"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 575 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қыркүйекте № 15780 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:

      1 "Әлеуметтiк қамсыздандыру" кіші функциясында:

      373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша:

      039 "Әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін салу және реконструкциялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      2 "Коммуналдық шаруашылық" кіші функциясында:

      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік бағдарламасымен 383 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:

      "383 Алматы қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы

      012 Тұрғын үй қарыздарын беру үшін "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру";

      09 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:

      1 "Отын және энергетика" кіші функциясында:

      279 "Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы", 371 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" және 386 "Астана қаласының энергетика басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 050 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "050 Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға шығындарын субсидиялау";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      6 "Жер қатынастары" кіші функциясында:

      мынадай мазмұндағы 062 бюджеттік бағдарламасымен және 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламаларымен 255 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын:

      "255 Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы

      062 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      мынадай мазмұндағы 063 және 064 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

      "063 Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу

      064 Жер қатынастарын реттеу".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады