"Зерттеу өрт сынақ зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 23 қаңтарда № 31747 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Зерттеу өрт сынақ зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 510 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) № 15540) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабы 1-тармағының 70-33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген зерттеу өрт сынақ зертханаларының қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қағидалар (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аумақтық бөлімшелерінің зерттеу сынау өртке қарсы зертханалары (бұдан әрі – ЗСӨҚЗ) қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өрт туындамаған қатты отынмен пешті жағу кезінде өрт қауіпсіздігі бұзушылықтарымен улы газбен улану кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттану жағдайларының себеп-салдарлық байланысын белгілеу;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ЗӨСЗ үй-жайлары МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 "Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар" талаптарына сәйкес орналастырылады.

      Зертханаларға арналған жекелеген үй-жайлар зерттеулер мен сынақтар жүргізу үшін есепке алуды қалыптастыру және жүргізу, нақты қажеттілікке сәйкес қосалқы жұмыстарды жүргізу үшін бөлінеді.

      Үй-жайларда:

      энергиямен жабдықтау (айнымалы және тұрақты ток) көзделеді;

      суық және ыстық су;

      электромагниттік өрістерден, тербелістерден, шудан қорғау;

      жерге тұйықтау;

      жалпы ағынды-сорғылы және жергілікті желдету.

      Рентген аппараттарында жұмыс жүргізілетін үй-жайларда сәулеге қарсы қорғаныс қамтамасыз етіледі.";

      9-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен адамдардың көрсету қағидаларын және Алғашқы көмекті көрсету стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21814 болып тіркелген) сәйкес жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету тәсілдерін меңгеру;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Зерттеулерді жүргізуді қажетті материалдық-техникалық база немесе зерттеулер жүргізу үшін арнайы жағдайлар болған кезде ЗӨСЗ мамандары жүзеге асырады.

      Зертхана қызметкерлері анықтау және тергеу органдарының қаулылары бойынша іс материалдарын қоса бере отырып, өрттердің пайда болу орындарына, заттар мен материалдардың, жабдықтардың және жанудың пайда болуымен байланысты басқа да факторлардың себепті байланысын анықтау бойынша өрт-техникалық зерттеу жүргізеді. Осы қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мерзімдер ішінде өрттің шығу себебі мен ошағын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі 117-бабына сәйкес маманның қорытындысын дайындайды.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 756-бабына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспектордың жазбаша сұрау салуы бойынша зертхана мамандары іс материалдарын қоса бере отырып, Әкімшілік процестік әрекетке қатысады. Осы қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мерзімдер ішінде өрттің шығу себебі мен ошағын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 773-бабына сәйкес маманның қорытындысын дайындайды.";

      28-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) фототүсірілімді қолдану нәтижелеріне қол қояды, ЗӨСЗ мөрімен куәландырады, тергеушіге немесе анықтаушыға хабарлайды, электрондық тасығышта фото кесте мен файл жазбаларын (редакцияланбаған, JPEG немесе BMP, GIF форматында) дайындап қолхатпен қолма-қол береді;".

      55-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) МЕМСТ 12.4.026-2015 "Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Сигнал түстері, қауіпсіздік белгілері және сигнал белгілері. Мақсаты және қолдану ережелері. Жалпы техникалық талаптар мен сипаттамалар. Сынақ әдістері" сәйкес тиісті көрсеткіштердің болуын тексеру".

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады