"Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 20 қазандағы № 147 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 қарашада № 15977 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 223 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12931 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған орта статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдістемеде:

      9-тармақтың бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Стационарлық көздерден атмосфераға ластайтын заттар шығарындыларының көрсеткішін қалыптастыру үшін атмосфералық ауаны қорғау бойынша жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері пайдаланылады.

      Кәсіпорында ұйымдастырылған алғашқы есепке алу, ластаудың стационарлық көздері мен олардың сипаттамаларын есепке алу журналдары, газдан тазарту және шаң тұту қондырғыларының жұмысын есепке алу журналдары, сондай-ақ қондырғы паспортының деректері көрсеткішті қалыптастыруға негіз болады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қалалық елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының көрсеткіші қоршаған ортаның жай-күйін атмосфералық ауаның сапасы мен ластаушы заттардың жоғары концентрациясының халыққа жағымсыз әсері тұрғысынан сипаттайды.

      Атмосфераның жерге жақын қабатында ластаушы заттардың жоғары концентрациясы адам денсаулығына, өсімдіктерге және материалдарға жан-жақты жағымсыз әсер етеді. Атмосфераның жерге жақын қабатындағы ҚБ10 және ҚБ2,5 концентрациясы сияқты өлшенетін қатты бөлшектердің, сондай-ақ болатын ауыр металдар қатарының әсері және тұрақты органикалық қосылыстар атмосфералық ауаның ластануынан адам денсаулығы үшін қауіп-қатердің (бұдан әрі – ТОҚ) бірі болып табылады. Аз уақыт ішінде ҚБ10 және ҚБ2,5 жоғары концентрациясы бар ауамен тыныс алу астмалық аурулардың және тыныс алу жолдарының аурулары белгілерін, өкпенің өміршеңдік сыйымдылығының қысқаруын және қатерлі аурулардың қауіптілігін ұлғайтуға әкеп соғады. Атмосфералық ауада болатын көміртегі оксидінің (СО), күкірт диоксидінің (SO2), азот оксидінің (NOх) және озонның адамға теріс ықпалы туралы көптеген деректер бар.

      Осы көрсеткіш бірнеше құрамдастармен айқындалады. Қалалық елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы, ең алдымен, тұрақты түрде байқаулар жүргізген кезде қалалық елді мекендерде атмосфералық ауаның ластану деңгейі – ЖШК (ең жоғары бір реттік/орташа тәуліктік) белгіленген мәндерінен асып түскен жылдағы күндер саны бойынша айқындалады. Бұл ретте, атмосфералық ауадағы ластаушы заттар концентрациясының абсолюттік мәндерін, атмосфералық ауаның бекітілген сапа нормативтерінен асатын ластайтын заттардың жерге жақын концентрациясы әсер ететін елдегі қала халқының пайызын анықтау қажет.

      Қалалардағы атмосфералық ауа сапасы мониторингінің желісі мониторингтің стационарлық және (немесе) мобильдік станцияларынан тұрады. Станциялардың орналасу жерін таңдаған кезде (өнеркәсіптік аймақтар мен автомагистральдар) ластанудың жоғары деңгейі туралы халықты тікелей алдын ала сақтандыру мақсатында шығарындылар көздерінің шоғырлануы ең жоғары аумақтарға, сондай-ақ қала халқына атмосфералық ауаның ластануы әсерінің жалпы көрінісін алу үшін селитебті аймақтардағы мониторинг станцияларына көбірек мән беріледі.

      Ауаның ластану ахуалы стационарлық посттарда іріктеп алынған ауа сынамаларын талдау және өңдеу нәтижелері бойынша бағаланады. Елді мекендердегі ауаны ластаушы заттардың ЖШК мәндері сапаның негізгі өлшем шарттары болып табылады. Қалаларда зиянды заттармен атмосфераны ластау деңгейі ең үлкен мәндері бар бес зат бойынша есептелетін атмосфераны ластаудың кешендік индексінің (АЛИ5) шамасы бойынша мына формуламен бағаланады:

      АЛИ5 =

(qорт.i/ЖШКi) Сi ,

      мұнда,

q орт.i

-

і затының орташа концентрациясы;

ЖШКi

-

і затының орташа тәуліктік жол берілетін шекті концентрациясы;

Сi

-

ластаушы қоспа қауіптілігінің 1, 2, 3 және 4 сыныптары үшін тиісінше 1,7; 1,3; 0,1 және 0,9 теңестіріліп алынатын і затының қауіптілік класына байланысты коэффициент.

      Ластаушы заттар концентрациясы абсолюттік мәндерінің өлшем бірлігі ретінде ауаның текше метріндегі (м3) ластаушы заттардың микрограмм (мкг) санын қолдану қажет.

      Бағалау әдістеріне сәйкес ластану деңгейіне байланысты ауа сапасының төрт санаты бар:

      1) АЛИ < 5 – төмен;

      2) 5 < АЛИ < 7 болғанда – көтеріңкі;

      3) 7 < АЛИ ˂ 14 болғанда – жоғары;

      4) АЛИ > 14 болғанда – өте жоғары.";

      13-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Климаттың өзгеруі туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының негіздемелік конвенциясын (бұдан әрі – БҰҰ КӨНК) ратификациялаған ел ретінде атмосфералық жауын-шашын түсуінің өзгеруін жүйелі байқауды жүргізеді және деректер базасын жасауды қамтамасыз етеді.";

      17-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл көрсеткіш су алу, пайдалану және суды бұру туралы жыл сайынғы ведомстволық статистикалық байқаудың негізінде қадағаланады және қалыптастырылады.";

      19-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл көрсеткіш су алу, пайдалану және суды бұру туралы жыл сайынғы ведомстволық статистикалық байқаудың негізінде қадағаланады және қалыптастырылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Өзен суларындағы оттегінің биохимиялық тұтынылуы (бұдан әрі – ОБҚ) және амонийлік азоттың концентрациясы көрсеткіші өзендердің тез қышқылданатын органикалық заттар және амонийлік азоттың ластану деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

      Органикалық заттардың үлкен мөлшерінің болуы (микроорганизмдер және органикалық қалдықтардың іріп шіруі) өзен суларының химиялық және биологиялық сапасының төмендеуіне су бірлестіктерінің биоалуандығының азаюына, микробиологиялық ластануға әкеп соғады, ол пайдаланып жүрген су сапасына кері әсерін тигізеді. Органикалық заттардың көзі ретінде су тазалау имараттарының төгінділері өнеркәсіптік ақаба сулар мен ауыл шаруашылығы алқаптарының ағындылары болып табылады. Органикалық ластану оттегіні қажет ететіндер үшін айналым процесінің жылдамдауына ықпал етеді. Бұл оттегі жетіспеушілігіне әкеп соғады (анаэробтық жағдай). Азоттың анаэробты жағдайда өз қалпына келген түрге өзгеруі, өз кезегінде амоний азоты концентрациясының жоғарылауына әкеп соғады, ол температураға байланысты концентрацияда белгілі бір деңгейді минерализациялар және су рh көрсеткішін жоғарылататын су бірлестіктері үшін улы болып табылады.

      Көрсеткіш су тоғандарындағы оттегі көлемі ретінің болу деңгейі немесе ОБҚ ретінде айқындалады, яғни органикалық заттардың қышқылдануы үшін қажетті көміртегіне организмдердің қажеттігі және өзендердегі аммоний иондарының концентрациясы. ОБҚ орташа жылдық шамасы 5-7 күндік инкубациялық кезеңнен ОБҚ5/ ОБҚ7) кейінгі 1 литрге О2 мкг-да; амоний иондарының концентрациясы 1 литрге амоний иондарының мкг-да көрсетіледі.

      Осы көрсеткіш өзендердегі ОБҚ және NН4 қатысты ағымдағы жағдайды және трендіні сипаттайды. Бақылау бекеттерінің саны және оларды орналастыру су ағынының негізгі морфологиялық типтері бойынша және антропогендік жүктемені өткізетін осы учаскелердегі осы көрсеткіштің мәндеріндегі ОБҚ фонының шамасы туралы ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Бақылаудың уақыт параметрлері гидрологиялық фазаларға сәйкес келеді, ал бақылау жиілігі анық статистикалық ақпаратты алу қажеттілігінен анықталады.

      Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша су сапасының негізгі өлшемшарттары балық шаруашылығы, шаруашылық-ауызсу және коммуналдық-тұрмыстық су пайдаланудың су қоймалары үшін ластаушы заттардың ШРШ мәні болып табылады. Құрғақ жерлердегі беткі сулардың ластану деңгейі ерітілген оттегі және ОБҚ5 қоса алғанда, алты көрсеткіш үшін формула бойынша есептелетін судың ластануының кешендік индексінің шамасы бойынша (СЛИ6) бағаланады:

      СЛИ6 =

(qсрi/ ШРШi)/6

      мұндағы,


q cрi


i-затының орташа концентрациясы;

ШРШi


i-затының орташа тәуліктік шекті рұқсат етілетін концентрациясы;

6


олар ШРШ асу немесе аспауына қарамастан, ең көп мәні бар есептеу үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің-ингредиенттердің (пестицидтерден басқа) қатаң шектелген мөлшері.

      СЛИ шамасы бойынша су сапасының жіктелуі анықталады:

      1) 0,3 аз немесе тең – таза;

      2) 0,3-1,0 аса – салыстырмалы таза;

      3) 1,0-2,5 аса – орташа ластанған;

      4) 2,5-4,0 аса – ластанған;

      5) 4,0-6,0 аса – лас;

      6) 6,0-10,0 аса – өте лас;

      7) 10,0 аса – тым лас.";

      25-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл көрсеткіш су алу, пайдалану және суды бұру туралы жыл сайынғы ведомстволық статистикалық байқаудың негізінде қадағаланады және қалыптастырылады.";

      30-тармақтың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Түрлері бойынша жабайы аңдар мен құстардың саны туралы деректер жыл сайынғы әкімшілік деректердің негізінде қадағаланады және қалыптастырылады.";

      35-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауыл шаруашылығында минералдық және органикалық тыңайтқыштарды қолдану бойынша деректерді қалыптастыруды СК ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін жинау туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша жүзеге асырады. Бұдан басқа, іріктемелі байқау әдісімен шаруа немесе фермер қожалықтарында және жұртшылық шаруашылықтарында минералдық және органикалық тыңайтқыштардың пайдалану көлемі анықталады.";

      37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Қоғамды энергетикадан ластану бөлігінде қоршаған ортаның жағдайы және қорғау туралы ақпараттандыру үшін СК мынадай негізгі көрсеткіштерді қадағалайды және жариялайды:

      1) энергияны түпкілікті тұтыну;

      2) энергияны бастапқы тұтыну;

      3) ЖІӨ энергосыйымдылығы;

      4) электр энергиясы өндірісінің жалпы көлеміндегі жаңғыртылатын энергия көздері өндірген электр энергиясының үлесі.";

      38-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамды көліктен ластану бөлігінде қоршаған ортаның жағдайы және оны қорғау туралы ақпараттандыру үшін СК мынадай негізгі көрсеткіштерді қадағалайды және жариялайды:

      1) жолаушы айналымы;

      2) жүк айналымы;

      3) пайдаланылатын отынның түрлерi бойынша бөліністегі автокөлiк құралдары паркінің құрамы;

      4) автокөлiк құралдары паркінің орташа алғандағы құрылған жылы.";

      39-тармақтың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қатты тұрмыстық қалдықтар және олармен жұмыс iстеу тәсiлдерi туралы деректерді СК жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар негізінде қалыптастырады.";

      41-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "СК қалдықтарды қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату көлемдері туралы деректерді өнімдерді (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру және жөнелту туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша қалыптастырады.";

      44-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Негізгі капиталға салынған табиғат қорғау инвестициялары туралы ақпараттың дереккөзі инвестициялық қызмет туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады. Осы байқауда 2000 Қоршаған ортаны қорғау бойынша қызмет түрлері мен шығындардың халықаралық жіктеуішіне (The Classification of Environmental Protection Activities and Expenditure (СЕРА 2000) сәйкес табиғат қорғау қызметі түрлерінің бөлінісінде қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметпен байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі капиталына салынған инвестициялар көрсетіледі.";

      бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсеткішті қалыптастыру кезінде негізгі дереккөздердің бірі қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар, экологиялық төлемдер және табиғи ресурстар үшін төлемақы туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау болып табылады.

      Орман ресурстарын қорғауға жұмсалған шығындардың көрсеткішін қалыптастыру үшін орман өсіру және ағаш дайындау қызметі туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқау деректері пайдаланылады. Бұдан басқа, өрт өшіруге жұмсалған шығындар көрсетілетін орман өрттері туралы ведомстволық статистикалық байқау деректерін қамтиды.

      Жануарлар дүниесін қорғау мен өсімін молайту бойынша шығындар жыл сайынғы әкімшілік деректердің негізінде қалыптастырылады.

      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы білім беруге жұмсалған шығыстарды бір оқушыны оқытудың есептік орташа жылдық құны туралы деректерді және жоғары оқу орындары туралы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректерін пайдаланумен есептеу арқылы анықтайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады