"1999 жылдың 1 қаңтарына дейін рәсімделген зейнетақы істері мен мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау жөніндегі істерді қабылдап алу-өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 21, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 15-п, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 1 ақпандағы № 35 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 1117, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 269, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 6001-17-7-4/225 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 қыркүйекте № 15812 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "1999 жылдың 1 қаңтарына дейін рәсімделген зейнетақы істері мен мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау жөніндегі істерді қабылдап алу-өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 1999 ж. 29 қаңтардағы № 15-п, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 ж. 1 ақпандағы № 35, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 21 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 704 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев
      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дүйсенова
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Қ. Мәми

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады