"Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 495 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 қыркүйекте № 15751 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында:

      3-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. 1992 жылы 26 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келiсiмге сәйкес отандық тасымалдаушылар Қытай Халық Республикасының аумағына автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде мыналар қажет:

      1) жолаушылар (туристерді қоса алғанда) мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды орындаған кезде, отандық тасымалдаушыға тасымалды жөнелту пунктiнен межелi пунктке дейiн күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен "А" түрiнiң рұқсаты;

      2) тура және керi бiр рейстi орындауға құқығы бар өткізу пункттері ауданында шекара маңындағы терминалдар арасында жолаушылар (туристерді қоса алғанда) мен багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалын орындау кезiнде "В" түрiнiң рұқсаты;

      3) тура және керi бiр рейстi орындауға құқығы бар өткізу пункттері ауданында шекара маңындағы терминалдар арасында жүктерді автомобиль көлiгiмен тасымалдау кезiнде "С" түрiнiң рұқсаты;

      4) анықталған маршруттар бойынша жүктерді автомобиль көлігімен тура және кері бір рейсті орындау құқығымен тасымалдау кезінде "D" түрiнiң рұқсаты.

      "А", "В", "С", "D" түрiндегi рұқсаттар ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Отандық тасымалдаушылардан жылдық өтінімдер жыл сайын 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде қабылданады.

      Жылдық өтiнiмде:

      1) отандық тасымалдаушының жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес сәйкестендiру нөмiрi және атауы;

      2) елдер және орындалатын тасымалдардың түрлерi бөлiнiсiнде шетелдiк рұқсаттарды ықтимал пайдаланудың саны қамтылады.

      9. Алмасу квотасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрi – Министрлік) интернет-ресурсында орналастырылады.";

      13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Шетелдiк рұқсаттар аумақтық органдарға бөлуге жатады.

      14. Шетелдiк рұқсаттар отандық тасымалдаушылардың арасында, шетелдiк рұқсаттың бланкiлерiн алуға өтiнiмдер түсуiне орай олардың қолданысындағы жылжымалы құрамын ескере отырып бөлуге жатады.

      15. Аумақтық органдармен шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарымен келiсiлген, белгiленген маршруттар мен осы маршруттар бойынша жүру кестесiн ескере отырып, күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдуға арналған шетелдiк рұқсаттарды үлестiредi.";

      17-тармақ алып тасталсын;

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Отандық тасымалдаушылардың шетелдiк рұқсаттардың бланкiлерiне қажеттігі туындаған жағдайда уәкілетті органмен шет мемлекеттiң уәкiлеттi органдарымен хат алмасу арқылы ағымдағы жылға тиiстi шетелдiк рұқсат бланкiлерiмен алмасу квотасын келiседi.

      19. Отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды ресiмдеудi және берудi аумақтық органдар жүзеге асырады.";

      20-тармақ алып тасталсын;

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Шетелдiк рұқсаттарды алуға арналған өтiнiмдердi аумақтық органдар өтiнiмдердi алған күннен бастап өтiнiм берушiге хабарлай отырып, екi жұмыс күні мерзімінде қарайды.";

      23-тармақ алып тасталсын;

      24, 25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Отандық тасымалдаушы күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарға жылдық өтiнiмдердi берген кезде маршрутта пайдалануға жататын жылжымалы құрамның түрi (класы) және мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiлерi туралы мәлiметтердi жiбередi, сондай-ақ мынадай құжаттар қоса берiледi:

      1) шетелдiк тасымалдаушымен бiрлескен қызмет туралы шарттың көшiрмесi;

      2) көрсетiлген көлiк құралдары жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында iске тартылмауы туралы мәлiмделген автобустар мен шағын автобустардың тiркелген жергiлiктi атқарушы органдарының жазбаша растауы.

      25. Шетелдік рұқсаттарды алуға өтінім отандық тасымалдаушылардың тіркелген орны бойынша аумақтық органда қаралады.

      26. Отандық тасымалдаушылар шетелдік рұқсаттамаларды алу үшін өтінімдерді Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы береді.

      Отандық тасымалдаушылар күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды алуға арналған өтiнiмдердi аумақтық органға береді.

      Өтінімдерді қарау, сондай-ақ берілетін шетелдік рұқсаттамалар санын есептеу шетелдік рұқсаттамалар бланкілерін таратудың автоматты үйлестіру жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      27. Отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды беру аумақтық органға "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) (бұдан әрі – Салық кодексі) белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым сомасын төлегенi туралы төлем құжаты түскен күнiнен бастап бiр жұмыс күнi мерзімiнде жүзеге асырылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды қоспағанда, отандық тасымалдаушы пайдаланған шетелдiк рұқсаттар жол жүру аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде, ал пайдаланылмағаны – олардың қолданылу мерзiмдерi аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрмей олар берiлген жер бойынша аумақтық органға қайтаруға жатады.

      Күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттар олардың қолдану мерзiмдерi аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрмей аумақтық органға қайтаруға жатады.

      Отандық тасымалдаушылар шетелдiк рұқсаттарды осы рұқсаттарды қоса бере отырып, қайтару күнi, шетелдiк рұқсаттардың нөмiрi көрсетiлген, еркiн нысанда жасалған iлеспелi хатпен қайтарады.

      Елдер және түрлер бөлінісінде отандық тасымалдаушыдан шетелдік рұқсаттарды алуға өтінімдерді қарау кезінде, мәлімделген шетелдік рұқсаттар саны осы Қағидаларда белгіленген мерзімде жоғалған және (немесе) қайтарылмаған шетелдік рұқсаттарының санына мөлшерлес азайтылады.";

      31, 32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Аумақтық органдар қайтарылған және жоғалған шетелдiк рұқсаттардың есебiн елдер бөлiнiсiнде жүргiзедi.

      Шетелдiк қайтарылған және жоғалған рұқсаттардың есебi көлiктiк деректер қорының ақпараттық талдау жүйесiн және тасымалдау қауiпсiздiгi серпiнiнiң мониторингiнде (бұдан әрi – КДҚ АТЖ) жүзеге асырылады және мынадай мәлiметтердi қамтиды:

      1) жеке сәйкестендiру нөмiрi немесе бизнес сәйкестендiру нөмiрi;

      2) отандық тасымалдаушының атауы;

      3) рұқсат түрi;

      4) рұқсаттың қолданылу мерзiмi;

      5) рұқсаттың қайтарылған күнi.

      32. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан өтiнiмдер түсуiне қарай КДҚ АТЖ пайдалана отырып, белгiленген мерзiмде қызмет көрсетудi, сондай-ақ қайтарылған шетелдiк рұқсаттар туралы мәлiметтердi бір жұмыс күні ішінде енгiзудi қамтамасыз етедi.

      33. Мынадай жағдайларда отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды беруден бас тартылады:

      1) осы Қағидалардың 22 және 24-тармақтарында көзделген құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтаған;

      2) ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) шетелдiк рұқсаттардың аумақтық органда болмаған.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Отандық рұқсат, оның ішінде бірінші рейстің тасымалы жүзеге асырылған мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан кері бағытта жолшыбай жүк арту жағдайында бір жолсапар үшін жарамды болады.

      "А", "D" түріндегі отандық рұқсаттар жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін жарамды, "В" мен "С" түріндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан 90 километрге дейін шегінде орналасқан шекара маңы терминалдарына дейін жарамды.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Қазақстан Республикасы аумағына үшiншi елдерден жүк тасымалдауы жүктiң жөнелту немесе межелi пунктi болып табылмайтын елдiң аумағына жүктi асқын жүктеумен (тиеу/түсiру) Қазақстан Республикасы аумағына үшiншi елдерден тасымалды орындауға арналған рұқсат болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тасымалдау кезінде жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағында кедендік транзит аяқталмаған жүкті қазақстандық автокөлік құралына, және бастапқы тасымалдаушының тіркеу елінде тіркелмеген автокөлік құралына аударып тиеуге жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 39-1-тармақпен толықтырылсын:

      "39-1. Шетелдік автокөлік құралының тіркелу елінің аумағындағы заңнамаға сәйкес құрылған және тіркелген, үшінші елдердің кәсіпорындары мен филиалдарында өндірілетін жүктердің тасымалын жүзеге асыру кезінде, үшінші елдерден/елдерге отандық рұқсаттар осы тасымалдардың мынадай ілеспе құжаттарымен расталған жағдайларда талап етілмейді:

      халықаралық көліктік жүкқұжаты (CMR);

      тауардың шығарылуы туралы сертификаты;

      жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының шетелдік тасымалдаушыға жүк тасымалына тапсырысы;

      шот-фактура (инвойс);

      ветеринарлық сертификат, фитосанитарлық сертификат, өнімдердің (тауарлардың) санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (қажет болған жағдайда) сәйкестігі бөлігінде қауіпсіздікті растайтын құжат.

      Бұл ретте, осы тасымал Қазақстан Республикасының аумағына кіруге отандық рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

      Шетелдік автокөлік құралдарының тіркелу елінің аумағындағы заңнамаға сәйкес тіркелген үшінші елдердің кәсіпорындары мен филиалдарының тізбесі туралы уәкілетті органды тасымалдау басталғанға дейін тиісті шет мемлекеттің құзыретті органы хабардар етеді.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Қазақстан Республикасының аумағына жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тартқышты немесе жүк автомобилін тасымалдаушының тіркеу мемлекетінде тіркелген басқа тартқышқа немесе жүк автомобиліне ауыстырып тіркеуге рұқсат етіледі.

      Жүру жолындағы тасымалдаушыны ауыстыру оның аумағында тасымалдаушыны ауыстыру жүзеге асырылса, келесі тасымалдаушының деректерін халықаралық көлік жүкқұжатына (CMR), Халықаралық жолдарда тасымалдау және кеден органының рұқсат кітапшасына енгізген жағдайда рұқсат етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:

      "48-1. Шетелдік тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіру (шығу) кезінде көліктік бақылау органдарына отандық рұқсат қағаздарын осы Қағидаларда көзделген талаптарға сәйкес ресімделуін тексеру, сондай-ақ отандық рұқсат бланкісінің үзбелі бөлігін алу үшін ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 27 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 17 тамыз

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 9 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады