"Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 176 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 қарашада № 15956 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 176 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10512 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу қағидаларында:

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеудің оңайлатылған тәртібін айқындайды.

      Қағидалар іске асырудың мынадай кезеңдерін көздейді:

      1) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметалардың жобаларын бекітуге өтінім ұсыну;

      2) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды бекіту;

      3) шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібі;

      4) түзетулерді ескере отырып, тарифтік сметаны бекіту;

      5) тарифтік сметаны орындау туралы есепті ұсыну.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі – мынадай:

      жалпы белгіленген қуаттылығы жиырма Гкал/сағатты қоса алғанға дейінгі жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;

      көлемi жылына бес жүз мың текше метрге дейiн сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;

      көлемі жылына отыз миллион текше метрге дейiн суғару үшін су беру жөніндегі;

      әуежайда қызмет көрсетілген жолаушылар саны бір жылда үш жүз мың адамнан аз болған кезде әуежайлардың;

      көлемі елу мың вагон/км-ге, вагон/сағатқа дейін болатын кірме жолдар саласындағы;

      көлемі жылына жиырма бес миллион кВт.сағатқа дейін электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiсi.

      Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне (бұдан әрі – субъект) кірісі күнтізбелік бір жыл ішінде табиғи монополия субъектісінің барлық реттеліп көрсетілетін қызметінен түсетін кірістің бес пайызынан аспайтын реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша табиғи монополия субъектісі де жатады. Бұл ретте қалған реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісі қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне жатпайды;

      Лондон банкаралық нарығының мөлшерлемесі – жылдық пайыз ретінде көрсетілетін пайыздарды есептеу кезеңінің бірінші күніне құны бойынша (немесе пайыздарды төлеу күніне құны бойынша пайыздарды есептеудің бастапқы кезеңі жағдайында не пайыздарды есептеудің осындай кезеңі күні, не пайыздық есептеудің алдындағы күні) алты айлық бір валюталық депозиттер бойынша Лондон банкаралық нарығындағы ұсыныс мөлшерлемесі;

      негізсіз алынған кіріс – уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейінен немесе оның шекті деңгейінен асатын құн бойынша ақы алу және (немесе) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау, тарифтік сметаның шығын баптарын уәкілетті органның ведомствосы бекіткен мөлшерден бес пайыздан астамға орындамау нәтижесінде субъекті алған қосымша кіріс;

      уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы;

      тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекітуге арналған өтінім – субъектінің уәкілетті органның ведомствосына реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту туралы жазбаша өтініші;

      тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігіне енгізілетін шығындардың түрлерін шектеу – тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекіту кезінде ескерілмейтін шығындардың тізбесін анықтау;

      шығыстардың деңгейін шектеу – белгіленген және (немесе) бекітілген нормалар, нормативтер, стандарттар және лимиттер негізінде тарифте (бағада, алым мөлшерлемесінде) ескерілетін шығындар деңгейінің шегін белгілеу.

      3. Субъектілер реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін), тарифтік сметаларды алдыңғы күнтізбелік жылдағы факт бойынша тұтынушылық бағалар индексінен аспайтын шамаға жылына бір рет дербес өзгертуге құқылы.

      Тариф (баға, алым мөлшерлемесі), тарифтік смета осылайша өзгерген жағдайда субъекті уәкілетті органның ведомствосын тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны өзгерту күнінен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің), тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты бере отырып хабардар етеді.

      Бұл ретте, тарифтік сметадағы шығындардың деңгейлерінің өзгерістері Қағидалардың 4-тарауының талаптарына сәйкес түзетілді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда субъект өзгерткен реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тариф (баға, алым мөлшерлемесі), тарифтік смета тиісінше реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тариф (баға, алым мөлшерлемесі) және тарифтік смета болып табылады.

      Реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны тұтыну бағаларының индексінен асып түсетін шамаға өзгерту қажет болған кезде, субъект уәкілетті органның ведомствосына тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін), тарифтік сметаны Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайта қарау үшін оны қолданысқа енгізгенге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей өтініммен жүгінеді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Жаңа тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) және тарифтік сметаларды қолданысқа енгізу тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) бекітілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

      "18. Табиғи монополия субъектісі тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) өзгергені туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында осы ақпаратты орналастыру арқылы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жеткізеді.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Субъекті тарифтiк сметаны орындау туралы есепке өткен күнтiзбелiк жылдың мына материалдарын:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетiлген кестенi қоса бере отырып, тарифтiк сметаны орындамау себептерiн түсiндiрумен бірге оны орындау туралы түсiндiрме жазбаны;

      2) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10641 болып тiркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша пайдалар мен шығындар туралы есепті;

      3) ағымдағы, күрделi жөндеулер мен басқа жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарына бағытталған шығын сметаларын iске асыру туралы мәлiметтердi;

      4) тарифтік смета бойынша нақты шығындарды растайтын басқа да материалдарды қоса ұсынады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Уәкiлеттi органның ведомствосы тұтынушылардың арыздары, шағымдары, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, мемлекеттiк органдардың өтiнiштерi бойынша және өз бастамасымен табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзушылықтарды бекiтiлген тарифтiк сметаны орындамау, сол сияқты тарифтiк сметаны орындау туралы жобаны және (немесе) есептi ұсынбау бөлiгiнде анықтап, мына іс-қимылдардың бірін қабылдау мүмкіндігін қарайды:

      1) қолданыстағы тарифтiк сметаға өзгерiс енгiзуге бастамашылық жасау;

      2) табиғи монополия субъектісіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ден қою шараларын қолдану;

      3) уақытша өтемдік тариф белгілеу.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________ Ж. Қасымбек

      2017 жылғы 9 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады