Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 12.09.2017 № 1117, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2017 № 269, ҚР Жоғарғы Сотының 13.09.2017 № 6001-17-7-4/225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер туралы" 1997 жылғы 17 маусымдағы Z970128_ Конституциялық Заңына сәйкес зейнетақы төлемдері мен мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртібінің өзгеруіне байланысты
Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты, Әділет министрлігінің аумақтық басқару органдары, облыстық және оларға теңестірілген соттары 1999 жылдың 1 наурызына дейін рәсімделген зейнетақы істері мен мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау жөніндегі істерді 1999 жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа және оның аумақтық бөлімшелеріне тапсыруды жүзеге асырсын:
- облыстық қызметтер деңгейінде мүдделі тараптардың өкілдерінен өткізу жөніндегі комиссия құрамын бекітсін;
- зейнетақы істері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы істерін қабылдап алу-өткізу кезеңінде зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың тоқтаусыз төленуін, зейнетақымен қамсыздандыру және жәрдемақы беру жөніндегі барлық мәселелер бойынша халыққа қызмет көрсетілуін қамтамасыз етсін.
2. Прокуратура органдарының зейнеткерлері мен жәрдемақы алушы қызметкерлеріне одан әрі қызмет көрсету және оларға зейнетақы мен жәрдемақы төлеуді ұйымдастыру Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық арқылы жүргізілсін.
3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Б.Б.Жәмішев
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының тиісті қызметтерімен бірлесіп, 1999 жылдың 1 қаңтарына
дейін рәсімделген зейнетақы істері мен мүгедектігі бойынша және
асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі істерді қабылдап алу-өткізуді
ұйымдастыру бойынша түсіндірме хат әзірлесін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Оқығандар:
Умбетова А.М.
Икебаева А.Ж.