"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 23 мамырдағы № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 27 мамырда № 34415 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) Vжқ – жекеменшік орта білім беру ұйымын жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі, мына формула бойынша есептеледі:

      Vжқ = ∑ (Nz * Контz),

      Бір орта білім беру ұйымында білім беру бағдарламаларының бірнеше түрі іске асырылатын жағдайда білім беру процесін қаржыландыру көлемі білім беру бағдарламаларының түрлері, білім беру деңгейлері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде жиынтық түрде анықталады.

      2) Nz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:

      Nz = [(Еz + L) * (k1 + k2)] + А1 + А2 + А3,

      мұндағы:

      z – білім алушыларды тиісті білім деңгейі (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) бойынша, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды көрсететін индекс;

      Еz – жылына бір білім алушыға арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы.

      ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыға арналған Еz 2-ге көбейтіледі;

      L – жылына бір білім алушыға білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      k1 – нақты орташа жылдық контингент бойынша мектептердің толықтырылу коэффициенті:

      400 білім алушыға дейін – 1;

      401-ден 500 білім алушыға дейін – 0,85;

      501-ден 800 білім алушыға дейін – 0,75;

      801-ден 1000 білім алушыға дейін – 0,65;

      1001-ден 1200 білім алушыға дейін – 0,6;

      1201-ден 1400 білім алушыға дейін – 0,58;

      1401-ден 1600 білім алушыға дейін – 0,56;

      1601-ден 2000 білім алушыға дейін – 0,52;

      2001-ден 2500 білім алушыға дейін – 0,49;

      2501-ден 3000 білім алушыға дейін – 0,45;

      3001-ден 4000 білім алушыға дейін – 0,40;

      4001-ден бастап одан көп білім алушыға – 0,38;

      k2 – мектептің жобалық қуаттылығынан асатын нақты орташа жылдық контингент бойынша мектептердің толықтырылу коэффициенті:

      150 %-ға дейін – 0,3;

      151-ден 170 %-ға дейін – 0,29;

      171-ден 190 % -ға дейін – 0,28;

      191-ден 210 % -ға дейін – 0,27;

      211-ден 230 %-ға дейін – 0,26;

      231-ден 250 %-ға дейін – 0,25;

      251-ден 270 %-ға дейін – 0,24;

      271-ден 290 %-ға дейін – 0,23;

      291-ден 310 %-ға дейін – 0,22;

      311% және одан көп – 0,21.

      k1 және k2 түзету коэффициенттері:

      мемлекеттік орта білім беру мекемелеріндегі ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардан құралған сыныптар үшін;

      жекеменшік орта білім беру ұйымдарының сенімгерлік басқаруындағы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының объектілерін қоспағанда, жекеменшік орта білім беру ұйымдары үшін қолданылмайды;

      А1 – бір білім алушыға шаққандағы ғимараттың және құрылыстың амортизациясына, жабдықтардың амортизациясына/сатып алынуына арналған шығыстардың нормасы жылына:

      6 АЕК – "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаcының төртінші тетігін іске асыру шеңберінде құрылыс жолымен пайдалануға берілген жеке білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан жұмыс істеп тұрған мектептердегі білім алушылар үшін;

      12 АЕК – жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернатта, жекеменшік мектеп-интернатта тұратын білім алушылар үшін;

      17 АЕК - "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаның төртінші тетігін іске асыру шеңберінде құрылыс жолымен пайдалануға берілген жеке білім беру ұйымдарындағы білім алушылар үшін;

      А2 – орта білім беру ұйымдарының объектілерінде білім алушы нақты орналасқан әрбір жаңадан енгізілген оқушы орны үшін (бірақ олардың жобалық қуатынан жоғары емес) ғимараттардың амортизациясына арналған шығыстардың нормасы, оның ішінде:

      жеке меншіктегі орта білім беру ұйымының қарамағындағы;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарымен мемлекеттік меншікке берілген.

      Орта білім беру ұйымдарының мынадай объектілеріндегі орындар жаңадан енгізілетін оқушы орындары болып табылады:

      2018 жылғы 20 шілдеден кейін құрылыс салу немесе реконструкция жасау жолымен пайдалануға берілген орта білім беру ұйымдарының жеке меншігіндегі, сол сияқты осы орта білім беру ұйымдары құрылтайшыларының немесе олардың жақын туыстарының жеке меншігіндегі;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарымен мемлекеттік меншікке берілген.

      А2 "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде құрылыс жолымен пайдалануға берілген орта білім беру ұйымы объектісінің ғимараттарын қоспағанда, білім беру ұйымдарына 8 (сегіз) жыл көлемінде төленеді.

      "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде құрылыс жолымен пайдалануға берілген орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарына А2 төлеу жүзеге асырылады:

      А2-ні алуға үміткерлерге – жиырма жыл мерзімге орта білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығы салынғаннан кейін;

      2020 жылғы 14 ақпанға дейінгі кезеңде А2-ні алғандарға – 2020 жыл ішінде жиырма жыл мерзімге орта білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығын салу жөніндегі міндеттемелер қабылданғаннан кейін төленеді. Бұл жағдайда А2-ні төлеу мерзімі көрсетілген міндеттемелер қабылданғанға дейін жүргізілген төлемдер мерзіміне мөлшерлес азайтылады;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарымен орта білім беру объектілерін алғандарға төленеді. Бұл ретте осындай білім беру ұйымының құрылтайшысы А2 төлемдерінің сомасын шеңберінде орта білім беру ұйымының объектісі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарымен мемлекеттік меншікке берілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруды жүзеге асыруға бағыттауды қамтамасыз етеді. Бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің (Nz) сомасы А2 төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, білім беру процесі мен білім беру ортасының шығыстарын қаржыландыруға бағытталады.

      "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде құрылыс жолымен пайдалануға берілген білім беру ұйымдарына А2 төленеді:

      үшінші тетік бойынша 5 (бес) жыл көлемінде.

      Үшінші тетікті іске асыру шеңберінде орта білім беру ұйымдарына А2 төлеу "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде салынған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектіні салу құнының 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын мөлшерде төленген А2 жиынтық көлеміне жеткен кезде 5 (бес) жылдық мерзім өткенге дейін тоқтатылады.

      төртінші тетік бойынша жеке білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын өзгерту құқығына ауыртпалық салынғаннан кейін (мерзімсіз) 6 (алты) жыл ішінде.

      Төртінші тетікті іске асыру шеңберінде орта білім беру ұйымдарына А2 төлеу бойынша алғашқы 12 (он екі) айда жеңілдікті кезең қолданылады, онда жеке орта білім беру ұйымы объектісінің жобалық қуатына үш есе жоғары норматив төленеді, келесі 5 (бес) жылда норматив білім алушының нақты алған әрбір оқушы орны үшін (бірақ жобалық қуаттан жоғары емес) төленеді.

      Жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің меншік иесі ауысқан жағдайда А2-ні төлеу мерзімі жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің бұрынғы меншік иесіне төленген мерзімге барабар қысқартылады.

      А2 мынаны құрайды:

      "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы шеңберіндегі құрылысты қоспағанда, құрылыс салынған жағдайда – жылына 96 АЕК;

      "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасының үшінші тетік бойынша құрылыс жолымен салынған жағдайда білім беру ұйымының объектісінде мынадай орындар санына:

      2024 жылы іске қосылған жобалық қуаттылығы:

      1 200 орынға – жылына 213,93 АЕК;

      1 500 орынға – жылына 187,02 АЕК;

      2 000 орынға – жылына 186,41 АЕК;

      2 500 орынға – жылына 161,64 АЕК;

      2025 жылы іске қосылған жобалық қуаттылығы:

      1 200 орынға – жылына 230,63 АЕК;

      1 500 орынға – жылына 201,61 АЕК;

      2 000 орынға – жылына 200,96 АЕК;

      2 500 орынға – жылына 174,25 АЕК;

      "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде енгізілген орта білім беру ұйымының объектісіне А2 мөлшерін айқындау кезінде "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында 2023 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері қолданылады.

      Жеке орта білім беру ұйымы объектісінің жобалық қуатын ескере отырып, "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаның төртінші тетігі шеңберінде құрылыс кезінде:

      600 орынға -жылына 201 АЕК;

      900 орынға -жылына 157 АЕК;

      1 200 орынға – жылына 122 АЕК;

      1 500 орынға – жылына 104 АЕК;

      2 000 орынға – жылына 100 АЕК;

      реконструкция жасалған жағдайда – жылына 47 АЕК.

      Басқа жағдайларда, оның ішінде жаңадан енгізілген оқушы орындары үшін А2 төленетін жоғарыда көрсетілген мерзімдер өткенде А2 0-ге тең болады;

      А3 – орта білім беру ұйымының жеке меншігіндегі орта білім беру ұйымы объектілерінде жаңадан енгізілген, бірақ олардың жобалық қуатынан аспайтын, білім алушылар нақты орналасқан әрбір тұру орны үшін ғимараттың амортизациясына арналған шығыстар нормасы.

      Білім алушылар нақты орналасқан тұру орны 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін құрылыс салу немесе реконструкция жасау жолымен пайдалануға енгізілген орта білім беру ұйымдарының жеке меншігіндегі, сол сияқты осы орта білім беру ұйымдары құрылтайшыларының немесе олардың жақын туыстарының жеке меншігіндегі орта білім беру ұйымдарының интернаттарындағы орындар болып табылады.

      А3 жиырма жылға дейін орта білім беру ұйымы интернатының нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығы салынғаннан кейін 8 (сегіз) жыл ішінде төленеді. Бұл ретте жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің меншік иесі ауысқан жағдайда А3-ті төлеу мерзімі жекеменшік орта білім беру ұйымы интернатының бұрынғы меншік иесіне төленген мерзімге барабар қысқартылады.

      А3 мынаны құрайды:

      құрылыс салынған жағдайда – жылына 122 АЕК;

      реконструкция жасалған жағдайда – жылына 47 АЕК.

      Басқа жағдайларда, оның ішінде жаңадан енгізілген білім алушылардың тұру орындарына А3 төленетін 8 (сегіз) жыл өткенде А3 0-ге тең болады;

      3) Контz – оқушылардың орташа жылдық контингенті, мына формула бойынша есептеледі:

      алдағы жылға жан басына шаққандағы қаржыландырудың жылдық көлемін жоспарлау кезінде:

      Контz = ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне болжамды контингент;

      Жан басына шаққандағы қаржыландырудың жылдық көлемін нақтылау кезінде:

      Контz = (Контz1 * 8 + Контz2 * 4)/12,

      мұндағы:

      Контz1 – ағымдағы жылдың 1 қаңтарына оқушылардың нақты контингенті,

      Контz2 – ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне оқушылардың нақты контингенті,

      8, 4, 12 – айлар саны;

      4) Еz – білім беру деңгейлері бойынша орта білім беру ұйымдарының бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:

      Ez = Tz + X,

      мұндағы:

      Тz – орта білім беру ұйымының білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық персоналдың және педагогтардың бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Х – бір білім алушыға есептегенде жылына 1,2 АЕК-ті құрайтын білім беру процесімен байланысты шығыстар;

      5) Тz білім беру деңгейіне (z) байланысты мына формула бойынша есептеледі:

      Tz = Tz нег + Tz өтем,

      мұндағы:

      Tz нег = {12 * W + ((ЛА * kp + БЛА * f) * (e + r)) + St} * sno * mp * mvz,

      Tz өтем = [(ЛА * kp + БЛА * f) * ks + Эөтем1] * mvz;

      мұндағы:

      Тz нег. – орта білім беру ұйымының білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және негізгі персоналдың өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Тz өтем. – орта білім беру ұйымы қызметкерінің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      W – педагогтардың айлық еңбекақы қоры,

      ЛА – БЛА-ны 5,12 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын бір педагогикалық мөлшерлеменің лауазымдық айлықақысы;

      kр – лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшеріне түзету коэффициенті – 2;

      f – басқарушылық персоналдың еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті – 2,897;

      е – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа қосымша ақы коэффициенті – 0,30.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда е 0-ге тең болады;

      r – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалысқа қосымша ақы коэффициенті – 0,33.

      Егер мұндай қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда r 0-ге тең болады;

      St – бір білім алушыға 0,135 БЛА мөлшеріндегі ынтыландыру құрамдауышы;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,0855;

      mp – жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті – 1,03;

      mvz – оқушы-сағат коэффициенті (нормативті оқу жүктемесін есепке алғандағы бір оқушыға шаққандағы оқу сағаттары санының ара салмағы) мына формула бойынша есептеледі:

      mvz = tz / n / d,

      мұндағы

      tz – ҮОЖ 1 бойынша аптадағы сағат саны;

      n – аптадағы нормативтік оқу жүктемесі;

      d – сыныптардың есептелген толықтырылуы. Үйде оқыту үшін mvz -ны есептеуде d = 1;

      ks – мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті:

      қала мектептері үшін – 1,0;

      ауыл мектептері үшін – 1,25;

      Эөтем1 – білім беру процесіне қатысатын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем1 = ЛА * kр + БЛА * f,

      егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда Эөтем1 0-ге тең болады;

      6) W – педагогтардың айына еңбекақы төлеу қоры, мына формула бойынша есептеледі:

      W = (ЛА * kр + БЛА * f) * ks + БЛА * (Қеж1 + uz + ke1) + R,

      мұндағы:

      Қеж1 – білім беру процесіне қатысатын персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті – 1,314;

      uz – педагогикалық қосымша ақылар мен үстеме ақылардың коэффициенті, мынаны құрайды:

      жалпы білім беретін сыныптарда оқитындар үшін – 3,504;

      арнайы (түзету) сыныптарында оқитындар және үйде оқитындар үшін – 3,904;

      ke1 – білім беру процесіне қатысатын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті – 3,94.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда ke1 0-ге тең болады;

      R – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

      Егер мұндай қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда R 0-ге тең болады;

      7) L – білім беру ортасы шығыстарының бір жылда бір білім алушыға шаққандағы нормасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      L = Q + S + Р,

      мұндағы:

      Q – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      S – бір жылда бір білім алушыға шаққандағы орта білім беру ұйымын ағымды күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормасы:

      "мемлекеттік мекеме" ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымы үшін – 6,69 АЕК (коммуналдық шығыстар мен интернетке арналған шығыстарды қоспағанда);

      шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке меншік орта білім беру ұйымдары үшін S көрсеткіші коммуналдық қызметтерді, интернет қызметтерін тұтыну көлемдері мен олардың өңірлердегі тарифтеріне байланысты ерекшеленеді:

      Атырау, Қостанай, Маңғыстау облыстары үшін – 10,19 АЕК;

      Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Жетісу, Ұлытау облыстары мен Астана, Алматы және Шымкент қалалары үшін – 11,19 АЕК;

      Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстары үшін – 12,69 АЕК;

      Ақмола, Жамбыл облыстары – 13,19 АЕК;

      Қызылорда облысы үшін – 14,69 АЕК.

      Жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернатта (мектеп- интернатта) тұратын білім алушының білім беру ортасына арналған шығыстардың нормасын есептеу кезінде S 2-ге көбейтіледі.

      Үйде оқыту жағдайындағы білім беру ортасы шығыстарының нормасын есептеуде S көрсеткіші 0-ге тең болады.

      Р – Жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы мектеп жанындағы интернатта (мектеп-интернатта) тұратын білім алушының тамақтануына арналған шығыстар нормасы өңірлердегі негізгі азық-түліктің бағасына байланысты ерекшеленеді және мынаны құрайды:

      Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін – 91 АЕК;

      Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Жетісу, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласы үшін – 98 АЕК;

      Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Абай облыстары, Алматы және Астана қалалары үшін –110 АЕК;

      8) Q мына формула бойынша есептеледі:

      Q = Qнег + Qөтем,

      мұндағы:

      Qнег = {12 * F + [БЛА * (c + q) * (e + r)]} * sno * mp * mvорт,

      Qөтем = (БЛА * с + Эөтем2) * mvорт,

      мұндағы:

      Qнег. – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың еңбекақы төлеу қоры;

      с – білім беру процесіне қатыспайтын білікті персонал жалақысының педагогтардың жалағысына қарағандағы үлес салмағының коэффициенті 1,11-ге тең, жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернаттың немесе жекеменшік мектеп-интернаттың білікті персоналы үшін 4,55-ке тең;

      q – қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақының төленуі көзделмеген, білім беру процесіне қатыспайтын білікті емес қызметкерлер жалақысының үлес салмағының коэфициенті 1,54-ке тең, жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернаттың немесе жекеменшік мектеп-интернаттың білікті емес персоналы үшін 4,63-ке тең;

      mvорт – mvz коэффициенттері мәнінің орташа көрсеткіші, 0,1012-ге тең;

      Qөтем. – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақыларды төлеу шығыстарының жылдық көлемі;

      Эөтем2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек, мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эөтем2 = БЛА * с,

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда Эөтем2 0-ге тең болады;

      9) F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір айдағы еңбекақы төлеу қоры, мына формула бойынша есептеледі:

      F = БЛА * (c + q + Қеж2 + ke2) + R,

      мұндағы:

      Қеж2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,265, жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернаттың немесе жекеменшік мектеп-интернаттың персоналы үшін Қеж2 0,918-ге тең;

      ke2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,795.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңмен қарастырылмаған жағдайда ke2 0-ге тең болады.".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Инфрақұрылымды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады