Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 наурызда № 27131 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуды орындауға рұқсаттар беру және оны беруден бас тарту негіздерінің қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінімді тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күн ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде, өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің өтінімді қабылдаудан дәлелді бас тартуы көрстілетін қызметті алушыға аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған белгіленген арналар арқылы жіберіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарайды, оң қорытынды болған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсатты ресімдейді және жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау туралы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі аэронавигациялық ақпарат жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы жіберіледі.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      17. Егер Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      2) "Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 382 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15386 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында шетелдік әуемен тасымалдаушыларды аккредиттеу қағидаларында:

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтердің болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылған құжаттардың қандай талаптарға сәйкес келмейтінін және мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тоқтатыла тұрған кезеңге сәйкес келтіру мерзімін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

      Хабарламада көрсетілген құжаттарды сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.

      Егер хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды талаптарға сәйкес келтірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы портал арқылы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды (бұдан әрі - дәлелді бас тарту) көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің дұрыстығын заң талаптарына сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының және ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің сәйкестігін айқындау кезінде көрсетілетін қызметті беруші:

      шетелдік әуе тасымалдаушысын тіркеу мемлекеті тарапынан коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға берілетін рұқсаттардың;

      тиісті шет мемлекеттен тағайындалған әуе тасымалдаушысы мәртебесінің болуын қарайды.

      Шетелдік әуе тасымалдаушысына қатысты тасымалдауға құқық беру шарттары Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын әуе қатынасы туралы халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушы және ұсынылған материалдар, деректер мен мәліметтер Заң талаптарына сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды Аккредиттеу туралы куәлік ресімделеді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау туралы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" порталға жіберіледі.";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      13. Егер Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрі
К. Ускенбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады