Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің және Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 48 қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 тамызда № 15503 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 144 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерінің 2, 8-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің және Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2017 жылғы 17 шілдедегі
№ 48 қе бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің және Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгілері

      Ескерту. Белгілер жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 15.10.2021 № 104/қе (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





1-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметі әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі

2-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі





3-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі

4-сурет. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі

      Ескерту:

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметі әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі (1-сурет) киім-кешектің оң жақ жеңінің сыртқы жағына жапсыра тігілетін, диаметрі 70 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның шетінен ені 10 мм ашық көк (белгіленген) түсті аяда жолақ орналасқан, жоғарғы бөлігінде – "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰҚК", төменгі бөлігінде – "АВИАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ" деген жазу жазылған. Шевронның жиегі, ондағы жазулар мен суреттің түсі – алтын түстес (белгіленген түсті). Жеңдегі белгінің ортасында авиацияның эмблемасы – сары (белгіленген) түсті қанаты бар бұранда орналасқан. Эмблеманың артында ашық көк (белгіленген) түсті аясы бар, ішкі шеңбердің жоғарғы бөлігінде, бұранданың үстінде жеті доғал шұғыласы бар, алтын (белгіленген) негізіне қою қызыл (белгіленген) түсті айшықты жеті ұшты жұлдыз орналасқан.

      Жақұтты жұлдыздың ортасында кіші қалқан орналасқан.

      Алтын (белгіленген) жиекпен көмкерілген ашық көк (белгіленген) түсті қалқанның шеңберін бойлай "НАМЫС. АЙБЫН. ОТАН" деген мемлекеттік тілдегі ұран жазуы жазылған. Жазулар күміс түстес (белгіленген) түсте орындалған.

      Қалқанның ортасында көгілдір (белгіленген) түстің үстіне алтын (белгіленген) түсті киіз үй күмбезінің айшықты бейнесі – "шаңырақ" орналасқан.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі (2-сурет), қара түсті киім-кешектің оң жақ жеңінің сыртқы жағына жапсыра тігілетін, диаметрі 81 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның ішінде – ашық жасыл түсті шеңбер, ортасында – күн бар, көгілдір түсті бесбұрышты жұлдыз, оның астында зәкір бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде – "ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ" деген жазу, төменде – алтындалған зер жіп.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелері әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі (3-сурет), ақ түсті тужурканың оң жақ жеңінің сыртқы жағына жапсыра тігілетін, диаметрі 81 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның ішінде – ашық жасыл түсті шеңбер, ортасында – күн бар, көгілдір түсті бесбұрышты жұлдыз, оның астында зәкір бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде – "ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ" деген жазу, төменде – алтындалған зер жіп.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің теңіз бөлімшелерінің әскери қызметшілерінің жеңдегі белгісі (4-сурет), көк түсті киім-кешектің оң жақ жеңінің сыртқы жағына жапсыра тігілетін, диаметрі 81 мм шеңбер нысанды шевроннан тұрады, шевронның ішінде – ашық жасыл түсті шеңбер, ортасында – күн бар, көгілдір түсті бесбұрышты жұлдыз, оның астында зәкір бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде – "ЖАҒАЛАУ КҮЗЕТІ" деген жазу, төменде – алтындалған зер жіп.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады