________" мемлекеттік мекемесі ғимаратында, ____ қабат, № ______ кабинетте ашады.

      88. Конкурсты ұйымдастырушыға, Комиссия көпшілігі болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен Конкурстық өтінімдерді ашу орны, өткізілетін уақыты мен күні туралы Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.

      89. Енгізілген өзгерістер міндетті күшке ие болады және олар туралы Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық құжаттама ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға дереу хабарлайды.

      90. Конкурсты ұйымдастырушы барлық мүдделі тұлғаларға жоғарыда көрсетілген өзгерістер туралы арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы хабарлайды не "____________________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында ақпарат орналастырады.

      91. Конкурстық өтінімдері бар конверттер Комиссияның қарапайым көпшілігінің, Конкурсты ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, сондай-ақ Әлеуетті Жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашылады.

      92. Комиссия хатшысы не төраға Комиссия мүшелерінің арасынан анықтаған тұлға Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашады және барлық қатысушылардың алдында өтінімдегі құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді.

      93. Комиссия барлық Конкурстық өтінімдерді қарайды. Егер бір ғана Конкурстық өтінім ұсынылған жағдайда, берілген өтінімді Комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.

      94. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына төраға және отырысқа қатысқан барлық Комиссия мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы әрбір бетіне қол қояды.

      95. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі комиссияның отырысына қатысқан Әлеуетті Жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Комиссияның аталған отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      96. Комиссия отырысын өткізбей тұрып, Конкурстық өтінімдерді қарауға жол берілмейді.

      97. Бұл ретте осындай Конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және осы Конкурсқа енгізілген, қалған Конкурстық өтінімдердің арасынан үздік Конкурстық өтінім қайтадан таңдалады.

20. Конкурстық өтінімдерді іріктеу өлшемшарттары

      98. Конкурстық өтінімдерді қарау және іріктеуді Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 5-қосымшада келтірілген өлшемшарттарды және олардың параметрлерін ескере отырып, Комиссия жүзеге асырады.

      99. Өлшемшарттар олардың әрқайсысы бойынша тиісті ұпайлар (үлестік немесе пайыздық мән) беру арқылы бағаланады.

21. Әлеуетті Жекеше әріптеспен келіссөздер, Шарт жасасу

      100. Комиссия Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптеспен МЖӘ жобасын және Үлгілік шарттың талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізеді.

      101. Келіссөздер жүргізу кезеңінде МЖӘ жобасы және Үлгілік шарт бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Комиссия жазбаша нысанда Әлеуетті Жекеше әріптеске жібереді.

      Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша Комиссия шешім қабылдайды.

      102. Келіссөздер барысында Конкурс шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      103. Егер Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптес Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес Конкурстық өтінімді және Үлгілік шарттың талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсыныстары Конкурс шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, онда Комиссия бұл Конкурстық өтінімді қарамайды және үздік Конкурстық өтінімді жаңадан таңдайды.

      Бұл ретте осындай Конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және бұл Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстың жеңімпазы болып танылмайды.

      104. Конкурстың жеңімпазы болып Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Конкурсқа қатысушы танылады.

      105. Конкурсты ұйымдастырушы Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде, үздік Конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттама көшірмелерін қоса бере отырып:

      1) Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде келісетін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға;

      2) Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде келісетін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға келісуге жолдайды.

      106. Шарт жобасын келісулерді ескере отырып, Конкурстың қорытындысы бойынша Комиссияның шешімімен Конкурстық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші Конкурстың жеңімпазы болып танылады.

      107. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      108. Үлгілік шарт жасасу мерзімі Конкурс қорытындыланған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайды.

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы
(дене шынықтыру-сауықтыру кешені)
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
1-қосымша
  Нысан

МЖӘ объектісінің сипаттамасы

МЖӘ жобасының атауы

"__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____ келуге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу және пайдалану"

МЖӘ жобасының қысқаша сипаттамасы

МЖӘ жобасының мәні көрсетіледі

Мемлекеттік әріптес

"__________" мемлекеттік мекемесі ,
Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ көшесі, №___ үй, №___ кабинет
Банктік сәйкестендіру коды: __________
Банктік деректемелер: __________

МЖӘ объектісі

Ауысымына __ келуге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені

МЖӘ объектісінің орналасқан жері

Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ (мекенжай немесе орналасқан жердің сипаттамасы)

МЖӘ жобасын іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

Құрылыс мерзімі – 20_ - 20_ жылдар (_ ай)
Пайдалану мерзімі –20_-20_жыл (_ жыл)
Шарт мерзімі – 20_-20_ жылдар (_ жыл)

МЖӘ жобасының құны

МЖӘ объектісін салу құны: __________ теңге,
оның ішінде:
- құрылыс-монтаждау жұмыстары – __________ теңге;
- жабдық – __________ теңге;
- өзге шығыстар – __________ теңге.

Мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемдері

Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қолдаудың түрлері және көлемдері (егер болса) көрсетіледі

Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері

Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес шығындарды өтеу және кірістер алу көздері (егер болса) көрсетіледі

Байланыс деректері

Конкурсты ұйымдастырушының тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), лауазымы, байланыс телефоны мен электрондық поштасының мекенжайы (мекенжайлары) көрсетіледі

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы
(дене шынықтыру-сауықтыру кешені)
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
2-қосымша
  Нысан

Негізгі іс-шаралар

р/с

Іс-шаралар атауы

Іс-шараларды өткізу мерзімі
(уақыт пен күн Қазақстан Республикасы, Астана қаласының уақыты бойынша белгіленген)

1

Конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бір уақытта хабарлауымен Конкурсты өткізу туралы жариялауы (ақпарат Конкурсты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады)

20__ж. "__" _______
(Конкурсты өткізу күніне дейін кемінде 60 (алпыс) күнтізбелік күн бұрын, ал Конкурс қайта өткізілген кезде – кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын

2

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға Конкурсты ұйымдастырушының Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін ұсынуы

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап

3

Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіру, талқылау және түзету

20__ жылғы "___"______ кешіктірмей
(сұрауды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде)

4

Әлеуетті Жекеше әріптестердің олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастыратын Әлеуетті Жекеше әріптестер тізілімінен Әлеуетті Жекеше әріптестер біліктілік іріктеу жүргізілместен жіберіледі

20__ж. "__"________ __:00 сағаттан кешіктірмей
(Конкурс жарияланғаннан кейін кемінде 20 (жиырма) күнтізбелік күн)

5

Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізуі арқылы біліктілік іріктеуін жүргізуі

құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

6

Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптестерді бағалау нәтижелерін жіберуі

біліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде

7

Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімді, сондай-ақ Конкурстық өтінімнің қамтамасыз етуін енгізуі

Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын алған сәттен бастап 20__жылғы "__"________ __:00 сағатқа дейін

8

Комиссияның Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашуы

20__ жылғы "__" _______ __:00 сағат

9

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның отырысына қатысқан Жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне жіберу.
Қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрауы бойынша

Комиссияның тиісті отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей

10

Комиссияның Конкурстық өтінімдерді қарауы

Біліктілік іріктеу нәтижелерін есепке ала отырып, Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде

11

Комиссияның Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптеспен келіссөздердің тиісті хаттамасын ресімдей отырып, МЖӘ жобасын және Үлгілік шарт талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізуі

20__ж. "__"________ __:00 сағат

12

Конкурсты ұйымдастырушының үздік Конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттаманың көшірмесін қоса берумен, Шарт жобасын, оның ішінде оған түзетулер және/немесе толықтырулар енгізген кезде мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға келісуге жолдауы

20__ж. "___"_____ дейін

13

Конкурстың жеңімпазын айқындау

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

14

Тиісті бюджет комиссияларының қарауына МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін шығару

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

15

Тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

16

Мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу және енгізу

тиісті бюджет комиссиясының шешімі шығарылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

17

Комиссияның шешімінің негізінде, мәслихаттың шешімін қабылдау қорытындылары бойынша Конкурсты ұйымдастырушының Конкурстың жеңімпазымен Шарт жасасуы

Конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен көп емес

18

Конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді Конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бір уақытта хабарлай отырып, өзінің ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруы

Үлгілік шарт жасасқаннан кейін ___ (жазбаша түрде көрсету) күн ішінде

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы
(дене шынықтыру-сауықтыру кешені)
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
3-қосымша
  Нысан

Әлеуетті Жекеше әріптестердің өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растауы үшін ұсынатын құжаттар тізбесі

      Әлеуетті Жекеше әріптестер біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) есепшоттарында ақшаның болуын, Әлеуетті Жекеше әріптестің меншік құқығын және жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері;

      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманың талаптарына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Аса маңызды МЖӘ жобаларына қатысты, егер Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттаманы осындай Әлеуетті Жекеше әріптестің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынады;

      3) Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) "Негізгі құралдар" бухгалтерлік балансының баптарының таратылып жазылуы;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған, олардың қалыптасқан және болжамды өтеу күндері, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомасы көрсетілген соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыз Үлгілік шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестелерімен қоса беру қажет;

      5) Әлеуетті Жекеше әріптестің төлем қабілеттілігі, оның таратылуға жатпайтыны, мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағаны, Әлеуетті Жекеше әріптестің жасалған МЖӘ шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағаны туралы кепілхат;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті де ұсынады;

      7) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға нотариалды расталған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған заңдастырылған үзіндіні ұсынады;

      8) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;

      9) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, нотариалды куәландырылған жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады;

      10) Әлеуетті Жекеше әріптеске қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі қойылған анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам Әлеуетті Жекеше әріптес міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің Үлгі шот жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы. Егер Әлеуетті Жекеше әріптес бірнеше екінші деңгейдегі банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюро беретін кредиттік есепті ұсынуға рұқсат етіледі.

      Банктің анықтамасы (не кредиттік есеп) конкурсты ұйымдастырушыға құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы екі айдан бұрын берілмейді.

      Конкурсқа жеке және (немесе) қарапайым серіктестік нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері қатысқан жағдайда оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды қоса ұсынулары қажет:

      бірлескен қызмет туралы Үлгілік шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      қарапайым серіктестік мүшелері арасында жасалған ортақ жауапкершілік туралы Үлгілік шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      конкурс шеңберінде келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға қарапайым серіктестік атынан әрекет ететін оның өкіліне арналған сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

      Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды Әлеуетті Жекеше әріптестер өз қалауы бойынша ұсынады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент Әлеуетті Жекеше әріптесі біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын құжаттарды не конкурстық құжаттаманың тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған аудармамен Қазақстан Республикасының бейрезиденті Әлеуетті Жекеше әріптестің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай ақ резиденттіктің апостиль қойылған сертификатын (егер халықаралық Үлгілік шартта өзгеше көзделмесе) ұсынады.

      МЖӘ объектісі ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер болған жағдайда Әлеуетті Жекеше әріптес ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық жүйелерге меншік және (немесе) ие болу құқығы туралы құжаттарды ұсынады.

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы
(дене шынықтыру-сауықтыру кешені)
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
4-қосымша
  Нысан

Конкурстық өтінім

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____ келуге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу және пайдалану" МЖӘ жобасы бойынша оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттаманы қарап, ______________________ (Әлеуетті Жекеше әріптес көрсетіледі) осы Конкурстық өтінімге сәйкес МЖӘ Үлгілік шарты бойынша Жекеше әріптестің міндеттемелерін орындауды ұсынады.

      Осы Конкурстық өтінім Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен бастап кемінде 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн қолданылады.

      Конкурстық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда, біз МЖӘ Үлгілік шартын ескертпелерсіз және шектеу талаптарынсыз конкурстық құжаттаманың Үлгілік шарттарына сәйкес ресімдеуге және қол қоюға міндеттенеміз.

      Біздің өз Конкурстық өтінімімізді қайтарып алмайтынымыздың не конкурстық құжаттамада көрсетілген Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзгертпейтініміздің және (немесе) толықтырмайтынымыздың және бізді конкурс жеңімпазы деп айқындаған жағдайда МЖӘ Үлгілік шартын жасайтынымыздың кепілі ретінде_____________________(мөлшері көрсетіледі) мөлшерінде Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгіземіз.

      Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету ретінде біз _________________ (Заңның 39-бабының 4-тармағына сәйкес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің түрі көрсетіледі) таңдап алдық.

      Осы Конкурстық өтінімде ұсынылған ақпараттың анық болып табылатынын растаймыз.

      Осы Конкурстық өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: _________________ (Конкурстық өтінімге қоса берілетін құжаттар көрсетіледі).

      ______________________

      (Әлеуетті Жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) және лауазымы, мөрі (болған жағдайда)

      ______________________

      (Конкурстық өтінімнің берілген орны және күні).

  Дене шынықтыру және спорт
саласындағы
(дене шынықтыру-сауықтыру кешені)
МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
5-қосымша
  Нысан

Үздік Конкурстық өтінімді іріктеу өлшемшарттары және бағалау параметрлері

Р/с №

Өлшемшарт атауы

Өлшемшарттың шекті (негізгі) мәні

Бағалау тәсілі

Көрсеткіштің Үлгілік шартты белгісі

1

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер төлемдерінің көлемі

_______ (санын көрсету) теңге

Мемлекеттік міндеттемелер (инвестициялық шығындар өтемақысы) төлемдері көлемінің азаюының әрбір ___ (санын көрсету) % ___ (санын көрсету) үшін ұпай қосылады*.
Мемлекеттік міндеттемелер (инвестициялық шығындар өтемақысы) төлемдері көлемінің ұлғаюының әрбір ___ % (санын көрсету) ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі*.

К1

2

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу мерзімі

__ (санын көрсету) жыл

Мемлекеттік міндеттемелерді (инвестициялық шығындар өтемақысын) төлеу мерзімінің ұлғаюының әрбір ___ (санын көрсету) жылына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады*
Мемлекеттік міндеттемелерді (инвестициялық шығындар өтемақысын) төлеу мерзімінің азаюының әрбір ___ (санын көрсету) жылына ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі*

К2

3

Іске асырылған жобалар тәжірибесі (объектілерді салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану (өздігінен не қатысушы ретіндегі өзге тұлғалармен бірге) МЖӘ Үлгілік шартындағы объектіге ұқсас тәжірибенің бар болуы)

іске асырылған жобалардың саны

Іске асырылған әрбір жобаға ___ (санын көрсету) ұпай қосылады.

К3

4

Жекеше әріптестің өзіне қабылдайтын тәуекелдері

Үлгілік шартқа сәйкес тәуекелдерді бөлу

Жекеше әріптес қосымша қабылдаған әрбір тәуекел үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады
Мемлекеттік әріптеске қосымша берілген әрбір тәуекел үшін ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі

К4

5

МЖӘ жобасын іске асыру үшін тартуға жататын Жекеше әріптестің қаражат көлемі

МЖӘ объектісін салу құны

Меншікті қаражат көлемінің әрбір ___ (санын көрсету) % ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К5

6

МЖӘ объектісін салу мерзімдері

___ (санын көрсету) ай

Осы өлшемшарт бойынша мерзімді қысқартудың әрбір айына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К6

7

Кадрлардағы жергілікті қамту үлесі

персоналдың штаттық санынан ___ (санын көрсету) %

Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % азайғаны үшін ___ (санын көрсету) шегеріледі

К7

8

Тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі

сатып алынатын тауарлардан, жұмыстардан және қызметтерден ___ (санын көрсету) %

Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % азайғаны үшін ___ (санын көрсету) шегеріледі

К8

Білікті мамандардың бар болуы

9

жоғары білімді және 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар

___ (санын көрсету) %

Үлестің әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К9

арнаулы-орта білімді және 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар

___ (санын көрсету) %

Үлестің әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

10

МЖӘ жобасының сұралатын ішкі кірістілік нормасы

___ (санын көрсету) %

Көрсеткіштің әрбір ___ (санын көрсету) % азайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады
Көрсеткіштің әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі

К10

11

МЖӘ жобасын дайындауға Әлеуетті Жекеше әріптестің қатысу дәрежесі

Әзірленген құжат

Құжатты әзірлеуге қатысқаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Әзірленген құжат үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К11

БАРЛЫҒЫ

Баға

      *қажет болған жағдайда көрсетіледі

      "Баға" Конкурстық өтінімнің өлшемшарттарын жалпы бағалауы әрбір Өлшемшарт бойынша алынған ұпайларды қосу жолымен анықталады:

                  Баға = К12345678+ К91011

      К1 – осы өлшемшарт бойынша негізгі мән Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес МЖӘ объектісінің құны болып табылады. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К2 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың негізгі мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К3 – бұл жағдайда спорттық объектілерді салу бойынша іске асырылған жобалардың тәжірибесі ескеріледі. Дене шынықтыру және спорт саласында іске асырылған жобалар тәжірибесі болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінім құрамында ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады;

      К4 – Әлеуетті Жекеше әріптес қосымша қабылдаған және/немесе берген тәуекелдер болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады;

      К5 – осы өлшемшарт бойынша базалық көрсеткіш Дене шынықтыру және спорт саласындағы (дене шынықтыру-сауықтыру кешені) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес МЖӘ объектісі құрылысының құны болып табылады;

      К6 – МЖӘ объектісін салу мерзімі ___ (санын көрсету) айдан көп қысқарған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінім құрамында ұсынған Конкурстық өтінімнің бағасы осы өлшемшарт бойынша "нөлге" тең болады;

      К7 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К8 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К9 – егер Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында құрылған жаңа заңды тұлға болып табылса, Конкурстық өтінімді бағалау үшін Конкурстық өтінімге МЖӘ объектісін салуды жүзеге асыратын ұйыммен ниет шартын, сондай-ақ ниет шартын жасасқан заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған, жұмыс өтілін, білімін көрсете отырып, жұмыскерлер тізімін қоса беру керек.

      К10 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К11 – әзірленген құжаттар болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 127 бұйрығына
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 724 бұйрығына
8-қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы

      МЖӘ жобасының атауы:

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____

      келуге арналған емхана салу және пайдалану"

      МЖӘ объектісінiң орналасқан жері:

      __________________________________________________________________________

      (МЖӘ объектісінiң орналасқан жері көрсетіледі)

      Мемлекеттік әріптес:

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік әріптестің толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-сәйкестендіру

      нөмірін, банктік деректемелерін көрсету)

      Конкурсты ұйымдастырушы:

      __________________________________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірін, банктік деректемелерін көрсету)

      Конкурстық құжаттама пакетінің құны:

      __________________________________________________________________________

      (Конкурстық құжаттаманың теңгемен есептегендегі құнын көрсету не егер Денсаулық

      сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын бергені

      үшін ақы өндіріп алу көзделмесе, онда бұл тармақты мынадай редакцияда жазу қажет:

      "Конкурстық құжаттама тегін беріледі").

1. Анықтамалар

      1. Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімдік (ЖАО) – жергілікті атқарушы орган;

      2) әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі (бұдан әрі – Конкурстық өтінім) – Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурсқа қатысу үшін Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген нысан бойынша ұсынған құжаттар мен мәліметтердің жиынтығы;

      3) дайындық кезеңі – Үлгілік шарттың күшіне ену сәтінен бастап құрылыс жұмыстарын жүргізудің басталуына дейінгі, қаржылық жабу, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту, МЖӘ объектісін салуға дайындықпен байланысты өзге мәселелерді шешу кезеңін қамтитын кезең;

      4) денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы – Конкурс өткізудің Үлгілік шарттары мен тәртібін айқындау үшін әзірленген және Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестерге Конкурстық өтінімдерді дайындау және Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі Конкурсқа қатысу үшін ұсынатын Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      5) денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ Үлгілік шарты (бұдан әрі – Үлгілік шарт) – Конкурсты ұйымдастырушы Комиссия шешімінің негізінде Конкурс жеңімпазымен жасасатын шарт;

      6) жекеше әріптес – Қазақстан Республикасының "МЖӘ туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына сәйкес, мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, Үлгілік шарт жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

      7) жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістер алу көздері – Жекеше әріптеске Қазақстан Республикасының "МЖӘ туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 9-бабында көзделген қаражатты Үлгілік шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде төлеу;

      8) жер учаскесі – Үлгілік шарт талаптарына сәйкес МЖӘ объектісін салу және пайдалану үшін қажетті жер учаскесі;

      9) заңнама – белгіленген тәртіппен қабылданған және Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы;

      10) комиссия – Заңнамада белгіленген тәртіппен құрылған, коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектісіне қатысты комиссия;

      11) конверт – Конкурстық өтінімнің тұтас және сақталған күйде берілуін қамтамасыз ететін қорап немесе ораудың өзге тәсілі;

      12) конкурс – "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____ келуге арналған емхана салу және пайдалану" МЖӘ жобасы бойынша жеңілдетілген конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі ашық конкурс;

      13) конкурсты ұйымдастырушы – "__________" мемлекеттік мекемесі;

      14) қағидалар – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген МЖӘ жобасын жоспарлау және іске асыру қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген);

      15) қызметтерді тұтынушылар – тұрғызылған емхана қызметін тұтынатын халық;

      16) мемлекеттік әріптес – "__________" мемлекеттік мекемесі атынан Қазақстан Республикасы;

      17) МЖӘ жобасы – __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____ келуге арналған емхана салу және пайдалану бойынша МЖӘ жобасы;

      18) МЖӘ объектісі – салынуы мен пайдаланылуы МЖӘ жобасын іске асыру аясында жүзеге асырылатын, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____ келуге арналған емхана;

      19) МЖӘ объектісін пайдалану – Жекеше әріптестің МЖӘ объектісін Үлгілік шартта айқындалған тәртіппен және шарттарда МЖӘ объектісінің мақсатына сәйкес, оның ішінде Қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы;

      20) МЖӘ объектісін салу – МЖӘ объектісін салу, оның ішінде жаңа технологиялар, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру негізінде салу, МЖӘ объектісінде өндірістік жабдық орнату, МЖӘ объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыстардың өзге түрлерін өндіру;

      21) МЖӘ объектісін салу мерзімі – Үлгілік шартта және жобалау-сметалық құжаттамада МЖӘ объектісін салуға көзделген, құрылыс жұмыстарының басталу күнінен аяқталу күніне дейін есептелетін мерзім;

      22) үздік Конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттары (бұдан әрі - өлшемшарттар) – Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген, оның негізінде Конкурсқа қатысушының Конкурстық өтінімі үздік деп танылатын өлшемшарттар;

      23) шарт жобасы – тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, МЖӘті іске асыру Үлгілік шарттарын айқындайтын Мемлекеттік әріптес және Жекеше әріптес арасындағы жазбаша келісім жобасы.

2. Жалпы ережелер

      3. Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы Әлеуетті Жекеше әріптестерге олардың Конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат ұсыну мақсатында әзірленген.

      4. Конкурс Заңға, Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өткізіледі.

      5. МЖӘ жобасының сипаттамасы Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшада көрсетілген.

      Техникалық параметрлер бойынша егжей-тегжейлі сипаттамалар Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына қоса берілген жобалау-сметалық құжаттамада/Үлгілік жобада/Үлгілік жобалық шешімдерде/қайталап қолдану жобасында (керегін көрсету) көзделген.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 154-3-бабының 7-тармағына сәйкес, Жекеше әріптес Үлгілік шартта белгіленген мерзімде қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы/Үлгілік жобаны/Үлгілік жобалық шешімдерді/қайталап қолдану жобасын (керегін көрсету) МЖӘ жобасының нақты алаңына байланыстыруды МЖӘ жобасының тұжырымдамасында қамтылған маркетингтiк және қаржылық-экономикалық параметрлерді ескере отырып жүзеге асырады.

      6. МЖӘ объектісін салуға және пайдалануға қойылатын талаптар Шарт жобасында келтірілген.

3. Конкурстық комиссия

      7. Конкурстық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Әкімдіктің "Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық комиссияны құру туралы" 20__ жылғы "__" __________ №___ қаулысымен құрылған Комиссия жүзеге асырады.

      8. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестер ұсынған Конкурстық өтінімдерді құжаттардың толықтығы мен тиісті ресімделуі, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау мен іріктеу;

      2) Конкурстық өтінімдерді қарау және үздік Конкурстық өтінімді анықтау;

      3) МЖӘ жобасын және Шарт жобасының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізу;

      4) Конкурс қорытындысы бойынша Конкурстық өтінімді бекіту және өтінім берушіні Конкурс жеңімпазы деп тану болып табылады.

      9. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:

      1) Комиссияның отырыстарына шақыруға және Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

      2) МЖӘ жобасының проблемалық мәселелерін талдау мен зерделеу үшін қажеттілігіне қарай мамандарды, сарапшыларды және ғалымдарды тартуға;

      3) Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқылы.

      10. Комиссияны төраға - _____________ әкімі/әкімінің орынбасары басқарады. Комиссия төрағасы Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Комиссияның қызметіне жеке жауапкершілікке ие болады.

      11. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оның тапсырмасы бойынша Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі орындайды.

      12. Комиссия құрамына __________ әкімінің орынбасарлары, білім беру, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының бірінші басшылары, сондай-ақ "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

      13. Комиссияның жұмыс органы Конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.

      14. Комиссияның жұмыс органы қызметті ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      15. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайтын және отырыс хаттамасын ресімдейтін Конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады.

      16. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі болған жағдайда заңды деп есептеледі.

      17. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері дауыстарының басым көпшілігі берілген жағдайда қабылданған болып есептеледі және міндетті түрде Комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері және Комиссияның хатшысы қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      18. Комиссия мүшелерінің айрықша пікірге құқығы бар, ол берілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның хаттамасына қоса берілуі тиіс.

      19. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жұмыс органы мүдделі тұлғаларды қарау нәтижелері туралы хабардар етеді.

      20. Комиссия өз қызметін Әкімдік қаулысының негізінде тоқтатады.

4. Конкурс өткізудің негізгі іс-шаралары

      21. Конкурс Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 2-қосымшаға сәйкес негізгі шараларды көздейді.

5. Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының мазмұны

      22. Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) Әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар, Үлгілік КҚ 3-қосымшаға сәйкес, жекеше әріптестер олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізіміне сәйкес ұсынылады;

      2) МЖӘ объектісінің орналасқан жері;

      3) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың болжанатын түрлері мен көлемдері, сондай-ақ шығындарды өтеу мен кірістерді алу көздері;

      4) Шарт жобасы;

      5) үздік Конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарының сипаттамасы;

      6) МЖӘ жобасының параметрлері көрсетілуге тиіс валютаны көрсету және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын валюта бағамы;

      7) Конкурстық өтінім берілетін тілге қойылатын талаптар;

      8) Әлеуетті Жекеше әріптестің өз Конкурстық өтінімін Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына нұсқау;

      9) Конкурстық өтінімнің мазмұны, Конкурстық өтінімдерді ұсыну тәсілі, орны, мерзімі және олардың қолданылуы, сондай-ақ Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары;

      10) МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасының мазмұны бойынша түсіндірулерді алу тәсілдері;

      11) Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімдері, орны, күні мен уақыты.

      23. Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген.

      24. Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының қолданылу мерзімі оны бекіткен күннен бастап ___ (жазумен көрсету, бірақ үш жылдан көп емес) жыл.

      25. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестерге Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) не басқа да электрондық тәсілмен ұсынады. Қағаз жеткізгіште ұсынылған кезде Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы түпнұсқадан (Конкурсты ұйымдастырушы әрбір бетіне қол қойған, бекітілген және келісілген Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасындан) көшірме түрінде беріледі. Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесі Әлеуетті Жекеше әріптестің өкілдеріне тегін/____________ (жазумен көрсету) теңгеге (керегін көрсету) және Конкурсты ұйымдастырушының тиісті журналға міндетті түрде тіркеуі арқылы беріледі.

      26. Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында және оның қосымшаларында көзделген МЖӘ объектісінің техникалық параметрлері Конкурстық өтінімдерді дайындау және ұсыну кезінде Әлеуетті Жекеше әріптестер үшін міндетті болып табылады.

      27. Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көзделген шарттармен және Конкурсты өткізумен байланысты даулар Заңнаманың талаптарына және Үлгілік шартта келісілген дауларды шешу рәсімдеріне сәйкес келіссөздер жолымен шешіледі.

      28. Егер Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көзделген шарттармен, Конкурсты өткізумен байланысты даулар Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 27-тармағына сәйкес шешілмейтін болса, онда Тараптар дауды заңнаманың талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Төрелiк туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Заңына сәйкес халықаралық төрелікке жүгіну жолымен шешуге құқылы.

6. Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру және талқылау

      29. Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын алған тұлғалар, қажет болған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушыға Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жүгінеді. Конкурс қайта өткізілген жағдайда Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын алған тұлғаларды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғалар, қажет болған жағдайда, Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей жүгінеді.

      30. Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы не жазбаша түрде, қағаз жеткізгіште, бір данада, мемлекеттік немесе орыс тілінде не мемлекеттік немесе орыс тіліне нақты (нотариалды куәландырылған) аудармасын қоса берумен өзге тілде ұсынылады. Әлеуетті Жекеше әріптестің сұрау салуы Конкурсты ұйымдастырушыға жөнелтілуі және мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, _______________ облысы, ____________ қаласы, _______ көшесі, №__, "__________" мемлекеттік мекемесі , №____ кабинетке бағытталуы тиіс. Сұрау салу заңнаманың талаптарына сәйкес жасалуы және сұрау салу түсіп отырған Әлеуетті Жекеше әріптестің атауынан және жауап жіберілуі тиіс мекенжайдан тұруы тиіс.

      31. Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салуды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап жібереді және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпестен:

      1) мұндай түсіндіруді Конкурсты ұйымдастырушы Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге хабарлайды;

      2) Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіруді арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы жібереді не түсіндірудің мәтінін "______________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      32. Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру үшін Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестермен 20__ жылғы "__" __________ __:00 сағатта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, _______________ облысы, ____________ қаласы, _______ көшесі, №__ кабинетте кездесу өткізеді.

      33. Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесу қорытындысы бойынша Конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған дереккөздерді көрсетпестен, Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын түсіндіру туралы сұрау салулардан, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптардан тұратын хаттама жасайды.

      34. Әлеуетті Жекеше әріптестермен кездесудің хаттамасына Конкурсты ұйымдастырушының атынан өкілдік ететін тұлғалар, сондай-ақ Әлеуетті Жекеше әріптестер немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды.

      35. Аталған хаттаманың көшірмесін Конкурсты ұйымдастырушы оны ресімдеген және қол қойған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және Конкурсты ұйымдастырушы Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге жібереді.

      Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы хаттама арнайы құрылған интернет-ресурста (веб-портал) орналастырылады не "______________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      36. Егер Әлеуетті Жекеше әріптестермен Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру бойынша кездесу Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 32-тармағында белгіленген уақыт пен күні Әлеуетті Жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен болмай қалса, Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы факт туралы Комиссияға жазбаша хабарлайды.

      37. Әлеуетті Жекеше әріптестерден МЖӘ жобасының қаржылық, заңды және өзге де қажетті параметрлері, мемлекеттік қолдау шаралары, Жекеше әріптесті және өзге де шешімдерді іріктеу өлшемшарттары бойынша оңтайлы шешімдерді қалыптастыру мақсатында ұсыныстар түскен жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы мүдделі Әлеуетті Жекеше әріптестердің әрқайсысының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, қажет болған жағдайда бәсекелі диалог ұйымдастырады. Заңнамаға сәйкес, бәсекелі диалогқа қатысушылардың барлығы оны жүргізу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

7. Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу

      38. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей, ал конкурсты қайтадан өткізген кезде – күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей өз бастамасымен немесе Әлеуетті Жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізе алады.

      39. Конкурсты ұйымдастырушы Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мәтінін жолдайды. Бұл ретте Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімін Әлеуетті Жекеше әріптестердің Конкурстық өтінімдердегі өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескеруі үшін, кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзіміне, ал Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс қайта өткізілген кезде, кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзіміне ұзартады.

      40. Енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар міндетті күшке ие болады.

      41. Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қолдаудың түрлері және көлемдері, сондай-ақ Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері

      42. Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру кезеңінде Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын алуға, шығындарды өтеуге және кірістер алуға (керегін көрсету) құқығы бар.

      43. Мемлекеттік қолдау шараларын төлеудің, шығындарды өтеудің және кірістер алудың (керегін көрсету) мөлшері, тәртібі және мерзімдері заңнамаға сәйкес Үлгілік шартта белгіленеді.

9. Біліктілік іріктеу

      44. Заңның 32-бабына сәйкес, Конкурсқа қатысу үшін Әлеуетті Жекеше әріптес мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:

      1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;

      2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

      3) Үлгілік шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

      4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпау, оның мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, заңнамаға сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;

      5) соңғы үш жыл ішінде жасалған МЖӘ Үлгілік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз Әлеуетті Жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.

      45. Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын меншікті қаражатымен немесе қарыз қаражатын тарту арқылы қаржыландыруға құқылы.

      46. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік талаптарына қатысты емес ақпаратты ұсынбауға құқылы.

      47. Әлеуетті Жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну 20 __ жылғы "___"__________ ___:00 сағатқа дейін жүзеге асырылады.

      48. Қағидаларға сәйкес, Әлеуетті Жекеше әріптес оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Конкурсты ұйымдастырушыға Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 3-қосымшада келтірілген құжаттарды ұсынады.

      49. Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік талаптарына сәйкестікке анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, сот оны жосықсыз Әлеуетті Жекеше әріптес деп таныған кезден бастап кейінгі үш жыл бойы Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      50. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттың анықтығын Комиссия, Конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар Конкурсты өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.

      51. Әлеуетті Жекеше әріптестің біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсыну фактісін анықтаған тұлғалар осындай факт анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Конкурсты ұйымдастырушыны және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды анық емес ақпарат ұсыну фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін хабарламаға қоса бере отырып, бұл туралы жазбаша хабардар етеді және Қағидаларға сәйкес шаралар қабылдайды.

      52. Конкурсты ұйымдастырушы біліктілік іріктеуді Әлеуетті Жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу арқылы құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      53. Әлеуетті Жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарда талаптарға сәйкес келмеулер анықталған жағдайда Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске анықталған сәйкессіздіктерді жою туралы 10 (он) күнтізбелік күн ішінде хабарлайды.

      Хабарламаны жолдаған күннен бастап және тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін біліктілік іріктеуді өткізу мерзімдері тоқтатылады.

      Тиісті құжаттарды хабарламада белгіленген мерзімнен кеш ұсынған Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік іріктеуден өтпеген деп танылады.

      54. Конкурсты ұйымдастырушы бағалау нәтижелерін біліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Әлеуетті Жекеше әріптестерге жолдайды.

      55. Біліктілік іріктеуден өткен Әлеуетті Жекеше әріптес Заңның 34-бабына сәйкес Конкурсқа қатысушы деп танылады.

10. Конкурсқа қатысуға байланысты шектеулер

      56. Заңның 33-бабына сәйкес, Әлеуетті Жекеше әріптес егер:

      1) осы Әлеуетті Жекеше әріптес басшыларының және (немесе) осы Әлеуетті Жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) немесе жекжаттарының Жекеше әріптесті айқындау туралы шешім қабылдау құқығы болса не Конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      2) Әлеуетті Жекеше әріптестің баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;

      3) Әлеуетті Жекеше әріптестің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің қаржылық-шаруашылық қызметі Заңнамаға не Әлеуетті Жекеше әріптес-Қазақстан Республикасының бейрезиденті мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, Конкурсқа қатысуға құқылы емес.

      57. Әлеуетті Жекеше әріптес пен Әлеуетті Жекеше әріптестің үлестес тұлғасының Жекеше әріптестің айқындауы бойынша бір Конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.

11. Конкурстық өтінім

      58. Конкурсқа қатысу үшін Әлеуетті Жекеше әріптестер Конкурсты ұйымдастырушыға Заңнаманың және Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының талаптарына сәйкес дайындалған және ұсынылған Конкурстық өтінімдерді ұсынады.

      59. Конкурстық өтінім Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша ресімделеді және оның ішінде мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) қаржылық-экономикалық шешімдер (ұсыныстар):

      қаржылық-экономикалық модель;

      МЖӘ жобасының тәуекелдерін бөлу және бағалау;

      МЖӘ жобасына салынатын меншікті және қарыз қаражаттарының көлемі.

      2) технологиялық және басқа шешімдер (ұсыныстар):

      МЖӘ объектісін пайдалану процесінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша шешімдерді қамтитын жаңа технологияларды тарту;

      қаржылық жабу кезеңінің аяқталу күнінен бастап есептелетін МЖӘ объектісін салу мерзімі;

      жергілікті қамту бойынша міндеттемелер (МЖӘ объектісін салу және пайдалану кезеңінде);

      Денсаулық сақтау саласында іске асырылған жобалар тәжірибесі;

      білікті мамандардың болуы.

12. Конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету

      60. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:

      1) Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және/немесе толықтырмайтынына;

      2) оны Конкурстың жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, Шарт жасасатындығына кепіл ретінде енгізеді.

      61. Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету Үлгілік шарт бойынша болжанған инвестициялардың құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      62. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) "__________" мемлекеттік мекемесі

      __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), ______ көшесі, ___

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________

      Жеке сәйкестендіру коды _______________

      "ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің __________ бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесі

      Банктік сәйкестендіру коды ________ шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;

      2) банк кепілдігін таңдайды.

      63. Әлеуетті Жекеше әріптестің оның Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      64. Мына:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін Конкурстық өтінімді кері қайтарып алған не өзгерткен және/немесе толықтырған;

      2) Конкурс жеңімпазы болып айқындалған Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ Үлгілік шартын жасасудан жалтарған жағдайларды қоспағанда, Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптес енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

      Осы тармақта көзделген жағдайлардың бірі орын алған кезде Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

      65. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске ол енгізген Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі орын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) осы Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып алуы;

      2) Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай Конкурсқа қатысушылар деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптестерге қолданылмайды;

      3) Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай Конкурс жеңімпазы болып айқындалған Конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      4) Үлгілік шарттың күшіне енуі;

      5) Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімінің өтуі.

13. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттарды ресімдеу және енгізу тәртібі

      66. Конкурстық өтінімді Әлеуетті Жекеше әріптестер Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 78-тармағында көрсетілген, оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін тігілген, беттері нөмірленген және әрбір бетіне қол қойылған, соңғы бетіне қолы мен мөрі қойылған түрінде жабылған Конвертте ұсынады.

      67. Конверт:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешіккен" болып жарияланатын болса, Конкурстық өтінімді ашпай, кері қайтару мақсатында);

      2) Конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен мекенжайы:

      "__________" мемлекеттік мекемесі , Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), _________ көшесі, __, №___ кабинет, тел. 8 (____) __-__-__;

      3) конкурстың атауы:

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) АУЫСЫМЫНА ____ КЕЛУГЕ АРНАЛҒАН ЕМХАНА САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ" МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ ТАҢДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС";

      4) сондай-ақ: "20__ ЖЫЛҒЫ "__" ______ __-00 САҒАТҚА ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" мәтіні көрсетіле отырып, Конкурсты ұйымдастырушыға жолдануы тиіс.

      68. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді Әлеуетті Жекеше әріптестер не олардың уәкілетті өкілдері Конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошта байланысын пайдалану арқылы ұсынады.

      69. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдері бар конверттерді Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген мерзім ішінде қабылдайды және оларды ұсыну сәтінен бастап Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады.

      70. Конвертке Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың тізімдемесі де салынады. Тізімдеме Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көрсетілген талаптарға сәйкес тілде ұсынылуы, оған Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысы не бірінші басшының міндетін атқарушы не уәкілетті өкілі қол қоюы және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен расталуы тиіс.

      71. Қаржылық-экономикалық модельді қоспағанда, Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттар және Конкурсқа ұсынылатын өзге де құжаттар жазбаша (баспа) және электронды түрде, оның ішінде сканерленген түрде ұсынылуы тиіс.

      72. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес атынан өтінімі бар Конвертті ұсынған Әлеуетті Жекеше әріптестің өкілінің өкілеттігін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;

      2) тиісінше ресімделген Конкурстық өтінімдері бар Конверттерді қабылдайды және Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;

      3) Конкурстық өтінімдерді ұсынудың мерзімі өткенге дейін Конкурстық өтінімге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;

      4) Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін ол қайтарылған жағдайда, Конкурстық өтінімнің қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      73. Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі мынадай:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес осы Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімді бұрын берген;

      2) Конкурстық өтінім осы Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбайды.

      74. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынатын, шетелдік құқық нормалары бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдары белгілеген нысан бойынша берілген, жасалған немесе куәландырылған барлық құжаттарды Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі заңдастыруы не 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес апостиль қою арқылы куәландырылуы тиіс. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен осы рәсім көрсетілген құжаттарға қатысты алынып тасталған немесе жеңілдетілген болса, ұсынылатын құжаттарды заңдастыру немесе оларға апостиль қою талап етілмейді.

14. Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттарды және Конкурсқа ұсынылатын өзге де құжаттарды жасау тіліне қойылатын талаптар

      75. Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі және Конкурсқа ұсынылатын барлық өзге құжаттар тілдер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс.

      76. Құжаттар оларға орыс тіліне апостиль қойылған дұрыс аудармасы қоса берілген жағдайда (олай болмаған жағдайда құжат ұсынылмаған болып танылады) басқа тілде жасалуы және ұсынылуы мүмкін.

      Құжат бойынша мәліметтерді интерпретациялау жөнінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда __________ (керегін көрсету) тіліндегі құжаттар басымдыққа ие болады.

15. Конкурстық өтінімдегі есептеулер үшін пайдаланылатын валютаға қойылатын талаптар

      77. МЖӘ объектісін салу құны, қаржылық-экономикалық модель, Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері, мемлекеттік қолдау түрлерінің көлемдері және Конкурстық өтінімдегі басқа да көрсеткіштер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептелуі тиіс.

16. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі

      78. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі – Астана қ. (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша 20__ж. "__" _______ сағат __:00 дейін.

      79. Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған Конкурстық өтінімі бар конверт Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және Конкурсқа қатысу өтінімдері бар конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша Әлеуетті Жекеше әріптеске не Әлеуетті Жекеше әріптестердің тиісті уәкілетті өкілдеріне алу туралы қолхатпен жеке қайтарылады.

17. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі

      80. Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қоса алғанда, Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап кемінде ___ (жазбаша түрде көрсету) күнтізбелік күн мерзімді құрайды.

      81. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінен асып кетпеуі тиіс. Осындай асып кету болған жағдайда Конкурстық өтінім кері қайтарылады.

      82. Егер Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Мемлекеттік әріптес пен Конкурстық өтінімі үздік деп анықталған Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын және МЖӘ Үлгілік шартының талаптарын нақтылау жөніндегі келіссөздерді аяқтамаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Комиссия шешімінің негізінде Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қоса алғанда, өзінің Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімін ұзартады.

      83. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту үшін, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурсты ұйымдастырушының атына, мыналарды:

      1) ол берген Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін ұзартуға айқын көрінетін келісімді;

      2) Конкурстық өтінімнің қолданылуы ұзартылатын мерзімді;

      3) осы құжатқа қол қою күнін;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің немесе оның уәкілетті өкілінің қолын және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.

      Бұл хабарлама Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көрсетілген, Конкурсқа қатысу үшін қойылатын құжаттарды ресімдеу және жасау талаптарына сәйкес жасалуы тиіс.

18. Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін Конкурстық өтінімді өзгерту, кері қайтарып алу

      84. Әлеуетті Жекеше әріптес осы Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 78-тармағында көрсетілген, Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:

      1) енгізілген Конкурстық өтінімді өзгерте және/немесе толықтыра;

      2) өзі енгізген Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып ала алады.

      Конкурстық өтінімге өзгертулер оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін енгізілмейді.

      85. Әлеуетті Жекеше әріптестер өзгертілген Конкурстық өтінімді бұрын ұсынылған Конкурстық өтінім сияқты дайындайды, мөр басады және Конвертте:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайын;

      2) Конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайын:

      "_______________________________________________" мемлекеттік мекемесі , Қазақстан Республикасы, _______________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), _________ көшесі, __, №___ кабинет, тел. 8 (____) __-__-__;

      3) құжаттың атауын: "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) АУЫСЫМЫНА ____ КЕЛУГЕ АРНАЛҒАН ЕМХАНА САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ ТАҢДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСТЫҢ ӨЗГЕРТІЛГЕН КОНКУРСТЫҚ ӨТІНІМІ";

      4) сондай-ақ: "20__ ЖЫЛҒЫ "__" ______ __-00 САҒАТҚА ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" сөздерін көрсете отырып ұсынады.

      86. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушының атына Әлеуетті Жекеше әріптес қол қойған және мөр қойылған еркін түрде ресімделетін Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама жолданады.

      Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін қайтарған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске ол енгізген қамтамасыз етуді Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама алған күннен бастап __ (жазбаша түрде көрсету) жұмыс күнінің ішінде қайтарады.

19. Конкурстық өтінімдерді ашу, қарау және іріктеу

      87. Комиссия Конкурстық өтінімдері бар конверттерді Астана қ. (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша 20_____ж. "___" _____ ___:00 сағатта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, __________________ қ., ____________ көшесі, "_________________________" мемлекеттік мекемесі ғимаратында, ____ қабат, № ______ кабинетте ашады.

      88. Конкурсты ұйымдастырушыға, Комиссия көпшілігі болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен Конкурстық өтінімдерді ашу орны, өткізілетін уақыты мен күні туралы Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.

      89. Енгізілген өзгерістер міндетті күшке ие болады және олар туралы Конкурсты ұйымдастырушы Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға дереу хабарлайды.

      90. Конкурсты ұйымдастырушы барлық мүдделі тұлғаларға жоғарыда көрсетілген өзгерістер туралы арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы хабарлайды не "____________________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында ақпарат орналастырады.

      91. Конкурстық өтінімдері бар конверттер Комиссияның қарапайым көпшілігінің, Конкурсты ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, сондай-ақ Әлеуетті Жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашылады.

      92. Комиссия хатшысы не төраға Комиссия мүшелерінің арасынан анықтаған тұлға Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашады және барлық қатысушылардың алдында өтінімдегі құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді.

      93. Комиссия барлық Конкурстық өтінімдерді қарайды. Егер бір ғана Конкурстық өтінім ұсынылған жағдайда, берілген өтінімді Комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.

      94. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына төраға және отырысқа қатысқан барлық Комиссия мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы әрбір бетіне қол қояды.

      95. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі комиссияның отырысына қатысқан Әлеуетті Жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Комиссияның аталған отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      96. Комиссия отырысын өткізбей тұрып, Конкурстық өтінімдерді қарауға жол берілмейді.

      97. Бұл ретте осындай Конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және осы Конкурсқа енгізілген, қалған Конкурстық өтінімдердің арасынан үздік Конкурстық өтінім қайтадан таңдалады.

20. Конкурстық өтінімдерді іріктеу өлшемшарттары

      98. Конкурстық өтінімдерді қарау және іріктеуді Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 5-қосымшада келтірілген өлшемшарттарды және олардың параметрлерін ескере отырып, Комиссия жүзеге асырады.

      99. Өлшемшарттар олардың әрқайсысы бойынша тиісті ұпайлар (үлестік немесе пайыздық мән) беру арқылы бағаланады.

21. Әлеуетті Жекеше әріптеспен келіссөздер, Шарт жасасу

      100. Комиссия Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптеспен МЖӘ жобасын және Үлгілік шарттың талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізеді.

      101. Келіссөздер жүргізу кезеңінде МЖӘ жобасы және Үлгілік шарт бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Комиссия жазбаша нысанда Әлеуетті Жекеше әріптеске жібереді.

      Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша Комиссия шешім қабылдайды.

      102. Келіссөздер барысында Конкурс шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      103. Егер Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптес Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес Конкурстық өтінімді және Үлгілік шарттың талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсыныстары Конкурс шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, онда Комиссия бұл Конкурстық өтінімді қарамайды және үздік Конкурстық өтінімді жаңадан таңдайды.

      Бұл ретте осындай Конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және бұл Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстың жеңімпазы болып танылмайды.

      104. Конкурстың жеңімпазы болып Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Конкурсқа қатысушы танылады.

      105. Конкурсты ұйымдастырушы Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде, үздік Конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттама көшірмелерін қоса бере отырып:

      1) Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде келісетін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға;

      2) Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде келісетін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға келісуге жолдайды.

      106. Шарт жобасын келісулерді ескере отырып, Конкурстың қорытындысы бойынша Комиссияның шешімімен Конкурстық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші Конкурстың жеңімпазы болып танылады.

      107. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      108. Үлгілік шарт жасасу мерзімі Конкурс қорытындыланған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайды.

  Денсаулық сақтау саласындағы
(емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
1-қосымша
  Нысан

МЖӘ объектісінің сипаттамасы

МЖӘ жобасының атауы

"__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____ келуге арналған емхана салу және пайдалану"

МЖӘ жобасының қысқаша сипаттамасы

МЖӘ жобасының мәні көрсетіледі

Мемлекеттік әріптес

"__________" мемлекеттік мекемесі ,
Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ көшесі, №___ үй, №___ кабинет
Банктік сәйкестендіру коды: __________
Банктік деректемелер: __________

МЖӘ объектісі

Ауысымына __ келуге арналған емхана

МЖӘ объектісінің орналасқан жері

Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ (мекенжай немесе орналасқан жердің сипаттамасы)

МЖӘ жобасын іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

Құрылыс мерзімі – 20_ - 20_ жылдар (_ ай)
Пайдалану мерзімі –20_-20_жыл (_ жыл)
Шарт мерзімі – 20_-20_ жылдар (_ жыл)

МЖӘ жобасының құны

МЖӘ объектісін салу құны: __________ теңге,
оның ішінде:
- құрылыс-монтаждау жұмыстары – __________ теңге;
- жабдық – __________ теңге;
- өзге шығыстар – __________ теңге.

Мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемдері

Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қолдаудың түрлері және көлемдері (егер болса) көрсетіледі

Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері

Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес шығындарды өтеу және кірістер алу көздері (егер болса) көрсетіледі

Байланыс деректері

Конкурсты ұйымдастырушының тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), лауазымы, байланыс телефоны мен электрондық поштасының мекенжайы (мекенжайлары) көрсетіледі

  Денсаулық сақтау саласындағы
(емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
2-қосымша
  Нысан

Негізгі іс-шаралар

р/с

Іс-шаралар атауы

Іс-шараларды өткізу мерзімі
(уақыт пен күн Қазақстан Республикасы, Астана қаласының уақыты бойынша белгіленген)

1

Конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бір уақытта хабарлауымен Конкурсты өткізу туралы жариялауы (ақпарат Конкурсты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады)

20__ж. "__" _______
(Конкурсты өткізу күніне дейін кемінде 60 (алпыс) күнтізбелік күн бұрын, ал Конкурс қайта өткізілген кезде – кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын

2

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға Конкурсты ұйымдастырушының Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін ұсынуы

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап

3

Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіру, талқылау және түзету

20__ жылғы "___"______ кешіктірмей
(сұрауды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде)

4

Әлеуетті Жекеше әріптестердің олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастыратын Әлеуетті Жекеше әріптестер тізілімінен Әлеуетті Жекеше әріптестер біліктілік іріктеу жүргізілместен жіберіледі

20__ж. "__"________ __:00 сағаттан кешіктірмей
(Конкурс жарияланғаннан кейін кемінде 20 (жиырма) күнтізбелік күн)

5

Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізуі арқылы біліктілік іріктеуін жүргізуі

құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

6

Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптестерді бағалау нәтижелерін жіберуі

біліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде

7

Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімді, сондай-ақ Конкурстық өтінімнің қамтамасыз етуін енгізуі

Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын алған сәттен бастап 20__жылғы "__"________ __:00 сағатқа дейін

8

Комиссияның Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашуы

20__ жылғы "__" _______ __:00 сағат

9

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның отырысына қатысқан Жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне жіберу.
Қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрауы бойынша

Комиссияның тиісті отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей

10

Комиссияның Конкурстық өтінімдерді қарауы

Біліктілік іріктеу нәтижелерін есепке ала отырып, Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде

11

Комиссияның Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптеспен келіссөздердің тиісті хаттамасын ресімдей отырып, МЖӘ жобасын және Үлгілік шарт талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізуі

20__ж. "__"________ __:00 сағат

12

Конкурсты ұйымдастырушының үздік Конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттаманың көшірмесін қоса берумен, Шарт жобасын, оның ішінде оған түзетулер және/немесе толықтырулар енгізген кезде мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға келісуге жолдауы

20__ж. "___"_____ дейін

13

Конкурстың жеңімпазын айқындау

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

14

Тиісті бюджет комиссияларының қарауына МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін шығару

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

15

Тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

16

Мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу және енгізу

тиісті бюджет комиссиясының шешімі шығарылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

17

Комиссияның шешімінің негізінде, мәслихаттың шешімін қабылдау қорытындылары бойынша Конкурсты ұйымдастырушының Конкурстың жеңімпазымен Шарт жасасуы

Конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен көп емес

18

Конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді Конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бір уақытта хабарлай отырып, өзінің ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруы

Үлгілік шарт жасасқаннан кейін ___ (жазбаша түрде көрсету) күн ішінде

  Денсаулық сақтау саласындағы
(емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
3-қосымша
  Нысан

Әлеуетті Жекеше әріптестердің өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растауы үшін ұсынатын құжаттар тізбесі

      Әлеуетті Жекеше әріптестер біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) есепшоттарында ақшаның болуын, Әлеуетті Жекеше әріптестің меншік құқығын және жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері;

      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманың талаптарына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Аса маңызды МЖӘ жобаларына қатысты, егер Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттаманы осындай Әлеуетті Жекеше әріптестің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынады;

      3) Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) "Негізгі құралдар" бухгалтерлік балансының баптарының таратылып жазылуы;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған, олардың қалыптасқан және болжамды өтеу күндері, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомасы көрсетілген соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыз Үлгілік шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестелерімен қоса беру қажет;

      5) Әлеуетті Жекеше әріптестің төлем қабілеттілігі, оның таратылуға жатпайтыны, мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағаны, Әлеуетті Жекеше әріптестің жасалған МЖӘ шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағаны туралы кепілхат;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті де ұсынады;

      7) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға нотариалды расталған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған заңдастырылған үзіндіні ұсынады;

      8) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;

      9) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, нотариалды куәландырылған жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады;

      10) Әлеуетті Жекеше әріптеске қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі қойылған анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам Әлеуетті Жекеше әріптес міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің Үлгі шот жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы. Егер Әлеуетті Жекеше әріптес бірнеше екінші деңгейдегі банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюро беретін кредиттік есепті ұсынуға рұқсат етіледі.

      Банктің анықтамасы (не кредиттік есеп) конкурсты ұйымдастырушыға құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы екі айдан бұрын берілмейді.

      Конкурсқа жеке және (немесе) қарапайым серіктестік нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері қатысқан жағдайда оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды қоса ұсынулары қажет:

      бірлескен қызмет туралы Үлгілік шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      қарапайым серіктестік мүшелері арасында жасалған ортақ жауапкершілік туралы Үлгілік шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      конкурс шеңберінде келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға қарапайым серіктестік атынан әрекет ететін оның өкіліне арналған сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

      Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды Әлеуетті Жекеше әріптестер өз қалауы бойынша ұсынады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент Әлеуетті Жекеше әріптесі біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын құжаттарды не Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған аудармамен Қазақстан Республикасының бейрезиденті Әлеуетті Жекеше әріптестің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай ақ резиденттіктің апостиль қойылған сертификатын (егер халықаралық Үлгілік шартта өзгеше көзделмесе) ұсынады.

      МЖӘ объектісі ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер болған жағдайда Әлеуетті Жекеше әріптес ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық жүйелерге меншік және (немесе) ие болу құқығы туралы құжаттарды ұсынады.

  Денсаулық сақтау саласындағы
(емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
4-қосымша
  Нысан

Конкурстық өтінім

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ауысымына _____ келуге арналған емхана салу және пайдалану" МЖӘ жобасы бойынша оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын қарап, ______________________ (Әлеуетті Жекеше әріптес көрсетіледі) осы Конкурстық өтінімге сәйкес МЖӘ Үлгілік шарты бойынша Жекеше әріптестің міндеттемелерін орындауды ұсынады.

      Осы Конкурстық өтінім Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен бастап кемінде 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн қолданылады.

      Конкурстық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда, біз МЖӘ Үлгілік шартын ескертпелерсіз және шектеу талаптарынсыз Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының шарттарына сәйкес ресімдеуге және қол қоюға міндеттенеміз.

      Біздің өз Конкурстық өтінімімізді қайтарып алмайтынымыздың не Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көрсетілген Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзгертпейтініміздің және (немесе) толықтырмайтынымыздың және бізді конкурс жеңімпазы деп айқындаған жағдайда МЖӘ Үлгілік шартын жасайтынымыздың кепілі ретінде_____________________(мөлшері көрсетіледі) мөлшерінде Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгіземіз.

      Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету ретінде біз _________________ (Заңның 39-бабының 4-тармағына сәйкес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің түрі көрсетіледі) таңдап алдық.

      Осы Конкурстық өтінімде ұсынылған ақпараттың анық болып табылатынын растаймыз.

      Осы Конкурстық өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: _________________ (Конкурстық өтінімге қоса берілетін құжаттар көрсетіледі).

      ______________________

      (Әлеуетті Жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) және лауазымы, мөрі (болған жағдайда)

      ______________________

      (Конкурстық өтінімнің берілген орны және күні).

      Денсаулық сақтау саласындағы
(емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік
конкурстық құжаттамасына
5-қосымша

      Нысан

Үздік Конкурстық өтінімді іріктеу өлшемшарттары және бағалау параметрлері

р/с

Өлшемшарт атауы

Өлшемшарттың шекті (негізгі) мәні

Бағалау тәсілі

Көрсеткіштің Үлгілік шартты белгісі

1

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер төлемдерінің көлемі

_______ (санын көрсету) теңге

Мемлекеттік міндеттемелер (инвестициялық шығындар өтемақысы) төлемдері көлемінің азаюының әрбір ___ (санын көрсету) % ___ (санын көрсету) үшін ұпай қосылады*.
Мемлекеттік міндеттемелер (инвестициялық шығындар өтемақысы) төлемдері көлемінің ұлғаюының әрбір ___ % (санын көрсету) ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі*.

К1

2

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу мерзімі

__ (санын көрсету) жыл

Мемлекеттік міндеттемелерді (инвестициялық шығындар өтемақысын) төлеу мерзімінің ұлғаюының әрбір ___ (санын көрсету) жылына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады*
Мемлекеттік міндеттемелерді (инвестициялық шығындар өтемақысын) төлеу мерзімінің азаюының әрбір ___ (санын көрсету) жылына ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі*

К2

3

Іске асырылған жобалар тәжірибесі (объектілерді салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану (өздігінен не қатысушы ретіндегі өзге тұлғалармен бірге) МЖӘ Үлгілік шартындағы объектіге ұқсас тәжірибенің бар болуы)

іске асырылған жобалардың саны

Іске асырылған әрбір жобаға ___ (санын көрсету) ұпай қосылады.

К3

4

Жекеше әріптестің өзіне қабылдайтын тәуекелдері

Үлгілік шартқа сәйкес тәуекелдерді бөлу

Жекеше әріптес қосымша қабылдаған әрбір тәуекел үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады
Мемлекеттік әріптеске қосымша берілген әрбір тәуекел үшін ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі

К4

5

МЖӘ жобасын іске асыру үшін тартуға жататын Жекеше әріптестің қаражат көлемі

МЖӘ объектісін салу құны

Меншікті қаражат көлемінің әрбір ___ (санын көрсету) % ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К5

6

МЖӘ объектісін салу мерзімдері

___ (санын көрсету) ай

Осы өлшемшарт бойынша мерзімді қысқартудың әрбір айына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К6

7

Кадрлардағы жергілікті қамту үлесі

персоналдың штаттық санынан ___ (санын көрсету) %

Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % азайғаны үшін ___ (санын көрсету) шегеріледі

К7

8

Тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту үлесі

сатып алынатын тауарлардан, жұмыстардан және қызметтерден ___ (санын көрсету) %

Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Жергілікті қамтудың әрбір ___ (санын көрсету) % азайғаны үшін ___ (санын көрсету) шегеріледі

К8

Білікті мамандардың бар болуы

9

жоғары білімді және 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар

___ (санын көрсету) %

Үлестің әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К9

арнаулы-орта білімді және 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар

___ (санын көрсету) %

Үлестің әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

10

МЖӘ жобасының сұралатын ішкі кірістілік нормасы

___ (санын көрсету) %

Көрсеткіштің әрбір ___ (санын көрсету) % азайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады
Көрсеткіштің әрбір ___ (санын көрсету) % ұлғайғаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай шегеріледі

К10

11

МЖӘ жобасын дайындауға Әлеуетті Жекеше әріптестің қатысу дәрежесі

Әзірленген құжат

Құжатты әзірлеуге қатысқаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Әзірленген құжат үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К11

БАРЛЫҒЫ

Баға

      *қажет болған жағдайда көрсетіледі

      "Баға" Конкурстық өтінімнің өлшемшарттарын жалпы бағалауы әрбір Өлшемшарт бойынша алынған ұпайларды қосу жолымен анықталады:

                  Баға = К12345678+ К91011

      К1 – осы өлшемшарт бойынша негізгі мән Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшаға сәйкес МЖӘ объектісінің құны болып табылады. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К2 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың негізгі мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К3 – бұл жағдайда білім беру объектілерін салу бойынша іске асырылған жобалардың тәжірибесі ескеріледі. Денсаулық сақтау саласында іске асырылған жобалар тәжірибесі болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінім құрамында ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады;

      К4 – Әлеуетті Жекеше әріптес қосымша қабылдаған және/немесе берген тәуекелдер болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады;

      К5 – осы өлшемшарт бойынша базалық көрсеткіш Денсаулық сақтау саласындағы (емхана) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшаға сәйкес МЖӘ объектісі құрылысының құны болып табылады;

      К6 – МЖӘ объектісін салу мерзімі ___ (санын көрсету) айдан көп қысқарған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінім құрамында ұсынған Конкурстық өтінімнің бағасы осы өлшемшарт бойынша "нөлге" тең болады;

      К7 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К8 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К9 – егер Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында құрылған жаңа заңды тұлға болып табылса, Конкурстық өтінімді бағалау үшін Конкурстық өтінімге МЖӘ объектісін салуды жүзеге асыратын ұйыммен ниет шартын, сондай-ақ ниет шартын жасасқан заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған, жұмыс өтілін, білімін көрсете отырып, жұмыскерлер тізімін қоса беру керек.

      К10 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К11 – әзірленген құжаттар болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 127 бұйрығына
7-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 724 бұйрығына
9-қосымша

Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы

      МЖӘ жобасының атауы:

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) _____ орынға

      арналған студенттік жатақхана салу және пайдалану"

      МЖӘ объектісінiң орналасқан жері:

      __________________________________________________________________________

      (МЖӘ объектісінiң орналасқан жері көрсетіледі)

      Мемлекеттік әріптес:

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік әріптестің толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-сәйкестендіру

      нөмірін, банктік деректемелерін көрсету)

      Конкурсты ұйымдастырушы:

      __________________________________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірін, банктік деректемелерін көрсету)

      Конкурстық құжаттама пакетінің құны:

      __________________________________________________________________________

      (Конкурстық құжаттаманың теңгемен есептегендегі құнын көрсету не егер конкурстық

      құжаттаманы бергені үшін ақы өндіріп алу көзделмесе, онда бұл тармақты мынадай

      редакцияда жазу қажет: "Конкурстық құжаттама тегін беріледі").

1. Анықтамалар

      1. Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімдік (ЖАО) – жергілікті атқарушы орган;

      1) әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі (бұдан әрі – Конкурстық өтінім) – Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурсқа қатысу үшін Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген нысан бойынша ұсынған құжаттар мен мәліметтердің жиынтығы;

      2) білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ Үлгілік шарты (бұдан әрі – Үлгілік шарт) – Конкурсты ұйымдастырушы Комиссия шешімінің негізінде Конкурс жеңімпазымен жасасатын шарт;

      3) білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы – Конкурс өткізудің Үлгілік шарттары мен тәртібін айқындау үшін әзірленген және Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестерге Конкурстық өтінімдерді дайындау және Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі Конкурсқа қатысу үшін ұсынатын білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      4) дайындық кезеңі – Үлгілік шарттың күшіне ену сәтінен бастап құрылыс жұмыстарын жүргізудің басталуына дейінгі, қаржылық жабу, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту, МЖӘ объектісін салуға дайындықпен байланысты өзге мәселелерді шешу кезеңін қамтитын кезең;

      5) жекеше әріптес – Қазақстан Республикасының "МЖӘ туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына сәйкес, мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, Үлгілік шарт жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

      6) жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістер алу көздері – Жекеше әріптеске Қазақстан Республикасының "МЖӘ туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 9-бабында көзделген қаражатты Үлгілік шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде төлеу;

      7) жер учаскесі – Үлгілік шарт талаптарына сәйкес МЖӘ объектісін салу және пайдалану үшін қажетті жер учаскесі;

      8) заңнама – белгіленген тәртіппен қабылданған және Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы;

      9) комиссия – Заңнамада белгіленген тәртіппен құрылған, коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектісіне қатысты комиссия;

      10) конверт – Конкурстық өтінімнің тұтас және сақталған күйде берілуін қамтамасыз ететін қорап немесе ораудың өзге тәсілі;

      11) конкурс – "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) _____орынға арналған студенттік жатақхана салу және пайдалану" МЖӘ жобасы бойынша жеңілдетілген конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі ашық конкурс;

      12) конкурсты ұйымдастырушы – "__________" мемлекеттік мекемесі;

      13) қағидалар – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген МЖӘ жобасын жоспарлау және іске асыру қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген);

      14) қызметті тұтынушылар – колледждің бағыттауы бойынша жатақханада тұратын студенттер және/немесе оқытушылар;

      15) мемлекеттік әріптес – "__________" мемлекеттік мекемесі атынан Қазақстан Республикасы;

      16) МЖӘ жобасы – __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ орынға арналған студенттік жатақхана салу және пайдалану бойынша МЖӘ жобасы;

      17) МЖӘ объектісі – салынуы мен пайдаланылуы МЖӘ жобасын іске асыру аясында жүзеге асырылатын, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ орынға арналған студенттік жатақхана;

      18) МЖӘ объектісін пайдалану – Жекеше әріптестің МЖӘ объектісін Үлгілік шартта айқындалған тәртіппен және шарттарда МЖӘ объектісінің мақсатына сәйкес, оның ішінде Қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы;

      19) МЖӘ объектісін салу – МЖӘ объектісін салу, оның ішінде жаңа технологиялар, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру негізінде салу, МЖӘ объектісінде өндірістік жабдық орнату, МЖӘ объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыстардың өзге түрлерін өндіру;

      20) МЖӘ объектісін салу мерзімі – Үлгілік шартта және жобалау-сметалық құжаттамада МЖӘ объектісін салуға көзделген, құрылыс жұмыстарының басталу күнінен аяқталу күніне дейін есептелетін мерзім;

      21) үздік Конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттары (бұдан әрі - өлшемшарттар) – Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген, оның негізінде Конкурсқа қатысушының Конкурстық өтінімі үздік деп танылатын өлшемшарттар;

      22) шарт жобасы – тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, МЖӘті іске асыру Үлгілік шарттарын айқындайтын Мемлекеттік әріптес және Жекеше әріптес арасындағы жазбаша келісім жобасы.

2. Жалпы ережелер

      3. Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы Әлеуетті Жекеше әріптестерге олардың Конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат ұсыну мақсатында әзірленген.

      4. Конкурс Заңға, Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өткізіледі.

      5. МЖӘ жобасының сипаттамасы Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшада көрсетілген.

      Техникалық параметрлер бойынша егжей-тегжейлі сипаттамалар білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына қоса берілген жобалау-сметалық құжаттамада/Үлгілік жобада/Үлгілік жобалық шешімдерде/қайталап қолдану жобасында (керегін көрсету) көзделген.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 154-3-бабының 7-тармағына сәйкес, Жекеше әріптес Үлгілік шартта белгіленген мерзімде қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы/Үлгілік жобаны/Үлгілік жобалық шешімдерді/қайталап қолдану жобасын (керегін көрсету) МЖӘ жобасының нақты алаңына байланыстыруды МЖӘ жобасының тұжырымдамасында қамтылған маркетингтiк және қаржылық-экономикалық параметрлерді ескере отырып жүзеге асырады.

      6. МЖӘ объектісін салуға және пайдалануға қойылатын талаптар Шарт жобасында келтірілген.

3. Конкурстық комиссия

      7. Конкурстық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Әкімдіктің "Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық комиссияны құру туралы" 20__ жылғы "__" __________ №___ қаулысымен құрылған Комиссия жүзеге асырады.

      8. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестер ұсынған Конкурстық өтінімдерді құжаттардың толықтығы мен тиісті ресімделуі, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау мен іріктеу;

      2) Конкурстық өтінімдерді қарау және үздік Конкурстық өтінімді анықтау;

      3) МЖӘ жобасын және Шарт жобасының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізу;

      4) Конкурс қорытындысы бойынша Конкурстық өтінімді бекіту және өтінім берушіні Конкурс жеңімпазы деп тану болып табылады.

      9. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:

      1) Комиссияның отырыстарына шақыруға және Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

      2) МЖӘ жобасының проблемалық мәселелерін талдау мен зерделеу үшін қажеттілігіне қарай мамандарды, сарапшыларды және ғалымдарды тартуға;

      3) Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқылы.

      10. Комиссияны төраға - _____________ әкімі/әкімінің орынбасары басқарады. Комиссия төрағасы Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Комиссияның қызметіне жеке жауапкершілікке ие болады.

      11. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оның тапсырмасы бойынша Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі орындайды.

      12. Комиссия құрамына __________ әкімінің орынбасарлары, білім беру, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының бірінші басшылары, сондай-ақ "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

      13. Комиссияның жұмыс органы Конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.

      14. Комиссияның жұмыс органы қызметті ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      15. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайтын және отырыс хаттамасын ресімдейтін Конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады.

      16. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі болған жағдайда заңды деп есептеледі.

      17. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері дауыстарының басым көпшілігі берілген жағдайда қабылданған болып есептеледі және міндетті түрде Комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері және Комиссияның хатшысы қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      18. Комиссия мүшелерінің айрықша пікірге құқығы бар, ол берілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның хаттамасына қоса берілуі тиіс.

      19. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жұмыс органы мүдделі тұлғаларды қарау нәтижелері туралы хабардар етеді.

      20. Комиссия өз қызметін Әкімдік қаулысының негізінде тоқтатады.

4. Конкурс өткізудің негізгі іс-шаралары

      21. Конкурс Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 2-қосымшаға сәйкес негізгі шараларды көздейді.

5. Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының мазмұны

      22. Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) Әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар, Үлгілік КҚ 3-қосымшаға сәйкес, жекеше әріптестер олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізіміне сәйкес ұсынылады;

      2) МЖӘ объектісінің орналасқан жері (Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымша);

      3) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың болжанатын түрлері мен көлемдері, сондай-ақ шығындарды өтеу мен кірістерді алу көздері;

      4) Шарт жобасы;

      5) үздік Конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттарының сипаттамасы;

      6) МЖӘ жобасының параметрлері көрсетілуге тиіс валютаны көрсету және оларды салыстыру мен бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын валюта бағамы;

      7) Конкурстық өтінім берілетін тілге қойылатын талаптар;

      8) Әлеуетті Жекеше әріптестің өз Конкурстық өтінімін Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына нұсқау;

      9) Конкурстық өтінімнің мазмұны, Конкурстық өтінімдерді ұсыну тәсілі, орны, мерзімі және олардың қолданылуы, сондай-ақ Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары;

      10) МЖӘ жобасының конкурстық құжаттамасының мазмұны бойынша түсіндірулерді алу тәсілдері;

      11) Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімдері, орны, күні мен уақыты.

      23. Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген.

      24. Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының қолданылу мерзімі оны бекіткен күннен бастап ___ (жазумен көрсету, бірақ үш жылдан көп емес) жыл.

      25. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестерге Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) не басқа да электрондық тәсілмен ұсынады. Қағаз жеткізгіште ұсынылған кезде Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы түпнұсқадан (Конкурсты ұйымдастырушы әрбір бетіне қол қойған, бекітілген және келісілген Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасынан) көшірме түрінде беріледі. Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесі Әлеуетті Жекеше әріптестің өкілдеріне тегін/____________ (жазумен көрсету) теңгеге (керегін көрсету) және Конкурсты ұйымдастырушының тиісті журналға міндетті түрде тіркеуі арқылы беріледі.

      26. Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында және оның қосымшаларында көзделген МЖӘ объектісінің техникалық параметрлері Конкурстық өтінімдерді дайындау және ұсыну кезінде Әлеуетті Жекеше әріптестер үшін міндетті болып табылады.

      27. Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көзделген шарттармен және Конкурсты өткізумен байланысты даулар Заңнаманың талаптарына және Үлгілік шартта келісілген дауларды шешу рәсімдеріне сәйкес келіссөздер жолымен шешіледі.

      28. Егер Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көзделген шарттармен, Конкурсты өткізумен байланысты даулар Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 27-тармағына сәйкес шешілмейтін болса, онда Тараптар дауды заңнаманың талаптарына сәйкес сот тәртібімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Төрелiк туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі Заңына сәйкес халықаралық төрелікке жүгіну жолымен шешуге құқылы.

6. Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру және талқылау

      29. Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын алған тұлғалар, қажет болған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушыға Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен, Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей жүгінеді. Конкурс қайта өткізілген жағдайда Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын алған тұлғаларды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген тұлғалар, қажет болған жағдайда, Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей жүгінеді.

      30. Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы сұрау салу арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы не жазбаша түрде, қағаз жеткізгіште, бір данада, мемлекеттік немесе орыс тілінде не мемлекеттік немесе орыс тіліне нақты (нотариалды куәландырылған) аудармасын қоса берумен өзге тілде ұсынылады. Әлеуетті Жекеше әріптестің сұрау салуы Конкурсты ұйымдастырушыға жөнелтілуі және мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, _______________ облысы, ____________ қаласы, _______ көшесі, №__, "__________" мемлекеттік мекемесі , №____ кабинетке бағытталуы тиіс. Сұрау салу заңнаманың талаптарына сәйкес жасалуы және сұрау салу түсіп отырған Әлеуетті Жекеше әріптестің атауынан және жауап жіберілуі тиіс мекенжайдан тұруы тиіс.

      31. Конкурсты ұйымдастырушы сұрау салуды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оған жауап жібереді және сұрау салу кімнен түскенін көрсетпестен:

      1) мұндай түсіндіруді Конкурсты ұйымдастырушы Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге хабарлайды;

      2) Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіруді арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы жібереді не түсіндірудің мәтінін "______________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында жариялайды.

      32. Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру үшін Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестермен 20__ жылғы "__" __________ __:00 сағатта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, _______________ облысы, ____________ қаласы, _______ көшесі, №__ кабинетте кездесу өткізеді.

      33. Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру жөніндегі кездесу қорытындысы бойынша Конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған дереккөздерді көрсетпестен, Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын түсіндіру туралы сұрау салулардан, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптардан тұратын хаттама жасайды.

      34. Әлеуетті Жекеше әріптестермен кездесудің хаттамасына Конкурсты ұйымдастырушының атынан өкілдік ететін тұлғалар, сондай-ақ Әлеуетті Жекеше әріптестер немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды.

      35. Аталған хаттаманың көшірмесін Конкурсты ұйымдастырушы оны ресімдеген және қол қойған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және Конкурсты ұйымдастырушы Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге жібереді.

      Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы хаттама арнайы құрылған интернет-ресурста (веб-портал) орналастырылады не "______________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      36. Егер Әлеуетті Жекеше әріптестермен Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының ережелерін түсіндіру бойынша кездесу Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 32-тармағында белгіленген уақыт пен күні Әлеуетті Жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің келмеуі себебінен болмай қалса, Конкурсты ұйымдастырушы көрсетілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы факт туралы Комиссияға жазбаша хабарлайды.

      37. Әлеуетті Жекеше әріптестерден МЖӘ жобасының қаржылық, заңды және өзге де қажетті параметрлері, мемлекеттік қолдау шаралары, Жекеше әріптесті және өзге де шешімдерді іріктеу өлшемшарттары бойынша оңтайлы шешімдерді қалыптастыру мақсатында ұсыныстар түскен жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы мүдделі Әлеуетті Жекеше әріптестердің әрқайсысының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, қажет болған жағдайда бәсекелі диалог ұйымдастырады. Заңнамаға сәйкес, бәсекелі диалогқа қатысушылардың барлығы оны жүргізу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды.

7. Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу

      38. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей, ал конкурсты қайтадан өткізген кезде – күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей өз бастамасымен немесе Әлеуетті Жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізе алады.

      39. Конкурсты ұйымдастырушы Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мәтінін жолдайды. Бұл ретте Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімін Әлеуетті Жекеше әріптестердің Конкурстық өтінімдердегі өзгерістер және (немесе) толықтыруларды ескеруі үшін, кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзіміне, ал Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс қайта өткізілген кезде, кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн мерзіміне ұзартады.

      40. Енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар міндетті күшке ие болады.

      41. Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

8. Мемлекеттік қолдаудың түрлері және көлемдері, сондай-ақ Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері

      42. Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру кезеңінде Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын алуға, шығындарды өтеуге және кірістер алуға (керегін көрсету) құқығы бар.

      43. Мемлекеттік қолдау шараларын төлеудің, шығындарды өтеудің және кірістер алудың (керегін көрсету) мөлшері, тәртібі және мерзімдері заңнамаға сәйкес Үлгілік шартта белгіленеді.

9. Біліктілік іріктеу

      44. Заңның 32-бабына сәйкес, Конкурсқа қатысу үшін Әлеуетті Жекеше әріптес мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:

      1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;

      2) төлем қабілеттілігінің болуы, салық берешегінің болмауы;

      3) Үлгілік шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

      4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпау, оның мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, заңнамаға сәйкес оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға тиіс;

      5) соңғы үш жыл ішінде жасалған МЖӘ Үлгілік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз Әлеуетті Жекеше әріптес деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмауға тиіс.

      45. Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын меншікті қаражатымен немесе қарыз қаражатын тарту арқылы қаржыландыруға құқылы.

      46. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік талаптарына қатысты емес ақпаратты ұсынбауға құқылы.

      47. Әлеуетті Жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну 20 __ жылғы "___"__________ ___:00 сағатқа дейін жүзеге асырылады.

      48. Қағидаларға сәйкес, Әлеуетті Жекеше әріптес оның біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Конкурсты ұйымдастырушыға Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 3-қосымшада келтірілген құжаттарды ұсынады.

      49. Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік талаптарына сәйкестікке анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, сот оны жосықсыз Әлеуетті Жекеше әріптес деп таныған кезден бастап кейінгі үш жыл бойы Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

      50. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынатын біліктілік талаптары бойынша ақпараттың анықтығын Комиссия, Конкурсты ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар Конкурсты өткізудің кез келген сатысында анықтай алады.

      51. Әлеуетті Жекеше әріптестің біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат ұсыну фактісін анықтаған тұлғалар осындай факт анықталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, Конкурсты ұйымдастырушыны және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органды анық емес ақпарат ұсыну фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін хабарламаға қоса бере отырып, бұл туралы жазбаша хабардар етеді және Қағидаларға сәйкес шаралар қабылдайды.

      52. Конкурсты ұйымдастырушы біліктілік іріктеуді Әлеуетті Жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізу арқылы құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      53. Әлеуетті Жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарда талаптарға сәйкес келмеулер анықталған жағдайда Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске анықталған сәйкессіздіктерді жою туралы 10 (он) күнтізбелік күн ішінде хабарлайды.

      Хабарламаны жолдаған күннен бастап және тиісті құжаттарды ұсынғанға дейін біліктілік іріктеуді өткізу мерзімдері тоқтатылады.

      Тиісті құжаттарды хабарламада белгіленген мерзімнен кеш ұсынған Әлеуетті Жекеше әріптес біліктілік іріктеуден өтпеген деп танылады.

      54. Конкурсты ұйымдастырушы бағалау нәтижелерін біліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Әлеуетті Жекеше әріптестерге жолдайды.

      55. Біліктілік іріктеуден өткен Әлеуетті Жекеше әріптес Заңның 34-бабына сәйкес Конкурсқа қатысушы деп танылады.

10. Конкурсқа қатысуға байланысты шектеулер

      56. Заңның 33-бабына сәйкес, Әлеуетті Жекеше әріптес егер:

      1) осы Әлеуетті Жекеше әріптес басшыларының және (немесе) осы Әлеуетті Жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) немесе жекжаттарының Жекеше әріптесті айқындау туралы шешім қабылдау құқығы болса не Конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      2) Әлеуетті Жекеше әріптестің баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынса;

      3) Әлеуетті Жекеше әріптестің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болса және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізсе;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің қаржылық-шаруашылық қызметі Заңнамаға не Әлеуетті Жекеше әріптес-Қазақстан Республикасының бейрезиденті мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, Конкурсқа қатысуға құқылы емес.

      57. Әлеуетті Жекеше әріптес пен Әлеуетті Жекеше әріптестің үлестес тұлғасының Жекеше әріптестің айқындауы бойынша бір Конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.

11. Конкурстық өтінім

      58. Конкурсқа қатысу үшін Әлеуетті Жекеше әріптестер Конкурсты ұйымдастырушыға Заңнаманың және Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының талаптарына сәйкес дайындалған және ұсынылған Конкурстық өтінімдерді ұсынады.

      59. Конкурстық өтінім Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 4-қосымшада белгіленген нысан бойынша ресімделеді және оның ішінде мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) қаржылық-экономикалық шешімдер (ұсыныстар):

      қаржылық-экономикалық модель;

      МЖӘ жобасының тәуекелдерін бөлу және бағалау;

      МЖӘ жобасына салынатын меншікті және қарыз қаражаттарының көлемі.

      2) технологиялық және басқа шешімдер (ұсыныстар):

      МЖӘ объектісін пайдалану процесінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бойынша шешімдерді қамтитын жаңа технологияларды тарту;

      қаржылық жабу кезеңінің аяқталу күнінен бастап есептелетін МЖӘ объектісін салу мерзімі;

      жергілікті қамту бойынша міндеттемелер (МЖӘ объектісін салу және пайдалану кезеңінде);

      білім беру саласында іске асырылған жобалар тәжірибесі;

      білікті мамандардың болуы.

12. Конкурстық өтінімдерді қамтамасыз ету

      60. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді:

      1) Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және/немесе толықтырмайтынына;

      2) оны Конкурстың жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, Шарт жасасатындығына кепіл ретінде енгізеді.

      61. Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету Үлгілік шарт бойынша болжанған инвестициялардың құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      62. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) "__________" мемлекеттік мекемесі

      __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ көшесі, ___

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________

      Жеке сәйкестендіру коды _______________      

      "ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің __________ бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесі

      Банктік сәйкестендіру коды __________ шотына енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;

      2) банк кепілдігін таңдайды.

      63. Әлеуетті Жекеше әріптестің оның Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      64. Мына:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін Конкурстық өтінімді кері қайтарып алған не өзгерткен және/немесе толықтырған;

      2) Конкурс жеңімпазы болып айқындалған Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ Үлгілік шартын жасасудан жалтарған жағдайларды қоспағанда, Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптес енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

      Осы тармақта көзделген жағдайлардың бірі орын алған кезде Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

      65. Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске ол енгізген Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі орын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) осы Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып алуы;

      2) Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай Конкурсқа қатысушылар деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптестерге қолданылмайды;

      3) Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Аталған жағдай Конкурс жеңімпазы болып айқындалған Конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

      4) Үлгілік шарттың күшіне енуі;

      5) Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімінің өтуі.

13. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттарды ресімдеу және енгізу тәртібі

      66. Конкурстық өтінімді Әлеуетті Жекеше әріптестер Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 78-тармағында көрсетілген, оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін тігілген, беттері нөмірленген және әрбір бетіне қол қойылған, соңғы бетіне қолы мен мөрі қойылған түрінде жабылған Конвертте ұсынады.

      67. Конверт:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешіккен" болып жарияланатын болса, Конкурстық өтінімді ашпай, кері қайтару мақсатында);

      2) Конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен мекенжайы:

      "__________" мемлекеттік мекемесі , Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), _________ көшесі, __, №___ кабинет, тел. 8 (____) __-__-__;

      3) конкурстың атауы:

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ ОРЫНҒА АРНАЛҒАН СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНА САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ" МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ ТАҢДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС";

      4) сондай-ақ: "20__ ЖЫЛҒЫ "__" ______ __-00 САҒАТҚА ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" мәтіні көрсетіле отырып, Конкурсты ұйымдастырушыға жолдануы тиіс.

      68. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді Әлеуетті Жекеше әріптестер не олардың уәкілетті өкілдері Конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе тапсырысты пошта байланысын пайдалану арқылы ұсынады.

      69. Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық өтінімдері бар конверттерді Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген мерзім ішінде қабылдайды және оларды ұсыну сәтінен бастап Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады.

      70. Конвертке Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың тізімдемесі де салынады. Тізімдеме Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көрсетілген талаптарға сәйкес тілде ұсынылуы, оған Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысы не бірінші басшының міндетін атқарушы не уәкілетті өкілі қол қоюы және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен расталуы тиіс.

      71. Қаржылық-экономикалық модельді қоспағанда, Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттар және Конкурсқа ұсынылатын өзге де құжаттар жазбаша (баспа) және электронды түрде, оның ішінде сканерленген түрде ұсынылуы тиіс.

      72. Конкурсты ұйымдастырушы:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес атынан өтінімі бар Конвертті ұсынған Әлеуетті Жекеше әріптестің өкілінің өкілеттігін құжаттамалық растаудың болуын тексереді;

      2) тиісінше ресімделген Конкурстық өтінімдері бар Конверттерді қабылдайды және Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналына енгізеді;

      3) Конкурстық өтінімдерді ұсынудың мерзімі өткенге дейін Конкурстық өтінімге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайды;

      4) Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін ол қайтарылған жағдайда, Конкурстық өтінімнің қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      73. Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі мынадай:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптес осы Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімді бұрын берген;

      2) Конкурстық өтінім осы Конкурсқа қатысуға Конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбайды.

      74. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынатын, шетелдік құқық нормалары бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік мемлекеттердің құзыретті органдары белгілеген нысан бойынша берілген, жасалған немесе куәландырылған барлық құжаттарды Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі заңдастыруы не 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес апостиль қою арқылы куәландырылуы тиіс. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен осы рәсім көрсетілген құжаттарға қатысты алынып тасталған немесе жеңілдетілген болса, ұсынылатын құжаттарды заңдастыру немесе оларға апостиль қою талап етілмейді.

14. Конкурстық өтінімді құрайтын құжаттарды және Конкурсқа ұсынылатын өзге де құжаттарды жасау тіліне қойылатын талаптар

      75. Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі және Конкурсқа ұсынылатын барлық өзге құжаттар тілдер туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ұсынылуы тиіс.

      76. Құжаттар оларға орыс тіліне апостиль қойылған дұрыс аудармасы қоса берілген жағдайда (олай болмаған жағдайда құжат ұсынылмаған болып танылады) басқа тілде жасалуы және ұсынылуы мүмкін.

      Құжат бойынша мәліметтерді интерпретациялау жөнінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда __________ (керегін көрсету) тіліндегі құжаттар басымдыққа ие болады.

15. Конкурстық өтінімдегі есептеулер үшін пайдаланылатын валютаға қойылатын талаптар

      77. МЖӘ объектісін салу құны, қаржылық-экономикалық модель, Жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістерді алу көздері, мемлекеттік қолдау түрлерінің көлемдері және Конкурстық өтінімдегі басқа да көрсеткіштер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында есептелуі тиіс.

16. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі

      78. Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі – Астана қ. (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша 20__ж. "__" _______ сағат __:00 дейін.

      79. Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған Конкурстық өтінімі бар конверт Конкурстық өтінімдерді тіркеу журналында тіркелмейді, ашылмайды және Конкурсқа қатысу өтінімдері бар конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша Әлеуетті Жекеше әріптеске не Әлеуетті Жекеше әріптестердің тиісті уәкілетті өкілдеріне алу туралы қолхатпен жеке қайтарылады.

17. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі

      80. Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қоса алғанда, Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап кемінде ___ (жазбаша түрде көрсету) күнтізбелік күн мерзімді құрайды.

      81. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінен асып кетпеуі тиіс. Осындай асып кету болған жағдайда Конкурстық өтінім кері қайтарылады.

      82. Егер Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Мемлекеттік әріптес пен Конкурстық өтінімі үздік деп анықталған Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын және МЖӘ Үлгілік шартының талаптарын нақтылау жөніндегі келіссөздерді аяқтамаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Комиссия шешімінің негізінде Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қоса алғанда, өзінің Конкурстық өтінімінің қолданылу мерзімін ұзартады.

      83. Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту үшін, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурсты ұйымдастырушының атына, мыналарды:

      1) ол берген Конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімін ұзартуға айқын көрінетін келісімді;

      2) Конкурстық өтінімнің қолданылуы ұзартылатын мерзімді;

      3) осы құжатқа қол қою күнін;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің немесе оның уәкілетті өкілінің қолын және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрін көрсете отырып, жазбаша хабарлама жібереді.

      Бұл хабарлама Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көрсетілген, Конкурсқа қатысу үшін қойылатын құжаттарды ресімдеу және жасау талаптарына сәйкес жасалуы тиіс.

18. Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуына дейін Конкурстық өтінімді өзгерту, кері қайтарып алу

      84. Әлеуетті Жекеше әріптес осы Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының 78-тармағында көрсетілген, Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімінің аяқталуынан кешіктірмей:

      1) енгізілген Конкурстық өтінімді өзгерте және/немесе толықтыра;

      2) өзі енгізген Конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің Конкурстық өтінімін кері қайтарып ала алады.

      Конкурстық өтінімге өзгертулер оларды ұсынудың түпкілікті мерзімі өткеннен кейін енгізілмейді.

      85. Әлеуетті Жекеше әріптестер өзгертілген Конкурстық өтінімді бұрын ұсынылған Конкурстық өтінім сияқты дайындайды, мөр басады және Конвертте:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестің толық атауы мен пошталық мекенжайын;

      2) Конкурсты ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайын:

      "_______________________________________________" мемлекеттік мекемесі , Қазақстан Республикасы, _______________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), _________ көшесі, __, №___ кабинет, тел. 8 (____) __-__-__;

      3) құжаттың атауын: "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) ____ ОРЫНҒА АРНАЛҒАН СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНА САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ МЖӘ ЖОБАСЫ БОЙЫНША ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ ТАҢДАУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРСТЫҢ ӨЗГЕРТІЛГЕН КОНКУРСТЫҚ ӨТІНІМІ";

      4) сондай-ақ: "20__ ЖЫЛҒЫ "__" ______ __-00 САҒАТҚА ДЕЙІН АШЫЛМАСЫН" сөздерін көрсете отырып ұсынады.

      86. Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушының атына Әлеуетті Жекеше әріптес қол қойған және мөр қойылған еркін түрде ресімделетін Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама жолданады.

      Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінімді Конкурстық өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін қайтарған жағдайда, Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптеске ол енгізген қамтамасыз етуді Конкурстық өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама алған күннен бастап __ (жазбаша түрде көрсету) жұмыс күнінің ішінде қайтарады.

19. Конкурстық өтінімдерді ашу, қарау және іріктеу

      87. Комиссия Конкурстық өтінімдері бар конверттерді Астана қ. (Қазақстан Республикасы) уақыты бойынша 20_____ж. "___" _____ ___:00 сағатта мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, __________________ қ., ____________ көшесі, "_________________________" мемлекеттік мекемесі ғимаратында, ____ қабат, № ______ кабинетте ашады.

      88. Конкурсты ұйымдастырушыға, Комиссия көпшілігі болмаған жағдайда немесе Комиссия төрағасының немесе оны алмастыратын тұлғаның шешімімен Конкурстық өтінімдерді ашу орны, өткізілетін уақыты мен күні туралы Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.

      89. Енгізілген өзгерістер міндетті күшке ие болады және олар туралы Конкурсты ұйымдастырушы Конкурстық құжаттама ұсынған барлық Әлеуетті Жекеше әріптестерге, сондай-ақ Комиссия мүшелеріне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға дереу хабарлайды.

      90. Конкурсты ұйымдастырушы барлық мүдделі тұлғаларға жоғарыда көрсетілген өзгерістер туралы арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) арқылы хабарлайды не "____________________" мемлекеттік мекемесі ресми интернет-ресурсында ақпарат орналастырады.

      91. Конкурстық өтінімдері бар конверттер Комиссияның қарапайым көпшілігінің, Конкурсты ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, сондай-ақ Әлеуетті Жекеше әріптестердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашылады.

      92. Комиссия хатшысы не төраға Комиссия мүшелерінің арасынан анықтаған тұлға Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашады және барлық қатысушылардың алдында өтінімдегі құжаттардың тізбесін және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді.

      93. Комиссия барлық Конкурстық өтінімдерді қарайды. Егер бір ғана Конкурстық өтінім ұсынылған жағдайда, берілген өтінімді Комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.

      94. Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасына төраға және отырысқа қатысқан барлық Комиссия мүшелері, сондай-ақ Комиссия хатшысы әрбір бетіне қол қояды.

      95. Көрсетілген хаттаманың көшірмесі Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі комиссияның отырысына қатысқан Әлеуетті Жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне Комиссияның аталған отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салуды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.

      96. Комиссия отырысын өткізбей тұрып, Конкурстық өтінімдерді қарауға жол берілмейді.

      97. Бұл ретте осындай Конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және осы Конкурсқа енгізілген, қалған Конкурстық өтінімдердің арасынан үздік Конкурстық өтінім қайтадан таңдалады.

20. Конкурстық өтінімдерді іріктеу өлшемшарттары

      98. Конкурстық өтінімдерді қарау және іріктеуді Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 5-қосымшада келтірілген өлшемшарттарды және олардың параметрлерін ескере отырып, Комиссия жүзеге асырады.

      99. Өлшемшарттар олардың әрқайсысы бойынша тиісті ұпайлар (үлестік немесе пайыздық мән) беру арқылы бағаланады.

21. Әлеуетті Жекеше әріптеспен келіссөздер, Шарт жасасу

      100. Комиссия Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптеспен МЖӘ жобасын және Үлгілік шарттың талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізеді.

      101. Келіссөздер жүргізу кезеңінде МЖӘ жобасы және Үлгілік шарт бойынша ескертулер мен ұсыныстарды Комиссия жазбаша нысанда Әлеуетті Жекеше әріптеске жібереді.

      Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша Комиссия шешім қабылдайды.

      102. Келіссөздер барысында Конкурс шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      103. Егер Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптес Комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес Конкурстық өтінімді және Үлгілік шарттың талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсыныстары Конкурс шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, онда Комиссия бұл Конкурстық өтінімді қарамайды және үздік Конкурстық өтінімді жаңадан таңдайды.

      Бұл ретте осындай Конкурстық өтінімді үздік деп тану туралы Комиссияның шешімі жойылады және бұл Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстың жеңімпазы болып танылмайды.

      104. Конкурстың жеңімпазы болып Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Конкурсқа қатысушы танылады.

      105. Конкурсты ұйымдастырушы Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде, үздік Конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттама көшірмелерін қоса бере отырып:

      1) Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде келісетін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға;

      2) Шарт жобасын, оның ішінде оған өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізген кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде келісетін бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға келісуге жолдайды.

      106. Шарт жобасын келісулерді ескере отырып, Конкурстың қорытындысы бойынша Комиссияның шешімімен Конкурстық өтінім бекітіледі, ал өтінім беруші Конкурстың жеңімпазы болып танылады.

      107. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      108. Үлгілік шарт жасасу мерзімі Конкурс қорытындыланған күннен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайды.

  Білім беру саласындағы (білім беру
ұйымының жатақханасы) МЖӘ
жобасының Үлгілік конкурстық
құжаттамасына
1-қосымша
  Нысан

МЖӘ объектісінің сипаттамасы

МЖӘ жобасының атауы

"__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) _____ орынға арналған студенттік жатақхана салу және пайдалану"

МЖӘ жобасының қысқаша сипаттамасы

МЖӘ жобасының мәні көрсетіледі

Мемлекеттік әріптес

"__________" мемлекеттік мекемесі ,
Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ көшесі, №___ үй, №___ кабинет
Банктік сәйкестендіру коды: __________
Банктік деректемелер: __________

МЖӘ объектісі

__ орынға арналған студенттік жатақхана

МЖӘ объектісінің орналасқан жері

Қазақстан Республикасы, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету), __________ (мекенжай немесе орналасқан жердің сипаттамасы)

МЖӘ жобасын іске асыру мерзімдері мен кезеңдері

Құрылыс мерзімі – 20_ - 20_ жылдар (_ ай)
Пайдалану мерзімі –20_-20_жыл (_ жыл)
Шарт мерзімі – 20_-20_ жылдар (_ жыл)

МЖӘ жобасының құны

МЖӘ объектісін салу құны: __________ теңге,
оның ішінде:
- құрылыс-монтаждау жұмыстары – __________ теңге;
- жабдық – __________ теңге;
- өзге шығыстар – __________ теңге.

Мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемдері

Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қолдаудың түрлері және көлемдері (егер болса) көрсетіледі

Шығындарды өтеу және кірістер алу көздері

Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес шығындарды өтеу және кірістер алу көздері (егер болса) көрсетіледі

Байланыс деректері

Конкурсты ұйымдастырушының тегі, аты, әкесінің аты (егер болса), лауазымы, байланыс телефоны мен электрондық поштасының мекенжайы (мекенжайлары) көрсетіледі

  Білім беру саласындағы (білім беру
ұйымының жатақханасы) МЖӘ
жобасының Үлгілік конкурстық
құжаттамасына
2-қосымша
  Нысан

Негізгі іс-шаралар

р/с

Іс-шаралар атауы

Іс-шараларды өткізу мерзімі
(уақыт пен күн Қазақстан Республикасы, Астана қаласының уақыты бойынша белгіленген)

1

Конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бір уақытта хабарлауымен Конкурсты өткізу туралы жариялауы (ақпарат Конкурсты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады)

20__ж. "__" _______
(Конкурсты өткізу күніне дейін кемінде 60 (алпыс) күнтізбелік күн бұрын, ал Конкурс қайта өткізілген кезде – кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын

2

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғаларға Конкурсты ұйымдастырушының Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін ұсынуы

Конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап

3

Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының көшірмесін алған тұлғаларға оның ережелерін түсіндіру, талқылау және түзету

20__ жылғы "___"______ кешіктірмей
(сұрауды тіркеген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде)

4

Әлеуетті Жекеше әріптестердің олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалыптастыратын Әлеуетті Жекеше әріптестер тізілімінен Әлеуетті Жекеше әріптестер біліктілік іріктеу жүргізілместен жіберіледі

20__ж. "__"________ __:00 сағаттан кешіктірмей
(Конкурс жарияланғаннан кейін кемінде 20 (жиырма) күнтізбелік күн)

5

Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптестердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауды жүргізуі арқылы біліктілік іріктеуін жүргізуі

құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталған сәттен бастап
15 (он бес) жұмыс күні ішінде

6

Конкурсты ұйымдастырушының Әлеуетті Жекеше әріптестерді бағалау нәтижелерін жіберуі

біліктілік іріктеу аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде

7

Әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімді, сондай-ақ Конкурстық өтінімнің қамтамасыз етуін енгізуі

Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын алған сәттен бастап 20__жылғы "__"________ __:00 сағатқа дейін

8

Комиссияның Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашуы

20__ жылғы "__" _______ __:00 сағат

9

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу хаттамасының көшірмесін Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі Комиссияның отырысына қатысқан Жекеше әріптестерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне жіберу.
Қатыспағандарға – олардың жазбаша сұрауы бойынша

Комиссияның тиісті отырысынан кейінгі 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей сұрау алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей

10

Комиссияның Конкурстық өтінімдерді қарауы

Біліктілік іріктеу нәтижелерін есепке ала отырып, Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде

11

Комиссияның Конкурстық өтінімі үздік деп танылған Әлеуетті Жекеше әріптеспен келіссөздердің тиісті хаттамасын ресімдей отырып, МЖӘ жобасын және Үлгілік шарт талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізуі

20__ж. "__"________ __:00 сағат

12

Конкурсты ұйымдастырушының үздік Конкурстық өтінімді айқындау туралы хаттаманың көшірмесін қоса берумен, Шарт жобасын, оның ішінде оған түзетулер және/немесе толықтырулар енгізген кезде мемлекеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға келісуге жолдауы

20__ж. "___"_____ дейін

13

Конкурстың жеңімпазын айқындау

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

14

Тиісті бюджет комиссияларының қарауына МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін шығару

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

15

Тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы

20_____ жылғы "___"______ кешіктірмей

16

Мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу және енгізу

тиісті бюджет комиссиясының шешімі шығарылғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде

17

Комиссияның шешімінің негізінде, мәслихаттың шешімін қабылдау қорытындылары бойынша Конкурсты ұйымдастырушының Конкурстың жеңімпазымен Шарт жасасуы

Конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен көп емес

18

Конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді Конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бір уақытта хабарлай отырып, өзінің ресми интернет-ресурсында және мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруы

Үлгілік шарт жасасқаннан кейін ___ (жазбаша түрде көрсету) күн ішінде

  Білім беру саласындағы (білім беру
ұйымының жатақханасы) МЖӘ
жобасының Үлгілік конкурстық
құжаттамасына
3-қосымша
  Нысан

Әлеуетті Жекеше әріптестердің өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растауы үшін ұсынатын құжаттар тізбесі

      Әлеуетті Жекеше әріптестер біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) есепшоттарында ақшаның болуын, Әлеуетті Жекеше әріптестің меншік құқығын және жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды расталған көшірмелері;

      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманың талаптарына не халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Аса маңызды МЖӘ жобаларына қатысты, егер Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттаманы осындай Әлеуетті Жекеше әріптестің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынады;

      3) Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) "Негізгі құралдар" бухгалтерлік балансының баптарының таратылып жазылуы;

      4) Әлеуетті Жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және Әлеуетті Жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған, олардың қалыптасқан және болжамды өтеу күндері, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомасы көрсетілген соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыз Үлгілік шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестелерімен қоса беру қажет;

      5) Әлеуетті Жекеше әріптестің төлем қабілеттілігі, оның таратылуға жатпайтыны, мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағаны, Әлеуетті Жекеше әріптестің жасалған МЖӘ шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағаны туралы кепілхат;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті де ұсынады;

      7) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға нотариалды расталған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған заңдастырылған үзіндіні ұсынады;

      8) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама;

      9) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, нотариалды куәландырылған жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынады;

      10) Әлеуетті Жекеше әріптеске қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі қойылған анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам Әлеуетті Жекеше әріптес міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің Үлгі шот жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдында мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы. Егер Әлеуетті Жекеше әріптес бірнеше екінші деңгейдегі банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.

      "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюро беретін кредиттік есепті ұсынуға рұқсат етіледі.

      Банктің анықтамасы (не кредиттік есеп) конкурсты ұйымдастырушыға құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы екі айдан бұрын берілмейді.

      Конкурсқа жеке және (немесе) қарапайым серіктестік нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері қатысқан жағдайда оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды қоса ұсынулары қажет:

      бірлескен қызмет туралы Үлгілік шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      қарапайым серіктестік мүшелері арасында жасалған ортақ жауапкершілік туралы Үлгілік шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

      конкурс шеңберінде келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға қарапайым серіктестік атынан әрекет ететін оның өкіліне арналған сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.

      Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын өзге де құжаттарды Әлеуетті Жекеше әріптестер өз қалауы бойынша ұсынады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент Әлеуетті Жекеше әріптесі біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын құжаттарды не Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған аудармамен Қазақстан Республикасының бейрезиденті Әлеуетті Жекеше әріптестің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай ақ резиденттіктің апостиль қойылған сертификатын (егер халықаралық Үлгілік шартта өзгеше көзделмесе) ұсынады.

      МЖӘ объектісі ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер болған жағдайда Әлеуетті Жекеше әріптес ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық жүйелерге меншік және (немесе) ие болу құқығы туралы құжаттарды ұсынады.

  Білім беру саласындағы (білім беру
ұйымының жатақханасы) МЖӘ
жобасының Үлгілік конкурстық
құжаттамасына
4-қосымша
  Нысан

Конкурстық өтінім

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) _____ орынға арналған білім беру ұйымының жатақханасы салу және пайдалану" МЖӘ жобасы бойынша оңайлатылған конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасын қарап, ______________________ (Әлеуетті Жекеше әріптес көрсетіледі) осы Конкурстық өтінімге сәйкес МЖӘ Үлгілік шарты бойынша Жекеше әріптестің міндеттемелерін орындауды ұсынады.

      Осы Конкурстық өтінім Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінен бастап кемінде 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн қолданылады.

      Конкурстық өтініміміз жеңді деп танылған жағдайда, біз МЖӘ Үлгілік шартын ескертпелерсіз және шектеу талаптарынсыз Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының шарттарына сәйкес ресімдеуге және қол қоюға міндеттенеміз.

      Біздің өз Конкурстық өтінімімізді қайтарып алмайтынымыздың не Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында көрсетілген Конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өткеннен кейін өзгертпейтініміздің және (немесе) толықтырмайтынымыздың және бізді конкурс жеңімпазы деп айқындаған жағдайда МЖӘ Үлгілік шартын жасайтынымыздың кепілі ретінде_____________________(мөлшері көрсетіледі) мөлшерінде Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету енгіземіз.

      Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету ретінде біз _________________ (Заңның 39-бабының 4-тармағына сәйкес Конкурстық өтінімді қамтамасыз етудің түрі көрсетіледі) таңдап алдық.

      Осы Конкурстық өтінімде ұсынылған ақпараттың анық болып табылатынын растаймыз.

      Осы Конкурстық өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі: _________________ (Конкурстық өтінімге қоса берілетін құжаттар көрсетіледі).

      ______________________

      (Әлеуетті Жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің қолы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) және лауазымы, мөрі (болған жағдайда)

      ______________________

      (Конкурстық өтінімнің берілген орны және күні).

  Білім беру саласындағы (білім беру
ұйымының жатақханасы) МЖӘ
жобасының Үлгілік конкурстық
құжаттамасына
5-қосымша
  Нысан

Үздік Конкурстық өтінімді іріктеу өлшемшарттары және бағалау параметрлері

р/с

Өлшемшарт атауы

Өлшемшарттың шекті (негізгі) мәні

Бағалау тәсілі

Көрсеткіштің Үлгілік шартты белгісі

1

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер төлемдерінің көлемі

_______ (санын көрсету) теңге

Мемлекеттік міндеттемелер (инвестициялық шығындар өтемақысының) көлемінің төмендеуінің әр ___ (санын көрсету) % ___ (санын көрсету) ұпай қосылады*.
Мемлекеттік міндеттемелер (инвестициялық шығындар өтемақысының) көлемінің артуының әр ___ (санын көрсету) % ___ (санын көрсету) ұпай алынады*.

К1

2

МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді төлеу мерзімі

__ (санын көрсету) жыл

Мемлекеттік міндеттемелерді (инвестициялық шығындар өтемақысын) төлеу мерзімінің ұлғаюының әр ___ (санын көрсету) жылына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады*
Мемлекеттік міндеттемелерді (инвестициялық шығындар өтемақысын) төлеу мерзімінің кемуінің әр ___ (санын көрсету) жылына ___ (санын көрсету) ұпай алынады*

К2

3

Іске асырылған жобалар тәжірибесі (объектілерді салу, құру, реконструкциялау, жаңғырту және (немесе) пайдалану (өздігінен немесе қатысушы ретіндегі басқа тұлғалармен бірге) МЖӘ Үлгілік шартындағы объектіге ұқсас тәжірибенің бар болуы)

іске асырылған жобалардың саны

Іске асырылған әр жобаға ___ (санын көрсету) ұпай қосылады.

К3

4

Жекеше әріптестің өзіне қабылдайтын тәуекелдері

Үлгілік шартқа сәйкес тәуекелдерді бөлу

Жекеше әріптес қосымша қабылдаған әр тәуекел үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады
Мемлекеттік әріптеске қосымша берілген әр тәуекел үшін ___ (санын көрсету) ұпай алынады

К4

5

МЖӘ жобасын іске асыру үшін тартуға жататын Жекеше әріптестің қаражат көлемі

МЖӘ объектісін салу құны

Меншікті қаражат көлемінің әр ___ (санын көрсету) % ұлғаюына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К5

6

МЖӘ объектісін салу мерзімдері

___ (санын көрсету) ай

Осы өлшемшарт бойынша құрылыс мерзімін қысқартудың әр айына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К6

7

Кадрлардағы жергілікті қамту үлесі

персоналдың штаттық санынан ___ (санын көрсету) %

Жергілікті қамтудың әр ___ (санын көрсету) % ұлғаюына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Жергілікті қамтудың әр ___ (санын көрсету) % кемуіне ___ (санын көрсету) алынады

К7

8

Тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі жергілікті қамту үлесі

сатып алынатын тауарлардан, жұмыстардан және қызметтерден ___ (санын көрсету) %

Жергілікті қамтудың әр ___ (санын көрсету) % ұлғаюына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Жергілікті қамтудың әр ___ (санын көрсету) % кемуіне ___ (санын көрсету) алынады

К8

Білікті мамандардың бар болуы

9

жоғары білімді және 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар

___ (санын көрсету) %

Үлестің әр ___ (санын көрсету) % ұлғаюына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К9

арнаулы-орта білімді және 5 жылдан жоғары жұмыс өтілі бар

___ (санын көрсету) %

Үлестің әр ___ (санын көрсету) % ұлғаюына ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

10

МЖӘ жобасының сұралатын ішкі табыстылық нормасы

___ (санын көрсету) %

Көрсеткіштің әр ___ (санын көрсету) % төмендеуіне ___ (санын көрсету) ұпай қосылады
Көрсеткіштің әр ___ (санын көрсету) % өсуіне ___ (санын көрсету) ұпай алынады

К10

11

МЖӘ жобасын дайындауға Әлеуетті Жекеше әріптестің қатысу деңгейі

Әзірленген құжат

Құжатты әзірлеуге қатысқаны үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады;
Әзірленген құжат үшін ___ (санын көрсету) ұпай қосылады

К11

БАРЛЫҒЫ

Баға

      *қажет болған жағдайда көрсетіледі

      Конкурстық өтінімнің өлшемшарттарын жалпы бағалау "Баға" әр Өлшемшарт бойынша алынған ұпайларды қосу жолымен анықталады

                  Баға = К12345678+ К91011

      К1 – осы өлшемшарт бойынша негізгі мән Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшаға сәйкес МЖӘ объектісінің құны болып табылады. Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К2 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың негізгі мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К3 – бұл жағдайда білім беру объектілерін салу бойынша іске асырылған жобалардың тәжірибесі ескеріледі. Білім беру саласында іске асырылған жобалар тәжірибесі болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінім құрамында ұсынған Конкурстық өтінімнің бағасы "нөлге" тең болады;

      К4 – Әлеуетті Жекеше әріптес қосымша қабылдаған және/немесе берген тәуекелдер болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады;

      К5 – осы өлшемшарт бойынша негізгі мән Білім беру саласындағы (білім беру ұйымының жатақханасы) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшаға сәйкес МЖӘ объектісінің құны болып табылады;

      К6 – МЖӘ объектісін салу мерзімі ___ (санын көрсету) айдан көп қысқарған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурстық өтінім құрамында ұсынған Конкурстық өтінімнің бағасы осы өлшемшарт бойынша "нөлге" тең болады;

      К7 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К8 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К9 – егер Әлеуетті Жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында құрылған жаңа заңды тұлға болып табылатын болса, Конкурстық өтінімді бағалау үшін Конкурстық өтінімге МЖӘ объектісін салуды жүзеге асыратын ұйыммен алдын ала Үлгілік шартты, сондай-ақ алдын ала шарт жасасқан заңды тұлғаның бірінші басшысы қол қойған, жұмыс өтілін, жұмысын, білімін көрсете отырып, жұмыскерлер тізімін қоса беру керек.

      К10 – Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған өлшемшарттың мәні өлшемшарттың шекті мәнімен сәйкес келетін жағдайда, осы өлшемшарт бойынша баға "нөлге" тең болады;

      К11 – әзірленген құжаттар болмаған жағдайда, Әлеуетті Жекеше әріптес ұсынған Конкурстық өтінімнің осы өлшемшарт бойынша бағасы "нөлге" тең болады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 27 наурыздағы
№ 127 бұйрығына
8-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 724 бұйрығына
10-қосымша

Көлік саласындағы (автовокзал) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы

      МЖӘ жобасының атауы:

      "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) автовокзал салу

      және пайдалану"

      МЖӘ объектісінiң орналасқан жері:

      __________________________________________________________________________

      (МЖӘ объектісінiң орналасқан жері көрсетіледі)

      Мемлекеттік әріптес:

      __________________________________________________________________________

      (мемлекеттік әріптестің толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-сәйкестендіру

      нөмірін, банктік деректемелерін көрсету)

      Конкурсты ұйымдастырушы:

      __________________________________________________________________________

      (конкурсты ұйымдастырушының толық атауын, орналасқан жерін, бизнес-

      сәйкестендіру нөмірін, банктік деректемелерін көрсету)

      Конкурстық құжаттама пакетінің құны:

      __________________________________________________________________________

      (Конкурстық құжаттаманың теңгемен есептегендегі құнын көрсету не егер Конкурстық

      құжаттаманы бергені үшін ақы өндіріп алу көзделмесе, онда бұл тармақты мынадай

      редакцияда жазу қажет: "Конкурстық құжаттама тегін беріледі").

1. Анықтамалар

      1. Көлік саласындағы (автовокзал) МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімдік (ЖАО) – жергілікті атқарушы орган;

      2) әлеуетті Жекеше әріптестің Конкурстық өтінімі (бұдан әрі – Конкурстық өтінім) – Әлеуетті Жекеше әріптес Конкурсқа қатысу үшін Көлік саласындағы (автовокзал) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген нысан бойынша ұсынған құжаттар мен мәліметтердің жиынтығы;

      3) дайындық кезеңі – Үлгілік шарттың күшіне ену сәтінен бастап құрылыс жұмыстарын жүргізудің басталуына дейінгі, қаржылық жабу, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту, МЖӘ объектісін салуға дайындықпен байланысты өзге мәселелерді шешу кезеңін қамтитын кезең;

      4) жекеше әріптес – Қазақстан Республикасының "МЖӘ туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңына сәйкес, мемлекеттік әріптестер ретінде әрекет ететін тұлғаларды қоспағанда, Үлгілік шарт жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;

      5) жекеше әріптестің шығындарды өтеу және кірістер алу көздері – Жекеше әріптеске Қазақстан Республикасының "МЖӘ туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 9-бабында көзделген қаражатты Үлгілік шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде төлеу;

      6) жер учаскесі – Үлгілік шарт талаптарына сәйкес МЖӘ объектісін салу және пайдалану үшін қажетті жер учаскесі;

      7) заңнама – белгіленген тәртіппен қабылданған және Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы;

      8) комиссия – Заңнамада белгіленген тәртіппен құрылған, коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектісіне қатысты комиссия;

      9) конверт – Конкурстық өтінімнің тұтас және сақталған күйде берілуін қамтамасыз ететін қорап немесе ораудың өзге тәсілі;

      10) конкурс – "__________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) автовокзал салу және пайдалану" МЖӘ жобасы бойынша жеңілдетілген конкурстық рәсімдерді пайдалану арқылы Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі ашық конкурс;

      11) конкурсты ұйымдастырушы – "__________" мемлекеттік мекемесі;

      12) көлік саласындағы (автовокзал) МЖӘ Үлгілік шарты (бұдан әрі – Үлгілік шарт) – Конкурсты ұйымдастырушы Комиссия шешімінің негізінде Конкурс жеңімпазымен жасасатын шарт;

      13) көлік саласындағы (автовокзал) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы – Конкурс өткізудің Үлгілік шарттары мен тәртібін айқындау үшін әзірленген және Конкурсты ұйымдастырушы Әлеуетті Жекеше әріптестерге Конкурстық өтінімдерді дайындау және Жекеше әріптесті таңдау жөніндегі Конкурсқа қатысу үшін ұсынатын көлік саласындағы (автовокзал) МЖӘ жобасының осы Үлгілік конкурстық құжаттамасы;

      14) қағидалар – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығымен бекітілген МЖӘ жобасын жоспарлау және іске асыру қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген).

      15) МЖӘ объектісінің қызметін тұтынушылар (бұдан әрі – тұтынушылар) – __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) қ. автовокзалының қызметтерін тұтынатын қаланың және өзге өңірлердің халқы;

      16) мемлекеттік әріптес – "__________" мемлекеттік мекемесі атынан Қазақстан Республикасы;

      17) МЖӘ жобасы – __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) автовокзал салу және пайдалану бойынша МЖӘ жобасы;

      18) МЖӘ объектісі – салынуы мен пайдаланылуы МЖӘ жобасын іске асыру аясында жүзеге асырылатын, __________ (елді мекеннің атауын және орналасқан жерін көрсету) автовокзал;

      19) МЖӘ объектісін пайдалану – Жекеше әріптестің МЖӘ объектісін Үлгілік шартта айқындалған тәртіппен және шарттарда МЖӘ объектісінің мақсатына сәйкес, оның ішінде Қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы;

      20) МЖӘ объектісін салу – МЖӘ объектісін салу, оның ішінде жаңа технологиялар, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру негізінде салу, МЖӘ объектісінде өндірістік жабдық орнату, МЖӘ объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыстардың өзге түрлерін өндіру;

      21) МЖӘ объектісін салу мерзімі – Үлгілік шартта және жобалау-сметалық құжаттамада МЖӘ объектісін салуға көзделген, құрылыс жұмыстарының басталу күнінен аяқталу күніне дейін есептелетін мерзім;

      22) үздік Конкурстық өтінімді айқындау өлшемшарттары (бұдан әрі - өлшемшарттар) – Көлік саласындағы (автовокзал) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасында белгіленген, оның негізінде Конкурсқа қатысушының Конкурстық өтінімі үздік деп танылатын өлшемшарттар;

      23) шарт жобасы – тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, МЖӘті іске асыру Үлгілік шарттарын айқындайтын Мемлекеттік әріптес және Жекеше әріптес арасындағы жазбаша келісім жобасы.

2. Жалпы ережелер

      3. Көлік саласындағы (автовокзал) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы Әлеуетті Жекеше әріптестерге олардың Конкурсқа қатысу шарттары туралы толық ақпарат ұсыну мақсатында әзірленген.

      4. Конкурс Заңға, Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өткізіледі.

      5. МЖӘ жобасының сипаттамасы Көлік саласындағы (автовокзал) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 1-қосымшада көрсетілген.

      Техникалық параметрлер бойынша егжей-тегжейлі сипаттамалар Көлік саласындағы (автовокзал) МЖӘ жобасының Үлгілік Көлік саласындағы (автовокзал) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына қоса берілген жобалау-сметалық құжаттамада/Үлгілік жобада/Үлгілік жобалық шешімдерде/қайталап қолдану жобасында (керегін көрсету) көзделген.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 154-3-бабының 7-тармағына сәйкес, Жекеше әріптес Үлгілік шартта белгіленген мерзімде қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы/Үлгілік жобаны/Үлгілік жобалық шешімдерді/қайталап қолдану жобасын (керегін көрсету) МЖӘ жобасының нақты алаңына байланыстыруды МЖӘ жобасының тұжырымдамасында қамтылған маркетингтiк және қаржылық-экономикалық параметрлерді ескере отырып жүзеге асырады.

      6. МЖӘ объектісін салуға және пайдалануға қойылатын талаптар Шарт жобасында келтірілген.

3. Конкурстық комиссия

      7. Конкурстық өтінімдерді қарауды және іріктеуді Әкімдіктің "Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық комиссияны құру туралы" 20__ жылғы "__" __________ №___ қаулысымен құрылған Комиссия жүзеге асырады.

      8. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Әлеуетті Жекеше әріптестер ұсынған Конкурстық өтінімдерді құжаттардың толықтығы мен тиісті ресімделуі, сондай-ақ олардың біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау мен іріктеу;

      2) Конкурстық өтінімдерді қарау және үздік Конкурстық өтінімді анықтау;

      3) МЖӘ жобасын және Шарт жобасының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізу;

      4) Конкурс қорытындысы бойынша Конкурстық өтінімді бекіту және өтінім берушіні Конкурс жеңімпазы деп тану болып табылады.

      9. Комиссия өзінің міндеттеріне сәйкес:

      1) Комиссияның отырыстарына шақыруға және Комиссия құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;

      2) МЖӘ жобасының проблемалық мәселелерін талдау мен зерделеу үшін қажеттілігіне қарай мамандарды, сарапшыларды және ғалымдарды тартуға;

      3) Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқылы.

      10. Комиссияны төраға - _____________ әкімі/әкімінің орынбасары басқарады. Комиссия төрағасы Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Комиссияның қызметіне жеке жауапкершілікке ие болады.

      11. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оның тапсырмасы бойынша Комиссия төрағасы орынбасарларының бірі орындайды.

      12. Комиссия құрамына __________ әкімінің орынбасарлары, білім беру, экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының бірінші басшылары, сондай-ақ "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.

      13. Комиссияның жұмыс органы Конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.

      14. Комиссияның жұмыс органы қызметті ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      15. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайтын және отырыс хаттамасын ресімдейтін Конкурсты ұйымдастырушының өкілі болып табылады.

      16. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі болған жағдайда заңды деп есептеледі.

      17. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері дауыстарының басым көпшілігі берілген жағдайда қабылданған болып есептеледі және міндетті түрде Комиссияның барлық қатысып отырған мүшелері және Комиссияның хатшысы қол қоятын Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

      18. Комиссия мүшелерінің айрықша пікірге құқығы бар, ол берілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның хаттамасына қоса берілуі тиіс.

      19. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жұмыс органы мүдделі тұлғаларды қарау нәтижелері туралы хабардар етеді.

      20. Комиссия өз қызметін Әкімдік қаулысының негізінде тоқтатады.

4. Конкурс өткізудің негізгі іс-шаралары

      21. Конкурс Көлік саласындағы (автовокзал) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасына 2-қосымшаға сәйкес негізгі шараларды көздейді.

5. Көлік саласындағы (автовокзал) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасының мазмұны

      22. Көлік саласындағы (автовокзал) МЖӘ жобасының Үлгілік конкурстық құжаттамасы мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) Әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар, Үлгілік КҚ 3-қос