Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2019 № 40 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру және валюталық операциялар туралы хабарлау тәртібін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 тіркелген, 2012 жылғы 25 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 551-556 (27629) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулыда:
преамбула мынадай редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында:
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"58. Жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің экспорты (импорты) бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүргізген кезде резиденттің хабарлауы талап етілмейді. Уәкілетті банк резидент-клиенттердің көрсетілген төлемдері және (немесе) ақша аударымдары бойынша ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда) Ұлттық Банктің орталық аппаратына осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша есепті ұсынады. Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары резиденттен осындай төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат келіп түскен кезеңдегі есепке кіргізіледі.
Резиденттің тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік берілген валюталық шарт шеңберінде жүзеге асырылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің экспорты (импорты) бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы ақпарат осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес, ал келісімшарттың есептік нөмірі алынған валюталық шарт шеңберінде жүзеге асырылатындар бойынша Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ұсынылады.
Ұлттық Банк валюталық операцияларды жүргізудің мән-жайларын нақтылау мақсатында резиденттен валюталық шарттың көшірмесін сұратады.
Резидент-жеке тұлғаның жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің экспортымен (импортымен) байланысты және осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес жүргізілген төлемдері және (немесе) ақша аударымдары туралы хабарламаны уәкілетті банк Ұлттық Банктің орталық аппаратына осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес жібереді.";
66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алумен байланысты төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізген кезде резидент-жеке тұлғаның хабарлауы талап етілмейді. Уәкілетті банк Ұлттық Банктің орталық аппаратына көрсетілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на дейін (қоса алғанда), осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша хабарлайды.
Резидент-жеке тұлғаның жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алумен байланысты және осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес жүргізілген төлемдері және (немесе) ақша аударымдары туралы хабарламаны уәкілетті банк Ұлттық Банктің орталық аппаратына осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес жібереді.";
"Бұзушылық бойынша № ______ карточка" нысанын толтыру бойынша нұсқауларда:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Коды 23-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операция бойынша валюта кодының ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 "Валюталарды және қорларды белгiлеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішiне сәйкес әріппен берілген белгісі көрсетiледi.";
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Валюталық операциялар бойынша ақша төлемі және (немесе) аударымдары туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Есептің 3-18-бағандары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 тіркелген "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына (бұдан әрі – № 203 қағидалар) сәйкес айқындалатын кодтарды пайдаланыла отырып, ақша аударуға (алуға) арналған төлем құжатының негізінде толтырылады.
8 және 14-бағандарда елдің атауы ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1-2016 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерінің аттарын ұсыну үшін кодтар. 1-бөлік. Елдердің кодтары" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі.
16-бағанда төлем валютасының үш таңбалы коды ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 "Валюталарды және қорларды белгiлеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі.
18-бағанда ақша жөнелтуші (алушы) төлем құжатында көрсеткен төлем белгілеу коды көрсетіледі.";
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Валюталық операциялар бойынша жеке тұлғалар жүзеге асырған ақша төлемі және (немесе) аударымдары туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. 2, 3, 7, 10, 13, 14 және 15-бағандар ақша аударуға (алуға) арналған төлем құжатының негізінде № 203 қағидаларға сәйкес айқындалатын кодтар пайдаланыла отырып толтырылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. 9-бағанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14336 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 209 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларында көзделген уәкілетті банктің коды немесе оның филиалының коды қойылады. Егер жеке тұлғаның төлеміне және (немесе) ақша аударымына уәкілетті банктің филиалында қызмет көрсетілсе, банк филиалының коды көрсетіледі.
10-бағанда ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 "Валюталарды және қорларды белгiлеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес төлем валютасының үш таңбалы коды көрсетіледі.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. 13-бағанда 6-бағанда көрсетілген белгісіне ("жөнелтілген" немесе "алынған" немесе "алу") қарай бенефициар немесе ақша жөнелтуші немесе ақша алу елінің коды ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1-2016 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерінің аттарын ұсыну үшін кодтар. 1-бөлік. Елдердің кодтары" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес қойылады.";
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Тіркеу куәліктері, хабарлама туралы куәліктер берілген валюталық шарттар бойынша жүзеге асырылған ақша төлемі және (немесе) аударымдары туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. 2-бағанда осы Қағидаларға сәйкес Ұлттық Банк берген тіркеу куәлігінің, хабарлама туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі.
3-10-бағандар ақша аударымына (алуға) арналған төлем құжатының негізінде № 203 қағидаларға сәйкес айқындалатын кодтарды пайдалана отырып толтырылады.
9-бағанда ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес төлем валютасының үш таңбалы коды көрсетіледі.";
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Валюталық шарт бойынша міндеттемелерді орындау туралы есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Егер міндеттемені орындау ақша түрінде жүзеге асырылатын болса, онда 3-бағанда төлем мақсатының коды көрсетіледі, 4-баған толтырылмайды, ал 5-11-бағандарда № 203 қағидаларға сәйкес айқындалатын кодтарды пайдалана отырып ақша аударуға (алуға) арналған төлем құжаты негізінде ақша жөнелтуші, ақша бенефициары, төлем күні, төлем валютасы, төлем валютасының мың бірлігінде төлем сомасы көрсетіледі.
10-бағанда ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес төлем валютасының үш таңбалы коды көрсетіледі.";
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Банк резидент еместерден тартқан қаржылай қарыздарды игеру және оларға қызмет көрсету туралы есеп"
нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Баланстық шоттың нөмірі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14804 тіркелген "Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес толтырылады.";
Әкімшілік деректерді жинауға арналған "Жарғылық капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есеп" нысанын толтыру бойынша түсіндірмеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. 1-кестенiң 2 және 6-бағандары № 203 қағидаларға сәйкес толтырылады.
1-кестенің 5 және 8-бағандары және 2-кестенің 9-бағаны ҚР ҰЖ 06 ISO 3166-1-2016 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері бірліктерінің аттарын ұсыну үшін кодтар. 1-бөлік. Елдердің кодтары" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес толтырылады.
1-кестенің 13-бағаны және 2-кестенің 7-бағаны ҚР ҰЖ 07 ISO 4217-2012 "Валюталарды және қорларды белгілеуге арналған кодтар" Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес толтырылады.".
2. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Қасымжанова Г.З.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Министр __________ Д. Абаев
2018 жылғы "___" _________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Министрдің міндетін атқарушы
__________ А. Әжібаев
2018 жылғы 15 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі
Министрдің м.а. __________ Р. Скляр
2018 жылғы 5 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Министр __________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 17 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Министр __________ Қ. Әбдірахманов
2018 жылғы 2 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Министр __________ Т. Сүлейменов
2018 жылғы "___" _________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Министрдің міндетін
атқарушы __________ Р. Дәленов
2018 жылғы 23 ақпан